Шошқа тұмауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Әлемнің бір құрлығынан екіншісіне жайылып, күн санап қанатын жайып келе жатқан шошқа тұмауы Қазақстанда, құдайға шүкір, аса қауіп туғызатындай дәрежеге жетпесе де, «жаман айтпай, жақсы жоқ», «құдай да сақтанғанды сақтайды» деген даналықты басшылыққа алып,етек-жеңімізді жинап жатырмыз. Қауіптенуге қазірге дейін еліміз бойынша 17 адамның шошқа тұмауына шалдыққаны тіркелгені де себеп болып отыр. Еліміз бойынша H1N1 тұмауы пандемиясы шараларын қамтамасыз етуге арналған шараларды талқылаған кезекті кеңес Астанада болып өтті.

Работа содержит 1 файл

шошқа тұмауы.doc

— 216.50 Кб (Скачать)

H1N1 вирусының жалпы  клиникалық белгілері маусымдық  тұмауларға ұқсас. Адам тұмауға  шалдыққанда дене қызуы көтеріліп,  қалтырайды, тыныс алу жолдары қабынады. Оның алғашқы белгілері кәдімгі тұмауға, жоғарғы тыныс алу мүшелерінің суықтауына қатты ұқсайтындықтан, вирусты бірден анықтау қиын.

 

Шошқа етінен ауру жұға ма?

 

Шошқа етін жегеннен тұмау  жұқпайды. Вирус тыныс алу жолдары арқылы жұғады. «Доңыз тұмауы» етті 70 градуста пісіргенде өледі. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтарына қарағанда, «Доңыз тұмауының» халықаралық таралымы әлі белгісіз. Аурудың Америка Құрама Штаттарында өте жұқпалы деңгейде екені белгілі. Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа (Ұлыбритания, Швеция, Италия), Африка мен Қытай, Жапониядағы шошқаларда бұл қауіптің жоғары екені анықталды.

 Аталмыш вирусқа қарсы шошқаларға арналған вакцина бар. Алайда адам үшін әлі вакцина табылмады. Маусымдық тұмау вакциналарының «Доңыз тұмауына» қарсы қаншалықты әсер ететіні белгісіз. Себебі тұмау вирустары өте тез өзгереді. Дегенмен мамандар «Доңыз тұмауына» қарсы жақсы әсер ететін вакцина биыл күзде, атап айтқанда қыркүйек-қазанға дейін табылып қалар деп болжайды. Ал Қытай оның емін таптық деп жариялап та үлгерді. Дәрі қазір сынақтан өткізіліп жатыр.

Ресми деректерге қарағанда  әлемде «Доңыз тұмауынан» бір мыңнан аса адам қайтыс болған. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы сырқат жұқтырған 177 мың оқиғаны бақылауына алып отыр.

Вирусологтар A/H1N1 вирусы әсіресе қарт адамдар мен жас  балаларға, иммундық жүйесі әлсіздер мен  денесін май басқан толық адамдарға, екіқабат әйелдерге тез жұғады дейді. Ал жасы 65-тен асқандарда қорғаныштық  реакция өте мықты.

Қауіптің әлі сейілмегенін ескерте отырып, егер де тұмаурата қалсаңыз, уақыт созбай дәрігерге көріну керектігін ескертеміз. Ал жаныңыздағыларда тұмау белгісі байқалса, онда медициналық дәке тағып жүрген жөн. Қазіргідей қауіпті жағдайда оның түк те ұяты жоқ.

 

H1N1 тұмауы бойынша жадынама

 

Астанада А(H1N1) тұмауының  пандемиялық вирусының алдын  алу және оның таралуын болдырмау  шаралары күшейтілуде.

H1N1тұмауы ауа арқылы  және адамнан адамға жұғатын  өткір тыныс жолдары ауруы.Негізгі  клиникалық белгілері, әдетте  маусымдық тұмау сияқты өтеді - мұрын бітуі, тамақ ауруы, жөтел, бас ауруы, қызу көтерілуі.

Тұмауды емдеу кәдімгі  маусымдық тұмау сияқты жүргізіледі.

 

H1N1 тұмауының  алдын алу мақсатында Денсаулық  сақтау министрлігі Мемсан-эпидқадағалау  Комитетінің Астана қаласы бойынша  департменті және Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы төмендегіше кеңес береді:

 

1.Мүмкіндігінше пандемииялық тұмау оқиғалары тіркелген алыс және таяу шетелдерге баруды шектеу.

 

2.Тыныс жолдары ауруларының клиникалық белгілеріне (қызу көтерілуі, тамағы ауруы, жөтел, мұрын бітуі) назар аудару.

 

3.Ауру белгілері пайда болса, дәрігерлермен кеңесу.

 

4.Бұл жағдайда басқа адамдармен байланыстан аулақ болу.

 

5.Қолды сабынмен немесе спиртпен сүрту.

 

6.Бөлмелерді, әсіресе жалпы пайдаланудағы орындарды желдету.

 

7.Егер Сіз немесе отбасыңыз мүшелерінің бірі сырқаттанса, мектепке дейінге балалар мекемелеріне, мектепке немесе жұмысқа бармау.

 

8.Ауру белгілері пайда болса, біржолғы бетпердені пайдалану.

 

9.Ауру белгілері пайда болса, туыстармен және достармен байланыстарды шектеу.

 

10.Шетелден келгеннен кейін жеті күн бойы шұғыл медициналық көмекке жүгіну үшін көңіл күйіңнің төмендей бастағанын байқататын белгілер мен денсаулық жағдайын бақылау.

 

 

 

Шошқа тұмауының зиянды әсері

Жергілікті ақпарат  құралдары қараша айының басында Петропавл қаласында 16 жастағы оқушы қыздың аяқ астынан қайтыс болғандығы жөнінде хабар таратылған еді. Дәрігерлер оған өкпе қабынуының салдары деген диагноз қойған болатын. Сол секілді қазан айының аяғында Астана қаласының 12 жасар тұрғыны Юлия Акимушкина да ойнап жүрген жерінде өліп кеткен. Ол жолы да дәрігерлер өкпесі  қабынған деген анықтама берген.

Бірақ қайтыс болғандардың ата-аналары балаларының осыған дейін пневмониямен ауырып көрмегенін айтып, ақпарат таратқан еді. Өткен  аптада Астанада тағы бір ер адамның өкпе қабынуынан қайтыс болғаны белгілі болды.

Ал Азаттық радиосына  берген сұхбатында денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев қайтыс болған адамдардың ағзаларынан вирус табылмағанын айтты.

Олар өкпе қабынуы  салдарынан қайтыс болған. Вирус анықталған жоқ. Яғни бұл кеселдер инфекция арқылы жұққан. Оның доңыз тұмауына ешқандай қатысы жоқ. Оның бәрін жіті зерттедік. Пневмонияның кешігіп байқалуы деген диагноз болады. Бұл – аурудың өте қатал түрі. Яғни онымен ауырған адам өзі де сезбеуі мүмкін. Ал тұмау деген күдікпен түскендердің бәрін тексеруден өткізіп жатырмыз. Әзірге ешбірінен вирус анықтаған жоқпыз, - дейді денсаулық сақтау министрі  Ж. Досқалиев.

Британиялық The Daily Mail  газеттің жазуына қарағанда, таяуда жапондық ғалымдар H1N1 вирусын жануарларға тәжірибеден өткізіп, доңыз тұмауының бірден өкпені зақымдайтынын анықтаған. Сонымен бірге індеттің ауа арқылы тарайтынын да нақтылаған.

Ғалымдардың айтуынша, доңыз  тұмауы әсері жағынан бірінші  дүниежүзілік соғыстан кейін 20 миллионға  жуық адамның өмірін қиған «испанка» деген індетке ұқсайды екен. Ал украиналық ғалымдар доңыз тұмауынан қайтыс болған екі адамның ағзасын зерттеген кезде, өкпелерінің қап-қара көмір секілді күйіп кеткенін анықтапты. Соңғы мәлімет бойынша, Украинада үш жүзге тарта адам доңыз вирусынан қайтыс болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тосқауыл  қойылып жатса да,

тұмау қаупі жойылған жоқ

 

Осы сейсенбіде Атырау облысында 53 жастағы американдық азаматтан H1N1 вирусы анықталғандығы жөнінде Қазақстан  денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған болатын. Қыс маусымы күшіне енгелі Қостанай өңірінде де суық тиіп ауырғандар көбейді, дегенмен доңыз тұмауының белгілері әзірге байқалмаған.

Қостанайда көгілдір экран хабарларында және жергілікті баспасөз құралдарында іссапарларды азайту, көпшілік жиналған жерлерге жоламау туралы кеңестер беріліп, тұмау вирусынан сақтану шаралары туралы жиі айтыла бастады.

Кейбір бағыттарда автобустар мен пойыздар қозғалысына да тыйым  салынды. Алайда, Қостанаймен көршілес Челябинск облысынан келіп жатқан қауесет елді абыржытып тұр. Мәселен, Челябинск мемлекеттік университеті тұмауға байланысты өткен аптада карантин жариялаған, олар оның мерзімін осы айдың соңына дейін ұзартқан көрінеді. Қостанай облысында Ресейдің қалаларында білім алып жатқан жастар аз емес. Олардың барлығы дерлік карантин уақытында елге келгені белгілі.

Қараша айының ортасында  Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігі фармацевтикалық  бақылау басқармасының Қостанай облысы бойынша бөлімінің бастығы  Елена Лесикова арнаулы баспасөз мәслихатын өткізіп, тұмау дертінің алдын алу және емделу шараларына тоқталды.

Дәрігерлердің кейбірі  тұмаудан сақтанудың ең тиімді жолы қолды  жиі жуу дегенді айтады. Олардың  түсіндіруінше, қолды сабындап жуу  тұмау дертімен ауру қаупін 35-60%, ал бетке бетперде ұстау 25-40% азайтатын көрінеді. Қостанай қаласындағы 34 мектептің үшеуі, 22 бала бақшаның 16-ы жаппай бетперде киюге көшті.

Бізбен әңгімесінде  дәрігер-терапевт Мәдина Жандарбекова бетперделер кәдуілгі және арнаулы  болып екіге бөлінеді деді. Арнаулы  бетперделер құрт ауруы(туберкулез), астма секілді қатерлі дерттерден сақтану үшін пайдаланылса, олардың құрамында дертке қарсы дәрілік қоспалар болады екен.

Ал қазіргі уақытта  дәріханаларда сатылып жатқан бетперделер  бір-ақ рет пайдалануға жарайды.Олар қарапайым целлюлозадан жасалған. Бірақ, одан да сенімділеу масканы кәдімгі дәкені бірнеше қабат орап, қолдан жасап, тігіп алуға да болады. Мәдинаның айтуына қарағанда, жуық арада дәріханаларға шошқа тұмауына қарсы шығарылған бетперделер түседі. Олар бұрынғы бетперделерге қарағанда қалыңырақ.

Оқу орындарындағы жағдайды білмек болып облыстық білім департаментіне хабарласқанымызда, оларда облыс бойынша  тұмау дертіне байланысты толық  мәліметттер жоқ болып шықты. Өйткені, облыстық білім департаменті қызметкерлерінің тең жартысынан көбі ауырып жатыр екен. Дәріханаларда А / H1N1 тұмауын емдеу және оның алдын алуға арналған препараттардың сегіз түрі бар.Олардың бағасы да аса қымбат емес. Дегенмен, емханаларда ұзын сонар кезек жоқ. Ауырып-сырқағандардың басым көпшілігі өз бетімен емделіп жатқанға ұқсайды.

 

 

 

«Мына Қостанайда екенің бірінің бетінде бетперде. Біз ауылдан келдік. Онда да пысқырып-түшкіріп, ауырып жүргендер аз емес. Бірақ, ауылда тұмау туралы ешқандай әңгіме жоқ, ауырғандар тұрып жүріп-ақ, шаруаларын істеп жатыр. Қатты ауырған кісі болса, амал жоқ, осында келіп емделеді ғой» - дейді ауыл тұрғыны, зейнеткер Абдулла Қарымсақов.

Мемлекеттік санитарлық-эмидемиологиялық бақылау комитеті облыстық департаментінің  директоры Ғалым Естекбаевтың сөзіне қарағанда, облыста соңғы апталарда суық тиіп ауырғандар санының деңгейі он үш пайызға дейін көтерілген, осыған орай дерттің алдын алу және оның тарауына тосқауыл қою штабы құрылған, барлық әуежайлар мен вокзалдарда, сапаржайларда және кеден бекеттерінде санитарлық бақылау жұмыс жасайды.

Дәрі-дәрмектер сатып  алуға бюджеттен 23 миллион теңге  қаржы бөлінген. Күн сайын мониторинг жүргізіледі. Ғалым мырза бұған  дейін БАҚ бетінде жария болған Челябинск облысында алты адам доңыз  тұмауына шалдықты деген хабар зертханалық  тексеру кезінде анықталмағанын айтып отыр.

Қазақстанда осы жылдың тамыз айына дейін Н1N1 вирусын жұқтырған 17 адам тіркелген болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ  ҒАЛЫМДАР Н1N1 ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАНЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУДЕ

Ал бұл кезде қазақстандық ғалымдар доңыз тұмауына қарсы вакцина ойлап тапқандарын жариялады. Оны тапқан – Жамбыл облысында орналасқан Биологиялық қауіпсіздік проблемасы ғылыми зерттеу институты. Институт директоры Сейдіғаппар Мамадалиев бүгінде вакцинаның үш орталықта – Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы дәрі-дәрмектерді сараптамадан өткізу орталығында, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы тұмауды зерттеу ғылыми институтында және өздерінде тексеріліп, сынақтан өткізіліп жатқанын айтады.

Вакциналарды зерттеу  жұмысы желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Сосын қаңтар айынан бастап, клиникалық тексеруге жібереміз. Осыдан кейін Қазақстанның өз вакцинасы болады...

Вакциналарды зерттеу  жұмысы желтоқсан айында аяқталуы тиіс. Сосын қаңтар айынан бастап, клиникалық тексеруге жібереміз. Осыдан кейін  Қазақстанның өз вакцинасы болады, - дейді Сейдіғаппар Мамадалиев.

Алайда, денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев қазақстандық ғалымдардың H1N1 вирусына қарсы вакцина ойлап тапқанынан хабарсыз болып шықты.

«Ондайды мен естімедім. Жалған ақпарат болуы мүмкін», - дейді министр Азаттық радиосына.

Бірақ Биологиялық қауіпсіздік  проблемасы ғылыми зерттеу институтының директоры Сейдіғаппар Мамадалиев вакцинаны шығаруға тікелей Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің рұқсатын алғандықтарын айтып отыр.

Біздің орталықтың елу  жылдық тарихы бар. Совет Одағы кезінде вирустарды зерттейтін ең мықты зертхана болған. Совет одағы құлағаннан кейін, Қазақстанда вакцинаны ешкім шығармады. Барлығын шетелден сатып алып отырды. «Керегін сатып ала саламыз» деп отыра береді. «Өзіміз үйренейік» деген болмады. Сосын біз бірнеше ғалымдар бастама көтеріп премьер-министрге шыққан едік, - дейді институт директоры.

Зерттеу институты құс тұмауы індеті етек алған кезде де алғашқылардың бірі болып, H5N1 вирусына қарсы вакцина ойлап тауыпты. Бүгінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне құстарды егуге арнап, жыл сайын 7-8 миллион дана вакцина шығарып отырады екен.

Жалпы вирустарды зерттейтін ғалымдардың айтуынша, жылдан-жылға  адам ағзасының иммундық жүйесін  жоятын қауіпті індеттер күш ала  бастаған. Оған түрлі құрлық адамдарының жақын қарым-қатынасы әсер етеді екен. Осындай факторларды  атап көрсеткен ғалым Сейдіғаппар Мамадалиев доңыз тұмауы солардың тек басы ғана екенін жоққа шығармайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2009 жылдың шілде айында шетелге барып келген жасөспірімдер арасында H1N1 тұмауын жұқтырған 17 жағдайдан басқа Қазақстанда бұл қауіпті індетті жұқтырғандар тіркелмеген. Тек Қазақстан арқылы өтетін жолаушы пойыздарынан 14 адамның тұмауды жұқтырғаны анықталған. Олар Ресейден келе жатқан қырғыз азаматтары болып шыққан.

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

Жас Алаш №78 (15432) 29 қыркүйек, сейсенбі 2009

http://www.azattyq.org/content/Kazakhstan_kostanai_flu_swine_preventatio _medicine_mask/1887079.html

http://www.akimvko.gov.kz/news.htm?id=4563

Информация о работе Шошқа тұмауы