Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 18:28, реферат
Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтерде мал, адам және өсімдіктердің барлық тканньдері клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos- май деген сөзінен шыққан.
1.Кіріспе
Негізгі бөлім
Липидтердің класқа бөлу
Майлардың химиялық, физикалық қасиеттері
Май тәріздес заттар (липоидтар)
Липидтер алмасуы
Өзіндік зерттеу
Техника қауіпсіздігі
Қорытынды
1.Кіріспе
Негізгі бөлім
Техника қауіпсіздігі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
3. Тіркелген мәліметтер
Кіріспе
Липидтер дегеніміз - табиғи заттар тобы. Олар іс жүзінде суда ерімейді, бірақ полярсыз еріткіштерде (хлороформ, эфир, ыстық этанол, күкіртті көміртегінде) ериді. Белоктармен, углеводтармен қатар липидтерде мал, адам және өсімдіктердің барлық тканньдері клеткаларының құрамына кіреді. Липид гректің lipos- май деген сөзінен шыққан.
Липидтер мынадай биологиялық қызмет атқарады:
Химиялық құрамы мен құрылымы жөнінде липидтер екі класқа бөлінеді:
Мал организмдегі тері майы шелінде, шалбырда, шашырқайда, қойдың құйрығында, түйеннің өркешінде орналасады. Өсімдік организмдегі май тұқымында (дәнінде), сабағында тамырында болады. Азықтық майдың көп бөлігін мақта, күнбағыз дәнегінен, соя мен жүгері дәнінен алады.Сол сияқты сүттен және мал етіненде май алынды.
Мал мүшелерімен тканьдеріндегі липид мөлшері әр түрлі. Мысалы, бұлшық етте 2% шамасындай май, 0,5% фосфолипидтер, 0,1% стеролдар бар. Майлы тканьдерде (шарбыда, тері асты шелінде) майдың мөлшері 50% және одан да көбірек.
Май дегеніміз триглицеридтердің қоспасы. Триглицерид – үш атомды спирт глицерин мен май қышқылыының үш молекуласынан құралған күрделі эфир.
Майдың құрылымын 1811 жылы француз ғалымы Шевраль анықтады, ал екінші француз ғалымы М. Бертло 1854 жылы майды синтездік жолмен алды.
Молекуласындағы май қышқылдарының санына байланысты моно, ди- және триглецерид түзіледі. Егер күрделі эфир глицериннің бір гидроксильдік тобынан құралса ол – моноглицерид. Оның құрамына май қышқылының екі молекуласы кірсе, ди глицерид түзіледі, сол сияқты егер глицериннің үш гидроксильдік тобының үшеуіде эфирленсе, онда триглицерид құралады. Табиғи майларда негізінен триглицеридтер ғана кездеседі. Триглицеридтердің түзілу теңдеуі мынадай:
СН2 - ОН С17Н35С- ОН
2СН - ОН + С17Н33С- ОН → 3Н2О + СН- О-С- С17Н33
Триглицеридтердің атауы олардың молекулаларының құрамына кіретін май қышқылдары атауынан шығады. Жоғарыда келтірілген триглицерид құрамына стеарин қышқылы (бірінші жағдайда), олеин қышқылы (екінші жағдайда) және май қышқылы (үшінші жағдайда) кірген. Сондықтан ол 1-стеарил 2-олеин-3 бутилглицерин деп аталады.
Майларды алу. Майларды тек табиғи көзден ғана алуға болады. Мал тканінен майды қайырып, ыдысқа салып, отты басып қойып қыздыру жолымен бөліп алады. Ал өсімдіктер майын сығымдап немесе органикалық еріткіштермен (хлоорформмен, бензолмен немесе эфирмен) экстракция жасап, әсер ету жолымен алынады.
Май адамға және малға қоректік өнім ретінде қажет. Олардың құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар. Биологиялық маңызы жөнінен май белоктан кем емес. Май азықтық мақсаттан басқа техникада майлаушы ретінде қажет, өнеркәіпте майдан әртүрлі сабын, бояу, олифа сияқты заттар дайындалады.
Гидролиздеген кезде май глицеринге және май қышқылдарына жіктеледі. Май қышқылдары дегеніміз- карбон қышқылдары. Оның құрамында көміртегі атомдарының ұзын тізбегі бар, Бұл қышқылдарға жалпы қабылданған (тривиалдық) немесе системалық атаулары қалыптасқан. Мысалы, молекула құрамында көміртегінің төрт атомы (С4) бар қышқыл май қышқылы деп аталады. (тривиалдық атауы), сол қышқыл систематикалық номенклатурада бутан қышқылы деп аталады. Молекула құрамында көміртегінің 18 атомы бар (С18) қаныққан қышқыл тиісінше стеарин қышқылы немесе октадекан қышқылы деп аталады.
Майлардың құрамына әр түрлі май қышқылдары кіреді. Мысалы, табиғи майлардың ішіндегі ең күрделісі деп табылған сүт майында 497 май бар екендігі анықталды.
Май қышқылы негізгі бес топқа бөлінеді.
1.Қаныққан май қышқылдарының молекула құрамында көміртегінің 4-24 атомдары болады және олар түзу тізбекке орналасады. Табиғи майларда көміртегі атомдары жұп болады. Май қышқылдары құрамындағы көміртегін нөмірлеу карбоксил тобы тұрған атомнан басталады. Кейде көміртегі атомдары грек алфавиті әріптерімен де белгіленеді. Мұндай жағдайда карбоксил топқа ең жақын орналасқаны көміртегі атомы α- әріпімен белгіленеді.
СН3 – СН2-СН2-СН2-СН2- СООН
ع δ γ β α
2. Молекуласында бір, екі, үш, және одан да көп қос байланыстары бар қанықпаған май қышқылдары. Мұндағы қос байланыстың орны ∆ белгісімен көрсетіледі де, оның шекесіне нөмерлі индекс қойылады. Мысалы, ∆9 деген белгі мынаны білдіреді. Карбоксильдік топтан есептегенде 9 көміртегі атомынан кейін қос байланыс орналасады, яғни қос байланыс молекуласындағы 9- және 10 көміртегі атомдарының арасында орналасады. Қышқыл молекуласындағы қос байланыстарыды әрқашанда бір метилен тобы (-СН2) бөліп тұрады. Сол сияқты С10:0 белгісі май қышқылдарының молекуласы қос байланыссыз екенін көрсетеді. С18:2 белгісі молекула құрамыфнда екі қос байланыс бар екенін және оның 18 көміртегі атомынан құралғанын білдіреді.
Мұнда да қос байланысты қосылыстар үшін цис-изомерия және транс-изомерия тән, олар ∆ белгісінің алдына қойылыды. Мысалы, цис-∆9 немесе транс-∆9. Табиғи майларда әрқашанда цис-конфигурациялы қанықпаған қышқылдар кездеседі. Молекула құрамында екі немесе одан да көп қос байланысы бар қанықпаған май қышқылдары полиқанықпаған қышқылдар деп аталады.
3. Тармақталған тізбекті май
4. Оксимай қышқылдары. Бұлар майда сирек кездеседі, әдетте олардың құрамында көміртегі атомдарының ұзын тізбегі бар. Мысалы, цереброн СН3(СН2)21 СНОНСООН.
5. Циклды май қышқылдары. Олар кейбір өсімдіктер майларында табылған.
Төмендегі 2-таблицада мал
2. Мал майындағы негізгі май қышқылдары
Тривиалдық атауы (С атомдарының және қос байланыстың саны) |
Систематикалық атауы |
Формуласы |
Май қышқылы (С4:0) Капрон қышқылы (С6:0) Каприл қышқылы (С10:0) Каприл қышқылы (С3:0) Лаурин қышқылы (С12:0) Миристин қышқылы (С14:0) Пальмитин қышқылы (С16:0) Стеарин қышқылы (С18:0) Арахин қышқылы (С20:0) Беген қышқылы (С22:0) Лигноцерин қышқылы (С24:0) |
Бутан қышқылы Гексан қышқылы Окиан қышқылы Декан қышқылы Додекан қышқылы Тетрадекан қышқылы
Гексадекан қышқылы
Октадекан қышқылы
Әйкозан қышқылы Докозан қышқылы Тетракозан қышқылы |
СН3-(СН2)2- СООН СН3-(СН2)4- СООН СН3- (СН2)6 – СООН СН3- (СН2)8- СООН СН3- (СН2)10- СООН СН3- (СН2)12- СООН
СН3- (СН2)14 – СООН
СН3-(СН2)16 – СООН
СН3-(СН2)18 – СООН СН3- (СН2)20- СООН СН3- (СН2)22 - СООН |
Қанықпаған май қышқылдары
Пальмитоолеин қышқылы (С16:0) Олеин қышқылы (СН18:1) Вакцен қышқылы (С18:1) Линол қышқылы (С18:2) Линолен қышқылы (С18:3) Арахидон қышқылы (С20:4) Клупанодан қышқылы (С22:5) |
Цис-∆9-гексадекан қышқылы Цис-∆9- октадекан қышқылы Транс- ∆11- октадекан қышқылы Тұтас цис-∆9,12,16- октадекатриен Тұтас цис-∆5,8,11,14 эйкозтетраен қышқылы Тұтас цис-∆7,10,13,16,19 докозапентаен қышқылы
|
СН3- (СН2)5- СН=СН-(СН2)7 – СООН СН3- (СН2)7-СН=СН-(СН2)7-СООН СН3-(СН2)5-СН=СН-(СН2)9 СН3-СН2-(СН=СНСН2)3-(СН2)6- СН3-(СН2)4-(СН=СНСН2 -(СН2)6- СООН СН3-СН2(СН =СНСН2)5- (СН2)4 - СООН |
Май қышқылдарының физикалық қасиеттері
Май қышқылдарының қасиеттері
оның құрамындағы көміртегі
Қанықпаған
қышқылдарда қос байланыс
С18:2 – 5,00С; С18:3 – 11,00С; С20:4- 49,50С; С22:5 -78,00С.
Қаныққан май қышқылдары С4:0 – С8:0 үй температурасында сұйық зат. С10:0- ден бастап олар қатая бастайды. Қанықпаған май қышқылдары әдетте сұйық күйде болады.
Май қышқылдарының тізбегінде полярсыз байланыстары С-С, С-Н көп. Ондай байланыстар полярлық- СООН тобына қарамай бүкіл молекулаға полярсыз сипат береді. Гидорфобтық ұзын құйрық және гидрофильдік бас (-СООН) май қышқылдарына және липидтерге тән ерекше қасиет береді – олар бір мезгілде өзара гидрофильдік және гидрофобтық әрекеттесуге кіріседі. Осындай қасиеттерінің арқасында липидтер эмульсия түзеді, мембрананың тұрақты құрамдас бөлігіне жатады.