Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 22:25, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады. Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3-4

Ι. Қаржы жүйесінің теориялық маңызы.................................................... 5-15
1.1 Қазақстандағы қаржы жүйесін ұйымдастыру...........................................5-9
1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру барысындағы шетелдік тәжірибеге шолу..................................................................................................................10-15

ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.....16-27
2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы.............................................16-22
2.2 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бюджет................................................23-28
2.3 Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру жолдары............................................................................................................ 28-
Қорытынды......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер...............................................................................

Работа содержит 1 файл

кусовой айбол.doc

— 242.50 Кб (Скачать)

                                                   Мазмұны: 

Кіріспе................................................................................................................3-4 
 

Ι. Қаржы жүйесінің теориялық маңызы.................................................... 5-15 

1.1 Қазақстандағы қаржы жүйесін ұйымдастыру...........................................5-9

1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру барысындағы шетелдік тәжірибеге шолу..................................................................................................................10-15 
 

ΙΙ. Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері.....16-27 

2.1 Қаржы министрлігі және оның құрылымы.............................................16-22

2.2 Мемлекеттік  қаржы жүйесіндегі бюджет................................................23-28

2.3 Қазақстан  Республикасының қаржы жүйесін  жетілдіру жолдары............................................................................................................ 28- 

Қорытынды......................................................................................................  

Қолданылған  әдебиеттер............................................................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Мемлекеттік қаржылар нарықтық қатынастарға шешуші қадам жасаған егемен еліміздің болмысының және өркениетті мемлекеттер қатарлы дамуының материалдық негізі болып саналады.

    Сонымен қатар, қазіргі кезде мемлекеттік  қаржылардың қоғам мұқтаждықтарын және мемлекеттің өзіне тән әралуан  қызметтерін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін рыноктық жағдайларға сай келтіру және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында атқаратын ролі мен маңызы күн санап күшейе түсуде.

    Бүгінгі, мемлекеттік қаржылар нарықтық экономика  саясатын айтарлықтай жүргізуге  себін тигізетін, ал қаржылық құқық  әлеуметтік – экономикалық даму аясына күшті ықпал ететін негізгі қуатты құрал ретінде баршаға мәлім  болып отыр. Негізінде, мемлекеттік қаржылар болу және қайта бөлу процестері шегінде туындайтын, сондай-ақ тұрақты субъектісі мемлекет болып табылатын экономикалық (ақшалай) қатынастардың жиынтығынан тұрады.

    Мемлекеттік қаржылардың материалдық негізін  ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын білдіретін және ақшалай төлемдер мен есеп айырысуға байланысты айналысты көрсететін экономикалық процестер құрайды.

    Мемлекеттік қаржылар экономикалық және материалдық  тұрғыдан қарастырылады.

    Экономикалық  категория ретінде мемлекеттік қаржылар деп мемлекеттің және жергілікті жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өз функцияларын атқаруға қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз.

    Ал  материалдық мағынасында мемлекеттік  қаржылар мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге  қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын  көрсетеді.

    Мемлекеттік қаржыларға тән функциялар қаржыларға тән қызмет ауқымы, сондай-ақ олардың мән-жайының айрықша тәсілдері арқылы көрініс табады. Қаржылардың функцияларына ақшалай қаражаттарды жұмылдыру, ақшалай ресурстарды бөлу және қайта бөлу, бақылау – есептеу функциялары жатады.

    Мемлекеттегі  қаржылық ресурстарды жұмылдыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру тек  мемлекеттің қаржылық жүйесінің  ауқымында ғана жүзеге асырылады.

    Мемлекеттің қаржы жүйесінің экономикалық негізін  мемлекеттік қаржылық қатынастар, ал нормативтік – құқықтық базасын қаржылық заңдар құрайды.

    Мемлекеттің қаржы жүйесі өзінің құрылымдық ерекшелігіне, маңызына және басқа да мән –  жайларына байланысты материалдық, экономикалық және ұйымдастырылу тұрғысынан қарастырылады. Материалдық мағынасында  қаржы жүйесі құқықтық негіздері мен экономикалық мәні айқындалған ақшалай қорлардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Экономикалық мағынасында қаржы жүйесі әрқайсысы өзіне тән белгілі бір ақшалай қорды білдіретін қаржылық – экономикалық институттар жиынтығынан тұрады. Ұйымдастырылу мағынасында қаржы жүйесі мемлекеттің органдары мен қаржылық мекемелерінің жиынтығын көрсетеді. Мемлекеттің қаржылық жүйесінің қазіргі кезде атқаратын қызметі мемлекеттік және жекеменшік қаржылар аясындағы мүдделердің біршама болса да теңдестірілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттің қаржы жүйесіндегі әр түрлі қаржылардың функциялары тек мемлекеттің қаржылық қызметінің басымды бағыттарында жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық қызметі деп мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті органдарының қоғам мүдделері мен мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге және өздеріне тән функцияларын атқаруға қажетті ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, сондай-ақ пайдаланылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-қимылдары мен қызметтерін айтамыз.

    Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік – экономикалық инфрақұрылымдарының ойдағыдай қызмет атқарулары үшін қолайлы жағдай жасау жатады. Ал мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі міндеттері қоғамның ақшалай инфрақұрылымын құру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету; өзінің болмысының материалдық негізі және өзіне тән қызметтері мен міндеттерін жүзеге асырудың қаражат көзі қаржыларды қалыптастыру;қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басымды бағыттарын қажетті көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

    Мемлекеттік қаржылық қызметінің басымды бағыттары: мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу, мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру, мемлекеттің қаржылық ресуірстарын бөлу және пайдалану барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттің қаржылық қызметі аясындағы уәкілетті органдар жүйесін айқындау және олардың тиісті құзыретін белгілеу, айналымға ақшалар және бағалы қағаздар шығару, қаржылық жоспарларды жүзеге асыру болып саналады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ι. Қаржы жүйесін теориялық маңызы 

1.1. Мемлекетің қаржылық  қызметі және оны реттеу 

    Мемлекеттің қаржылық құрылысы өзара байланысқан 1. тиісті қаржылық-экономикалық институттармен көрсетілген мемлекеттің ақшалай қорларының жиынтығы ретіндегі мемлекеттің қаржы жүйесінен 2. мемлекеттің қаржылық органдарының жүйесінен 3. мемлекеттік қаржылық реттеуден тұрады.

    Мемлекеттің қаржы жүйесін құрайтын қаржылық - экономикалық институттар: бюджет жүйесі, бюджеттен тыс мақсатты қорлар, мемлекеттік сақтандыру қаржылары, мемлекеттік банктердің қаржылары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің және мемлекеттік басқару органдарының қаржылары түрінде көрініс табады.

    Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:

    1. ҚР Қаржы министрлігі;
    2. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қаржы дақылау комитеті және Қазынашылық комитеті;
    3. ҚР Қаржы министрлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар;
    4. ҚР Ұлттық банкі;
    5. ҚР Ұлттық банкінің банктік және сақтандыру қадағалау департаменті, бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті, төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті;
    6. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрайды.

    Мемлекеттік  қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы  жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-қатынастарын айтарлықтай  деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.

    Қаржылық  реттеудің әдістеріне: мемлекеттің  қаржы жүйесінің құрамын қалыптастыру; қаржы жүйесінің құрамына кіретін  ақшалай қорлардың түрлері мен  бағдар-бағыттырын айқындау: мемлекеттің  кірістерді қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу: мемлекеттік шығыстарды қаржы жүйесі буындарының арасында бөлу; өз қарамағына бекітілген ақшалай қордың функциясын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың құзыреттерін белгілеу; ақшалай қорларды қалыптастыру және бөлу процестерін жоспарлау; мемлекеттік қорлардан бөлінетін ақша қаражаттарын пайдалануды ұйымдастыру; мемлекеттің ақша қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жүргізу; қаржылық заңдарды бұзғаны үшін қаржылық – құқықтық жауапкершілік белгілеу және заңда белгіленген тәртіппен осы жауапкершілікке тарту жатады.

    Ақша  жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің  ақша жүйесінің, соның ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен мемлекет мүдделеріне  сай тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін  қаржылық құқықтың институты болып табылады.

    Осы институт реттейтін обьект ретінде  мына: ақша жүйесінің құрылымы; ақша жүйесін ұйымдастырудың қаржылық –  құқықтық аспектілері; валюталық реттеу сияқты үш элемент көрініс табады.

    Ақша  жүйесі деп тарихи қалыптасқан және тиісті ұлттық заңдармен бекітілген еліміздегі ақшалар айналымын ұйымдастыру нысанын айтамыз. Ақша жүйесінің элементтеріне: ресми ақша бірлігі, ақша түрлері, ақшаларды шығару тәртібі, валюта айналымы режимі, ақша айналымын ұйымдастыру жатады.

    Ақша  бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валюта аталымын көрсететін мемлекет тарапынан белгіленген ақша, яғни ҚР Ұлттық валютасы – Қазақстан теңгесі болып табылады.

    Ақшалардың  түрлері дегеніміз заңды төлем  құралы болып табылатын ақшалар мен олардың номиналдары.Ақшалар қағаз ақшалар және металл монеталар түрінде көрініс табады.

    Мемлекетіміздегі  бірден-бір негізгі эмиссиялық орталық  алтынмен қамтамасыз етілмеген банкноттарды және ұсақтаушы монеталарды мемлекет атына шығаруды жүзеге асыратып Қазақстанның Ұлттық банкі болып табылады.

    Ақша  айналамы тауарлар, сондай-ақ тауарсыз төлемдер мен есеп айырысу айналысына қызмет көрсететін қолма-қол және қолма-қол  емес нысандағы ақшалардың қозғалысын білдіреді. Ақша айналымын реттеу әдістеріне ақшалай операцияларды жүргізу тәртібі мен қағидаларын белгіеу, нақты ақшалай операцияларды реттеу және ақшалай операцияларды жүзеге асыру тәртібін айқындау жатады.

    Мемлекеттік қаржылар аясындағы ақшаларға тән  функциялар қаржылық міндеттемелер  бойынша есеп айырысу құралы және мемлекеттің ақша қорларына жұмылдырылуына байланысты қазына жинақтау құралы сипатында болады.

    Ақша  айналымын тұрақтандыру ақша реформаларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

    Ақша  реформаларын жүргізу кезінде: нуллификация, деноминация, девальвация және ревальвация сияқты әдістер қолданылады.

    Нуллификациялау – айналымнан құны жойылған ақшаларды  алып тастап, оның орнына жаңа валюта енгізу, деноминациялау – айналымдағы ақшаларды  белгілі бір ара қатынастарын қолдана отырып жаңадан шығарылған ақшаларға айырбастау, ақшалар құнын өзгерту және массасын азайту, девальвациялау – айналымдағы ұлттық валютаның ресми курсын төмендету, ревальвациялау – ұлттық валюта курсын, басқа елдердің валюталарымен салыстырғанда ресми түрде жоғарылату сипатында жүргізіледі.

    Ақша  жүйесінің құрамдас бөлігіне ұлттық валюта жүйесі жатады. Ұлттық валюта жүйесі деп халықаралық валюталық құық нормаларын есепке ала отырып ұлттық валюталық заңдармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру  және реттеу нысанын айтамыз.

    Ұлттық  валюта жүйесі халықаралық валюталық  жүйемен тығыз өзара қарым-қатынаста  және еліміздің экономикасы мен  сыртқы экономикалық байланыстарының  даму дәрежесіне тәуелді болады.

    Халықаралық валюта жүйелердің тарихи даму кезеңдеріне  орай мынадай түрлері болған:

    1. Париж валюталық жүйесі (1867 ж)

    2. Генуя валюталық жүйесі   (1922 ж)

    3. Бреттон-Вуд валюталық жүйесі (1944 ж)

    4. Ямайка валюталық жүйесі (1976 - 1978 ж)

    5. Европалық валюталық жүйесі (1979 ж)

    Ұлттық  валюта айналымына, сондай-ақ шетелдік валюталарға қатысты мемлекет тарапынан белгіленіп, қойылған шеектеулер валюта айналымының режимі деп аталады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары