Ауыл шаруашылық экологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 03:57, реферат

Описание работы

Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен. Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр.

Содержание

КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
2-ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨТЕРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

реферат АШ.doc

— 168.00 Кб (Скачать)

      Реферат жұмысында қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар мәселесі, ауыл шаруашылығы саласының нарықтық қатынастарға көшуге байланысты оның жаңа мазмұны мен құрылымы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, ауыл шаруашылығының табиғи байлығы мен маңызды ресурстарының сарқылу мәселелері қарастырылған. Аталмыш мәселе тарихи тұрғыда зерттеліп, оның жетістіктері мен кемшіліктері жан-жақты қарастырылды. 

      Ғаламдық ауа-райының өзгеруі Қазақстанның ауыл шаруашылығына қатер төндіруде. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. тонна қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. тонна фосфор, 1,1 млн. тонна азот, 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70%-ға дейін азайған. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5% қарашірігі қайтымсыз жоғалды.

      1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан  жерінде 500-ге жуық ядролық  сынақ жарылыстары жасалды. Ол 20 млн. га жердің тоз-тозын шығарып,  тіршіліксіз экожүйеге айналдырды. Одан миллиондаған адам тұратын елді мекендер әлі зардап шегіп отыр. Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдыққаны анықталған.

      Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау, оның зардабынан сақтандыру, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің экологиялық білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек. Ол үшін Елбасы қолдап отырған экологиялық білім беру ісін жүйелі түрде іске асыру қажет. Барлық оқу орындары жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беруді жоғары деңгейге көтеру парыз.

      Табиғаттағы өзгерістерге байланысты болжамдар  ғылымда жоқ емес. Оларды пайдалану  табиғатты сақтауда, шығынды азайтуда едәуір көмектесе алар еді. Кез келген құрылысын, шаруашылық нысандарын, ірі өндіріс орындарын салуды жобалау кезінде олардың экологиялық шығынының бағасын есептеумен қатар, табиғат кешендеріне тигізетін әсерін ескеру қажет. Бұл ретте олардың жергілікті тұрғындардың денсаулығына тигізетін зардабы басты назарда болуы тиіс.

      Қазақстандағы өндіріс орындарына байланысты туындаған  экологиялық проблемалар көп  жағдайда алдын-ала ескерілмеген себептерге негізделгені де айқын мәселе.

      Реферат жұмысында баяндалған нақты мәліметтерге қарап, ауыл шаруашылығын көтеру қажеттілігінен туындаған экологиялық апатты жағдайлар күн санап көбеюде екендігін аңғаруға болады. Ал онымен күресу жолдарын бүкіл ғалам қарастыруда. Ендеше, туған жерімізге, халқымыздың денсаулығына нұқсан келтірмеу үшін әрбіріміз табиғатқа пайда әкелуге тиіспіз. Оның себебі, бұл өзіміз өмір сүріп отырған жер ғаламшарының алдындағы баршаға тән, адамзаттық борышымыз болмақ.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

      
  1. Бейсенова Ә.С., Самақова А.Б., Есполов Т.И., Шілдебаев  Ж.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқулық. – Алматы: “Ғылым” ғылыми баспа орталығы, 2004. – 328 б.
  2. Қазақ энциклопедиясы, 8 том.
  3. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет.
  4. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Ұ.Б.Асқарова (Алматы, 2007).
  5. Қ.Н. Жалмишова «Экологиялық білім және тәрбие» Шымкент 2006 ж.
  6. А.Ш. Алматьев «табиғи ортаның дамуы, өзгеруін және қорғалуы». Санкт-Петербург. 1983 ж.
  7. И.Д. Лаптев «Экологиялық проблемалар» Мәскеу 1982 ж.
  8. Қазақстан Республикасы: Энциклопедиялық анықтамалық «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы 2001 ж.
  9. Ә.С. Бейсенова, ж.б.Шілдебаева, Г.З. Сауытбаева. Экология. Алматы. «Ғылым» 2001 ж.
  10. Г.С. Оспанова Г.Г.Бозшотаева. Экология. Алматы, 2002 ж.
  11. А.Ж.Ақбасова Г.Ә. Сайынова. Экология. Алматы, 2000 ж.

Информация о работе Ауыл шаруашылық экологиясы