Ауыл шаруашылық экологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 03:57, реферат

Описание работы

Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншып езуі, қоршаған орта жағдайын барған сайын нашарлатуда. Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен. Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр.

Содержание

КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ.
2-ТАРАУ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨТЕРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

реферат АШ.doc

— 168.00 Кб (Скачать)

      Экологиялық білім мен тәрбие беру негізінде  жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетін қалыптастыра аламыз. Сол арқылы еліміз халық шаруашылығының әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешуге көмектесеміз. Экологиялық және табиғатты қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлестілігін арттыру, үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды тездету, елдегі экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің халыққа жетуін қамтамасыз ету, тағы басқалар осы саладағы негізгі міндеттер қатарына жатады.

      Бұл жағдайлар Қазақстанның физикалық географиясы, қоршаған ортаны сақтау, экология проблемаларының өзара байланыстылығын, оларды жетілдіру мақсатында жүргізілетін жұмыстарды да қауымдаса іске асыру қажеттігін байқатады. Бұл проблемалардың қайсысына болса да ғылыми көзқарас, негіз керек.

      Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа  антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады.

      Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды  пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс  тезірек жүреді.

      Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.

      Табиғатпен  тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті  экологиязациялау мақсатына сай  келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.

      Адам  мен табиғаттың қарым-қатынасын  жақсартуға бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет.

      Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғатқа орасан зор залал келуде. Ендеше, жеке табысты ғана ойлап қоймай, жоғарыда аталып өткен ғаламдық мәселелерге де ден қойған жөн. 

      2-ТАРАУ.  АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КӨТЕРУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒЫН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР.

      Ауыл  шаруашылық экологиясы, агроэкология (грекше agros — дала, oіkos — үй, тұрақжай және logos — ілім) — қолданбалы экологияның бір бөлімі, саласы болып саналады.

      Ол  қоршаған ортаның биотикалық, абиотикалық  факторларының және агробиоценоздардың өсімдік дақылдарының өсіп-өнуіне әсерін, сонымен қатар ауыл шаруашылығы танаптарында тіршілік ететін организмдер бірлестігінің құрылымы мен өзгеруін зерттейді. Ауыл шаруашылығы экологиясының теориялық және практикалық негіздерін және зерттеу бағытын Италия ғалымы Дж. Ацци (1956) мен неміс ғалымы В.Тишлер (1965) анықтаған. Ауыл шаруашылығы экологиясының қалыптасуына Н.И. Вавиловтың, Г.Я. Бей-Биенконың, М.С. Гиляровтың, К.Фридерикстың, Т.Вермидің еңбектері, әсіресе олар ашқан табиғи және агробиоценоздардың құрылымдық ерекшеліктері мен елеулі айырмашылықтары, адам игерген жерлердегі жан-жануарлар дүниесінің өзгеру заңдылықтары үлкен ықпал етті. Ауыл шаруашылығы экологиясы бойынша зерттеулер: түрдің жеке мүшелерінің экологиясы (аутэкология); жеке түрлердің экологиясы (популяциялық экология); организм топтарының (биоценоздардың) экологиясы (биоценология) болып 3 бағытқа жіктеледі. Осы зерттеулердің нәтижесінде агробиоценоздарды игеру барысында туындайтын өзгерістердің жағымсыз зардаптарын болдырмау немесе әлсірету тәсілдерін табуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру мәселесін шешуге болады. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы экологиясы және қоршаған ортаны қорғау тәсілдерін жетілдіру саласындағы зерттеулер — Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығында, Қазақ мемлекет ұлттық университетінде, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінде, ҒМ ҒА-ның ғылыми-зерттеу мекемелерінде жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы экологиясының дамуы Р.О. Оразалиев, Ғ.Т. Мейірманов, С.Әбдіраимов, А.Б. Биғалиев т.б. белгілі ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

      Агроэкология (агро және экология) – абиотикалық және биотикалық факторлардың мәдени өсімдіктердің өнімділігіне әсерін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы егістіктерінде тіршілік ететін организмдер қауымдастығының құрылымы мен өзгеруін зерттейтін қолданбалы экологияның бөлімі.

      Агроэкологияның негізін В.Тишлер жасады (1965 ж.).

      Дала экожүйесінің абиоталық құрауыштарына күн сәулесі, жауын-шашын, минералды қоректік элементтер, ал биоталық құрауыштарына продуценттер, консументтер және редуценттер жатады. Бұл факторлардың өзара қатынасы қауымдастықтың тіршілікке икемділігін сақтай отырып, қоршаған орта жағдайларының өзгерісіне бейімделуіне себебін тигізеді.

      Белгілі бір биотоптағы өсімдік түрлерінің санын азайтқанда (мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргенде) барлық қоректік деңгейдегі түрлер саны азаяды.

      Мұндай  қауымдастықта кейбір өсімдік қоректі жануарлар түрлерінің көбеюі, оларды жыртқыш аңдардың дұрыс реттей алмауынан күрт өсіп, Агроэкологияның тұрақтылығының бұзылуына әкеледі.

      Биоценологиялық принциптерді қолдану арқылы агроэкология мәдени өсімдіктердің өнімділігін молайту мақсатымен ауыл шаруашылығының жаңа технологияларын жасайды.

      Бұған ең бірінші, жер суғарудың (тамшылатып суғару) су сақтайтын технологиясы, өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістері, аралас егіншілік, т.б. жатады.

      Ауыл  шаруашылығы - адамның өмірлік қарекетінің ең ежелгі бір саласы, оның түп тамыры ғасырлар мен мыңдаған жылдар тереңінен басталады. Ауыл шаруашылығының маңызы зор екенін бүгінде онымен жер шарының еңбеккер халқының жартысына жуығы шұғылданатынынан-ақ білуге болады. Әрине, бұл цифрдың сыртында елдер бойынша үлкен айырмашылықтар бар екені анық.

      Адамның іс-әрекетінің барлық түрлерінің ішінде ауыл шаруашылығын табиғатпен де бәрінен  де тығыз байланысты. Дүние жүзіндегі  тұрғындары ауыл шаруашылығымен және оған іргелес салалары – орман  шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Осы ауыл шаруашылық салаларымен бүкіл дүние жүзі бойынша 900 миллион адам жұмыс істейді екен.

      Қазіргі ғылыми техникалық революция дәуірінде  адамзат баласына пайдасы да, табиғатқа  зияны да қатар жүргізіледі, неге десеңіз химиялық тыңайтқыштарды кеңінен әрі бақылаусыз қолдану олардың едәуір бөлігінің өзендер мен көлдерге барып түсуіне әкеліп, өсімдікке, адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді. Қазіргі кезде ғылыми техникалық революцияның дамуына байланысты зиянды химиялық қалдықтарды яғни қалдықсыз, немесе сауатты пайдалану болып отыр.

      Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға күрделі  өзгерістермен аяқ басты. Он жылдан астам уақытта еліміздің тәуелсіздігі мен қатар жүргізіліп келе жатқан саяси және экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар көз жетті. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп тануымен арта түсті. Себебі, Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей, «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы тиіс».

      Қазақстанның  халық шаруашылығының ең негізгі  маңызды саласы – ауыл шаруашылығы  болып табылады. Оның маңыздылығы  – ең алдымен халықты азық-түлік  өнімдерімен қамтамасыз ету, ал өңдеуші  өнеркәсіпті қажетті ауыл шаруашылық шикізатымен қамсыздандыру. Ауыл шаруашылығының еліміздің экономикалық, әлеуметтік өмірінде айрықша орын алатыны баршымызға белгілі. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауыл аймақтарымен тығыз байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл халқы еліміздің қоғамдық – саяси тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-2005 жылдары Елбасының шешімімен Ауыл жылдары деп жарияланған еді. Осыған сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың үш жылдық бағдарламасы қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. Ауылдың әлеуметтік жағдайын, тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін қатарынан үш жылды ауылға арнау елімізге үлкен өзгерістер әкелді. Ауылдық жерді дамыту ұғымы тек қана, ауыл шаруашылығын дамытудан әлдеқайда үлкен нәрсені көздейді. Бұл ауылдық қауымдастықты қамтитын бүкіл қатынастар кешенінің дамуы болып табылады. Демек, бүгінгі таңда ауылды жандандыру ауылдағы саяси, әлеуметтік әрі әкономикалық байланыстарды қалпына келтірудің біртұтас құрамдас бөлігі ретінде қарастыруымызға болады. Ауыл дегеніміз – сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси-моральдык және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді. Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуальдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына бұл мәселеге жаңа ғылыми тұжырым жасау міндетін туғызды. Бірақ осыған қарамастан, бұл мәселе бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тыңдырды. Олардың арасында М.К. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс, және т.б. бар.

      Кеңес өкіметі кезеңіндегі жүргізілген  ауылдағы реформалар күткен нәтижесін  бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі  төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниенені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қәзіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды.

      Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Қоғамтану ғылымдары, соның ішінде ең алдымен тарих ғылымы үшін тарих шыңдығын қалпына келтіру – жауапты міндет, бірақ бұл өткенді зерттеумен ғана орындала қоймайды, ол бүгінгі болмысты да зерттеуді, ертеңгі ұстанар бағытты да айқындауды қажет етеді. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы тарихымен белсенді айналысып жүрген тарихшы-ғалым Т. Омарбековтың мына пікірін айтпай кетуге болмайды: «Шындық толыққанды мағынада айтыла бастады. Егер осыған дейін бұйрықшыл әміршіл-әкімшіл социализм бюрократтық жүйе жағдайында біздің өмір сүріп, еңбек еткенімізді, яғни шындықты жартыкеш, екіұшты ғана айта алғанымызды ескерсек, тарихымыздағы «ақтаңдақтарға» деген халқымыздың қазіргі ерен ынтасын түсінуге болады». Өтпелі кезеңнің зардабы ауыл шаруашылығына және бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері және одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті көкейтесті мәселе, республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінен күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ та ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік проблемаларын, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты, аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтау қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі таңдағы ауыл шаруашылығындағы алға басулар нарықтық қатынастарға көшу, сондай-ақ ауыл шаруашылығын реформалауды да талап етеді. Аграрлық салада тың өзгерістер жасау үшін, зерттеуші-ғалымдардың пікірінше, өткен тарихи кезеңнің келеңді-келеңсіз тәжірибелерінен үйрене отырып, алға басқан дұрыс шешім болмақ. 

Қорытынды 

Информация о работе Ауыл шаруашылық экологиясы