Липидтер дегеніміз

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 18:28, реферат

Описание работы

Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтерде мал, адам және өсімдіктердің барлық тканньдері клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos- май деген сөзінен шыққан.

Содержание

1.Кіріспе

Негізгі бөлім

Липидтердің класқа бөлу
Майлардың химиялық, физикалық қасиеттері
Май тәріздес заттар (липоидтар)
Липидтер алмасуы
Өзіндік зерттеу
Техника қауіпсіздігі

Қорытынды

Работа содержит 1 файл

липидтер рефеат.doc

— 168.50 Кб (Скачать)

   Өкпеде липаза ферменті болғандықтан майлар гидролизге ұшырауы мүмкін, сонымен қатар май қышқылының және кетондық денелердің тотығуына да мүмкіндік береді. Майлар өепенің мезенхималық элементтерінде ұсталып қала алады. Сондықтан, егер мезенхималық элементтер нашар дамыған болса, өкпенің тыныс алуы күшейіп, қан ағысы жылдамдаған / мысалы, әншілерде/ артерия қанына майдың артық мөлшері түсіп, май тканьдерінде артық қор ретінде жиналуы мүмкін. Қақпақты венаға түскен нейральды майлар бауырға және шеткейде орналасқан тканьдерге май қорлары бар жерлерге жеткізіледі.

 

                           Қан құрамындағы майлар.

 

   Аш қарында адам қанындағы майдың жалпы мөлшері 600-800мг% - 1% - тен артық болмауы керек. Егерде 1процент артық болса, онда қалыпты жағдайдан артық болады.

  Жалпы майдың құрамында: фосфолипидтер – 150-200 мг% бос холестерин және оның эфирлері -150-250 %; бос май қышқылдары – 40 мг%.Тамақтанғаннан соң 3- сағаттан кейін алиментарлы /тағамдық/ гиперлипемия пайда болады, мұның ұзақтығы 5-6 сағат мөлшерінде 0,3-0,15 микронға тең. Бұл тамырлар триглицеридтердің белокпен, фосфоатидтермен, холестериннің эфирімен тұрақтанған эмульсия жылдамдататын және тромбопластикалық активтілікті арттыратын қабілеті бар. Егерде қанның сары суында хиломикртондар көп болса, онда оның түсі сүттің түсі сияқты болады. Бірақ тамақтанғаннан кейін, 8-9 сағаттан соң қанның сары суы біртіндеп мөлдірленеді. Гиперлипемияның ұзақтығы  тамақтың құрамында организмге түскен майдың табиғатына тәуелді болады. Өсімдік май, жануар майына  қарағанда тезірек сіңіріледі. Қанның сары суының мөлдірлігін липопротеиндік липаза ферменттінің жұмысына тәуелді. Липопротеиндік липаза ферментті жүрек эндотелиінде, май тканьдерінде, өкпеде тағы басқа органдарда табылған.

  Соңғы кезде ғалымдар «мөлдірлену эффектісі» деген ұғымға көп көңіл бөлуде. «Мөлдірліну эффектісін» гепариннің липопортеиндлипаза ферментін активтендіру әсерімен түсіндіріледі. Егер де қанға гепаринді жіберсе, қан сары суы, 8-9 сағат ішінде емес, бірнеше минут ішінде мөлдірленеді де, майдың қандағы жалпы мөлшері осы күйінде қалады, ал дисперсиялануы күшейіп, тканьдерге сіңіруі жеңілдейді. Эндотелий деңгейінде май қышқылдары альбуминен ыдырайды және бұлшықеттеріндегі май қышқылдарының тотығуымен қамтамасыз етіледі.

 

                               Қанның  липопротеидтері

 

 Қанның құрамында  хиломикрондардан басқа α –  және β- липопротеидтер болады. Липопротеидтердің синтезі бауырда,  яғни бауырдағы триглицеридтердің,  фосфатидтердің, холестериннің және  беолктың  қатысуымен жүреді. Қазіргі кезде бауырда тек қана β- липопротеидтер  синтезделеді деген ұғым бар, сонан соң барып қанда β- липопротеидтердің синтезі жүреді. Екінші жағынан  α- липопротеидтердің синтезі α- глобулендерден, β- липопротеидтердің синтезі β- глобулиндермен байланысты деген өз көзқарастар бар. Α- липопротеидтердің молекулалық салмағы 200000-300000 дейін, яғни бұл липопротеидтердің жеңіл фракциясы.  α  липопротеидтердің 50% жуығы белоктардан тұрады. Холинтерин мен оның эфирлері аз кездеседі.   β липопротеидтер құрамында белоктар мен фосфатидтердің гидрофилді молекуласы болғандықтан оңай еритін фракция жатады. Олардың  молекулалық салмағы 3200000,25% белоктан, 75% майдан, оның ішінде бөлігін холестерин және оның эфирлері алады.   β – липопротеидтерде 700 моль холестерин 1800 моль холестериннің эфирі, 900 моль фл, 400 моль ТГ болады. Дегенмен белоктың молекулалары шеткейде орналасқандықтан β – липопротеидтер тканьдерде энергия көзі мен ппластикалық  материал үшін қолданылады. Кейбір науқастарда, мысалы, атеросклероэ, ревматизм ауруларында қандағы β- липопротеидтердің мөлшері шамадағыдан артық болады.

 

 

 

                        Майлар және олардың қоры

 

           Май тканьдеріне түсетін майдың  біразыв эпителиальды клеткаларында  синтезделеді. Дегенмен май тканін тек ғана майдың жиналатын орны деп қарауға болмайды, себебі май тканьдерінің майдың алмасуы жүріп отырады. Мысалы, тышқандарда денедегі барлық майдың жартысы 5-6 күн ішінде жаңарып отырады. Май тканьдерінде триглицеридтердің синтезі мен ыдырауы, май қышқылдарының гидрогензациясы мен дигидрогенизациясы, белоктардың синтезі мен ыдырауы, глюкозаның гликолиттік және пентозофосфаттық жолмен алмасуы, көмірсулардың және белоктардың алмасуынан түзілетін заттардың үздіксіз жүріп отырады. Сондықтан май тканьдеріндегі май қорының жиналуы тек дайын күйінде келіп түскен майлардың есебінен ғана емес, көмірсулар мен белоктар түзілуі есебінен де толықтырылып отырады. Мысалы, киттерде тюленьдерде, дельфиндерде, торайларда  негізінен тамақтың көзі көмірсулық болғанына қарамастан, май қорының көп болуы жоғарыда айтылғанға дәлел бола алады.

 Көмірсулардың және  кейбір амин қышқылдарының алмасуынан  түзілетін пирожүзім қышқылы  ацетил- КоЛ – ға айналады, ал  ацетил – КоЛ көптеген реакциялардың  көмегімен май қышқылына айналады.

Көмірсулардың кейбір аминқышқылдарының  алмасуы нәтижесінде түзілетін  α – фосфоглицерин альдегиді  α- глицеролфосфатқа айналады. Ал май  қышқылынан және α- глицерол фосфаттық  қатысуымен  май тканьдерінде майлар синтезі жүреді. Майдың шамадан тыс  қор ретінде жинаулы тамақпен ғана емес, көмірсулардың артық мөлшерінің есебінен ғана емес, майлардың энергия көзі ретінде жеткіліксіз жұмсалуынан да / алиментарлық семіздік/ болады. Метаболиттік семіздік көмірсулардан майдың синтезделуінің жылдамдығының күшеюінен пайда болады.                   Май организмге қажеттілігіне қарай, эмульсия түрінде қан плазмасы арқылы бауырға жеткізіледі. Бауырдан әрі қарай органдарға және тканьдерге жеткізіліп, энергитикалық және пластикалық материал есебінде қолданылады. Қандағы бос май қышқылының көбеюі, қорлық майдың жұмсалуының күшейгендігін көрсетеді, себебі май қышқылы май қорының бірі ретінде, организм энергия қажет емес кезінде сақталады. Сонымен, май тканьдеріндегі негізінен энергитикалық қор ретінде жұмсалады.

                                   Клеткадағы липидтер.

 

            Клетка құрамындағы майлар әрі қарай қор ретінде, әрі құрылымдық комнонент ретінде кездеседі. Қорлық майдың мөлшері әртүрлі факторлардан: тамақтың құрамында, нерв жүйесіне, жасқа, жынысқа сәйкес әртүрлі болады. Тамақтағы май мөлшерінің көбеюіне байланысты майдың қорға жиналуы да артады. Егерде қалыпты жағдайда адам салмағының 18% майдан тұрса, мөлшерден тыс тамақ ішудің салдарынан оның мөлшері адам салмағының 50% дейін  жетуі мүмкін.  Клеткадағы қорлық майдың мөлшері тамақтануға сәйкес ауытқып отырса, құрылымдық майдың мөлшері тұрақты болады. Бұл майлар клетка, ядро мембраналарының, микросомо, тағы басқа органоидтардың мембранасының құрамына кіреді. Құрылымдық майлар барлық белоктармен байланысқан күйде болады, сондықтан оларды бөліп алу үшін белок- липидтік комплексті ыдырату қажет. Егерде май тканьіндегі майлар сумен бірге қызыл түске боялса, құрылымдық майлардың боялуы үшін оларды ыстық спиртпен өңдеп, белоктан ыдыратын алу қажет.

Адам организмі аштыққа ұшыраған кезде тканьдегі май қоры кемейтін болса, құрылымдық майлардың мөлшері өзгеріссіз қалады, яғни барлық салмақтың 23%  болады.

 

 

 

 

 

 

 

Өзіндік  жұмыс    

 

      Осы  ғылыми жұмысты зерттеу бойынша   Асанбаева Ләззат апайдың практикалық  сабақ өту барысында тірі организмдегі липидтер туралы жалпы мағлұмат алдық.

          Осы мағлұматтар барысында біз  липидтердің жалпы қызтеті, тармақтары, алмасуы, алынуы туралы жалпы  түсінік алдық.

          Липидтер жалпы тірі  организмдерде  мынадай қызметтер атқарады:

  1. қорғаныс қызметін атқарады
  2. қор болып жиналып организмді азықтандыруға және малдардың қоңдылығына себепші болады.
  3. Липидтер организмнің қалыпты тіршілігін қамтамасыз етеді.

         Липидтер негізінен қарапайым  және күрделі липидтер болып  жіктелед.     Қарапайым липидтерге триглицеридтер жатады. Күрделі липидтерге фосфолипидтер, балауыз, сфинголипидтер және стеролдар мен стеридтер жатады.

Мал мүшелерімен тканьдеріндегі липид молшері әртүрлі болып  келеді. Мысалы, бұлшық етте 2 % шамасындай май, 0,5% фосфолипидтер, 0,1% стеролдар бар. Майлы ттканьдерде (шарбыда, тері асты шелінде) майдың мөлшері 50% және оданда көбірек болады.

       Майларды  тек  табиғи көзден ғана  алуға ғана болады. Мал тканьінен  майды қайырып, ыдысқа салып,  отты басып қойып қыздыру жолымен бөліп алады. Ал өсімдіктер майын сығымдап немесе органикалық еріткеіштермен экстракция жасап, әсер ету жолмен алынады. 

        Липидтердің алмасуы негізінен  қарында ішекте қорытылуы және  майды эмульсияға айналдыру, гидролиздеу  арқылы  және май гидролизі өнімдерін сіңіру арқылы жүзеге асады.

       Жалпы  липидтер организмде үлкен роль  атқарады.  Липидтер тірі организді  түрлі әсерлерден  қорғайды және  азық ретінде  пайдалынады.  Азықтық майдың көп бөлігін  мақта, күнбағыс дәнегінің соя  мен жүгері дәнінен алады. Сол сияқты сүттен және мал етінен де май алынады.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Аннотация

 

       Бұл  курстық жұмыс мына бөлімдерден  тұрады: кіріспе, негізгі бөлім,  өзіндік зерттеу техника қауіпсіздігі, қорыиынды, тіркелген мәліметтер.

      Кіріспе бөлімде тірі организмдегі  липидтердің қызметі туралы жалпы түсінік қамтылған.

      Негізгі  бөлімде липидтерді класқа бөлу, майлардың химиялық құрамы, физикалық  қасиеттері май тәрідес заттар (липоидтар) липидтердің алмасуы,  май гидролизі өнімдерін сіңіру, фосфолипидтердің және холестерал эфирлердің қорытылуы туралы жалпы түсінік қамтылған.

      Өзіндік  зерттеу бөлімінде тірі организмдегі  липидтердің қызметі, алмасуы  туралы айтылған.

     Техникалық  қауіпсіздік бөлімінде

 

     Қорытынды  бөлімінде өз ойымызды тұжырымдап, тірі организмдегі липидтердің маңызы зор екені айтылады.

    Тіркелген  мәліменттер май қышқылдары туралы  таблица көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Анықтамалар.

 

  1. Липидтер дегеніміз – табиғи заттар тобы.
  2. Триглицерид – үш атомды спирт глицерин мен май қышқылдарының күрделі эфирі.
  3. Сабын дегеніміз – май қышқылдары натрий тұздарының қоспасы.
  4. Амфипатиялық – екі түрлі табиғаты бар қосылыстар.
  5. Балауыз – метоболизмнің соңғы өнімі қорғаныш қызметін атқарады.
  6. Стеролдар дегеніміз –полециклдік спирттер циклопентпноллергидрофенантреннің туындысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қысқартылған сөздер

 

          Глю – глюкоза

  1. Гал – галактоза
  2. N – ац, гал, амин - ацетилгалактозамин
  3. Gм, Gg, Gт – ганглиоздтердің қысқарған түрі.
  4. G- ганглиозид молекуладағы май қышқылы қаалдықтарының санын көрсетеді.
  5. М, Д,Т, - моно, ди,- три ганглиозид.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Қорыта келгенде  липидтер мал, адам және өсімдіктердің  барлық тканьдері клеткаларының  құрамына  кіріп, өте маңызды   қызмет атқарады. Олар қор боып жиналып, құрамы және мөлшері мал азықтандыруға және қоңдылығына себепші болады. Липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі. Құрылымдық липидтердің тұрақты мөлшері және белгілі химиялық құрамы болады: ондай липидтер жануарды азықтандыруға және олардың ауруына байланысты өзгермейді. Липидтер қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық суықтан, әртүрлі әсерлерден  қорғайды.Липидтерде көптеген витаминдер ериді,  құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары болады, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі  үшін қажет.

Липидтер азық ретінде  де маңызы зор. Азықтық майдың көп  бөлігін біз өсімдіктердің, мал  организмінен аламыз.


Информация о работе Липидтер дегеніміз