Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары

Автор: c*****************@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 22:43, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, анықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................3
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы мемлекеттік басқарудың құралы ретінде..................................................................................................................5
1.1 Бюджеттің экономикалық маңыздылығы..................................................5
1.2 Бюджеттік құрылым.....................................................................................8

2 Қазақстан Республикасының бюджет саясаты және оның қызметтері....11
2.1 Қазіргі жағдайда бюджетті пайдалану......................................................11
2.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру......................13
2.3 Экономиканы мемелекеттiк реттеудегi бюджет саясатының рөлі.........17
3. Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары.......21
Қорытынды........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................

Работа содержит 1 файл

ҚР Бюджет саясаты және оның қызметтері11111.docx

— 73.54 Кб (Скачать)

    Ал 01.10.2010 кезеңіне жоспарланған 30 059 332 мың денсаулық сақтау шығындарының тек қана 16 872 000 мың жұмсалды (56,13%).

    2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде ғылыми зерттеу шығындары 2 792 941 мыңға өсті (76,11%). Соның ішінде ғылыми зерттеу шығындары жалпы республикалық бюджеттің 0,60% құрып, 0,23%-ке өсті.

    2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек шығындары 46 734 252 мыңға өсті (19,59%). Соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек шығындары жалпы республикалық бюджеттің 26,18% құрып, 1,78%-ке өсті.

    2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде тұрғын-үй шаруашылығы шығындары 4 182 036 мыңға кеміді (-14,67%). Соның ішінде тұрғын-үй шаруашылығы шығындары жалпы республикалық бюджеттің 2,23% құрып, 0,68%-ке кеміді.

    2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде ауыл, су, орман, балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау шығындары 3 350 557 мыңға кеміді (-5,11%). Соның ішінде ауыл, су, орман, балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5,71% құрып, 1,00%-ке кеміді.

    Алынған нәтижелер бірқатар күрделі сұрақтардың  туындауына әкелді, жекелеп алғанда:

    1. 2011 жылға денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласына түсетін қосымша қаражаттар қандай нақты мақсаттарға бағытталады? 2011 жылы осы салалардағы шешілмеген мәселелерге байланысты денсаулық сақтау және білім беру шығындарын ұлғайту орынсыз. Әйтсе де, қоғам мен Парламент бөлінген қаражаттардың максималды түрде тиімді шығындалғанына сенімді болуы керек. Міне сондықтан қосымша қаражаттарды бағыттауға жоспарланған мақсаттар туралы нақты ақпарат болуы тиіс, ал ол мемлекеттік шығындарды игеру мониторингін өткізуге мүмкіндік береді.

    2. Аймақ аралық бюджеттер арасындағы қосымша қаржыларды қайта бөлгенде Қазақстан аймақтарын бірқалыпты емес дамуының мәселесі қаншалықты ескеріледі?

    3. Ауылшаруашылық, су, орман, балық шаруашылығына, сондай-ак қоршаған ортаны қорғауға шығындар деңгейін қысқарту қаншалықты негізді? Біз білетіндей, Қазақстанның көптеген аймақтарында экологиялық жағдай бұрынғыдай өте жағымсыз болып отыр.

    4. Тұрғын-үй шаруашылығындағы мемлекеттік шығындар деңгейінің қысқартылғаны қаншалықты негізді?

    5. Ағымдағы жылдың денсаулық сақтау бюджетінің орындалуының төмен деңгейі немен байланысты?

    6. Берілген қаражаттардың осындай төмен игерудегі денсаулық сақтау шығындары қаншалықты ақталған?

    7. Осы жағдайды шешу үшін Министрліктер мен ведомстволарға қандай шараларды қолдану қажет? 

    2.2 Қазақстан Республикасы бюджет  жүйесін қалыптастыру 

    Бюджеттік кодекс жобасының маңызын бағалау  өте қиын. Соңғы уақытта біздің қоғамымыздың демакратиялануы туралы көп айтамыз. Соған байланысты менің  ойымша демократияланудың ең бірінші, біздің ел экономикасының жүрегі бюджеттік  кодекс болып табылады. Бізге белгілі  болғандай біздің үкіметіміз салық  кодексін, кеден кодексін жақында қабылдады. Солардың ішінде, заң шығарушы және атқарушы өкіметтің әрбір деңгейінің жауапкершілігін ғана емес, сонымен қатар өкіметтің әрбір деңгейінің қаржылық қайнар көздерін анықтайтын, осы органдардың құқықтарын анықтайды бюджеттік кодекс маңыздылығын анықтауға өте қиын [8,115б].

    Елбасы 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда Үкіметке бюджеттік кодексті жетілдіруді тапсырады. Парламентте 4 сәуірде талқыланған мемлекет басшысының жолдауында өкіметке бюджеттік кодекс жобасын мамырдың соңына дейін Парламентке қарастырылуына беруді керек туралы айтылады.

    Менім ойымша Бюджеттік кодекс елдің бюджет жүйесі дамуының көп жолғы жұмыстың тәжіриебесін өзіне қаратып алды. Егер 1995 — 1999 жылдарындағы біздің алдымыздағы  болған проблемаларды және қазіргі  уақытта біз оларды қалай көшкенімізді немесе қандай жағдайымызға келгенімізді еске түсірсек, онда келесі туралы айтуға болады. Шынайы емес бюджетті қабылдау сол жылдардағы негізгі проблема болды. Негізінен, шынайы емес бюджет төленбеген төлемдер жүйесін әкелген және жалпы біздің экономикамыздың дамуына әсерін тигізген кредиторлық қарыздың негізгі себебі болды. Содан басқа арнайы шоттар проблемасы өріс алуда болатын. Арнайы шоттардың бар болуы мемлекеттік ұйымдарда басқарудың эффектілігі туралы сұрақ туындайды: бір сома Парламентте бекітілсе, ал екіншісі басқа бір арнайы шоттарда болды. Ол сомаларды Парламент бақылауға ала алмай, ол сомалар негізгі мануфактураны айқындайды және де ол көбінесе мемлекеттік - ұйымдық, компаниялық іскерлігіне болатындығын айқындайды. Сол уақыттағы бюджеттік кодекс өзінің барлық стратегиясында істеп тұрған құрылымдар арасындағы барлық ресурстардың пассивті бөлінуімен анықталған бюджет өтімдердің кәдімгі бірігуімен анықталады, содан кейін барлық бюджеттік ұйымдар арасында шектелген ресурстардың бөлінуі болды. Осы процесте сот көрінісіндей тәжірибе жүзінде бюджет орындалуы керек болған макроэкономикалық жағдай есептеледі және тәжірибе жүзінде экономикалық саясаттың қағидалары мен приоритеттерімен байланысты шығындарды дұрыстау жұмыстары жасалынбады. Бюджеттік пайыздың ешқандай стадияларында біздін еліміздің стратегиялық құжат анықталған экономикалық приоритетімен байланысты шаралары көрінбеді. Сонымен, біз жүзеге асыру керек бағдарламалар мен бағыттарды қарастырудың орындалуы, бюджеттік дайындау процессі сандардың басуына әкелді [9,169б].

    Парламентте бюджеттің соңғы құны қарастырылып, дайындау процесінің соңғы стадиясында, біз шығындардың ерекше бөлімдер туралы бәстесумен шектестік, сонда  да бағдарламалық шығындарды аздату жұмыс табу жоқ болды. Біздің алдымызда  бюджеттік жүйе принциптерінің түбірімен  қайта қарау қажет болды. Осындай  логикадан бас тартып, басқа принципті  қолдану қажет болды. Тандау принципі, конкурстық кезінде көптеген бюджеттік  өтімдерінің ішінен таңдау.

    1999 жылы бюджет қаржыларды мақсатты және эффективті жұмсау саласындағы нормалық құқық базасын дамыту, сенімді алдын — ала пайда болуын бақылау механизмдерін құру арқылы болатын кредиторлық қарыздардың өсуін төменге бағытталған жұмыстар басталды. Қаржы институтының қазынашылық комитетіміз және жұмысы Қазыналық модорнизациясы осы мақсатты орындауға арналды. 2001 жылдың аяғында «Бюджет жүйесі» туралы заңға үлкен өзгерістер енгізілді.

    Бюджеттік қаражаттар негізінде жасалған барлық азаматтық құқық мәніне Қазыналық органдарда міндетті тіркелу нормасы іске асырылды. Кейбір мемлекеттік функциясын бәсекелестік ортаға беріліп және олар мемлекеттік қызмет көрсету нысанында орындалды. Бюджет ақша қаражаты жаңа қағидалары іске қосылды. Барлық бәсеке емес қорлардың істері ашылып, олардың кірістері мемлекеттік бюджеттің құрамына кіргізілді. Менің ойымша осы кезек мемлекеттік бюджет жүйесінің дамуының аса маңызды кезеңі болды.

    Мемлекеттік ұйымдардың бөлінетін мемлекеттік  тапсырмаларды орындау үшін бюджеттік  қаражаттардың мақсатты пайдасына, мемлекеттік сыртқы қарыздарды борыштардың  дұрыс пайдалануға және кайтаруына Қазақстан Республикасының Үкіметі  келісіммен алынған мемлекеттік  емес қарыздардың қайтарылуыын байқалуына біз көп қарыз аудардық.

    Дұрыс жоспарлау мемлекет мақсаттарының  олардың орындалуы үшін қажет  сиректер көлемімен есептелуі керек  және жоспарланған бағыттар мен мақсатты анықтайтын шешімдерге бағыттау керек  екендігін түсініп, бағдарламалау  деп аталатын жаңа эдісті қолдануға  көштік Бюджеттік бағдарламалау  келесі үш қағидаға негізделеді: [10,211б].

    • Даму бағдарламалық стратегиясын анықтау.

    • Бюджет ресурстарын анықтау

    • Бюджет бағдарламаларды жоспарлау.

    2010 жылғы бюджетті қалыптастырғанда біз бюджеттік жоспарлау жұмыстарын мемлекеттік, салалық бағдарламалардың жасау мен жүзеге асырумен байланыстырдық.

    Қаржы көздерімен қамтылмаған көптеген бағдарламалар  жоғалып кетті, біз бағдарламаларды  олардың іске асыруына көзделген  қаражаттармен байланысты іске асырдық.

    Еске  түсірсек, орталық аймақтарды қаржыландырмай оған кейбір қызметтерді берді. Осы  проблеманы біз 2005 жылдан бастап шеше бастадық, ол бюджеттік кодексте «Бюджет жүйесі» туралы заңында өз көрінісін тапты. Бюджеттік ресурстардың жоспарлауы орта мерзімдік макроэкономикалық негізінде жасалғанды бюджеттік бағдарламалар бастапқы екі элемент негізіндей.

    Бюджеттік кодексті дамытудың негізгі мақсаты - бюджеттік процесс саласында  қолданатын нормалық құқық актілердің қосылуы мен жүйеленуі. Солардың ішіндегі негізгілері: бюджеттік жүйе туралы заң бақылау туралы заң, мемлекеттік және кепілділген мемлекеттік қарыз туралы заң, қаржылық процедуралар ерекшелігі және үкімет шешімдері бюджеттік процестермен байланысты.

    Бюджеттік кодекс өзіне бюджеттік процестік  әрбір кезеңдерінің нормаларын біріктірді - жоспарлау, атқарылу, қарыз алу және бюджет атқарылуына бақылау. Әрбір тақырыпқа бөлім арналған. Менің тағы айтқым келгенім, осы кодексті негізгі қабылдаушы Қазақстан Республикасы және бюджеттік шаруашылық мемлекетпен бюджеттік процестеріне белсенді қатысқандардың ішінде қаржы министрлігі, есеп комитеті және Ұлттық Банк.

    Бюджеттік артықшылдық процессі сол сияқты, бүгін бізде бар, жиналған бюджет орындалуға байланысты тәжірибелермен көрсетеді. Егер бюджеттік жоспарлау  дамытуға байланысты дүниежүзілік тәжірибелерді  қарастырсақ, біз ең алдымен ТМД  елдерінің тәжірибесін қарастырамыз. Сіз білетіндей, Ресей мен Украинада осы сияқты заң актілері қабылданып, өз қызметтерін атқаруда.

    Бюджет  саясаты саласында Қазақстан  Республикасының Үкіметі бюджет жүйесін жетілдіру жөнінде мынадай  қадамдар жасады. Бюджет қаражатын  тиімді жұмсау мақсатында мемлекеттік  басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөніндегі, сондай-ақ бюджет заңнамасын жетілдіру жөніндегі  жұмыстар жүргізілді. Мысалы, мемлекеттік  басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджет аралық қатынастарды жетілдіру түжырымдамасы қабылданды, Бюджет кодексінің және "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне жергілікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобалары әзірленді. Бюджет саясатының үлкен айқындылық, алдын ала болжау және тұрақтылығы үшін мемлекеттік бюджеттің қаражатын жұмсаудың перспективаға арналған басым бағыттарын нормативтік бекіту қажет [11]. 
 

    Мақсаттары  мен міндеттері:

    Алдағы  кезеңде мыналар бюджет саясатының мақсаттары болып табылады: экономикалық өсімнің тұрақты қарқындарын ұстауға жәрдемдесу; халықтың әл-ауқатын арттыру; мемлекеттік функциялардың толық көлемі орындалу қамтамасыз етілетін деңгейде шығыстарды қолдау; мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру. Бюджет саясатының мақсаттарына сәйкес 2010-2014 жылдары мынадай мәселелерді шешу қажет: стратегиялық, индикативтік және бюджеттік жоспарлауды одан әрі үндестіру; бюджет қаражатын жұмсаудың орта мерзімді кезеңге арналған басымдықтарын, іске асыру көлемдері мен мерзімдерін анықтау; бюджет кодексінде көзделген нормаларға сәйкес бюджеттік құқықтык қатынастарды регламенттейтін қолданыстағы нормаларды ретке келтіру; бюджеттік бағдарламалау әдістерін одан әрі енгізу; бюджеттердін шығыстарын жоспарлаудың нормативтік әдісін енгізу; бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау әдістерін жетілдіру; Қазынашылықты жаңғыртуды аяқтау; инвестициялық жобаларды, оның ішінде бюджеттік даму шығыстарын қалыптастыру жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаражатының есебінен іске асырылатындарды дайындау, қарау, іріктеу процесін ретке келтіру; әрбір мемлекеттік басқару деңгейінің бюджет ресурстарын бөлудегі дербестігін күшейту.

    Қойылған  мақсаттар мен міндеттерге қол  жеткізу жолдары

    Алдағы  кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру бірінші кезекте мемлекеттік  және салалық бағдарламаларда көзделген  бағыттарға негізделетін болады, яғни бюджет шығыстары бағдарламалық құжаттарда растау табуы тиіс. Бағдарламаларды іске асыру кезінде тиімділік пен нәтижеліліктің ішкі және сыртқы бағаларына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы шешім мемлекеттік бағдарламалардың іс-шаралар жоспарын орындауға; материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға; мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау. Осылайша, бір уақытта мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыра отырып бюджет қаражатын тиімді жұмсау мақсатында мемлекеттік органдар өз саласында мемлекеттік саясатты іске асыра отырып барынша тиімділікпен бар ресурстарды пайдалана алатын белгіленген өлшемдерге сүйенуді қамтамасыз ету жоспарланады. Алдағы кезеңде елдің ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарын қолдау мен дамыту, әлеуметтік даму міндеттерін шешу, денсаулық сақтау мен білім беруді одан әрі дамыту, ғылым мен инновацияларды дамыту, мәдени-тарихи құндылықтарды сақтау бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары болып табылады. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру түжырымдамасын іске асыру шеңберінде шығыс өкілеттіктерін мемлекеттік басқару деңгейлеріне бекіту реттеледі және бюджетаралық трансферттердің тиімді моделі анықталатын болады. Оның ішінде төменгі мемлекеттік басқару деңгейін қаржы құралдарымен қамтамасыз ету тетігін енгізу көзделеді. Бюджет кодексінің нормаларын енгізу және 2005 жылдан бастап іске асыру бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыруды; бюджет шығыстарының үлкен айқындылығына қол жеткізуді; бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын мемлекеттік қаржылық бақылау рөлін күшейтуді көздейтін бюджет шығыстарын басқарудың сапалы жаңа деңгейіне көшуді қамтамасыз етеді. Нормативтік құқықтық актілердің нормаларын Бюджет кодексінің нормаларына келтіру және Бюджет кодексін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді эзірлеу. жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады. 2005 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру Бюджет кодексінің негізінде жүзеге асырылды. Бюджет кодексінің жобасында көзделген жыл сайын Алдағы үш жылға арналған орта мерзімді фискальды саясатты әзірлеу орта мерзімді кезеңде салық-бюджет саясатын қалыптастыруға бағытталатын болады. Осы құжат орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары бюджеттердің жобаларын эзірлеу кезінде негіз болып табылады. Ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруға бағытталған саясат жүргізілетін болады. ЖІӨ-ге проценттік қатынаста бюджеттің тапшылығын біртіндеп қысқарту және мемлекеттік борыш құрылымын оңтайландыру көзделеді. Мемлекеттік сатып алу рэсімдерін іске асырудың уақытылығы мен тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады. 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы борышы үкіметтік борыштың жалпы көлемінің 79%-ін құрады. Борыштық портфельдің осындай құрылымы дағдарыс нәтижесінде қаржылық шығындардың басталу рәсіміне елеулі ұшырады және осы тұрғыдан экономикалық қауіпсіздіктің өлшемдеріне сәйкес келмейтін осал болып табылады. Үкіметтің борыштық портфелін әртараптандыру мақсатында ішкі рынокта қарыз алуды бір уақытта арттыру кезінде сыртқы қарыз алу көлемін қысқарту қажет. [12]. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары