Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 21:10, курсовая работа
Әлемнің бір құрлығынан екіншісіне жайылып, күн санап қанатын жайып келе жатқан шошқа тұмауы Қазақстанда, құдайға шүкір, аса қауіп туғызатындай дәрежеге жетпесе де, «жаман айтпай, жақсы жоқ», «құдай да сақтанғанды сақтайды» деген даналықты басшылыққа алып,етек-жеңімізді жинап жатырмыз. Қауіптенуге қазірге дейін еліміз бойынша 17 адамның шошқа тұмауына шалдыққаны тіркелгені де себеп болып отыр. Еліміз бойынша H1N1 тұмауы пандемиясы шараларын қамтамасыз етуге арналған шараларды талқылаған кезекті кеңес Астанада болып өтті.
Кіріспе
Әлемнің бір құрлығынан
екіншісіне жайылып, күн санап қанатын
жайып келе жатқан шошқа тұмауы Қазақстанда,
құдайға шүкір, аса қауіп туғызатындай
дәрежеге жетпесе де, «жаман айтпай,
жақсы жоқ», «құдай да сақтанғанды
сақтайды» деген даналықты
Жер жүзіндегі шошқа тұмауының беталысын жіті бақылап отырған Джон Моран мырза жиналғандарды оның ерекшеліктерімен таныстырып, жаңа пайда болған жаудың оңай шағылмайтын жаңғақ екеніне алаңдаулы. Атап айтқанда, жер жүзін тегіс алаңдатқан вирус күзгі-қысқы маусымда ғана емес, жаз мезгілінде де қылаң беріп қалып отыр. «Жаздыгүні, әсіресе, жер шарының солтүстік бөлігінде шошқа тұмауы кездесуде. Біздің болжауымызша, Кавказ бен Орта Азияға шошқа тұмауы тез арада келе қоймауы керек» деп тұжырымдады Джон Моран. Екіншіден, аңдасқан адамын алып түсуден тайынбайтын инфекция жастар, соның ішінде балалар арасында жиі пайда болып отыр. Сосын Калифорнияда пайда болуына байланысты сол жердің атағын «иеленген» тұмауда әдеттегідей белгілерден бөлек, адамның іші өтіп, жүрегі айнуы да мүмкін. Керісінше, кей жағдайда науқастың дене қызуы көтерілмейді екен. Бұл жағдайды дәрігерлер ғана емес, жалпы көпшілік жадында ұстауы керек. Себебі, вирусқа шалдыққан кісіге дұрыс диагноз қоймай, уақыт өткізіп алғанда шошқа тұмауы тағы бірнеше адамды шарпып кетуі ғажап емес.
Астана, Қарағанды қалаларынан инфекциялық аурулар жөнінде берген мәліметтерде пневмонияға шалдыққандар тізімі де көрсетіліп жатты. Белгілі болғандай, тұмаудың асқынып, арты пневмонияға ұласуы қауіпті саналады. H1N1 инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан мұндай науқастарды да дәрігерлер арнайы тізімге алуда.
Күтпеген жерден Украина халқын аяғынан тік тұрғызып, Ресейдің бірнеше мектептерін уақытша жауып тастауға мәжбүрлеген шошқа тұмауына қарсы вакцина сатып алуға 800 млн.теңгеден артық қаражат бөлінген, осы айдың басындағы мәлімет бойынша республика да 375,500 адам егіліпті. Ереже бойынша, ең алдымен, жұмыс барысында науқаспен қарым-қатынаста болатын медициналық қызметкер егілуі керек екен. Одан кейінгі кезекте аяғы ауыр әйелдер мен балалар, әрі қарай қарттар, ересектер егіледі. Қазір болашақ аналардың да тұмауға қарсы егілуі міндеттелген. Оның ішінде, вирусқа қарсы препараттар деп тарифлю, реленза және занамивир аталса, олардың ішінен жүкті әйелдің денсаулығына неғұрлым қауіпсіз деп саналғаны белгіленіп беріледі.
Өкінішке орай, әлі
толық зерттеліп үлгермеген шошқа
тұмауының айналасында ақ халатты
абзал жандардың өздерінің
Кеңесте барлық облыстарда, аудан-қалаларда H1N1 вирусын жұқтырғандарды қарау үшін арнайы кабинеттер және емдеу үшін жеке палаталар жасақталып жатқаны айтылды. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Түрікменбай Нұржігітов мұндай шаралардың біздегі облыс орталығы мен аудандарда да қолға алынып жатқанын жеткізді. Республикалық семинарда, сонымен қатар, соңғы күндері үкіметтік мінберде көтерілген авиамедицина мәселесі де сөз болды. Артық-кемі жоқ 72 сағат ішінде емдеуді, жедел жәрдеммен 15 минут ішінде жеткізуді қажет ететін шошқа тұмауында шалғай елді мекендердегі науқастарды шағын ұшақпен немесе тікұшақпен тасымалдау мәселесі үлкен роль атқарады.
Телефон қызметін, яғни байланыс құралы арқылы тұмау пандемиясы жайлы мәліметтер, сол маңға жақын емдеу орындары мен дәріханалар, дәрі-дәрмектер туралы ақпарат беру жандандырылмақ. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы 7 күн ішінде дайындалады.
Қазақстаннан тіркелген төтенше жағдайдың бәрінде науқастың құлан-таза айыққаны көрсетілген. Соған қарамастан, дәл осы шошқа тұмауынан жазуы тиіс тәжірибелік медикаменттер зертханалық жағдайына байланысты Ресейдің Петербор қаласында дайындалуда. Қытай, Америка өздерінде шығарған дәрі-дәрмекпен өздерін ғана қамтамасыз етеді. Басым бөлігі таза медициналық тұрғыда өткен семинар барысындағы баяндамалардан бұған дейінгі шошқа ауруына қарсы әзірленген препараттардың барлығы әзірге сынап көру мақсатында пайдаланылып жатқаны мәлім болды.
Бір жақсысы, H1N1 вирусын анықтайтын зертханалар еліміздің барлық облыс орталықтарында бар. Олардың халықаралық дәрежеге ие болған ең ірісі – Алматыдағы республикалық СЭС-тің Ұлттық референс-зертханасы. «Облыстардың бәрі бұл орайда қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жасақталды. Кадрларды Египетте, АҚШ-та оқытып алдық» деген Кеңес Сәрсенғалиұлы шет елдерге, әсіресе, шошқа тұмауы өршіп тұрған елдерге шығатын қазақстандықтарды алдымен баратын жағындағы ахуалмен мұқият танысып алуды, сосын жоғарыда аталған дәрі-дәрмектерді өздерімен ала шығуға кеңес берді. Бас санитарлық дәрігер, сондай-ақ, тұрғындардың тек шошқа тұмауына емес, жалпы тұмауға маңыз беріп, жазылып кету үшін бар күштерін салуын сұрайды. Инфекцияға бой алдырған дене басқа дерттерді де қарсылықсыз, оңай қабылдайды. Медицинаға сүйенсек, соңғы онжылдықтың көлемінде 30-ға тарта вирус пайда болған екен.
Бұдан бірнеше жыл бұрын құс тұмауы жер-көкті шулатып, діңкелетсе, оның алдында ТОРС (тяжелый острый респираторный синдром) деген пайда болған. Қазіргі күні олардың түк болмағандай ұшты-күйлі жоғалғанына қарап, шошқа тұмауынан қорыққан күндеріміз де артта қалар дейміз. Алайда, осы мәселеден жан-жақты хабарлар маман-инфекционистер жиында А/H1N1 вирусының қашан күні бітетіні жөнінде қандай да бір болжам айтудан бас тартты.
Шошқа тұмауының шығу тарихы
Доңыз тұмауы өте жұқпалы жіті респираторлық инфекциялық жұқпалы ауру, оны аса қауіпті А типті (Н1N1) тұмау вирусы қоздырып, таратады.
2009 жылдың наурыз айының орта шенінде Мексика халқының арасында етек алған адамнан адамға жұғатын жедел респираторлық аурулар А типті (Н1N1) «доңыз тұмауы» вирустарымен берілетін жұқпаның басқа елге тарауының бастамасы болды. 2009 жылдың 29 сәуірінде зертханалық жолмен расталған «доңыз тұмауының» 148 жайын жаhанның 9 елі(АҚШ,Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Испания, Германия ж.т.б.) жария етсе, сонымен қатар Мексика мен АҚШ-та осы науқастан өлім жағдайлары тіркелген.
АҚШ-тың Атлантадағы Аурулардың алдын алу және қадағалау орталығының бұдан әрі (СДС/Атланта; АҚШ) зертханасында Техас пен Калифорния штаттарындағы аурулардан алынған зерттемелік материалдардан генетикалық өзгеріске ұшыраған А типті (Н1N1) доңыз вирусы бөлініп, адамнан адамға берілетіні анықтала отырып, А/Саlifornia/04/2009 (Н1N1) деп белгіленді және бұрын белгісіз вирус ретінде топтастыру ұсынылды. 52-ге жуық мемлекеттер 15000–ға таяу доңыз тұмауы тіркелгенін, оның 98 жағдайда өлім жағдайына әкелгенін мәлімдеді. Эпидемияның халықаралық етек алуын ескере отырып, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры төтенше жағдай ретінде елдегі тұмау пандемиясының қауіптілік сатысының 5-ші деңгейін және халықаралық үйлестіруді жариялады.
«Доңыз тұмауының» жалпы клиникалық белгілері кезеңдік адам тұмауына ұқсас болады, бірақ ешбір клиникалық белгісіз басталып пневмонияның ауыр түрінен қайтыс болуға әкелетін түрлері жайлы деректер алынды. Мексикада аурудың белгілері жедел респираторлық жұқпаларға ұқсас болу себепті диагноз қою кешеуілдеп, жұқпаның кең тарауына әкеп соқтырды. Көптеген аурулардың өкпе қабынуы үдей түсіп, тыныс алуы қиындағандықтан, өкпені аппаратпен тыныстандыру қажет болды; Көпшілігінде жедел респираторлық аурудың синдромдары өршіді. Аурудың вирус таратушылық мерзімі белгісіз, сондықтан ауру жұқтырған тұлға аурудың басталған күнінен санағанда 7 күн бойы айналасына қауіпті деп ұйғарылды, вирус таратушылық ұзаққа созылып, қоршаған ортада жұқпаның тарау көзіне айналу мүмкіндігі бар.
Жедел респираторлық ауруда: мұрыннан су ағу, мұрын бітуі; тамақ ауыруы; жөтел мен дене қызуы көтерілуі; ал жедел респираторлық вирус жұқпасында әрқашан дене қызуы 37,8 ºС жоғары, жөтел мен тамақ ауруы; оған қоса жүрек айну, құсу, іш өту симптомдары «доңыз тұмауын» сипаттайды.
Егер адамда жедел қызбалы респираторлық аурудың белгілері, зертханалық расталған жұқпа қоздырғышы болса, мұны анықталған доңыз тұмауы жұқпасы ретінде есептейміз, яғни доңыз тұмауының вирусы бір немесе бірнеше зерттемеде:
1. байырғы уақыттағы ОТ-ПЦР;
2. ауру адамның жоғарғы
тыныс жолдарынан алынған
Қазіргі уақытта доңыз
тұмауына қарсы қолданатын вакцина
жоқ. Вирусқа қарсы емдеу
Алдын алу шарасы үшін ауру адамды арнаулы бокс бөлмесіне оқшаулау керек, ондай жай жоқ болса, ауа қысымы төмен жайға, үйде – бөлме конденционерін тек «сыртқа тарту» ал даладан ауаны жай кіргізу тәртібіне бейімдеп, орналастыру керек. Аурулармен тығыз араласатын тұлғаларға нұсқаулық өткізіледі, бірреттік аэрозольді ауа тұтқыш, N 95 ауа тұтқышын, арнайы сүлгілі бетперделер қолдану қажет. Қолды жиі жуып, спирт пен залалсыздандыру ерітінділерін қолдану қажет. Жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілмеген тұлғалар аурумен сирек ұштасуға тырысып, қатерсіз байланыс түрлерін - телефонды қолданғаны абзал.
Сұхбаттасу
Шындығына келсек,доңыз
тұмауының белгілері жай
– Доңыз тұмауының белгiлерi қандай болып келедi?
– Доңыз тұмауының ошағы – Латын Америкасында, яғни Мексикада деп айтылып жүр. Және бұл жұқпалы A(H1N1) вирусты тұмауы Австралияда, Канадада, Оңтүстiк Кореяда, Израильде, Испанияда, Францияда, Ресейде, тағы да басқа елдерде қаншама адамның өмiрiн қиып кеттi. Ал Куба, АҚШ, Мексикаға шығатын әуе жолдарын жауып тастады. Бiздiң Сыртқы Iстер министрлiгi де доңыз тұмауы шыққан елдерге баруды тоқтата тұруды жөн көрiп отыр. Себебi, A(H1N1) пандемиялық тұмауы Қазақстанға шетелден келген деп есептелiнуде.
Жалпы, доңыз тұмауының клиникалық белгiлерi маусымдық тұмауларға немесе ОРЗ-ға ұқсас болып келедi. Денесi тоңады, қалтырайды, қызуы көтерiледi, басы ауырады, тамағы жұтқызбайды, бұлшық еттерi ауырады, мұрнынан су ағады, жөтеледi. Тiптi, кей жағдайларда жүрегi айнып, асқазаны ауырып, құсуы да мүмкiн. Бұл тұмау – адамнан адамға ауа арқылы жұғатын респираторлы вирусты тұмау. Сондықтан қай жерiңiз ауырса да дәрiгерге көрiнгенiңiз дұрыс.
– Ұлыбританияның журналистерi “әлемнiң әрбiр үшiншi адамы доңыз тұмауымен ауруы мүмкiн” деген болжам жасады. Олар мұндай қорытындыға бұл вирусты елеп-екшеп, саралап барып келiп отыр. Әрине, олардың болжамдары келмей-ақ қойсын. Бiрақ, бұл тұмаудың алдын алудың басты шаралары бар ма?
– Қызуы жоғары, жиi жөтелетiн науқастардан бойды аулақ салған дұрыс. Қолды жиi жуып, дұрыс ұйықтап, витаминдердi көп жеу керек. Адам көп болатын жерге (қара базар, дүкендер, спорттық кешендер, конференциялар, тағысын тағылар) мiндеттi түрде маска киiп барыңыз. Және доңыз тұмауы асқынған елдерге бармауға тырысу керек. Дәрiгердiң рұқсатынсыз дәрiлердi сатып алмаған жөн.
– Кейбiр ғалымдар “доңыз тұмауы 7 миллион адамның өмiрiн қиюы мүмкiн. Тiптi, ХХ ғасырдағы “испанка” тұмауы мұның қасында ойыншық секiлдi болып қалады”, – десе, ендi бiрi: “Бұл да құс тұмауы секiлдi тез басылады”, – деп сәуегейлiк танытуда. Бұл жөнiнде не айта аласыз?
– Мен – дәрiгермiн. Дәйек пен дәлелге ғана сенемiн. Сәуегейлiкке сенбеймiн.
Соңғы кездерi Қазақстанда доңыз тұмауын жұқтырушылардың саны тiркелмедi. Әрине, бұл бiз, үшiн қуанарлық жайт. Әйтеуiр, Англиядан – 13, Испания, Германия, АҚШ пен Ұлыбританиядан орал¬ғандардан бiр-бiр оқиғадан анықталғаны белгiлi. Ол науқастардың барлығы емделдi, сауықты. Мамандардың мәлiмдеуiнше, аурулардың асқынғаны, өлгенi туралы оқиғалар жоқ.
Қазiр A(H1N1) тұмау пандемиясынан
республика халқын қорғау жөнiндегi жағдай
Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
тұрақты бақылауында. A(H1N1) пандемиялық
тұмауын алдын алу