Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 16:17, реферат
Майлар негізінен организмдегі энергияның көзі болып табылады. Ересек кісілерде организмге қажет барлық энергияның 40%, ал жас балаларда 50% бейтарап майлардың тотығуы арқылы қамтамасыз етіледі. Дегенмен майлардың тотығуындағы энергияның көп болуына қарамастан, организм үшін негізгі энергия көзі көмірсу болып табылады, себебі майлардың тотығу үшін де ең алдымен организмге көмірсу қажет, яғни майлар «көмірсулардың жалынында жанады». Организмдегі майлардың қоры 10-15 күнге жетсе, көмірсудың қоры 13-14 сағатқа ғана жетеді. Майлар, сонымен қатар А, Д, Е, К витаминдерінің еруіне және сіңіруіне жағдай жасайды. Клетка мембранасының құрамына кіріп, оның құрылымдық
II.Негізгі бөлім
1. Адам ұлпаларының маңызды липидтері
2. Ұлпалардың негізгі резервтік және құрылымдық липидтерінің құрамы мен құрылысы.
3. Адам ұлпасындағы негізгі фосфолипидтері мен гликолипидтері:глицерофосфолипидтер,ссфингофосфолипидтер, гликолипидтер, гликофосфолипидтер.
4. Фосфолипидтер мен гликолипидтер қызметтері.
5. Сфинголипидоздар.
6. Эйкозаноидтардың және олардың метаболизмді реттеудегі қызметтері мен физиологиялық ролі.
7. Липидтердің пероксидті тотығуы, мембрандық патологиялардың туындауындағы ролі.
8. Антиоксиданттар.
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Адам ұлпаларының маңызды липидтері
2. Ұлпалардың негізгі резервтік және құрылымдық липидтерінің құрамы мен құрылысы.
3. Адам ұлпасындағы негізгі
фосфолипидтері мен гликолипидтері:
4. Фосфолипидтер мен гликолипидтер қызметтері.
5. Сфинголипидоздар.
6. Эйкозаноидтардың және олардың метаболизмді реттеудегі қызметтері мен физиологиялық ролі.
7. Липидтердің пероксидті тотығуы, мембрандық патологиялардың туындауындағы ролі.
8. Антиоксиданттар.
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Майлар негізінен организмдегі энергияның көзі болып табылады. Ересек кісілерде организмге қажет барлық энергияның 40%, ал жас балаларда 50% бейтарап майлардың тотығуы арқылы қамтамасыз етіледі. Дегенмен майлардың тотығуындағы энергияның көп болуына қарамастан, организм үшін негізгі энергия көзі көмірсу болып табылады, себебі майлардың тотығу үшін де ең алдымен организмге көмірсу қажет, яғни майлар «көмірсулардың жалынында жанады». Организмдегі майлардың қоры 10-15 күнге жетсе, көмірсудың қоры 13-14 сағатқа ғана жетеді. Майлар, сонымен қатар А, Д, Е, К витаминдерінің еруіне және сіңіруіне жағдай жасайды. Клетка мембранасының құрамына кіріп, оның құрылымдық бөлімі болып табылады. Майлар өкшеге, алақанға серпімділік қасиет береді. Сонымен бірге эндогендік судың көзі болып табылады. Мысалы: 100 г май көмір қышқыл газына және суға ыдырағанда 107 г дейін су түзіледі, ал 100 г белок ыдырағанда 55,5 г су, осынша көмірсу ыдырағанда 41,0 г су түзіледі. Түйелердің шөлге шыдамдылығын осы майдың ыдырауындағы эндогендік судың түзілуімен түсіндіруге болады.
Майлар, сонымен қатар организмдегі жылуды сақтап отырады. Организмге тәулігіне ересек кісілер үшін 60-80 г май керек болса, балалар үшін 25-30 г май қажет.
Липидтерге қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, моно, ди және үш глициридтер, холестерин, фосфолипидтер, гликолипидтер, стериндер және балауыз жатады. Жануарлар мен өсімдік майлары 94-98% үшглецирридтердің құрамынан тұрады. Адамға тәулігіне орта есеппен 80-100 г май қажет. Майлардың немесе липидтердің организм үшін маңызы өте үлкен.
Олар:
-барлық биологиялық мембраналардың
құрамына кіреді және олардың өткізгіштік
қаситін, тасымалдық ферменттердің белсенділігін
анықтайды;
-жасуша аралық түйісуді қамтамасыз
етеді, жүйкелік серпіндердің тарауына
қатысады және жасушаларға тіршілік электр
ағымдарының өтуіне кедергілік қасиет
көрсетеді;
-көптеген гормондар мен простагландиндердің
түзілуіне қатысады;
-организмге қажетті энергия түзуіне
қатысады;
-А, Д, Е, К витаминдеріне еріткіш
болады;
-май қышқылдарынан өндірілетін
простагландиндер әртүрлі ағзалар мен
тіндерге қалыпты жағдайда және дерттік
өзгерістер кездерінде реттеуші әсер
етеді және т.б.
Организмде май алмасуының
бұзылыстары мына жағдайларда байқалады:
-ішектерде майлардың ыдыратылуы мен сіңірілуінің
бұзылыстары;
-майлардың тасымалдануы мен қаннан тінге
ауысуының бұзылыстарынан;
-майлардың аралық алиасуының бұзылыстарынан;
-май тінінде майлардың алмасуы бұзылыстарынан;
Гидролиздену қабілетіне байланысты липидтер сабындалатын (немесе гидролизденетін) және сабындалмайтын (немесе гидролизденбейтін) болып екіге бөлінеді.
Сабындалатын липидтер 2,3 және одан да көп компонеттерден тұрады. Олар жеңіл гидролизденеді.
Сабындалмайтын липидтер бір ғана компонеттен тұрады, олар гидролизге ұшырамайды. Организм үшін липидтердің маңызы өте үлкен. Олар ағзадағы қуат көзі болып есептеледі. Липидтер тірі ағзалардың ішкі органдарының, ұлпалар және олардың клеткаларындағы мыңдаған органикалық қосылыстардың мөлшері мен сапалы әрқашан бір қалыпты және тұрақты болуы үшін қажет. Оны ғылым тілінде гомеостаз деп атайды. Тірі организмнің сыртқы ортамен тұрақты зат алмасуы да липидтерге байланысты болады. Липидтер жасушада бос күйінде емес, ақуыздармен комплекс түрінде кездеседі, сондықтан оларды липопротеиндер дейді.
Липидтердің физикалы химиялық қасиеттері олардың құрамында болатын майлы қышқылдарға байланысты. Майлы қышқылдар организмде бос күйінде кездеседі. Олар барлық липидтер класының құрылыстық буыны болып табылады. Табиғи майлы қышқылдар қаныққан, қанықпаған болып екіге бөлінеді.
Қаныққан майлы қышқылдардың балқу температурасы қанықпаған майлы қышқылдарға қарағанда жоғары болады. Мысалы: t0С стеарин қышқылы 690С, t0 линоль қышқылы 130 қаныққан майлы қышқылдан тұратын майлар қалыпты температурада қатты, ал қанықпаған қышқылдардан тұратын майлар сұйық майлар деп атайды. Гидрогенделу (сутектендіру) реакциясы арқылы сұйық майды қатты майға айналдырады.
Қаныққан (шектелген) майлы қышқылдар сабындар
Гомологтық қатарының негізгі өнімдері:
СН3-(СН2)2-СООН (С4Н7СООН) май қышқылы
СН3-(СН2)14-СООН (С15Н31СООН) пальмитин қышқылы
СН3-(СН2)16-СООН (С17Н35СООН) стеарин қышқылы
Қаныққан майлы қышқылдардың қанықпаған қышқылдардан айырмашылығы олар ағзада ацетилкофермент А-ның (КоА) синтезделуі нәтижесінде пайда болады. Ал КоА сірке қышқылының активті бір формасы болып есептеледі.
Сірке
қышқылы
Осы қышқылдардың тізбектелген ұзын радикалдары (ирек түріндегі ионоформациалы) молекуланың энергетикалық күшін үнемдеп отыруына мүмкіндік жасайды.
Сабындар жоғары карбон (майлы) қышқылдарының тұздары болып табылады. Мысалы: С17Н35СООNa C17H35COOH натрийлі тұздар қатты сабындарды, ал калийлы тұздар сұйық сабындарды түзеді.
Қанықпаған (шектелмеген) майлы қышқылдар
Қанықпаған майлы қышқылдар көбінесе жануарлар ағзасында кездеседі. Олардың негізгі өнімдері:
С17Н33СООН- олеин қышқылы СН3-(СН2)7-СН=СН-(СН2)7-СООН
С17Н31СООН- линоль қышқылы СН3-(СН2)6-(СН=СН)-(СН2)6-СООН
С17Н29СООН-линолен
қышқылы СН3-(СН2)5-(СН=СН)3-(СН2)5-
С17Н31СООН-арахидон
қышқылы СН3-(СН2)5-(СН=СН)4-(СН2)5-
Глицеролипидтер.
Ацилглицериндер (жай және
Ацилглицериндер жоғары бір негізді қаныққан және қанықпаған карбон қышқылдары (пальмитин С15Н31СООН, стеарин С17Н35СООН, олейн С17Н33СООН) және үш атомды спирт глицериннен түзілетін күрделі эфирлер. Мұндай қосылыстар триглицеридтер деп аталады.
Аралас майлар глицериннен және әртүрлі жоғарғы карбон қышқылдарынан (қаныққан және қанықпаған) тұрады.
Егер жоғары карбон қышқылдары глицериннің барлық гидроксил топтарымен әрекеттессе (этерификация), (триацилглицерин) гидроксил тобымен әрекеттессе диглицерид (диацилглицерид), бір гидроксил тобымен әрекеттессе моноглицерид (моноацилглицерин) түзіледі. Мысалы:
Моноглицерид (моноацилглицерин)
Барлық күрделі эфирлер сияқты майлардың гидролизденуі (сабындалуы) олардың маңызды химиялық қасиеттері болып табылады және глицерин мен үш жоғарғы карбон қышқылдары алынады. Гидролиз ферменттердің, қышқылдар мен сілтілердің қатысуымен оңай жүреді. Майлардың гидролиздену реакциясы қайтымды процесс, бірақ сілтілердің (NaOH, KOH) қатысуымен бір бағытта жүріп сабын алынады.
Фосфоглицеролипидтер
(фосфатид қышқылы,
Фосфоглицерофосфолипидтер
жануарлар мен өсімдіктердің
әртүрлі ұлпаларында көп
Тірі ағзадағы барлық жасушалар мембранамен қоршалған. Мембрананың миллиондаған әртүрлі молекула және бөлшектен тұратын қос қабаты бислой клетка сұйығын қоршаған ортамен араласып кетуден сақтайды және ішкі ортаны сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайды. Әрбір қос қабат бір бірімен қатарласып тығыз орналасқан миллиардталған фосфолипид молекулаларынан құралған. Фосфолипид молекуласы екі түрлі бөлшектен тұрады. Оның бірі фосфор қышқылының серин, холин, этаноламин сияқты заттармен қосындысы немесе полюсті бөлігі (гидрофильдік) екіншісі майлы қышқылдық қалдығы немесе полюсті емес бөлігі (гидрофобтық) сондықтан мембрана екі фосфолипидтік қабаттан тұрады да оның сыртқы (қоршаған орта) және ішкі жағы (жасуша сұйығы) сұйық орта болғандықтан, сыртқы қабатының фосфолипидтік бөлігі (гидрофильдік) сыртқы ортаға қарай, ал ішкі қабатының полюссіз бөлігі ңшке қарай бағытталып орналасқан. Осы екі қабаттың ортасында майлы қышқылдары орналасады, бір қабаттың май қышқылдары екіншінікімен гидрофобтық байланысқа түсіп, ол қабаттарды бір бірімен біріктіріп тұрады. Әдетте жасуша мембранасының құрамына атқаратын қызметі алуан түрлі ақуыздар да кіреді. Жасуша қабығының төрттен үш бөлігіне дейін ақуыздармен көмкерілуі мүмкін.
Фосфолипидтердің биосинтез кезіндегі негізгі аралық өнімі фосфатид қышқылы. Фосфатид қышқылы глицериннің, жоғарғы майлы қышқылдың екі молекуласынан (біреуі қаныққан, екіншісі қанықпаған) және фосфор қышқылынан тұрады.
Фосфатид (жалпы құрылысы)
Фосфатилдилсерин, фосфатидилэтаноламин, фосфатидилхолин, фосфотид қышқылының туындылары болып табылады.
Фосфатидилсерин молекуласында аминқышқылы сериннің қалдығы болады.
Фосфатидилсерин (серинкефалин)
Фосфатидилэтаноламиннің құрамына аминді спирті этаноламин (коламин) кіреді.
Фосфатидилэтаноламин (коламинкефалин)
Фосфатидилхолин азоттық негіз холиннен тұрады.
Фосфатидилхолин (лецитин)
Сфинголипидтер және гликолипидтер
Сфинголипидтер мембрана липидтерінің маңызды класына жатады. Олар бір полюсті (гидрофильдік) және екі полюссіз (гидрофобтық) бөліктерден тұрады, бірақ құрамында глицерин болмайды. Сфинголипидтер гидролизденгенде мынадай заттар түзіледі:
Сфинголипидтердің ішінде ең көп тарағаны сфингомелиндер. Олар жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының мембраналарында кездеседі. Әсіресе нерв (жүйке) ұлпаларында өте көп. Сфингомелиндер бүйрек, бауыр ұлпаларынан (тканьдерінен) және басқа ағзаларда да табылады.
Гликолипидтер күрделі липидтер.
Олар көмірсулардың молекулаларында
кездеседі, көбінесе, галактозаның Д
формасында. Фосфор қышқылы мен азоттың
негіздер гликолипидтердің құрамында
болмайды. Гликолипидтер жүйке
Изопреноидтар (сабындалмайтын липидтер)
Изопрен фрагменттерінен түзілген қосылыстарды изопреноидтер деп атайды.
Изопрен молекуласы α симметриялы. Оның құрамындағы метил тобы орналасқан бөлік «бас бөлік», ал метил тобынан алшақ орналасқан бөлік «құйрықша» деп аталады.
2 4 СН3 СН2
1 3 Н2С СН
Изопреноидтардың туындысы терпендер кейбір көмірсутектерден, құрамында оттегі бар спирттердің, альдегидтердің, кетондардың туындыларынан және 2,3 одан да көп изопрен буындарынан құралады. Терпендердің ең маңызды тобына А, Е, К витаминдер жатады. Е мен К витаминдері құрамы бойынша убихиноиндарға ұқсас. Олар липидтермен жасуша мембраналарында тотығу тотықсыздану процестеріне қатысуымен қатар электрондарды тасымалдайды.
Стероидтар табиғатта ең көп тараған және ағзада атқаратын қызметтері әртүрлі, құрылыстары циклды болып келеді. Стероидтардың жалпы қаңқасы стеран циклопентан және пергидрофенантрен ядроларынан құралған.
Стероидтық спирттердің, яғни стериндердің немесе стеролдардың А сақинасында ОН тобы болады. Ол ең маңызды қосылыстарда (холестерин, өт қышқылдары, гормондар т.б.) кездеседі.
Холестерин (құрылысы)
Холестерин туындылары (өт қышқылдары, гормондар, витаминдер)
Холестерин
Холестерин (холестерол) стериндердің ең көп тараған өнімі. Холестерин барлық жануарлардың липидтерінде қан мен өтте болады. Ағзада бос күйінде және күрделі эфир түрінде кездеседі.
Холестерин жануарлардың жасуша мембраналарының міндетті құрушысы және басқа стероидтық қосылыстардың, гормондардың, өт қышқылдарының, витамин Д-нің т.б. биосинтез үшін негізгі материал болып есептеледі. Холестерин бауырда өт қышқылдарына айналады. Өт қышқылдарының көбісі холан қышқылдарының туындысы. Адам өтінен төрт түрлі қышқыл бөліні алынған, оларды холь қышқылдары деп атайды. Холин қышқылдарының негізгі бөлігі циклопентанпергидрофенантрен сақинасы болып табылады.
Стероидтық гормондарға жататындар кортикостероидтар бүйректің беткі қабатында өндіріледі. Бұл гормондардың саны 40 шақты. Олар Д формалы көмірсулар мен тұз алмасуларын бір жүйеге келтіреді.
Антиоксиданттар
Биологиялық
мембраналардың липидтік қос
қабатының тотығу процесі адам
ағзасында әр түрлі
Антиоксиданттар көбінесе гүл жапырақтарында (антоцианидиндердің гликозидтері) кездеседі. Олар көп жағдайда гүлдердің қызыл, ал қызыл, қызғылт, ақшыл көк және көк түстерін береді.
Антиоксидантты қорғаныш
Аталған заттар концентрациясын төмендететін қосылыстар антиоксиданттар функциясын атқарады. Антиоксиданттар эндогенді және экзогенді болып екіге бөлінеді.
Антиоксиданттар |
Әсері |
Церрулоплазмин (қан плазмасы) |
Оттекпен Fe2+-ні Fe3+-ке тотықтырады |
СОД |
О2—-ні Н2О2-ге айналдырады |
Каталаза |
Н2О2-ні О2 түзумен айырады |
Глутатион |
Пероксидтерді тотықсыздандырады |
Карнозин |
Fe2+-ні байлайды |