Шошқа тұмауы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2012 в 21:10, курсовая работа

Описание работы

Әлемнің бір құрлығынан екіншісіне жайылып, күн санап қанатын жайып келе жатқан шошқа тұмауы Қазақстанда, құдайға шүкір, аса қауіп туғызатындай дәрежеге жетпесе де, «жаман айтпай, жақсы жоқ», «құдай да сақтанғанды сақтайды» деген даналықты басшылыққа алып,етек-жеңімізді жинап жатырмыз. Қауіптенуге қазірге дейін еліміз бойынша 17 адамның шошқа тұмауына шалдыққаны тіркелгені де себеп болып отыр. Еліміз бойынша H1N1 тұмауы пандемиясы шараларын қамтамасыз етуге арналған шараларды талқылаған кезекті кеңес Астанада болып өтті.

Работа содержит 1 файл

шошқа тұмауы.doc

— 216.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шошқа тұмауының Қазақстанда таралуы

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Анатолий Белоног әзірге бұл індеттің Қазақстанға қауіпі жоқ десе, Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ержан  Ашықпаев аурудың ошағы болып  табылатын Латын Америкасына  сапарға шығар алдында ойланыңыздар деген ескерту жасады.

Бас санитарлық эпидемиологиялық дәрігер Анатолий Белоног,

Астана, 27 сәуір, 2009 жыл

Мексика және АҚШ елдерінде жедел таралып бара жатқан жұқпалы індетке қарсы Қазақстанның мемлекеттік шекараларында іс-шараларды күшейту үшін бас санитарлық дәрігер Анатолий Белоног арнайы қаулы қабылданғанын айтты. Қаулыға сәйкес халықаралық әуежайларда, теміржол және автомобиль жолдарында шетелдерден келетін азаматтарды санитарлық-карантиндік бақылау жұмыстары күшейтіліпті.

Қазіргі кезде Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақтау және Қарағанды  қалаларының әуежайында сырқаттарды  қашықтықтан анықтауға болатын  тепловизор жұмыс істеп тұр. Осындай жабықтарды басқа да өңірлерге сатып алу мәселесін шешуді көздеп отырмыз. Сонымен бірге аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханалары тәулік бойы жұмыс істеуде, -дейді Анатолий Белоног.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, Мексика, АҚШ елдерінен  осыған дейін Қазақстанға шошқа еті тасымалданып келіпті. Індет шыққанан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі сырттан шошқа етін әкелуге уақытша тыйым салып отыр екен. Ал әзірге бұл жұқпалы індетке қарсы вакцина ойлап табылмапты. Бірақ Қазақстанның қорында сақтаулы «Тамифлю» вакцинасының барлық індетке қарсы тұра алатын күші бар көрінеді.

 Қазір мұрағатта «Тамифлюдің» отыз мың данасы сақтаулы. Әрбір облыстарда жүз данадан бар. Сондықтан да әзірге доңыз тұмауының елде таралуына қауіп жоқ деп айта алам, - дейді Анатолий Белоног.

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәліметінше, Мексика және АҚШ аумағында аталмыш  аурудың мың жарымнан аса жағдайы  тіркеліпті. Олардың 7 пайызы көз жұмған. Індет адамдардың және шошқалардың  сырқаттануының мутантынан пайда болған H1N1 түрі ретінде сипатталады. Аурудың алғашқы белгілері әдеттегі маусымдық тұмаудан еш айырмашылығы жоқ екен. Алдымен бас ауырып, дене қызуы көтеріліп, асқа тәбеті болмай, құсады екен.

Ал өз кезегінде Қазақстанның сыртқы істер министрлігі де демалу маусымының жақындап қалғанын, осы тұста қазақстандықтарға аурудың ошағы тұтанып тұрған Мексика еліне баруда сақ болуларын сұрады.

Қазақстандықтардың Мексикаға  сапары Мәскеудегі Мексика елшілігі арқылы жүргізіледі. Алдын ала біз сұраған мәліметтерге сәйкес, ол елге аттанған адамдардың саны көп емес. Бірақ алдағы уақытта Мексикаға барам деген азаматтарға сапар шекпес алдында қатты ойлануларын сұраймыз, -деді сырткы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықпаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шошқа тұмауының Астана каласында таралуы

 


Астанада шошқа тұмауының  табылуы көпшілікті дүрліктіргені  рас. Бұл дерт қазақстандықтарға  қаншалықты қауіпті? Індет қалай  тарап, одан қалай сақтанамыз? «Айқын»  газетінің сауалдарына Республикалық  СЭС-тің бас дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, академик Кеңес Оспанов жауап береді.

 

- Шошқа тұмауын біреулер әлемді  шарпыған қатерлі дерт санаса, басқалар оның шынайы қаупінен  гөрі оны ушықтыру, көпірту, құр  әңгіме басым дейді. Сіз не ойлайсыз?

 

- Біріншіден, шошқа тұмауы - бұрын кездеспеген, жаңадан пайда болған вирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, бұрын ауру тарауы үшін 6 ай керек болса, наурыз айында ғана пайда болған індет 1 жарым айдың ішінде бүкіл дүниежүзін шарлап шықты. Қазірдің өзінде 143 мың адам осы дертті жұқтырса, оның 800 мыңы қайтыс болды. Осының өзі аурудың қауіпті екендігін көрсетпей ме? Оған қоса бұл ауруға қатысты жағдай күз бен қыста өте қиындай түспек.

 

- Неге?

 

- Себебі ауру бір организмнен екіншісіне өткен сайын әлденіп, вирус күшейіп алады. Күз бен қыста вирустың таралуына мүмкіндік зор.

 

- Шошқа тұмауы біздің елімізде  қаншалықты кең таралуы мүмкін?

 

- Әзірге аурудың таралу  қаупі жоғары емес. Себебі науқастардың бәрі елге келісімен жылдам анықталып, тіркелді. Олар Үкімет бірнеше жыл бұрын алып қойған швейцарлық Тamіflu деген дәріні қабылдап жатыр. Егер ауру жұқтырғандар дәрігерлердің айтқандарын мүлтіксіз орындап, үйлерінде отырып, 7 күнге дейін бәрі жақсы болып кетсе, ауру онша тарай қоймайды. Дегенмен қазіргі заманда жұрт ұшақпен ұшады. Англияда жүрген оқушылар бір тәулік ішінде вирусты Астанаға алып келді ғой. Ауру осылай жылдам тарап жатыр.

 

- Жаңа дерттің бетін алуға қаншалықты  дайынсыздар? Мамандар бар ма? Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?

 

- Бұл аурудың келетінін білгенбіз. Шошқа тұмауы туралы сыбыс алғаш шыққан кезден бастап-ақ мамандарымызды оқыттық. Оларға Ресейден, АҚШ-тан келген мамандар дәріс берді. Сондықтан да біз ауру елге жеткеннен кейін 6-7 сағаттың ішінде оны дереу анықтадық.

 

- Қалай болғанда да, енді дерт Қазақстанда тіркелді. Ендігі қарекеттеріңіз қандай болмақ?

 

- Жан-жаққа тағы хабар тараттық. Себебі шекара - ашық. Індет Ресей жақтан да, Бішкек жақтан да елге еніп кетуі мүмкін. Жолдарда, теміржолдарда, ұшақтарда санитарлық бекеттер бекітілді. Енді сондағы адамдар мұқият болуы тиіс. Бірақ бұл кеселдің белгілері 7 күнге дейін байқалмауы мүмкін. Сол кезде науқас ұшып келсе, оны қызметкерлер аңғармай қалу қаупі бар.

Қазір туристік фирмалармен, ұшақтағы стюардессалармен жұмыс жүргізілуде. Мысалы, стюрадесса ұшақта науқасты байқаса, бірден бізге хабарлап қоюы тиіс. Үкімет тапсырмасы бойынша арнайы жоспар әзірленіп, егер ауру асқынып кетсе, қандай шара жасайтындығымыз, оған қанша қаржы бөліп, дәрі-дәрмек қорын қалай даярлайтындығымыз талқылануда. Қазірдің өзінде бізде вирусты емдейтін 30 мың доза дәрі бар.

 

- Ал вакцина ше? Тұмаудан қорғану  үшін алдын алу шаралары жоқ  па?

 

- Елдің көбі: «Дәрі  ішіп, жазыла саламыз» деп салғырт  қарайды. Бірақ шошқа тұмауына әлі вакцина шыққан жоқ. Әрине, дүниежүзі ғалымдары ізденіп жатыр. 3-4 айдың ішінде вакцина жайы белгілі болатын шығар. Бірақ ғалымдар оны тауып, оны әлемге таратқанша біраз уақыт өтеді... Болашақта қазақстандық ғалымдардың да ондай дәрмек ойлап табатындығына сенімдімін. Себебі құс тұмауы шыққан кезде оның вакцинасын біздің ғалымдар шығарды емес пе?!

 

- Дегенмен дәл қазір қарапайым  жұрттың қатерлі індеттен қорғану  амалдары қандай?

- Күнделікті денсаулықтарын  күткен дұрыс. Дене шынықтырумен айналысып, жақсы тамақ ішіп, дұрыс демалған жөн. Меніңше, қазір орынсыз шетелге барып, саяхат жасаудың қажеті жоқ. Әсіресе, ауру шығып жатқан елдерге барғанда абай болғандары абзал. Еліміздің бірталай жақсы жерлері, демалыс орындары бар емес пе?!

 

- Қазір жаз кезі. Қалай болғанда  да, шетелде демалатын отандастарымыз  жеткілікті. Оларға не айтар едіңіз?

- Баратын елінде қандай  ауру барын анықтап алғандары  дұрыс. Денсаулықтарын түзеудің  орнына ауру «сатып» алса, қалай болады? Егер бір түсініксіз жағдай болса, бірден хабарлассын. Шетелде болып келгендер сырқаттанса, бірден дәрігерге барып, ауруын анықтағаны ләзім. Сонымен, тағы бір ескертетін жайт: кейбір елдерде зертханалық қызмет дамымағандықтан, шошқа тұмауын анықтау мүмкіндіктері шектеулі. Соның салдарынан бұл мемлекеттердегі науқастар есепке алынбауы ықтимал.

 

- Шошқа тұмауын қандай жолмен  жұқтырып алу мүмкін? Оның алғашқы белгілері қандай?

 

- Ауа арқылы таралады. Тұмау сияқты. Науқастың дене қызуы көтеріледі. Жөтеледі...

 

- Қазір елімізде бұл дертті  жұқтырып алуға бейім қандай  топтарды атай алар едіңіз?

 

- Әзірге ауру жұқтырып  келгендердің отбасы мүшелері, бірге  оқыған достары. Олардың бәрін қазір қарап, анықтап жатырмыз. Аурумен байланысты адамдар беттерін тұмшалап, бетперде киіп жүр.

 

- Ауруға шалдыққандардың емделіп,  айығып кету мүмкіндігі қандай?

 

- Бірнеше айдың ішінде  әлемде 800-дей науқас осы аурудан  көз жұмған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы деректеріне қарағанда, кейбір елдерде емделмеген адамның өзінен-өзі осы аурудан жазылып кету фактісі де тіркелген. Бірақ дүниежүзі дәрігерлері оның күз бен қыста жылдам тарап кетуінен қатты қауіптеніп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай облысында  А/ Н1N1 тұмауының 

алдын алу мен емдеу штабы құрылды

 

Қостанай. 29 шілде. ҚазТАГ – Қостанай облысында, құрамына денсаулық  сақтау басқармасының, санэпидқадағалау, ТЖ мен басқа да тиісті қызмет өкілдері кірген

А/ Н1N1 тұмауының алдын  алу мен емдеу штабы құрылды. Бұл туралы агенттіке Қостанай облысының мемсанэпидқадағалау басқармасынан хабарлады. Қазірдің өзінде шошқа тұмауын емдеу мен оның алдын алудың бірқатар шаралары жасалды. Ауруханалар шошқа тұмауы анықталып, диагнозы расталған жағдайда пациенттерді қабылдауға дайын.

Айтпақшы, Лондоннан оралған балалар арасында Қостанайдан да бір қыз бала болған, және бір қыз бала Астанадан туыстарына келді. Оларды тұмау жұқтырғандармен қатынаста болғандар ретінде жергілікті дәрігерлер дереу бақылауға және мұқият тексеруге алды. Қыздарды профилактикалық емдеуден өткізіп, ыстығын, жағдайын тұрақты бақылауға алды. Нәтижесінде олардан тұмаудың бір де белгісі көрініс бермеді. Бізге Қостанай облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасынан хабарлағандай, оқушылардың дені сау, диагноз расталмады, 28-ші шілдеде карантин алынып тасталды.

Қостанай дәріханаларында  оксалин майы мен маскілер бар. Дәрілердің тапшылығы жоқ және оларға дүрлікпе сұраныс та байқалмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шошқа тұмауының белгілері

Кейде ол асқынып кетіп  тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Тұмау вирусы өте тез тарайды. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

 Тұмау басталғанда адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

 

Емі

 

Емі — дәрігердің бақылауында  болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде  жатып емделу. Дене қызуын, дене сырқырауын, аспирин, пирамидон және т.б. дәрілер тез басады. Тұмау вирусына антибиотиктер пайда етпейді. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

 

А(H1N1) доңыз  тұмауы

 

Доңыз тұмауы немесе мексика тұмауы, болмаса «H1N1 вирусы» болжамға қарағанда доңыз ағзасында түрлі вирустардың қосындысынан пайда болған. Ол адам ағзасына түскен соң адамдар арасына жылдам тарай бастады. Бұл жаңа вирус өте жеңіл, жылдам тарайды және бүкіләлемдік індетті немесе тұмау пандемиясын тудыруы мүмкін.

Доңыз тұмауының белгілері  кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас. Адамның қызуы көтеріліп, жоғарғы тыныс алу жолдары қабынып, тамағы ауырып, қалтырайды. Сырқат аса күрделі болмаса, сіз бес-жеті күн төсекте жатқаныңызбен, содан соң тағы бір, екі аптаға дейін жақсы болып кете алмайсыз. Егер сізде кәдімгі тұмаудың белгілері болса, сіз доңыз тұмауы белсенді түрде таралып жатқан жерде тұратын болсаңыз, немесе сіз осындай жерден келсеңіз, болмаса сіз доңыз тұмауымен ауырған адаммен кездескен болсаңыз, онда осының барлығы сізде аталған тұмаумен ауырып қалмадым ба деген күдік тудыруы керек.

 

Бұл вирус  қалай пайда болды?

 

«Доңыз тұмауы» жалпы  шошқаларда кездесетін, А типті вирусқа  жол ашатын ауру. Бұл ауру тез тарайды. Ауру шошқаларға тигеннен жұғатын тыныс алу науқасы болып табылады. Шошқалар арасында бұл ауру тыныс алу жолдары арқылы, тікелей немесе жанамалы байланыс арқылы жұғады. Тұмау дегенмен, бұл вирус шошқаларда жылдың барлық мезгілінде шыға береді.

Адамдардағы тұмау вирусы секілді шошқалардағы вирус та әрдайым  өзгеріп отырады. Шошқалардың тыныс  алу жолдарында шошқа, адам және құс тұмауы вирустарына сезімтал ағзалар болады. Сондықтан шошқалар осы вирустарды бірдей уақытта жұқтырса, жаңа тұмау вирусы пайда болуы да ықтимал H1N1 вирусы адам, шошқа және құс тұмауы вирустарының араласуынан қалыптасқан. Вирус шошқадан адамға, сондай-ақ адамнан адамға жұғады. Әзірше бұл вирусқа қарсы адамда табиғи иммунитет жоқ. Оның қауіптілігі де осында.

Информация о работе Шошқа тұмауы