Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 08:09, лекция
М.Әуезов соғысқа дейін 1938 жылы А.Зильбердің «Беккет» операсына либретто жазады. А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсының партитурасын жасайды. 1944 жылдың бас кезінде Алматыдағы опера және балет театрында «Абай» операсының премьерасы үлкен табыспен өтеді. М.Әуезов фильмнің сценариін жазады, фильмді Г.Рошаль мен Е.Арон қоюға тиіс болатын. 1945 жылы 22 қыркүйекте Мәскеуде фильмнің қазақша және орысша нұсқаларын мамандар көреді. 1942 жылы М.Әуезов панфиловшылар дивизиясының жауынгерлік ерліктеріне арналған «Намыс гвардиясы» пьесасын (Ә.Әбішевпен қосылып) жазып бітіреді. Қаһарман жауынгер және жазушы Бауыржан Момышұлының пікірі төбеден жай түскендей естен тандырарлық болды. «...осы заманғы соғыс мушкетерлер мен пикинерлердің соғысы емес, және отан соғысының офицері – Сіздерге ХІV ғасырдың рыцары болып табылмайды...» Бірақ кейіннен М.Әуезов пен Б.Момышұлының арасында ең ыстық қарым-қатынас орнап, ұлы жазушының аса қуатты дарынына табынған Бауыржан өзінің майдандағы жеке браунингін М.Әуезовке сыйға тартады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының 25-жылдығына арналған «Намыс гвардиясы» пьесасы қазақ драматургиясындағы аса көрнекті шығарма болып танылды. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма пьесаның авторлары – драматург-жазушылар Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевке алғыс жариялады.
М.О.Әуезовтың өмірбаяны
1897 жылы 28 қыркүйекте Семей
облысы Шыңғыс болысындағы
Балалық шағының алғашқы әсерлері Шыңғыстаудың далаларымен және тауларымен байланысты болды. Әжесі Дінәсіл өз немересін Абайдың киіз үйіне апарды деген айғақ сақталған, сонда атақты ақын әкелік мейіріммен бала Мұхтардың басынан сипап, ақ батасын береді. Атасы Әуез (1830-1917) Абай өлеңдерінің қолжазбалық кітабы бойынша алты жасар Мұхтар мен ағайын және құрдасы Ахметті араб әліпбиіне үйретеді. Ұстаз-молдаларға еліктеген атасы шәкірттерін таңертеңнен күн батқанға дейін ұстаған, содан кейін күні бойы оқығандарын (жаттағандарын) кешкі астың алдында атасы мен әкесіне жатқа айтып беруді талап еткен.
Мұхтар Әуезов ата-анасынан ерте айырылды: әкесі Омархан 1909 жылы, анасы Нұржамал 1912 жылы дүние салды. Кішкентай Мұхтар немере ағасы Қасымбектің қолында тәрбиеленеді, медреседе бір жыл оқығаннан кейін 1907 жылы Қасымбек оны Семейдегі 5-кластық қалалық орыс училищесіне Шыңғыс болысының земстволық станциясына оқуға орналастырады. Орыс мектептері аудармашы-тілмаштарды, әкімшілік аппараттың кішігірім қызметкерлерін даяр-лайтын еді. 1912-1913 оқу жылында Мұхтар оқытушылар семинариясының бірінші класын (сыныбын) наградамен аяқтайды да, ал оқуын Семей оқытушы-лар семинариясында 1919 жылы тәмамдайды (бітіреді).
Семинарияның оқытушылары Әбікей Сәтпаев, И.В.Малахов, Николай және Виктор Белослюдовтар, Н.Е.Коншин, Нәзипа және Нұрғали Күлжановтар, В.И.Попов, Н.Сулима-Грузинский, В.М.Морозов қазақтың халық әдебиеті мен тіліне, орыс және әлем әдебиетінің классикасына баулып, негізгі салалар бойынша білімнің негізін қалады. Шәкірт Әуезов педагогтардың айтуынша мінсіз тәртібімен, айрықша дарындылығымен, тектілігімен, аса сыпайы мінез-құлқымен, сымбатты дене пішімімен және қайсыбір ақсүйектік маңғаздылы-ғымен өзгелерден дараланған. Тамаша спортшы қаладағы бірінші «Жарыс» футбол командасында ойнаған. Болашақ жазушының айтуы бойынша, орыс мектебі «өзінің айқара ашылған ақжарқын құшағымен тартқан».
Шәкірт кезінде Мұхтар өзінің атасы, Абайдан бірнеше жас үлкен Әуездің Құнанбай туралы естеліктерін жалықпай тыңдайды. Бүкіл ғұмырында тағдыр Мұхтар Әуезовты болашақ бас кейіпкерімен біте қайнастырады: немересінің шілдеханасына байланысты Әуез жасаған әулет тойына тікелей қатысуы арқылы Абай құрмет көрсетті. Абайдың әкесі қарт Құнанбайдың көп әйелдерінің бірі Нұрғаным Әуездің қарындасы еді. Мұхтар кейіннен Абайдың ұлы Тұрағұлмен дос болады және ұлы ақынның немересі Мағауияқызы Кәмилаға үйленеді. Осы жәйттерді Әуезовтың өзі былай баяндайды:
Ойға алған романды жазбас бұрын ақынның творчествосын және өмірбаянын зерттеумен шұғылдандым. Абай шығармаларының толық жинағына редактор болдым, оның өмірбаянын жаздым, ақын мен оның дәуіріне байланысты тарихи материалдарды жинадым; казақ халқы мәдениетінің тарихын аса жетік білетін орыс жазушысы, менің досым Леонид Соболевпен бірлесіп ақын өмірінің соңғы жылдарын бейнелейтін «Абай» трагедиясын жаздым.
Абай жайында материалдар жинағанда тарихи романдар авторларының талайы-ақ біле бермейтін өзгеше бір жәйттерге тап болдым. Өйткені, Абайдың өмірі мен еңбегі, түр-түсі мен сипаты жайында қағазға түскен немесе жарияланған бірде-бір дерек, өзінін жеке архиві мен күнделігі, хаттары мен мемуарлары, тіпті замандастарының ақын жайында хатқа түскен естеліктері сақталмаған. Ақынның өміріне байланысты деректер мен романның бүкіл окиғаларын Абайды көзімен көрген, жақын білгсн жандардан ұзақ уақыт бойына ауызба ауыз сұрау, әңгімелесу арқылы жинауға тура келді. Олардың көбі кәрілік меңдеген шалдар еді. Сондықтан олар өткен күндердің белгісін де, адамдардың бейнесі мен сөйлеу мәнерін де, оқиғаларды да ұмытыңқырап калған. Абайдың шәкірті Көкбаймен де әңгімелестім. Ақынның ең жақын достарының ішінен біздің заманымызға дейін көзі тірі жеткен сол ғана болатын. Көкбай 1927 жылы қайтыс болды. Ол Абайдан аттай он алты жас кіші еді. Сондықтан акынның жастық шағы жайында ештеңе айта алмады.
Роман жазам деген ойда жоқ, шәкірт кезімде атам Әуездің әңгімелерін тапжылмай, ұзақ тыңдайтын едім. Ол Абайдан біраз жас үлкен еді. Құнанбай жайын да жақсы білетін. Абайдың алғашқы әйелі Ділданы да сол жылдары көрдім. Москал тартып қалған болатын. Абайдан соң он жылдан кейін барып дүние салған, оның айнымас азбас жары Әйгерім небір қымбат жәйттерді әңгімслеп берді.
Материал жинай жүріп, мен Абайдың достарымен, сыйластарымен, бұрын қысастық жасаған жауларымен де әңгімелесіп көрдім. Олардың ішінде Абайдың тұрғыластары да, солардың ұрпақтары бар еді. Соншама ізденудің арқасында болашақ қаһарманым жайында аса көп материал жинағаным соншалық, Горькийдің: «Үндемей қалуға ықтиярың жоқ нәрсе жайында ғана жаз», - деген ұлы өсиетін іштей қайталап айта беруден танғаным жоқ. Тіпті қазір Абайдың балалық және жастық шағы жайындағы роман тәмам болған соң да сол кітапқа кірмей қалған материалым мейлінше көп екенін көрдім, Соған иек арта отырып қаһарманымның өмір жолының сол кезеңі жайында тағы бір кітап жазуға болар еді. Материалдың молдығы менің еңбсгімнің сәтті боп шығуына аса көп септігін тигізді.
Бірақ материал жинауда талай-талай киындық та болды. Өзіммен әңгімелескен қарттардың көп нәрсені ұмытып қалған көкірегінсн өткен күннің сырларын ұғуға, оқуға тура келді. Абайдың әр алуан замандастарының айтқандарын салғастыра отырып, көп нәрсені өз ойыммен топшыладым. Әлдеқашан бел асып кеткен көштің жұртына кешігіп жеткен жолаушы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, тұтатпақ боп үрлемей ме – жаңағы естеліктерді шашау шығармай сақтаған менің халім де сондай еді. Сөйтіп, мен карт адамдардың көмескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді қайта ойлатып, айтқызып алдым. Алпыстағы Әйгерімнің әжімді бетін қарап, оның бір кезде Абайды ынтықтырган жас шырайлы сұлу жүзін көз алдыма елестетуім де солай еді.
Бірте-бірте
өз халқының көкірек көзі болған Абаймен
бірге мен де сол халықтың жан-жүрегін
ұғуға және соны бір абзал қалпында
ашып беруге, жайып салуға тырыстым.
Жас Абайдың жалын атқан
Халықтың көрер көзі, лүпіл кақкан жүрегі, дана ойы болған Абай менің ұғынуымда да халықтың кажырлы талабы мен асқақ ой-сезімінің, жан-жүрегінің, оның бойындағы ең абзал қасиеттің жиынтығы болып табылады. Абай бейнесіне мен осындай ойлармен ден қойып ем. 1917 жылы Әйгерімнің киіз үйінде Абайдың немересі Ақышты ұзатуға байланысты сый ретінде Мұхтар Әезов жазған «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылды. Абайдың немерелері мен пьеса авторының жақын туыстары алғашқы әуесқой әртістер болды, әрі әйел рөлдерін ауыл жігіттері ойнады. Қазақ тіліндегі осы тұңғыш пьеса 90 жыл бойы сахнадан түспей келеді.
1917 жылы
жазда ескі салт және жақын
туыстарының қалауы бойынша
1918 жылы
Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек
Аймауытов Семейде «Абай»
Семейде Мұхтар Әуезов өзінің пъесалары арқылы тұңғыш мәдени-ағарту «Ес аймақ» үйірмесінің қалыптасуы мен өсуіне баға жетпес көмек көрсетті. Шығанақтағы жұмысшылар үшін «Сібір бурлактары» клубында автордың «Ел ағасы» пъесасы қойылды, пьесаның қолжазбасы, кейіннен өкінішке қарай, жоғалып кетті. 1921 жылдың бас кезінде Мұхтар Әуезов «Бәйбіше-тоқал» төрт актілі драма жазып, оны өзінің тікелей басшылық етуімен 1921 жылы 23 наурызда Свердлов атындағы клубта сахнаға қояды. 1922 жылы 20-шы желтоқсанда Луначарский атындағы театрдың көрермендері қазақ драматургия-сының інжу-маржаны, дала Ромеосы мен Джульеттасы туралы «Еңлік-Кебек» пьесасын көреді. Қызылордадағы тұңғыш кәсіби театрдың шымылдығы 1926 жылы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылғаны кездейсоқ құбылыс емес. М.Әуезов ұзын ырғасы жиырмадан астам пьеса жазды, бірақ олардың әрқайсысының тағдыры әртүрлі болды. Семейде «Еңлік-Кебектен» кейін іле-шала жазылған және гамлеттік оқиғаны бұлдыр елестететін М.Әуезовтің «Қарагөз» пьесасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді, пьеса 1926 жылы жарияланып, сол жылы Семейде қойылды. Репертуардан тез алынып тасталған осы туынды отыз жыл өткеннен соң, КПСС-тің ХХ съезінен кейін ғана сахнаға қайта оралды.
Мұхтар Әуезов қазақ педтехникумы мен совпартшколында сабақ береді. М.Әуезов драматургиямен қатар өз қаламының күшін көркем прозада байқап көріп, әңгімелер мен очерктер жазады, аудармамен айналысады. М.Әуезовтың алғашқы әңгімелеріне «Дауыл», «Қорғансыздың күні» (1921), «Оқыған азамат» (1922), «Қыр суреттері» (1922-23), «Қыр әңгімелері» (1923), «Үйлену» (1923), «Барымта» (1925), «Кінәмшіл бойжеткен» (1925), «Қаралы сұлу» (1925), «Жуандық» (1926) және т.б. туындылары жатады. Автордың әңгімелері «Шолпан», «Сана», «Таң», «Абай», «Қазақ тілі» газетінде жарияланады. «Қорғансыздың күні» – жазушының ең алғаш
жарияланған дүниесі – бастапқыда «Қызыл Қазақстан» журналының 1921 жылғы наурыздағы нөмірінде жарық көрді, содан кейін ол «Еңлік-Кебек» сияқты 1922 жылы Орынборда жеке кітап болып шықты. Арғын псевдонимімен жазылған осы әңгіме М.Әуезовтың эпикалық дарынын айқын аша түседі, ал әңгіменің стилистикасы мен ауаны Джозеф Конрадтың стилистикасымен үндестік табады.
Алғашқы жарияланымдардың көпшілігі Арғын, Жаяу сал, Қоңыр, Айғақ және т.б. псевдонимдермен жарық көрді.
Семейде өткізген осы жылдарда Мұхтар Әуезов Л.Н.Толстойдың «Будда» шығармасын қазақшаға аударып, оны «Абай» журналының бірінші нөміріне 1918 жылы жариялайды. 1924 жылы Ташкентте профессор Ю.Вагнердің «Рассказы о происхождении земли» («Жердің пайда болуы туралы әңгімелер») туындысы М.Әуезовтің аудармасымен жеке кітап болып шығады. Содан кейін аудармашының шығармашылық қанжығасында – У.Шекспирдің, Н.Гогольдің, И.Тургеневтің, Дж. Лондонның, Л.Толстойдың, Н.Погодиннің, К.Треневтің және т.б. шығармалары. Оның үстіне, М.Әуезов көркем аудармадағы ең беделді теоретиктердің біріне айналады, ол өз өмірінің басым бөлігінде жай аудармамен ғана шұғылданумен шектелген жоқ: Гоголь, Тургенев, Чехов болып сөйлеген жазушы, сонымен қатар оларға да ұлттық мәдениеттің рухын сіңіре білді (Н.Анастасьев).
Өзінің
публистикалық мақалаларында
1922 жылы күзде М.Әуезов
М.Әуезов 1923 жылы қазан айында Ленинград
мемлекеттік университеті-нің
1924 жылы жазда Семейде М.Әуезов
«Абай» романының
Осы кезең аралығында жазушы «Ескілік көлеңкесінде», «Қаралы сұлу», «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімелерін жазады. Орыс географиялық қоғамы Семей бөлімі төрағасының орынбасары болып сайланады, ол ГУБОНО әдістемелік кеңесінің мүшесі. Мерзімдік басылымдарда жиі жарияланып, мұғалімдерді қайта даярлау курстарында сабақ беріп, Абайдың өмірден озғанына 20 жыл толуына байланысты өткен әдеби кеште «Қырғыз әдебиетіндегі Абайдың орны» атлатын баяндама жасайды.