Автор: c*****************@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 22:43, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуындағы алдыңғы, анықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі.
Кіріспе...................................................................................................................3
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы мемлекеттік басқарудың құралы ретінде..................................................................................................................5
1.1 Бюджеттің экономикалық маңыздылығы..................................................5
1.2 Бюджеттік құрылым.....................................................................................8
2 Қазақстан Республикасының бюджет саясаты және оның қызметтері....11
2.1 Қазіргі жағдайда бюджетті пайдалану......................................................11
2.2 Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін қалыптастыру......................13
2.3 Экономиканы мемелекеттiк реттеудегi бюджет саясатының рөлі.........17
3. Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары.......21
Қорытынды........................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................
Қаржыландырудың ішкі көздеріне Ұлттық Банктен, коммерциялық банктерден және банктік емес сектордан алынған қарыз жатады. Ұлттық банктен алынған таза қарыз ақша массасының көлемін (қарыздың жалпы сомасы мен сол бойынша қайтару немесе қайтарым қарыз сомасының арасындағы айырым) ұлғайтады.
Мемлекеттік бюджет жалпы шығын мен табысқа әсер ететін экономикалық факторларды анықтауда басты рөльді атқарады. Яғни, бюджетті құрайтын табыстың, шығыстың және басқа да қаржылық баптардың болжамы керек. Табысты болжамдауда экстрополяция әдісін қолдануға болады, бірақ мұндай есептеудің нәтижелері нақты болмауы мүмкін, өйткені ол салықтық база эволюциясын есептемейді, бұрынғы даму негізіне базаланады. Нақтырақ болжамға функционалды тәуелділіктерді құру арқылы жетуге болады. Мұндай құрылым дезагрегаттық деңгейі туралы шешім қабылдауды және де сәйкесінше есепті салықтық базаны таңдауды талап етеді. Негізгі салықтық категориялар арасындағы айырмашылықтарды талдау керек және егер де салық топтарының базалары едәуір ерекше болса, онда бұл салық топтарын дезагрегаттау керек.
Қосылған құн салығы үшін салықтық база болып қосылған кұн мөлшері табылады, табыс салығы үшін - салық салынуға жататын пайда сомасы, акциз үшін- акциз қойылған тауарлар сатылымының сомасы, және т.б.
Салық сомасының өсімшесі салық базасының және де салық салудың да (мысалы, салық қойылымдарының өсуі) өсуімен байланысты болуы мүмкін. Өзгерудің бірінші түрін автоматты әсер, ал екінші түрін дискреционды деп атауға болады.
Автоматты әсер икемділік коэффициенті көмегімен өлшенеді. Мысалы: салықтық табыс өсімшесінің қарқыны мен ЖІӨ өсімшесінің қарқыны арасында қарым-қатынас құрылсын. Және салықтық жүйе салыстыру мерзімі ішінде өзгермеді деген шарт қойылсын. Дискрециондық әсерді есептеу үшін қай жылы салықтық жүйе өзгертілгені туралы ақпаратқа ие болу керек және осы өзгерістердің салықтық табыс сомасына әсер етуінің абсолютті шамасын анықтау қажет. Бұл мақсат үшін пропорционалды корректировка әдісі қолданылады. Бұл әдіс фактілі салықтық түсімдерге және дискрециондық шаралардың әсер етуінің есептелген деңгейіне негізделген. Салықтық емес түсімдерге мүлікті қолданғанынан түскен табыс, баждар және жинақтар кіреді. Бұлардың мөлшерлерінің болжамы осындай әдіспен және де қаржыландыратын ұйымдардың ақпараттарына негізделу арқылы есептеледі [3,97б].
Мемлекет
табыстарына қарағанда
Бюджеттік
жүйе – мемлекетте жұмыс істейтін
барлық бюджеттердің жиынтығын білдіреді.
Бюджеттен тыс қорлардың
Осыған сәйкес мемлекеттік бюджет екі деңгейдегі бюджеттерден – республикалық және жергілікті бюджеттерден тұрады. Сондай-ақ мемлекеттік қаржылардың ішінде бюджеттен тыс қорлар үлкен роль атқарады. Қазір мемлекетімізде тек екі бюджеттен тыс қорлар бар. Олар мемлекеттік Зейнетақы қоры және Ұлттық қор. Бұрын, 1999 жылғы Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданға дейін бірнеше бюджеттен тыс қорлар болған (жол қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, геологиялық-іздестіру жұмыстарын жүргізу қоры, әлеуметтік қор, еңбекпен қамтамасыз ету қоры, табиғатты қорғау қоры, экономиканы қайта құру қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры, т.б.). Қазір бұл қорлар қысқартылған. Қазіргі кезде салықтар мен басқа да міндетті төлемдер республикалық бюджетке барып түседі де, әртүрлі салаларға және территорияларға бөлінеді. Жергілікті бюджеттерге барып түсетін кіріс көздер бар, бірақ олар аз көлемде.
Мемлекеттегі
бюджеттер бір-бірімен тығыз
Бюджеттердің құрылысы: [4,217б].
1) Түсімдерден:
2) Шығыстардан:
3) Бюджет тапшылығынан ( профицитетінен );
4) Бюджет тапшылығын қаржыландырудан (профицитті қолданудан) тұрады.
Мемлекеттік
басқаруды және мемлекеттік саясатты
жүзеге асыру үшін бірнеше шаралар
комплексі қабылданады. Оларды біз
бюджеттік бағдарламалар
Мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түрі:
1. Салықтар.
Салықтар дегеніміз - мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін, мемлекеттің шығыстарының орнын толтыруға арналған - мемлекеттік қорлар құру үшін мәжбүрлі түрде, ақысыз, қайтарылмайтын, міндетті түрдегі ақшаларды алу болып табылады.Сондай-ақ, бюджетке салықтардан басқа да міндетті төлемдер келіп түседі. Оларға жататындар: алымдар, баждар, төлемдер.
2.
Алым сияқты міндетті төлемнің
құқықтық мазмұнын анықтау
а) Алым бір реттік төлем болып табылады, ал салықтық төлемдер үшін – тұрақты ұзаққа созылған қатынастар тән;
б) Алым салыққа қарағанда экономикалық мағынада салыстырмалы эквивалентті болып табылады, заңдық мағынада салыстырмалы қайтарылатын төлем болып табылады. Алым төлегені үшін субьект белгілі бір құқықтарды иеленеді немесе мемлекеттен қандай да бір рұқсаттарды алады.
в) Салыққа қарағанда, алымды төлеу салыстырмалы ерікті түрде болады. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға, егер қандай да бір қызметпен айналысқысы келсе алым төлеуге міндетті.
3. Баж.
Бюджетке
түсетін келесі міндетті төлемнің түрі
– баж болып табылады. Баж
дегеніміз заңды маңызды
а) Баж – бюджеттің, яғни жалпы мемлекеттің кірісі, ал алым – төлеушіге қызмет көрсеткен ұйымның кірісі. Сондықтан, классикалық теорияға сәйкес, баж – фискалды төлем, ал алым – чиновниктік төлем.
б) Баж – көрсетілген қызметтің бағасынан тәуелсіз алынады, ал алымның мөлшері – көрсетілген қызметтің бағасына сәйкес болады, яғни алым, мемлекеттік орган жіберген шығындардың орнын толтыруға тиісті.
4. Төлем.
Бюджетке төленетін келесі міндетті төлемнің түрі – төлем. ҚР бірнеше төлемдердің түрлері бар. Олар мемлекеттің меншігіндегі пайдалы қазбаларды пайдаланғаны үшін алынады.
Республикалық
бюджеттің кіріс көздерін атайтын
болсақ, салықтардың ішінде: корпоративті
табыс салығы, қосылған құнға салық,
акциздер, жоспардан тыс түскен табысқа
салық. Баждардан: біздің терриориямызға
алып кірілетін тауарларға, алып шығарылатын
тауарларға кедендік баждар, роялти, бонустар,
кедендік бақылау мен кедендік процедуралардан
түсетін түсімдер. Алымдардан: гербтік
алым, Қазақстан Республикасы территориясынан
автотранспорт құралдарының өткені
үшін алынатын алым, азаматтық әуе
кемелерін, теңіз, өзен кемелерін тіркегені
үшін алынатын алымдар, радиоэлектрондық
құралдарды тіркеу үшін алынатын алымдар,
дәрілік құралдарды, радиожелілік ресурстарды
тіркегені үшін алынатын алымдарды
айтамыз. Сондай-ақ, салықтық еместер
кірістер де бюджетті қалыптастырады.
Айталық, республикалық мемлекеттік
кәсіпорындардың пайдалары, Ұлттық
Банктің пайдасы, республикалық
меншіктегі кәсіпорындардың дивиденттері,
мемлекеттік лотореялардан
Ал,
жергілікті бюджеттердің кірістеріне
спирттің барлық түрлеріне, темекі өнімдеріне,
икра мен қызыл балыққа, қымбат металлдарға,
бензинге акциздер, әлеуметтік салықтар
және жеке табыс салығы, жеке тұлғалар
мен заңды тұлғалардың
2 Қазақстан Республикасының бюджет саясаты және оның қызметтері
2010 жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер көлемі 722 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд. теңге) деңгейінен 27,7% артық. 2009 жылдың тиісті кезеңімен (541,6 млрд. теңге) салыстырғандан есиелерді есепке алғандағы шығыстар 42% өсті және 2010 жылдың 1 қаңтарына 768,9 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің тапшылығы 46,9 млрд. теңге деңгейінде анықталып отыр [6,211б].
Есепті
кезеңде республикалық
Шығындардың
негізгі бөлігі - 35,2% әлеуметтік сала
мен жалпы мемлекеттік
2010 жылғы республикалық бюджеттің шығыс бөлімі мен 2008 жылғы республикалық бюджет жобасына салыстырмалы анализ.
Осы зерттеудің негізгі мақсаты, экономиканың осы сияқты салаларына мемлекеттік шығындар динамикасын жасау: [7,21б].
Өткізілген зерттеулер келесіні көрсетті:
2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігі 977 897 923 мыңнан 1 089 756 277 мыңға дейін көтеріліп, 11,44%-ке өсті.
2010 жылғы республикалық бюджеті толығымен пайдаланбады: 01.10.2010 кезеңіне ағымдағы жыл бюджеті 700 625 000 мыңға орындалып. ол 71,65% ғана құрайды.
2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде білім беру шығындары 20 757 348 мыңға өсті (57,11%). Соның ішінде білім беру шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5,24% құрып, 1,52%-ке өсті.
2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығын бөлігінде денсаулық сақтау шығындары 25 658 814 мыңға өсті (85,36%). Соның ішінде денсаулық сақтау шығындары жалпы республикалық бюджеттің 5,09% құрып, 2,04%-ке өсті.
Информация о работе Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жетілдіру жолдары