Мұхтар Әуезов

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 08:09, лекция

Описание работы

М.Әуезов соғысқа дейін 1938 жылы А.Зильбердің «Беккет» операсына либретто жазады. А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсының партитурасын жасайды. 1944 жылдың бас кезінде Алматыдағы опера және балет театрында «Абай» операсының премьерасы үлкен табыспен өтеді. М.Әуезов фильмнің сценариін жазады, фильмді Г.Рошаль мен Е.Арон қоюға тиіс болатын. 1945 жылы 22 қыркүйекте Мәскеуде фильмнің қазақша және орысша нұсқаларын мамандар көреді. 1942 жылы М.Әуезов панфиловшылар дивизиясының жауынгерлік ерліктеріне арналған «Намыс гвардиясы» пьесасын (Ә.Әбішевпен қосылып) жазып бітіреді. Қаһарман жауынгер және жазушы Бауыржан Момышұлының пікірі төбеден жай түскендей естен тандырарлық болды. «...осы заманғы соғыс мушкетерлер мен пикинерлердің соғысы емес, және отан соғысының офицері – Сіздерге ХІV ғасырдың рыцары болып табылмайды...» Бірақ кейіннен М.Әуезов пен Б.Момышұлының арасында ең ыстық қарым-қатынас орнап, ұлы жазушының аса қуатты дарынына табынған Бауыржан өзінің майдандағы жеке браунингін М.Әуезовке сыйға тартады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының 25-жылдығына арналған «Намыс гвардиясы» пьесасы қазақ драматургиясындағы аса көрнекті шығарма болып танылды. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма пьесаның авторлары – драматург-жазушылар Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевке алғыс жариялады.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 84.50 Кб (Скачать)

1925 жылы жаз айында Мұхтар  Әуезов Жетісу ауылдарын аралайтын  экспедицияға шығып, қазақ халқының  ән-фольклор шығармашылығының үлгілерін  жинайды. Осының алдында ғана ол атақты ақындар айтысы өткен тарихтағы ең соңғы Қарқаралы жәрмеңкесін көріп үлгереді. Осы саяхаттардан кейін М.Әуезов «Қазақтың халық шығармашылығы және оның поэзиялық ортасы» деген көлемді мақала жазады, онда мынадай өзекті түйін жасайды: «Қазақ халқының өмірінде бірде-бір айтулы факт атаусыз қалмайды, тіпті болмағанда ежелден қалыптасқан дәстүрлі нысанда өлең сөзбен паш етіледі. Қазақ халқының көне заманнан мирас етілген өлең сөздің шүбәсіз, тиянақты, салмақты мағынасы, орнықты дәстүр ретінде дала халқының басым көпшілігі үшін осы уақытқа дейін өзінің өзекті мәнін жоғалтқан жоқ». Мақала ақыры жарияланбады. Ленинградтан Пішпекке және Жетісуға Қордай асуы арқылы арбамен жүрген осы сапарда ол 1938 жылы «Жапон тыңшысы» деген айыппен атылған. І.Жансүгіровпен танысады. Ақынның зайыбы «педагог пен ағартушылық рухы ғажайып сұлулығымен үйлесім тапқан» Фатиманы Алматыдан Семейге,  содан кейін Меркеге жер аударады. М.Әуезов «Халық жауының» зайыбымен көңіл қосады да 1943 жылы Мұрат есімді ұлы дүниеге келеді.

1925 жылы күзде Ленинградқа қайтып  оралған ол университетті 1928 жылы  бітіреді. Оқытушылардың арасынан  академик В.Щерба, А.А.Шахматов, Пушкин  мен Лермонтов шығармаларының  Абай аудармаларына қатты қызығушылық  танытқан профессор Сиповский, пушкинтанушы Н.Оксман, ол кезде әлі жас жігіттер С.П.Обнорский мен В.В.Виноградов және университеттін жуырдағы түлектері Б.Эйбенхаум мен В.Жирмунский  дараланады. Шығыс факультетінде Мұхтар Әуезов академик Бартольдтің, Самойловичтің және басқа да шығыстанушы ғалымдардың дәрістерін тыңдайды. М.О.Әуезов өміріндегі алаңсыз және бақытты кезі. М.Әуезов пәтер жалдаған Декабристер көшесі 14-ші үйден екі қадам жерде – Таврия саябағы. Әдебиетте жаңа бағыттар пайда болды: акмеизм, ОПОЛЗ – поэзиялық тілді оқып-үйрену жөніндегі қоғам, нақты өнер бірлестігі «Ағайынды Серапионовтар» және т.б.

1926 жылы үшінші курстың студенті  М.Әуезов Қазақстанның халық ағарту  комиссариатымен қазақ тілінде  жазып бітірген «Қазақ әдебиетінің  тарихын» басып шығаруға шарт  жасасады, кітаптың таралымы шыққан бойда тез (пышақ кесті) өтіп кетеді. Толық Кеңес Энциклопедиясының редакциясы М.Әуезовке лұғаттық сөзтізбе жасауға және қазақ әдебиеті мен қырғыз әдебиетіндегі айтулы тұлғалар туралы мақалалар жазуға тапсырыс береді.

1921 жылы «Қилы заман» повесі жарыққа шығады.

Ленинград университетін бітіргеннен кейін  жас ерлі-зайыптылар 1928 жылы Ташкентке  көшеді. Мұхтар Әуезов Ташкент қаласындағы  Орта Азия мемлекеттік университетінің  шығыс факультетіндегі аспирантурада  оқуын әрі қарай жалғастырады. «Орта Азия түріктерінің» әдебиеті мен «Манас» эпосын зерттеп-зерделеген ол осы ескерткіштің ұзақ жасампаздығы мен сарқылмас поэзиялық күшінің құпиясын ашуға үңіледі. Осы еңбектің нәтижесі – «Манас» абызшылары мен тыңдаушы орта ғылыми зерттеу туындысы. Жас ғалым және қаламы шыңдала түскен М.Әуезов 20-шы жылдарда кәсіби фольклоршы-ғалымға айналады, осы салаға алғашқы қадамды ол Ташкент қаласында жасады. Тұңғыш перзенттері Елдестің шетінеуі, қыздары Ләйләнің дүниеге келуі. 1929 жылы Ташкентте «шағын әңгіме нұсқасындағы ең озық дүние» (Н.Анастасьев) «Көксерек» повесі жазылды. Қолға үйретілмеген қасқыр –кейіпкердің опатқа ұшыраған тарихында – суреткердің өзінің және тұтас дәуірдегі суреткерлердің жолы көрсетіледі. М.Әуезов терминологиялық комиссияның ғылыми хатшысы болып тағайындалады, Орта Азия университетінің аспирантурасына түскеннен кейін бір жыл өткен соң ғылыми қызметкер болады және ол орман техникумы мен Қазақ халық ағарту институтында қазақ әдебиетінің тарихынан сабақ береді. Қызылордада оқу құралдары, қазақ балаларына арналған орыс әліппесі, орыс тілінде оқуға арналған кітап шығады. Бірақ 1929 жылы 21 ақпанда қазақ ағарту институтының коммунистік фракциясының отырысында (жиналысында) М.Әуезов сабақ беруден шеттетіледі. Халық ағарту комиссиясының Алқасы оқытушы М.Әуезовты бұрынғы қызметіне қайта алуды ұсынады.

1930 жылы 1 қазанда  «Алқа» ұйымына байланысты зиянкестік, парақорық, тамыр-таныстық бойынша  айыпталып, тұтқындалады. 1931 жылы 28-ші қыркүйекте тергеу аяқталды.  Мұхтар Әуезовты концлагерге шартты түрде үш жылға отырғызу туралы үкім шығарылады. М.Әуезов 2,5 жыл қамауда болады. Баспасөзде «Мұхтар Әуезовтың мәлімдемесі» жарияланады, содан кейін ол «8.10.30 есептегенде үш жыл мерзімге к/л шартты түрде отыруға сотталған адам ретінде» қамаудан босатылады. М.Әуезов қазақ драма театрының әдеби бөліміне жұмысқа қабылданып, онда 1938 жылға дейін әдеби бөлімнің меңгерушісі болып жұмыс істейді, ол Алматы малдәрігерлік институтының қазақ және орыс әдебиеті кафедрасында доцент болады. Абай атындағы ҚазПИ-де педагогикалық қызметі 1932 жылы басталды да, 1949 жылға дейін М.Әуезов осы институттың профессоры болды. 1934 жылдан 1961 жылға дейін ол С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де ұстаздық қызметін жалғастырды.

М.Әуезов 30-шы жылдарда «Октябрь үшін», «Айман-Шолпан» (1934), «Тартыс», «Тас түлек», «Алма бағында», «Түнгі сарын», «Ақ қайың», «Шекарада» аталатын бірегей пьесалар, «Хан кене» тарихи пьеса жазады. Шынтуайтына келгенде, тұңғыш абайтанушы М.Әуезов 1933 жылы Абай өлеңдерінің бірінші түпнұсқалық жинағы «Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ» кітабын шығарады, кітапта ақын өмірі туралы очерк бар (Қызылорда, латын қарпі). 1936 жылы Абай шығармалырының бірінші ғылыми басылымын даярлауға басшылық етіп, әрбір жеке сөздерді, сөз орамдары мен тұтас өлең жолдарын қалпына келтіру арқылы орасан үлкен, мәні бойынша баға жетпес жұмыс жасайды.

Драма театрынан 1934 жылдың бас кезінде бөлініп  шыққан қазақ музыкалық театры М.Әуезовтің  «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының қойылымын қоюдан өз жұмысын бастайды. 1937 жылы мамырда Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші пленумы өтті, пленумда жанрдың айрықшалығы жөніндегі білімінің тереңдігімен тәнті еткен М.Әуезов драматургия туралы сөз сөйледі. 30-шы жылдардың орта шеніне қарай Мұхтар Әуезовтың Қазақстан әдебиетіндегі бас тұлға болғаны даусыз. Оның атағы бүкілодақтық дәрежеге ие болды. Ол республикадағы ең көп қойылатын драматург. 30-шы жылдардың орта шенінде Солтүстік Қазақстанның түлегі Вячеслав Иванов қара сөзбен жазылған «Мен, қазақ әнімін, соны шырқаймын» өлеңін орыс тіліне аударады. Бірақ 1937 жылы 27 қарашада театр бөлімінен М.Әуезовтың «Алма бағында» пьесасының 16 данасы және «В яблоневом саду» пьесасының 4 данасы тәркіленеді. Актіде жазылғандай осы әдебиет жойылып, өртелінген. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі

басқармасының 1938 жылғы 29 қаңтар-дағы N 38 Бұйрығымен М.Әуезовтың «Шекарада» пьесасын қою туралы өтініш қабылданған жоқ. Сонымен қатар суретшілер кеңесінің 1934 жылғы 29 маусым-дағы Хаттамасымен  Абайдың ең озық бейнесі үшін конкурс өткізу ұсынылды, Жюридің құрамына М.Әуезов кірді. Қазақ мемлекеттік драма театрында «Ревизор» спектакліне сіңірген терең зерделі жұмысы үшін М.Әуезов жолдасқа ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма алғыс жариялайды. 1937 жылы оны қызметтен босатады.

1933 жылы 11-ші  қыркүйекте Қазақстандағы ОГПУ-дың өкілетті өкілдігінің құпия-саяси бөлімі республика компартиясының ОК хатшысы Мирзоянның атына жазылған баянжазбада буржуазиялық-ұлтшыл «Алаш партиясын» әшкерелей отырып, М.Әуезовты партия көсемдерінің бірі деп атайды. М.Әуезовтың өзі партияға кірмегенін, бірақ алашордалықтарға жақын басылым-дарға қатысқанын сан қайтара айтқан.

1939 жылы  күзде Мәскеудің маңындағы Переделкинода  Л.Соболевпен қосылып жазған «Абай»  трегадиясы аяқталды. 1939 жылдың соңында – 1940 жылдың басында Мәскеудің «Литературный критик» журналы М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Эпос и фольклор казахского народа» ғылыми-зерттеу еңбегін жариялайды. 1940 жылы Мәскеуде «Песни казахских степей» қазақ поэзиясы үлгілерінің жинағы шығады, кіріспе мақаланың авторлары – М.Әуезов пен Л.Соболев. 1940 жылы 18 қазанда қазақ реперткомы қазақ академиялық драма театрында «Абай» спектаклін қабылдау актісін шығарады. 1942 жылы «Абай» романының бірінші кітабы жарыққа шықты.

М.Әуезов соғысқа  дейін 1938 жылы А.Зильбердің «Беккет» операсына  либретто жазады. А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсының партитурасын жасайды. 1944 жылдың бас кезінде Алматыдағы опера және балет театрында «Абай» операсының премьерасы  үлкен табыспен өтеді. М.Әуезов фильмнің сценариін  жазады, фильмді Г.Рошаль мен Е.Арон қоюға тиіс болатын. 1945 жылы 22 қыркүйекте Мәскеуде фильмнің қазақша және орысша нұсқаларын мамандар көреді. 1942 жылы М.Әуезов панфиловшылар дивизиясының жауынгерлік ерліктеріне арналған «Намыс гвардиясы» пьесасын (Ә.Әбішевпен қосылып) жазып бітіреді. Қаһарман жауынгер және жазушы Бауыржан Момышұлының пікірі төбеден жай түскендей естен тандырарлық болды. «...осы заманғы соғыс мушкетерлер мен пикинерлердің соғысы емес, және отан соғысының офицері – Сіздерге ХІV ғасырдың рыцары болып табылмайды...» Бірақ кейіннен М.Әуезов пен Б.Момышұлының арасында ең ыстық қарым-қатынас орнап, ұлы жазушының  аса қуатты дарынына табынған Бауыржан өзінің майдандағы жеке браунингін М.Әуезовке сыйға тартады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының 25-жылдығына арналған «Намыс гвардиясы» пьесасы қазақ драматургиясындағы аса көрнекті шығарма болып танылды. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма пьесаның авторлары – драматург-жазушылар Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевке алғыс жариялады.

1943 жыл –  СССР Каз ФАН тіл, әдебиет  және тарих Институтының аға ғылыми қызметкері. Абайдың туғанына 100 жыл толуына орай 1945 жылы М.Әуезов «Абай» операсына либретто, «Абай әндері» көркем кинофильмінің сценарийін, Абай өмірбаянының жаңа нұсқасы мен ақын туралы бірнеше мақала жазды. Мәскеуде «Абай» романының бірінші кітабы шықты. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1947 жылы «Абай» романының қазақ тіліндегі екінші кітабы, 1948 жылы екі кітап та орыс тілінде басылды. 1949 жылы романға бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық берілді.

1946 жылы  А.Бектің «Волоколомск тас жолы» романы бойынша киносце-нарий жазу ниеті пайда болады (Ғ.Мүсіреповпен тең авторлықта).

1947 жылы  Қазақстан компартиясы ОК «Қазақ  ССР ҒА тіл және әдебиет  институтының жұмысындағы өрескел  саяси қателіктері туралы» қаулысы  шығады, онда «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томының қолжазбасы аталады. (М.Әуезовтің жалпы редакциясымен). 1947 жылы  новелла жанрында өзінің соңғы дүниесі – «Асыл нәсілдер» жазылды.

1946 жыл.  Филология ғылымдарының докторы  ғылыми атағы беріліп, профессор  болып бекітіледі, Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды. Қаз ССР ҒА тіл және әдебиет Институтының қазақ әдебиеті тарихы секторының меңгерушісі.

Қазақ ССР  Ғылым Академиясы құрылған 1946 жылдан бастап, оның академигі болған ол өмірінің соңына дейін республикадағы әдебиеттану жұмы

 


Информация о работе Мұхтар Әуезов