Айналым қаражаттарының кәсіпорындағы құрамы мен құрлымын оптимизациялау

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 14:04, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономикамен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс – қимылымен байланысты.

Содержание

Кіріспе . . . . . . . . . . . 3
1 бөлім. Айналым қаражатының мәні және оларды тиімді басқаруды ұйымдастыру қажеттілігі . . . . . 6-15
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының ұғымы және ерекшелігі . . . . . . . . . . 6
1.2. Айналым капиталының құрлымы және айналмалылығы . 9
1.3. Кәсіпорынның айналым қаражатын басқаруды жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибелер мен еңбегінде қарастырады . . . . . . . . . . 13
2 бөлім. Кәсіпорынның айналым қаражатын басқаруды ұйымдастыру және оны жетілдіру бағыттары . . . 16-34
2.1. Кәсіпорын қызметін қаржылай талдау . . . . 16
2.2. Ақша қаражаттарын басқару және оның тиімділігі . 20
2.3. Кәсіпорынның материалдық айналым қорларын басқару тиімділігі . . . . . . . . . . . 24
2.4. Дебиторлық борышты басқару және оның тиімділігі . 28
2.5. Айналым қаражатын басқару жолдары . . . . 30
Қорытынды . . . . . . . . . . 35-36
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . 37-38

Работа содержит 1 файл

Айналым капиталының мәні мен құрлымы.doc

— 194.00 Кб (Скачать)

     Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен  негізгі  материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа  да  еңбек заттары кіретін айналым  қорларын орынды пайдаланудың  есебінен өндіріс шығындарын одан әрі  төмендетуден табылады.

      Өндірістің нәтижелілігін  арттыру жөніндегі  шараларды белгілеген кезде  кәсіпорындардың  өндіріс процесінің  маңызды заттық  элементі болып табылатын  өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға  кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн. 

      Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік  кезең аралығында  олар үш сатыдан  (өзінің нысанын  өзгертіп) тұратын ауыспалы айналым  жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын  еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін  шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

      Екінші  сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және  шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге  (тауар нысанына) айналады.

      Үшінші сатыда дайын өнім сатылады,  нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға  жұмсалып,  жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары  бірінші сатыдан екінші сатыға  жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді.  Керісінше, олар бір мезгілде  айналымның барлық үш сатысында  да белгілі орында  болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады,  өндіріледі,  сатылады және қайтадан сатып алынады.  Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімді сатуды қамтамасыз етеді.  Сонымен бұдан ескеретін жайт - әрбір сатыдағы айналым  қаражаттарының тұрған уақыты  бірдей емес.  Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру  және сату ерекшеліктеріне байланысты.

      Ауыспалы  айналым қаражаты мына  тәсілмен шығады:

      А – Қ ... Ө ... Д – А1

Мұнда А –  шаруашылық субъектілерін авансылаудағы  ақша қаражаттары;

      Қ - өндіріс құралы;

      Ө - өндіріс;

      Д – дайын өнім;

      А1 - өнімді сатудан  түскен және  өзіне  қосылған пайданың ақша қаражаттары.

     Шаруашылықты  жүргізудегі  нарықтық жүйе  жағдайында  кәсіпорын экономикасын дамытуда оны  айналым қаражаттарымен  оңтайлы қамтамасыз  етудің  төтенше  маңызы бар.

      Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын  бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың  ішіндегі  ең қарапайымы – айналым  қаражаттарының  айналымдылығының коэффиценті. Ол мына формуламен  анықталады:

            Қ ақ = Өқ / Оқ

Мұндағы, Өқ –  белгілі бір кезеңде  өткізілген өнімнің құны (өнімді өткізуден алынған  түсім),

           Оқ- сол кзеңдегі  айналым қаражатының   орташа қалдығы. 

      Егер  де  өткізуден алынған түсім  бір жылға есептелгенде, онда  айналым қаражатының  орташа қалдығы да сол жылға алынады.  
 

1.3. Кәсіпорынның айналым  қаражатын басқаруды  жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжірибелер мен еңбегінде қарастырады.

      Кәсіпорынның  айналым қаражаты  жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын «қаржылық  жағдай ( дегеніміз немесе «қаржылық жай – күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл  ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «кәсіпорынның қаржы (активтер)  жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және  оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

      Профессор Н.А. Русак «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности» еңбегінде айналым қаражатына төмендегідей анықтама береді: «Кәсіпорынның айналым қаражаты қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның айналым қаражаты  кәсіпорының қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да  қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстары қамтамасыз етілумен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай – ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым – қатынаста  болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді».

      В.М. Радинова мен М.А. Федотова кәсіпорынның айналым қаражаты «қаржы ресурстарының  қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен  көрсетіледі» деп жазады.

      М.Н. Крейнина, а.И. Ковалев және В.П. Привалов айналым қаражаты ұғымын былайша  түсіндіреді: «Айналым қаражаты – бұл қаржы ресурстарының  қолда  барын,  үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

      Профессор И.Т. Балабанов өзінің «Анализ и  планирование  финансов хозяйствующего субъекта» еңбегінде «Шаруашылық  субъектісінің айналым қаражаты – бұл оның қаржы  бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі)  қаржы ресурстары мен капиталды  пайдалану, мемлекет алдында  және басқа да  шаруашылық субъектілерінің  алдында өз міндеттемелерін орындау.  Шаруашылық субъектісінің айналым қаражатының  келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін - өзі өтеу» - деп жазды.

      С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның айналым қаражаты – бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру  қабілеттілігін кешенді  түрде бағалау».

      Жоғарыда  берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында  бұл ұғымды дәлірек  анықтауға мүмкіндік  беретін  ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)  қаржылық жағдай түрлі  көрсеткіштерді есептеу  нәтижесінде  және олардың жалпы бағалауға  тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның айналым қаражаты әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

      Біздің  көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын  жұмысының  үздіксіздігін және  оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 бөлім. Кәсіпорынның  айналым қаражатын  басқаруды ұйымдастыру  және оны  жетілдіру  бағыттары

2.1. Кәсіпорын қызметін  қаржылай талдау

      Нарықтық  қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай – ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа  контрагенттер алдында өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болумен байланысты.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы осы  кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен  өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – меншікті және  қарыз қаражаттарының  байланысы болып табылады.

     Қаржылық  тұрақтылық – бұл әрдайым төлем  қабілеттілігін кепілдендіретін  кәсіпорынның белгілі  бір шоттар жағдайы.

     Кәсіпорында  тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы – қаржылық тұрақтылық болып табылады.  Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай – ақ кәсіпорында кеңейтуге және  жаңартуға  қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.

           Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің  мүмкін болатын деңгейінде төлем  қабілеттілігімен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату және пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.

     Жабдықтаушылар  мен тұтынушылар  сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен  келісім – шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тірты қаржы органдары, әсіресе, салық инспекциясы кәсіпорынның  жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі, тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.

     Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның  бәсекелестік  қабілетін  және оның іскерлік қарым – қатынастағы  потенциалын анықтайды, кәсіпорынның  өзінің және оның  серіктестерінің  қаржылық және басқа  қатынастар тұрғысындағы  экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасындағы байланыстырушы  қызметін атқарады.

     Кәсіпорынның  осы мерзімге дейінгі  уақытты  қаржы  ресурстарын қаншалықты дұрыс  басқарды деген сұраққа жауап  береді: кәсіпорын осы мерзімге  дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады. Қаржы ресурстары жағдайының нарықтық талаптарына сай  болуы және де  кәсіпорынның дамуына  байланысты қажеттіліктерге  жауап бере алуы  өте маңызды болып  табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың  жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына  және оның дамуына  қажетті қаражатының  болмауына,  ал көп болуы – дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуіне  әкеліп соқтыруы мүмкін.

     Нарықтық экономика жағдайында  жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты  мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады.

    • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
    • активтер мен  олардың қалыптасу  көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
    • айналым капиталының көлемін, оның  өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен ара – қатынасын анықтау;
    • қаржы – есептік және несие ережесін сақтау;
    • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрлымын зерттеу;
    • ағымдағы активтердің айналымдық есебі, оның  ішіндегі дебиторлық борыш және қорлар есебі;
    • баланстың  өтімділігін, кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
    • кәсіпорын табыстылығын бағалау;
    • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай – ақолардың  деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторды есептеп шығару;
    • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
    • кәсіпорынның қаржылық жағдайының  тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді  болжау, оның  қаржылық стратегиясын анықтау.

     Қаржылық  жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың  қорытындылаушы  кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:

  1. жабдықтау, өндіріс және өткізу;
  2. коммерциялық;
  3. өндірістік және қаржылық қызмет.

     Кәсіпорынның  қаржылық қызметі – бұл оның  осы қызмет нәтижесінде  меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен  құрамына  өзгеріс әкелетін  қызметі  болып табылады. Ол қаржы ресурстарының  жүйелі түрде  түсуі мен тиімді пайдалануына, есеп және  несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы  арақатынастың  рационалдығына, сондай – ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында  қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің  қаржылық, өндірістік және  коммерциялық жақтары  арасында  тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметтің жетістігі, көбінесе оның  өндірістік – сату көрсеткіштерімен анықталады.     Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді  және ақша қаражаттарын  алуы оның  өнімді сатуына, алдын ала  қарастырылған сұрыпталымды  ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және  оны  бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

         Жоғары  сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның  қаржылық ресурстарының қалыптасуына  оң әсерін тигізді. Өндіріс процесінде өнім сапасының  төмендеуі және  оны сатудың  қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының  келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті  төмендейді. Кері байланыс та бар, ол  ақша қаражаттарының  болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің  іркілісіне, демек өндіріс процесінің  тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.  
 

2.2. Ақша қаражатын  басқару және оның  тиімділігі.

      Кәсіпорынның  ырғақ қызмет етуі үшін ақша қаражаты қозғалысының жылдамдылығының ерекше маңызы бар. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ойдағыдай болуының  негізгі шоттарының бірі, оның ағымдағы міндеттемелерін  жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының құйылуы болып табылады. Демек, мұндай аса қажет ақша қаражаты қорының болмауы  кәсіпорынның қаржылық қиыншылығы бар екендігін куәландырады. Сонымен қатар ақша қаражатының  шамадан тыс көп болуы инфляция, яғни ақшаның құнсыздануына байланысты, іс жүзінде кәсіпорын  шығынға ұшырап отырғанын  білдіреді.  Осыған байланысты кәсіпорындағы  ақша қаражатын  басқарудың  тиімділігін  бағалау қажеттігі туындайды.

Информация о работе Айналым қаражаттарының кәсіпорындағы құрамы мен құрлымын оптимизациялау