Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары

Автор: c*****************@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 22:43, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, анықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы мемлекеттік басқарудың құралы ретінде..................................................................................................................5
1.1 Бюджеттің экономикалық маңыздылығы..................................................5
1.2 Бюджеттік құрылым.....................................................................................8

2 Қазақстан Республикасының бюджет саясаты және оның қызметтері....11
2.1 Қазіргі жағдайда бюджетті пайдалану......................................................11
2.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру......................13
2.3 Экономиканы мемелекеттiк реттеудегi бюджет саясатының рөлі.........17
3. Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары.......21
Қорытынды........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Работа содержит 1 файл

ҚР Бюджет саясаты және оның қызметтері11111.docx

— 73.54 Кб (Скачать)

    2.3 Экономиканы мемелекеттiк реттеудегi  бюджет саясатының рөлі 

    Мемлекет  белгiлi бiр таптардың мүдделерiн  қорғай отырып, бiр жағынан, қоғамдық қажеттiлiктi қамтамасыз ету мүмкiндiгiн  анықтайды, ал екiншi жағынан, осы қажеттiлiктi  қамтамасыз ету жолдарын  iздестiрiп, жүзеге асырады.

    Мемлекеттiң  нарықтық экономикада атқаратын  қызметтерiн мына топтарға бөлуге болады: [13,251б]

    -тиiмдiлiктi қамтамасыз ете отырып,  монополияға   жол бермеу;

    -нарықтық  жүйе еңбекке жарамсыз топтар  мен балалар, қарттарға мемлекет  әлеуметтiк  әдiлеттiлiктi қамтамасыз  етуге тырысады;

    -бағаның  өзгеруi мен  бағалық мехзанизмдi ретке келтiредi:

    -прогрессивтi салық салу;

    -зейнеткерлер, еңбекке жарамсыз көп балалы, жұмыссыздар, әлеуметтiк  мұқтаж азаматтардың табыстарын  қорғау шараларын қарастыру.

    -экономикалық   тұрақтылықты  сақтау;

    -шаруашылық  жүргiзу туралы бекiтiлген  шешiмдердi заңдылық- құқықтық жағынан  қамтамасыз ету;

    -несие саясатын  жүргiзу, ақша айналымын тұрақтандыру.

    Жалпы мемлекеттiң саладағы саясаты екi бағытта  жүргiзiледi:

    -бiлiм беру, денсаулық сақтау, экология сферасында күрделi мемлекеттiк әлеуметтiк бағдарлама бекiтiлiп жүзеге асырылуда;

    -нарыққа көшуге байланысты  халықты әлеуметтiк жағынан қорғау.

    Экономиканы реттеуде  мемлекет әртүрлi тәсiлдер қолданады: әкiмшiлiк- құқықтық, ақпарат  хабарлармен, қаржы бөлу, экономикалық тетiктер (салық, несие, баға тағы басқалар) мемлекеттiк тапсырыс, лимиттер мен  квоталар тағы басқалар.

    Нарықтық  қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономика-лық әсер етушi құрал  ретiнде ғана емес, сонымен қатар  қоғамдағы болып жатқан әлеуметтiк  процестерге әсер ететiн негiзгi реттеушi ретiнде  пайдаланады.

    Салықтар  өте күштi әлеуметтiк  құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану  керек. Салықтық заңдылықтардың принциптерiн  сақтау керек. Ал мұның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да  басқалар ғылыми негiзделген  бiлiмдi қажет етедi.

    Мемлекеттiң  экономикасын  көтеруде оның азаматтарының  ақшалай немесе натуралдық тұрақты  түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында  салықтық формаларымен әдiстерi  мемлекеттiк  сүранымды  және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге  үшырайды. Олардың  қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге  ролi  де өзгерiп отырады. Тауар –ақша  қатынастары неғұрлым дамыған елдерде  салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.

    Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн  түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны  төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

    Жүргiзiлiп  жатқан экономикалық реформалардың  басты мақсаты шаруашылық  жүргiзушi субъектiлерге түсетiн салық ауыртпалығын жеңiлдету, қолданылып  жүрген салықтар мен төлемдердi реттеу болып табылады.  Бұл  бағытта ең негiзгiлерiн мүлiк-салығын  акциздердiң  және басқа да салықтардың  мәнiн арттыру. Ұқсас жағдайларда  салық салудың шамамен  тең  тәртiбi қолданылатын болады.

    Салық салу механизiмi кез-келген экономикалық жүйенiң күрделi бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызды тәсiлi ретiнде орын алып,  оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгiн әлеуметтiк және экономикалық саясатының жетiстiктерiне әкеледi.

    Кез-келген  елде, мемлекет шығындары мен салық  салу мәселелерiне өте көңiл бөлiнедi [14,21б].

    Нарықты экономикалық елдерде салықтар мемлекеттiк  және муници-палдық табыстарда басты  рол атқарады да, экономиканы басқарудың к үштi ынталандырушы құралы болып  келедi. Әсiресе, олар ғылыми –техникалық прогрестi жеделдетуге, анти инфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсендi орын алады.

    Сондықтан салықтарды төлеу - төлеушiлер үшiн онша қызық iс болып келмегенмен өте қажеттi де маңызды iс болып табылады. 

    Дүние жүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие-қаржылық реттеумен бiрiгiп  әрекет еткенде ғана нарықтық экономканы  жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып  табылады. Ол нарықтық қатынастардың  қалыптасуына әсерiн тигiзiп,  мемлекеттiк  экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк  теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды  элементтерi болып келедi.

    Қазiргi  кездегi  жағдайларға салықтардың  мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен  қаматамсыз ету  шекарасынан  шығып отыр.

    Ендi, салықтар  ұлттық табысты  мемлекеттендiрудiң  маңызды құрамы бола бастады.  Олар макроэкономикалық  реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi  ұлттық табыстың жалпы көлемiнде салықтық  төлемдердiң  салыстырмасы  мөлшерiнiң  өсуiн  қамтамасыз етiп отырады.

    Салықтар  экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерге де әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтармен әркет  ете отырып, мемлекет капиталының  қорлауына асқан ықпал етедi. Сондай-ақ салықтық реттеу шаралары әртүрлi  салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен  ынталандыра отырып капиталдық қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруна ықпалын тигiзедi.

    Үкiметiмiздiң  алдында түрған мiндет ол  тұрақты  қабылданған заңдардың негiзiнде  қаржы жүйесiн тез арада қалпына  келтiрiп, ондағы салық арқылы  түсетiн  түсiмдердi реттеп, олардың дұрыс  бөлiнуiн қамтамасыз ету болып  табылады және де салықтар қазынаны толтырып қана қоймай өндiрiстi әрi қарай дамытудың  белсендi ынталандырушы ролiн атқаруы  қажет деп тұжрымға келемiн. Олар кәсiпкерлiкке  деген ынтаны тежеу  механизiмi болып келемей,  керiсiнше  оның тиiмдi әрекет етудiң  қосымша, бiрден бiр фактордың ролiн атқаруы  қажет. Сондықтан бiздер салықтар жүйесiн  жақсартуда әрқашан қарапайым және баянды принципiн естен шығармауымыз қажет.

    Салық төлеушi және жинаушы  салық төлеу  процесiнде  белгiлi бiр қарым-қатынасқа  түседi. Бұл қарым-қатынас дұрыс, өзара тиiмдi әрi объективтi болса, соғұрлым  салықтық  жиналу денгейi де  жоғары болады. Салық жинауына әсер ететiн объективтi  және субъективтi жағдайлар бар. Олар: өндiрiс қаржысының төмендеуi, кәсiпорындар мен мекемелер арасындағы төлемақылар дағдарысы, заңды бiлмеу немесе оның алдындағы жауапкершiлiктiң төмендеуi, салық салу нормаларын бұзу, салық жүйесiндегi қызметкерлердiң жалақысының аздығы тағы басқалар.

    Әрине, мемлекет барысында бюджеттiң  кiрiс  бөлiгiн көбейтуге тырысады.  Кәсiпкер де солай, ешкiм өз еркiмен, өз табысының  бiр бөлiгiн  беруге құлшынбайды. Мiне, сондықтан да әр елдiң  өз салық  кодексi бар. Олар әр елдiң экономикасының қаржы-несие саясатының, тұрмыс-тiршiлiгiнiң  жағдайына байланысты әр-түрлi болып  келедi [15,16б].

    Экономикалық iс –шаралар барысында ықпал ету, мемлекеттiк қажеттiлiк тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңiлдiктерi арқылы  жүзеге асырады. Оның  тiкелей  сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату.

    Кiрiс  пен таза пайданы экономиканың жаңа бiр саласына немесе бүтiн   өндiрiс  түрiнiң дамуына жұмсауы, елiмiздiң  аз игерген, кейбiр қолайсыз аймақтарына  инвестиция тарту сияқты мақсаттарда, салықтың кей түрiнен бүтiндей босату қолданылады. Іскерлiк табыстың белгiлi бiр түрлерiне  жеңiлдетiлген салық  жүйесiн пайдалану, экономика мемлекеттiк  реттеуден сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдiс. Мысалы,  мерзiмдi  амортизациясы жеделдетiлген немесе дифференциялды салық мөлшерi салық төлеу мерзiмiн созу немесе кейiнге қалдыру, салықтардан еркiн  резервтiк  инвестициялық әрi басқадай қорлар құру және нақты салық жеңiлдiктерi мен проперенциялар сияқты түрлi экономикалық және салық тегершiктерi жетерлiк. Қазақстан  экономикасының өтпелi кезеңiнде салық  жеңiлдiктерi жаппай iскерлiктi бауырқандырып, экономиканың басым салаларына iрi инвестициялар  әкелуге септiгiн тигiзедi. Алайда, қазiр отандық экономика өзiнiң  өрлеу белесiне көтерiле бастағанда мұндай салық жеңiлдiктерiнiң сақталып қалуы мемлекет пен инвестор арасындағы мүдделiк қарым-қатынасқа  өз салқынын тигiзуде. Нәтижесiнде бюджетке өндiрiс  көлемiнiң үлғаюына қатысты- салықтан бюджетке түсетiн түсiмдер елеусiз, салық  салмағының коэффициентi әсерсiз қалуында. Кейiнгi кезде салық жеңiлдiктерiнен  салық кеңiстiгiнде  елеулi қарама-қайшылықтар  туып, салықтық әмiр  жүргiзуiне кесiрiн  тигiзуде. Ең бастысы өндiрiс саласына қарамай салық төлеушiлердiң барлығы  заң алдында тең деген талапқа  салықтық жеңiлдiктi реттеу қайшы келiп, экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпорындарды алалауда.

    Нақты салаға салық жеңiлдiгiн орнату тәжiрибе көрсетiп отырғандай қамқорлық пен  қолдаудың керемет бiр тиiмдi әдiсi деуге келмейдi. Жеңiлдiк берiлiп  отырған кәсiпорындар мен жеке тұлғалар жеңiлдiк  жүрмейтiн экономикалық қызмет салаларындағы кәсiпкерлiкпен айналысып жүгендерге салық әмiрiн  пәрмендi  қолдануда қиыншылық  тудырады. Оның үстiне жеңiлдiктердi салық  төлеуден б ұлтару  үшiн арсыз  пайдаланатындар да аз емес. Преференция  түрiнде жататын салық каникулының  ұлттық қорды қолдануда берекесiздiк тудырып, түбiнде кiрiстiң жоғалуына соқтыратын халықаралық тәжiрибе көрсетiп отыр. 

    3. Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары 

    Бұрын соңды салыққа қатысты заңдар бiр жүйеге түсiрiлмегенде оның үстiне аталған салық жүйесiнiң түгелдей iргетасын қалаудан, яғни бәрiн жаңадан бастадық. Салық заңдарын дайындау, оны қалыптастыру, кез-келген мемлекетте болатын күрделi процесс. Өйткенi, онда қоғамның барлық тобының мүддесiн тепе-тең жағдайда қарастыру талап етiледi. Елiмiздегi салық заңдарының қалыптасуы қоғамдық түпкiлiктi реформалау уақыты мен түспа түс келедi. Осының бәрi  жинақталып келiп, салық заңдарының  көп жағдайда талас тартыс шеңберiнде өрбуiне әкеледi. Әу баста салық жүйесiнде жiберiлген кемшiлiктер де, қателiктер де жеткiлiктi болады. Оған үкiметтiң рұқсатымен салықтан босатылған  ұйымдардың қызметi де өзiнiң зардабын тигiзбей қойған жоқ [17,21б].

    Қазiргi  кезде экономика тұрақтады.  Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық  көрсеткiштердiң тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады.  Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi де  мұнайға дүниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады. Бұрынғы кеңестiк елдер аумағында Қазақстан мен Ресейде  iшкi өнiм өндiрiсiнiң көлемi бiртiндеп  ұлғайып келедi.  Қазақстан ТМД аумағында орташа айлық мөлшерi жағынан бiрiншi орынға шықты. Осы  оң нышанды  қалыптасқан жағдайлар жиынтығы жаңа салық кодексiн қабылдауға мүмкiндiк берiп отыр.

    Нарықтық  қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономии-калық әсер етушi құрал ретiнде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтiк процестерге әсер ететiн негiзгi реттеушi ретiнде  пайдаланады.

    Салықтар  өте күштi әлеуметтiк  құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану  керек. Салықтық заңдылықтардың принциптерiн  сақтау керек. Ал мұның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да  басқалар ғылыми негiзделген  бiлiмдi қажет етедi.

    Мемлекеттiң  экономикасын  көтеруде оның азаматтарының  ақшалай немесе натуралдық тұрақты  түрде төлейтiн жарналарының ықпалы үлкен. Қоғамның тарихында салықтық формаларымен әдiстерi  мемлекеттiк сұранымды  және қажеттiлiктердi қамтамасыз ету, сондай-ақ салық салудағы мәселелердi шешу жолдарына бейiмделiп отырып, әр түрлi өзгерiстерге  үшырайды. Олардың қызмет ауқымы арқылы әлеуметтiк және экономикалық процестерге  ролi  де өзгерiп отырады.

    Тауар –ақша  қатынастары неғұрлым дамыған  елдерде  салықтар да жақсы дамиды да, оларға мүмкiндiгiнше әсер етедi.

    Қай мемлекетте  болмасын бюджетке түсетiн  түсiмнiң негiзгi көзi болып салықтар табылады. Мемлекет салықтардың көлемi мен түрлерiн жинақтау мен төлемдi, олардың түсуiн бақылауды, оны төлеуден кейбiр жағдайда ауытқуды жазалауды заңды түрде бекiтедi.

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары