Мұхтар Әуезов

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 08:09, лекция

Описание работы

М.Әуезов соғысқа дейін 1938 жылы А.Зильбердің «Беккет» операсына либретто жазады. А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсының партитурасын жасайды. 1944 жылдың бас кезінде Алматыдағы опера және балет театрында «Абай» операсының премьерасы үлкен табыспен өтеді. М.Әуезов фильмнің сценариін жазады, фильмді Г.Рошаль мен Е.Арон қоюға тиіс болатын. 1945 жылы 22 қыркүйекте Мәскеуде фильмнің қазақша және орысша нұсқаларын мамандар көреді. 1942 жылы М.Әуезов панфиловшылар дивизиясының жауынгерлік ерліктеріне арналған «Намыс гвардиясы» пьесасын (Ә.Әбішевпен қосылып) жазып бітіреді. Қаһарман жауынгер және жазушы Бауыржан Момышұлының пікірі төбеден жай түскендей естен тандырарлық болды. «...осы заманғы соғыс мушкетерлер мен пикинерлердің соғысы емес, және отан соғысының офицері – Сіздерге ХІV ғасырдың рыцары болып табылмайды...» Бірақ кейіннен М.Әуезов пен Б.Момышұлының арасында ең ыстық қарым-қатынас орнап, ұлы жазушының аса қуатты дарынына табынған Бауыржан өзінің майдандағы жеке браунингін М.Әуезовке сыйға тартады. Ұлы Октябрь социалистік революциясының 25-жылдығына арналған «Намыс гвардиясы» пьесасы қазақ драматургиясындағы аса көрнекті шығарма болып танылды. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма пьесаның авторлары – драматург-жазушылар Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевке алғыс жариялады.

Работа содержит 1 файл