Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 14:04, курсовая работа
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономикамен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс – қимылымен байланысты.
Кіріспе . . . . . . . . . . . 3
1 бөлім. Айналым қаражатының мәні және оларды тиімді басқаруды ұйымдастыру қажеттілігі . . . . . 6-15
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының ұғымы және ерекшелігі . . . . . . . . . . 6
1.2. Айналым капиталының құрлымы және айналмалылығы . 9
1.3. Кәсіпорынның айналым қаражатын басқаруды жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибелер мен еңбегінде қарастырады . . . . . . . . . . 13
2 бөлім. Кәсіпорынның айналым қаражатын басқаруды ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары . . . 16-34
2.1. Кәсіпорын қызметін қаржылай талдау . . . . 16
2.2. Ақша қаражаттарын басқару және оның тиімділігі . 20
2.3. Кәсіпорынның материалдық айналым қорларын басқару тиімділігі . . . . . . . . . . . 24
2.4. Дебиторлық борышты басқару және оның тиімділігі . 28
2.5. Айналым қаражатын басқару жолдары . . . . 30
Қорытынды . . . . . . . . . . 35-36
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . 37-38
Мұндай талдаудың әр түрлі тәсілдері бар. Атап айтқанда, қаржылық қиыншылықтың туындауының барометрі кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерінің көлемінің өсуі жағдайында, оның ағымдағы активтері құрамында ақша қаражатының үлесінің азаю үрдісі болып табылады, ондай жағдай біздің кәсіпорынымызда орын алып отыр. Сонымен, егер ақша қаражатының ағымдағы активтері үлес салмағы жыл басында 10% құраса, жыл соңында оның мөлшері 6,5% болды, яғни 1,6 есе азайды, ал ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелер4643 мыңнан 9681 мың теңгеге дейін, яғни 2,1 есе өсті. Сондықтан ақша қаражаты мен жедел міндеттемелердің (уақыты ағымдағы айда бітетін) арақатынасын ай сайын талдау, кәсіпорындағы ақша қаражатының шамадан тыс көптігін (жетіспеушілігін) жеткілікті түрде сипаттап береді.
Ақша
қаражатының айналым
Кº Д.С. = ДСº/ ДСс
Мұнда: Кº Д.С. – ақша қаражатының айналымдылық коэффиценті;
ДСº - талдау кезеңіндегі ақша қаражатының айналымы;
ДСс – ақша қаражатының орташа қалдығы.
Есептеу үшін ақша қаражатының шоттары бойынша («Касса», «Есеп шот», «Валюталық шот», «Банктегі арнайы шоттар» және т.б.) кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтар шамасы туралы ішкі есеп мәліметтері пайдаланылады. Осы мақсатта мына формула қолданылады:
Мұнда: ДСn – n айының басындағы қалдықтар;
n кезеңіндегі айлар саны.
Ақша қаражатының айналымын есептеу үшін талданып отырған кезеңдегі 441 «Есептеу шотындағы барлық» шоты бойынша кредит айналымын пайдалану керек, онда кәсіпорынның көпшілігі өздерінің контрагенттерімен ақша аударып есеп айырысатынын, ал ақша қаражатын касса арқылы беруде (мысалға, қызметкерлердің еңбекақысы немесе шаруашылық шығындарын төлеу) оны алдын ала банктен алу болжанады.
Ақша қаражатындағы қажеттілік көлемі келесі жағдайларға байланысты:
Қарыз қаражаты. Қарыз қаражатының негізгі көзіне мыналар жатады:
Тәжірибе бойынша қарыз қаражаты көздері көпшілікте банк көмектері мен түрлі қорлар беретін несие болатыны байқалған.
Инвестициялық несие. Несиенің мұндай түрі кәсіпорынның негізгі капиталын қаржыландыру үшін қолданылады. (ғимараттар, жабдықтар, автокөліктер және т.б).
Лизинг – бұл заңмен бекітілген басты құралдарды пайдалану үшін олардың алынуын жылдамдатуға жағдай жасайтын қаржы құралы. Лизингке кез келген кәсіпкерлікке қажетті жабдықты алуға болады және қаржыландырудың белгіленген жағдайында сатып алуға болады. Жасалған жағдайларына қарай отырып, лизинг заты мен өнім берушіні сіз өзіңіз таңдайсыз.
Несие беруден
басқа екінші дәрежелі банктер басқа
да қаржылық қызметтер атқарады. Оның
ең қызықты түрі факторинг.
Факторинг – бұл қарыз өтетуге, тауарды
қайта сату мен басқа да соған бойынша
төленетін төлемдерді алу үшін қолданылады.
Бұл жерде қысқа мерзімді талап туралы
сөз болады.
Басқаша айтқанда, факторинг дегеніміз,
факторингтік компания кәсіпорыннан өз
есебіне сатып алушыдан түскен ақшадан
белгілі мөлшерде төлем алатын делдалдық
қызметтің бір түрі. Ол клиенттің айналым
капиталын несиелейді және өзіне оның
несиелік пен валюталық қаупін алады.
Несиені жабудың жолдары:
1. Тең үлеспен жабу.
Егер сіз осындай несие алатын болсаңыз
алған несиені жабу сандарына байланысты
бөле отырып, несие жабу бағаңыз анықталады.
Проценттер несиенің қалған сомасына
есептеледі.
2. Мерзім соңында жабу Мұның басты ерекшелігі
несиенің барлық өтемін мерзім соңында
жабу болып табылады.
Аннуитетті несие. Бұл несиенің ерекшелігі несие өтемдері жабу мерзімінде өзгеріссіз қалады (пайыздар+негізгі қарызды өтеу).
Меншікті қаражат есебінен банкте арнайы шот ашып, оны пайдалану (чек кітапшалары, аккредитивтер) де есептесу шотынан сәйкес арнайы шотқа қаражат аударумен байланысты болады. Бұл жағдайда ақша шоты бойынша несие айналымдарының сомасының айналымы шамасын есептеу үшін пайдалану қосарлас шотқа яғни, оның қорытындысына кәсіпорындағы ақша қаражатының айналымдық көрсеткіші айтарлықтай бұрмалануына әкеліп соқтырар еді. Егер кәсіпорында есептесудің едәуір бөлігі касса арқылы өтетін болса, орындаушылар, жабдықтаушылардың қызметі мен өнімге төлемдер қолма – қол ақшамен жүргізілсе және арнайы шотарды құру заемдық негізде іске асырылса, онда 45 – тармақтың «Кассадағы барлық» және 42 – тармақтың «Банктегі арнайы шоттағы ақша қаражаты» шоттарының кредиті бойынша өткізілетін сомалар 441 «Есептесу шотындағы барлық» шотының кредиттік сомасына қосылуы керек.
Кәсіпорынның ақша қаражатының іс жүзіндегі қозғалысын ашып көрсету, оның ырғақты түсуі мен жұмсалуын бағалау және кәсіпорындағы қол жеткізген қаржы нәтижесі шамасын байланыстыру үшін ақша қаражатының түсуі (кемуі) мен шығуының (кетуі) барлық бағыттарын бөліп және талдау керек.
Ақша
қаражаты қозғалысының көрсетілген бағыттарын
операциялық (ағымдағы), инвестициялық
және қаржылық қызмет ауқымында қарау
қажет.
2.3. Кәсіпорынның материалдық айналым қорын басқару тиімділігі.
Әуелі кәсіпорын құралғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс - әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар:
Шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан Республикасының салық режиміне бірнеше өзгерістер енгізілген болатын. Біздің қарастырып отырған «Каприз» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі де шағын бизнеске жатады.
«Каприз» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің салық төлеу құрлымын қарастырып көрейік ( кестеде)
Көрсеткіштер |
2002 жыл | 2003 жыл | ауытқулар | ||
теңге | Жыл соңында % түрінде | теңге | Жыл соңында % түрінде | ||
1.Корпаративті кіріс салығы | 10 549 | 27,8 | 2 930 | 20,8 | -7 619 |
2. Қосымша құнға салық | 15 250 | 40,1 | 6 487 | 46,1 | -8 763 |
3.Жер салығы | 102 | 0,3 | 102 | 0,7 | 0 |
4.Мүлікке салық | 1 512 | 4 | 1 635 | 11,6 | 123 |
5.Индивидуалды кіріс салығы | 5 274 | 13,9 | 1 466 | 10,4 | -3 808 |
Әлеуметтік салық | 5 275 | 13,9 | 1 466 | 10,4 | -3 809 |
Барлығы | 37 962 | 100 | 100 | 100 |
Сондай
ақ, «Каприз» Жауапкершілігі Шекетулі
Серіктестігі қоршаған ортаны қорғауға
яғни оның бұзылуына жол бермеу мақсатында
да өз жауапкершілігіне алады. Оны да таблица
түрінде қарастырайық.
Кезең | Бюджетке түскен қор | |
2002 жыл | 2003 жыл | |
1 квартал
2 квартал 3 квартал 4 квартал |
300
300 300 360 |
300
300 300 360 |
Барлығы | 1260 | 1260 |
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара қайтымды. Қазіргі құн келешектегі құнға компаундигілеу - күрделі пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау - пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі құнының есеп - қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның құнын инфляциялық құнсыздануға төмендету қажет. Жобаларға жұмсалатын инвестициялар нысанындағы ақшаның, рента төлемдерінің, жүйеслі жанрлардың, кірістердің және басқа ақша операциялары есептеулерінің бір жолғы, сондай - ақ дүркін -дүркін түсулері мен төленулері жай және күрделі аннуитеттердің есеп - қисабы, "капиталды бюджеттендіру", "табыстылықтың ішкі мөлшерлемесі" тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Аннуитет дегеніміз тұрақты негізде уақыттың белгілі бір мезгілі ішіндегі тіркелген мелелемелер арқылы төленетін немесе алынатын инвестиция, табыс.
Капиталды
бюджеттендіру - өтеудің қарастырылған
мезгілінде қаражаттарды кейінгі
дүркін - дүркін қайтарулармен жабылатын
ақша қаражаттарының бір жолғы
жылыстауы. Бюджеттендіру тұжырымдамасы
негізгі активтер бойынша шығыстарды
жоспарлау кезінде пайдаланылады, бұл
жобаларды талдау және ақша қаражаттарының
ұзақ мерзімді және ірі жұмсалымы
жөнінде шешімдер қабылдаудың процесі.
2.4. Дебиторлық борышты басқару және оның тиімділігі.
Дебиторлық
борыш – сату қызметі есебінде
сатып алушыға берілген коммерциялық
несиелер, яғни сатып алушы тауарға
оын алған кезде емес, кейінірек
төлейді. Бұл баптың өлшемі сол фирманың
берген несие сату саясатымен анықталады.
Несиеге сату көлемінің валдық көлемге
қатынасы әр фирмада түрліше болады, бәсекелестік
жағдайда. Персонал еңбегінің ақысы мен
айлық негізде пайызын төлеу кезінде төлемдердің
түсімін көтеру кезінде пайыз бойынша
төлемді толық жаппағанда болатын кейбір
резервтердің қажеттігі туындайды. Осыған
байланысты, кейбір кассалық және банктік
төлем бағаларын қарастыру маңызды. Мұны
осындай жағдайдағы еңбек ақы мен еңбек
резервіндегі шығындардың айналым капиталын
қосу арқылы жасауға болады (шикізат пен
материалды қоспағандағы жіберілген шығынның
5 пайызын құрауы мүмкін).
Дебиторлық борышпен төлем есептері (кредиторлық
борыш) қатар жүреді.
Төлем есептері несие талаптары бойынша,
яғни шикізат, метериалдар мен басқа қызметтер
белгілі мерзімге беріліп уақыты келгенде
төленеді. Мұндай төлемдер мерзімін ұзарту
арқылы айналым капиталы бағасын қысқарта
алады.
Информация о работе Айналым қаражаттарының кәсіпорындағы құрамы мен құрлымын оптимизациялау