Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 03:57, реферат
Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен. Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр.
КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
2-ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨТЕРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Е.А.Букетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: АУЫЛ
ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨТЕРУГЕ
БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Дайындаған:
Тексерген:
Қарағанды
2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
2-ТАРАУ.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨТЕРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ТУЫНДАҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз біршама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді.
Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен. Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр.
Әлемде климаттың өзгеруі Қазақстанның ауыл шаруашылығына орасан зор нұсқан келтіру үстінде екені мәлім. Агроценоздардың өзгеруі топырақты құнарсыздандырып, ауылшаруашылық өнімдерін кемітіп отыр. Жыл сайын егістіктерден 2,5 млн. тонна қоректік элементтер қайтымсыз жоғалуда. Ол үшін жыл сайын 1,8 млн. тонна фосфор, 1,1 млн. тонна азот, 0,4 млн. тонна калий тыңайтқыштары берілуі тиіс болса, ол көрсеткіш 60-70%-ға дейін азайған. Қазірдің өзінде Қазақстанның қара топырағының 22,5% қарашірігі қайтымсыз жоғалды.
Аталмыш көрсеткіштер Республиканың қайсыбір өңірінің экологиялық жағдайы нашар екендігін көрсетеді. Жоғарыдағы жағдайларды Қазақстанның басқа да аймақтарынан көруге болады. Ғалымдар бұл мәселенің адамзатқа қауіпті екенін және одан шығатын мүмкіндіктерді іздестіру қажет екендігі туралы мәселені көтеріп келеді. Яғни, ауыл шаруашылығын химияландыруға көп көңіл бөлуді, мемлекеттің аграрлық саясатына қолдау көрсетуді, ғылыми-теориялық тұжырымдар мен жоспарлар жасауды тездетуді талап етеді. Бұл проблема көптеген өркениетті елдерде дұрыс шешімін тапқан. Ауыл шаруашылығында химияны қолдануды шектеу немесе химиялық препараттарды табиғи ортада тез ыдырайтын түрлерін шығару дамып келеді. Шет елдерде ауыл шаруашылығында химияны қолдану экологиясына өте қатты көңіл бөлінеді. Мәселен, экологиялық таза өнім алудың жолдарын дамыту, яғни, биологиялық күрес әдісін өмірге ендіру және т.б. Әсіресе, қазіргі заманғы жетілдірілген агротехниканы қолдану міндеті тұр.
Өнеркәсіптің
және ауыл шаруашылығының дамуы табиғат
ресурстарын кеңінен
Аталған мәселердің барлығына ғалымдардың зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, реферат жұмысын жазу барысында толыққанды ашуға тырыстық.
Реферат жұмысының мақсат-міндеттері: Ауыл шаруашылығының барша өнімдерін шексіз пайдаланудың зияндығын, оның соңы қандай жағдайларға жол беретінін, бұл жағдайдағы экологиялық апаттарды қалай тоқтатуға болатынын ғалымдардың еңбектері негізінде ашып-айқындау.
Реферат
жұмысының әдістері. Баяндау, жүйелі,
кешенді талдау әдістерімен жазылды.
1-ТАРАУ. ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
Физикалық
география – қоршаған ортадағы табиғаттың
құрамдас бөліктерін зерттейтін, оны
іс жүзінде пайдалану жолдарын көрсететін
ғылым. Ол – қазіргі жаһандық деңгейде
көтеріліп отырған “
Қазақстан табиғатын танып, білудің өз тарихы бар және оның әрбір кезеңі бір-біріне мүлде ұқсамайды. Қазақстан аумағының физикалық географиялық тұрғыда зерттелуі қоғам дамуының әр кезеңіндегі жаңа міндеттер мен сұраныстарға сәйкес қолданылған әртүрлі әдістер арқылы дамыды. Бір кездегі Қазақстан табиғаты сүреңсіз, шөлді алап делінсе, жаңа дәуірде оның табиғатының алуан түрлілігі, байлығы дәлелденіп, оны игерудің сұранысына байланысты жаңа көзқарас, болжамдар пайда болды.
Кеңес дәуірінде жер қойнауынан алынатын байлықтың Менделеев кестесінде кездесетін элементтердің барлығы да Қазақстан жерінен табылды. Еліміздің жері қазба байлықтың қоймасы ретінде танылды. Сонымен қатар осы дәуірдегі ғылыми-техникалық жетістіктер қазақ жерін атом қаруының сынақ орнына, ғарыш алаңына айналдырды. Соның салдарынан бір кездегі табиғаттың сұлу аймақтары жарамсыз жерлер болып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енген ақ бөкен, құлан сияқты жануарлар түрі азайып кетті. Табиғаттың даму тепе-теңдігінің бұзылуынан Қазақстанның кез-келген аймағы экологиялық шешімі қиындау, күйзелісті аймаққа айналды. Осы аталғандардың барлығы – табиғаттың заңдылығын, оның қалыптасу, даму ерекшеліктерін ескермей, оны тек шикізат көзіне айналдыру табиғаттың жұтаңдануын туғызды.
Бүгінгі
таңда жаһандық проблема болып отырған
экологиялық мәселелер
Қазба байлықтар қазір егемен елдің игілігіне айналып, мұнай, газ, түсті металдар, соның ішінде уран кені халықтың әл-ауқатын көтеруге, экономиканың тұрақтануына қызмет етіп отыр. Кеңес уақытында дамыған ғылым салалары бір-бірімен байланыссыз, тек Орталыққа қажеттілігі жағына бағытталса, қазір қандай ғылым болсын бір-бірімен байланысты түрде мемлекеттің экономикасын көтеруге ұмтылуда.
Қазақстандағы география ғылымының атқаратын міндеті мен мақсатын нақты түсіндірмей, жерін тек қана атау ретінде (тау, қырат, үстірт, жазықтық, өзен, көл, кұм, шөл т.б.) қарастыру ғылымның өрісін шектейді. Сондай көзқарастың кең тарауынан байтақ қазақ жері табиғатының даму заңдылығын, оның қалыптасу еркшеліктерін көптеген ғалымдар елемей жүр. Олар жалпы экологиялық мәселенің маңызын түсінбей, тек өз саласының мүддесін қорғайды. Ғылымның қайсы болса да (ботаника, зоология т.б.) – табиғаттың туындысы. Тіршілік үшін белгілі бір географиялық орта керек. Ол географиялық ортаға өзіне тән қалыптасқан ауа-райы құбылысының өзгеруі, жыл мезгілінің ауысуы, күн сәулесінің таралу заңдылығы, тіршіліктің өсуі мен дамуы тәуелді. Олардың белгілі бір географиялық заңдылыққа бағынуы, температураның таралу заңдылығы батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі кез келген жердің алып жатқан географиялық орнына байланысты табиғатта үздіксіз жүріп жатады. Қоршаған орта болмысының өзгеруі, ғаламшардағы ірі өркениетті елдердің өздері мойындап отырғанындай, табиғат байлықтарын тиімсіз пайдаланудан, табиғаттың даму, қалыптасу заңдылығын ескермеуден туындап отырғаны даусыз. Мысалы, бір кездегі ит мұрыны өтпейтін Оңтүстік Американың тропиктік ормандары оталып, Африканың қайталанбас табиғатындағы сирек кездесетін керіктердің, пілдердің, түйеқұстардың, арыстандардың азаюы, материк байлықтарының талан-таражға түсуі сол аймақтарда жарамсыз жерлердің молаюынан, шөлейтті аймақтардың ұлғаюынан табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына соқтырды. Жерорта теңізі аймағындағы зәйтүн шаруашылығы плантацияларында мол өнім алу үшін химиялық тыңайтқыштарды молынан қолданылуы күрделі экологиялық мәселе тудырды. Соған байланысты қазір зәйтүн плантациялары оталуда.
Ғылыми-техникалық прогрестің күрт дамуы барысында ірі өндірістік қалаларда автокөліктердің санының өсуінен, атмосфера және озон қабаттарына улы газдардың мол бөлінуінен, ірі елді мекендерде таза ауыз су тапшылығынан адамның денсаулығына залал келуде. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, биологиялық ластануы әлемдік деңгейде адам баласы мен тіршілік дүниесіне қауіп төндіруде. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.
Пайдалы қазбалар қорының ғылыми негізсіз пайдаланылуы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудырды. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының барлығы қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуді және оны қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуды, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануды талап етеді. Сондықтан жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстарын қарқынды жүргізуді өмірлік маңызы бар талап ретінде алға тартуда.
Табиғаттағы өзін-өзі реттеу мен қалпына келтіру үдерістері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткен соң ғана байқайды, бірақ оны жедел түзеу жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды.
Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және табиғи ортаның нашарлауына алып келді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына тән. Мақта және басқа да егістіктер көлемінің артуына байланысты, Арал теңізіне құятын өзендердің суын пайдалану мақсатымен көптеген су қоймалары мен суару каналдары салынды. Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп келгенде оның шұғыл тартылуына жеткізді. Қазір теңіз деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануын, т.б. экологиялық проблемаларды тудырып отыр.
Еліміздегі Арал апаты жаһандық сипат алып, оның зиянды әсері қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр.
Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы). Мүмкін Аралды құтқаратын күн де алыс емес шығар.
Келтірілген мысалдар адамзаттың табиғатқа жауапсыз қарауға болмайтындығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекетінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді. Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ. Мысалы, жидек тергенде, аң аулағанда немесе егіс алқабын тазартқанда табиғатқа белгілі бір мөлшерде зиян келтіріледі. Адамның бұл әрекеті аз мөлшерде болғандықтан, табиғи орта оны ретке келтіріп, орнын толтырып отырады. Яғни, табиғаттың тепе-теңдігі сақталғандықтан, өзгеріс көп елене қоймайды.