Ұлттық киімде кейіндірілген адам бейнелері композиция заңдылықтары арқылы бейнелеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:59, курсовая работа

Описание работы

Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналу, саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................2
І ТАРАУ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1. Бейнелеу өнерінің даму тарихы..........................................................................5
1.2. Бейнелеу өнерінің түрлері мен негізгі жанрлары........................................10
ІІ ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ СУРЕТШІЛЕРДІҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ
2.1. Қазақстан бейнелеу өнері..................................................................................16
2.2. Портрет жаныры бойынша Қазақстан суретшілерінің еңбектері..............18
ІІІ ТАРАУ. КОМПОЗИЦИЯНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРДЕГІ МАҢЫЗЫ
3.1. Композиция туралы түсінік...............................................................................25
3.2. Ұлттық киімде кейіндірілген адам бейнелері композиция заңдылықтары арқылы бейнелеу.......................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

моя курсовая оригинал.doc

— 183.50 Кб (Скачать)

-тұтастықты бұзбай, бүтін  нәрсенің бірде-бір бөлігі өз  бетінше алына алмайды немесе  басқа затпен алмастырыла алмайды;

-мұндай тұтастыққа  зиян келтірмей бөтен элемент  қосыла алмайды. 

Композиция бойынша  шығармашылық жұмыс істеу барысы суретшінің жеке бейнелі ойлау түсінігінің  көрсеткіші болып табылады. Нақты  көркем шығармасында іске астын идеялары мен елестерді білмей шынайы шығарманың болуы мүмкін емес. Симмметрия, тепе - теңдік, ритм, құрылудың орындылығы, алуан түрлі бейнелер, колористік құндылық, бейнелеу форматы мен көлемі - композицияның осындай элементтерін суретші өзінің ойына бағындырады.

Композиция қатаң ғылымдарға жатады. Оның тәсілдеріне үйреніп, кез - келген көркем шығарманы есептеп шығаруға болады. Ол үшін жас суретшілер композиция бойынша жаттығуларды көп орындаулары керек, мұндай жұмыстың нәтижесінде суретшіні қалыптастыратын шығармашылық даралық пайда болады.

"Композиция" деген  термин көп мағыналы: ол суретшінің  өзінің ойын құралда білдіретін  құрастыру процесін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қызметтің  соңғы қорытындысы - көркем шығарманы  да білдіреді. Композиция деп  автордың идеясын білдіретін нобайды түсінуге болады. Композиция дегеніміз - барлық элементтерді бірлестікке ұйымдастыру тәсілі. Осы талаптарды шешу композициялық тәсілдердің және әдістердің көмегімен іске асады, оның ішіндегі ең маңыздысы пропорция, өйткені композицияның барлық элементтерінің пропорциясын сақтау арқылы өнер шығармасының гармониялы үйлесуіне қол жеткізуге болады. Әдетте, "пропорция" терминін Цичерон біздің дәуірге дейінгі бірінші ғасырда алғаш рет қолданған деп айтылады. Латын тіліне аударғанда платондық термин "аналогия", тікелей түсінігі "қатынас" дегенді білдіреді.

Өнерде пропорция өнер шығармасының элементтерінің көлемдерінің қатынасын анықтайды. Сонымен, пропорция  деп тұтас күрделі заттың ішкі құрылысын құраушы бөліктерінің байланысын айтамыз, яғни бір көлемнен басқа көлемге дейінгі қозғалыс дегенді білдіреді. Өлшем категориясының құраушы элементі эстетикалық бейненің құрылу заңдылығын айқындайды. Ерте заманның суретшілерінің өздері, пропорцияның сақталуында сұлулық негіз байқаған. " Айқын пропорция" принципі ежелгі өнердің негізін қалаушы болған. Осы "алтын пропорцияны" зерттеген және мақтан тұтқан Леонардр Да Винчи оны алғаш рет "алтын кесік" деп атаған. Сол кезден бастап "алтын кесік" өнердің каноны болып есептелінеді. "Алтын пропорцияны" өлшем ретінде, табиғат заңы ретінде көптеген табиғи қүбылыстардың негізін құрай отырып, адам шығармашылығының өлшемі сұлулық заңдылығы болып табылады. Пропорцияның дұрыс ойласуы көркем бейненің тұтастығының белгісі.

Кескіндемедегі композиция дегеніміз - ойды толық және қуатты көріктілікпен көрсету үшін сурет жазықтығында бейнелеу элементтерінің орналасу тәртібі. Бір нәрсе жайлы айту үшін сөз қажет, ал маңызды және қызықты ойды сенімді жеткізу үшін мәнерлі сөз керек. Кескіндемеде де дәл осылай , көрерменнің назарын аулап, толғандыру үшін суретші күшті және көрікті бейнелеу тәсілдерін іздестіруге тырысады. Әр суретте композицияны құрастыру кезінде нысанның ең әдемі жағын айқындауға ұмтылады.

Қосымшаның мағыналы бөліктері негізгі және маңызды  бөлігіне бағынып, артық бөлшектерінің барлығы артқа қарай сырылады. Шығармадан келетін әсерлі сезімдер оның ішкі мағынасынабайланысты. Композициялық құрылымның барлық элементтері бірге таңдап алынған холст форматы, қарау нүктесі, көкжиек биіктігі жарықтану мінезі, композициялық орталықтың орналасуы - мұның барлығы суреттің эмоционалды әсердің болуына ықпалын тигізеді.

 Композициялық құрылымның  дайын рецепті болмайды. Бірақ  суреттің композициялық құрылуы  өмірде байқалатын топтарға негізделетіні  және табиғи нысандардың үйлесуіне,  көріп қабылдау ерекшелігіне байланысты екені анық. Көне шеберлер қолданған "үшбұрыш", "диагональ" принциптері бойынша ғана суреттің композициясын құрастыруға болмайды. Суретте қойылған талаптарға байланысты композиция да өзгереді. Шығарманың композициялық құрылысының мінездемесі табылған идеялық ойдан шығады және мағынасымен анықталады.

Шынайы қоршаған ортадан  суретші өзінің суреттеріне кейіпкерлермен қатар, композициялық құрылымның негізін  табады. Өзінің шығармашылық жұмыстарында, композицияны құрастыруда суретші көру қабілеті мен заңдылықтарына сүйенеді. Симметрия, тепе - теңдік, ритм, құрылымның мақсатқа лайықтылығын, қарау нүктесінің бірлестігі, колористік тұтастық,көріністің көлемі мен форматы - композицияның барлық элементтерін суретші ойдың айқындалуына бағындырады.

3.2. Ұлттық киімде кейіндірілген  адам бейнелері композиция заңдылықтары  арқылы бейнелеу.

Елестету қабілетінің  дамуынсыз суретші шығармашылық әрекет жасай алмайды, тек әлсіз  бұлыңғыр копияның сұлбасын жасай алуы мүмкін. Бейнелеу өнері – бұл болмыстың бейнелі көрінісі. Н.Н. Ге бұл жайлы былай деген еді: «Адам өзінің бойында елестете алу күшін дамыту керек». Белгілі кеңес үкіметінің профессоры, тәжірибелі ұстаз К.Р. Трохименко оқушының тек натураға қарап сурет композициясын орындауы, өздігінен елестету арқылы сурет сала алмайтындығын үлкен кемшілік деп есептеген. Мұндай жұмыс жасау шығармашылық тұрғыда елестете алудың, көріп есте сақтаудың сәтті дамуын тежейді. Оқушы тақырып тауып, оның сюжетін анықтап, оны тікелей суреттеп, сол қалпында композициялық эскизін түсірсе, ондай әдіс-тәсіл жұмысқа өзінің кері әсерін тигізу мүмкін. Осылайша, оқушылар біртіндеп шығармашылық ізденістен алыстап, проблеманыөз деңгейінде қарастырудың жолына түспейді. Шығармашылық – адамдағы барлық негізгі психикалық процестерді жұмылдырудың алдын алушы күрделі кешенді үрдіс. Н.П. Крылов: «Композиция картинаны шығармашылық жағынан ұйымдастыру болып табылады және ешқандай жағдайда оны салынатын заттар мен денелердің қарапайым  қойылуымен және орналастырылуымен араластыруға болмайды», – деген болатын. Шығармашылық әрекеттегі қажеттілік нақты жаңа жұмыстағы қоғамдық қажеттілікпен байланысты. Себебі, осы нәрсе шығармашылық идея мен ойдың келіп шығуына, жаңалық жасауға итермелейтін күш ретінде қызмет етеді. Суретшінің елестету қабілеті практикалық іс-әрекеті барысында анықтай түседі. Шынайы орындау барысында әрбір көркем бейне жетілдіріле түсіп, тексеріліп, қабылданады. Адамның ойлаған ойы қағаз бетіне немесе кенеп бетіне түскен сәттен бастап ол көрсетімділік, бейнелі сипат алады. Оны суреттегі кескіндемедегі (эскиздерде) мәнерлілігінің жетілуі көрермендік бейненің тазалануымен, нақтылануымен қатар жүреді, яғни бейнелеу әрекеті елестету қабілетінің келесі жұмысы үшін әрі қарай жүргізетін және таяныш болуға қызмет етеді.

Елестетудің қоршаған орта әлемімен, практикамен әрқашан байланысты осы әлемді танып білуі біліктілігіне байлынысты. Суретші қаншалықты білгір, көп оқыған, таным қабілеті кең және бейнелеу әрекетіндегі тәжірибесі бай болса, соншалықты оның жаңа көркем шығармалар жасауға мүмкіндігі мол болады. Әрбір шығармашылық әрекет тәрізді көркем шығарманың мақсаты да бірізді байланыстағы міндеттерді шешу болып табылады. Сонымен қатар, бұл міндеттерді бірінен кейін бірі сондай бірізділікпен шешілуі тиіс. Бұл бірізділікті  бұзу, әдетте шығармашылық ойдың азаюына, бейнеленетің заттың мәнерлілігін кемуіне алып келеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанның ХХ ғасырдағы  бейнелеушілік өнері 3-ші мыңжалдыққа  парасаттылық және рухани толысқан түрде  аяқ басты. Онда қазақтың көшпенділік  мәдениетінің ежелгі тамырлары мәнін тапқан және түсіндірілген. Сол айтылған мәдениетке сай негізгі қаланған жалпы адамзаттық құндылықтардың заман суретшілері дүниежүзі өнеріндегі әдептер және жаңа бағыттар арқылы, ХХ ғасырдың философия мен мәдениетіндегі ірі ағымдары арқылы өз шығармаларында ашып көрсетеді. Соның қорытындысы ретінде, инновациялар негізінде бір ғасыр бұрын пайда болған бүгінгі қазақ өнері рухани ерекшеліктерін жоғалтпау мен қатар, соған сай қайталанбас пластикалық өнер тілін қалыптастырды. Мүмкін сол себепті болар, нақты көріністердің сан алуан қырға ие болуымен бірге, Қазақстан өнері танымал қасиеттерімен де ерекшеленеді. Олар: тұрмыстың экзистенциалдық мәселелерін қатысты мүдделер; үйлесімділіктің адам мен табиғаттың бірлесе өмір сүруінің негізі; творчестволық көзқарастардың кең ауқымды болуы; ұлттық мәдени әдет-ғұрыптар , мұраларының шектеулілігі; дүниежүзілік мәдени кеңістікке ерікті түрде енуі. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы және ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстандағы бейнелеу өнері мен мүсіншілігін күнделікті өмірдің табиғатпен үйлесімділігі туралы асықпай айтылатын әңгіме, адам мен Универсумының үздіксіз байланысының философиялық жалпыламасының көркемсуреттік таңбаға айналуы деп түсінуге болады. Бүгінгі күн, суретшілерінің шығармаларында жұмбақтық метафоралары және мән мен толықтырылады және сол арқылы жанданады, адам мәдениетінің ежелгі ғарышын бүгінгі күндегі адам ой – санасының жаңа ағымдарымен байланыстыратын мәндер мен мазмұндар пайда болады, суретшінің өмірге деген махаббаты, оны түсінуге бағытталған мәңгілік ұмтылысы да қайталанбас түрде өмірге қайта келеді.

Классикалық академиялық  халықтың көпғасырлық тарихының  өзіндік жылнамасын жасайды және менің ойымша, Қазақстан өнерінде ең маңызды орынға ие болды. Тарих  пен мифологиялық сюжеттер, көшпенділердің өмірінен алынған фрагменнтер, далалық және таулы пейзаждар генетикалық есті бейнелі түрде жаңғыртуға, болмыстың мызғымас категорияларын ұғынуға мүмкіндік береді. Бейнелердің байлығы, олардың мифологиялық мәні, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен салттардың тәжірибесі, дәстүрлі мәдениеттің трансляция талабына жауап береді және бейнелеу өнер құралдарымен ашып беруге мүмкіндіктер береді.

Реалдық әлемі дегеніміз? Әрине, мәдениеттігінің бәрі тұтастай алғанда адам үшін, тарихи Адамзат  тарихы реализмдық әлемі рухани көзге, естуге, түйсінуге арналған баршылық қана емес, сонымен қатар ішкі әлемімен игерілетін, адамның барлық қызметін басқаратын нәрсе екенін көрсетеді. Қорыта айтқанда, суретші өзінің ойы мен сезімін толық таныту жолында, тек қана өзіне қажеттілерін екшеп алуда, яки толық қанды тұтас образдарды жасау жолында ұзақ дайындықтан өтті. Ол барлық бейнелеу әдіс – тәсілдерін жете меңгере отырып, кенепке немесе ақ қағазға салған әрбір бояудың түрін жігерлендіруші қуатты күшті айналдыра білді. Ол бір мезгілде өнердің міндете – көзге көрінген нәрсенің бәрін жазып ала бермей, ең алдымен – шындықты дұрыс және терең түсіну, зат пен құбылыстың құпия сырларын жете ұғыну, сыртқы жалған көрініске құр еліктемей, оның ішкі әлемі, сезімін, ойын көре білу және оны бейнелеу өнерінің әр уақытта қолынан түспейтін, әрқашанда құлапта сақтайтын құралдармен дәл жеткізу қажеттігін жүрегімен ұғынды. Себебі, суретші алғашқы бояу жаққаннан-ақ, одан кейінгілерінде де салған суреттерін үнемі шындыққа жанаса ма және оған өзінің көзқарасы үйлесе ме деген жалғыз дара форманы тауып алғанға дейін кедергілергекездесе береді ғой. Әрине, бояу жағылған сайын формада жетіле береді, мазмұны да жақсара түседі. Суретшінің ойы мен сезімі заттың мәнісіне терең үңілген сайын, оның жеткен шегіне, сырт көрінісіне қанағаттануға тура келеді. Ал, егер салған туындысына көңілі толмай одан әрі іздене түссе, ілгері қарай жетілдіре берсе, тіпті жақсы, себебі іздену үстінде жоғын табады, машықтанады. Ал, болмысты творчестволық тұрғыдан меңгере берудің тіпті де шегі жоқ қой. Басқалардың творчестосынан үнемі үйреніп және қадағалап отыру суретшінің өзін-өзі сезінуіне және өз еңбегіне сырт көзбен қарай білуіне көмектеседі. Сондай-ақ, суретші өз өнерін басқалардың творчествосымен салыстыра бақылап, оны суреткердің қоғамдық міндетімен, мән-мағына туралы жалпы ұғыммен байланыстыра қарай алуы қажет. Кең мағыналы «реализм» ұғымының шексіз кеңістігінде еркін қалыптап жүрген Қазақстан өнерінің санқырлығын айқын танытатын осы ерекшеліктер 3-ші мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның бейнелеу өнерінің шарықтауы туралы менің сенімімді қуаттайды. Бүгінгі танда Қазақстан өнері бірегей өркениетті ғарыш ретіндегі қазақ мәдениетініңсақталуы мен дамуындағы ұлы жасампаз қызметі атқарады және әлемдік мәдени кеңістікке енуіне жол ашады.

Мемлекеттің негізгі мақсаты – ұлттық қауіпсіздікті сақтау дейміз. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау – қорғаныс күштерін нығайтып, ел ішіне енген арам пиғылды адамдарды аңду ғана емес, ел азаматтарының бірлігін сақтау, рухы биік, өз ұлтының барлық асыл қазынасы мен асыл қасиеттерін бойына сіңіре білген, өз дәстүрі мен салт-санасын өзгеге айырбастамайтын саналы азаматтарды тәрбиелеп, қалыптастыру. Оның бірден-бір төте де сенімді жолы біреу-ақ, ол – жас ұрпақты мәдениет арқылы тәрбиелеу. Мәдениет – көптеген тоғышарлардың түсінігіндей клубтар мен дискотекалар ғана емес, мәдениет – тіл, тарих, музыка, әдебиет, экран, телеэкран, т.б. Біз көп айта беретін ұлттық идеология дегеніміздің өзі негізінен мәдениетке сүйенеді. Сондықтан біз шекараны қалай қорғасақ, мәдениетті де солай қорғауға тиіспіз. Қоғам мүшелерінің парасат деңгейі мен рухани биіктігі жоғары болған сайын мемлекет негізінің іргетасы да соғұрлым берік болмақ.

Осы қағиданы анық түсінгеннен  кейін мемлекеттің алдынан мәдени дамудың бағытын таңдау, оны таңдағаннан  соң сол дамудың стратегиялық концепциясын жасамай тұрып, мемлекеттік идеология туралы ойлаудың өзі жалаң идея, сөз жүзіндегі игі қана боп қалары даусыз. Қазақтың мәдениет және өнертану ғылыми-зерттеу институты осы концепцияны жүзеге асыру үшін арнайы бөлім ашып, іске кірісіп кетті.Қазақстан – территориялық, экономикалық және геосаяси жағынан өзге мемлекеттерге ұқсамайтын бірден-бір ерекше мемлекет. Оны қоршаған мемлекеттердің конфессиялық, экономикалық, саяси құрылымдары мүлдем әр басқа. Бұған келіп, республиканың өз ішіндегі әр түрлі ұлттыр мен ұлыстардың тілдік және ментальдық әр алуандығын қоссақ, мәдени дамудың жалпы мемлекеттік стратегиясын жасап шығу оңайға соқпасы белгілі. Ол үшін әр түрлі тілдік, діндік және тарихи-мәдени ерекшеліктерді мен заң ғылымының өкілдері де белсене араласуы қажет.Қазақстан мәдениеті деген үлкен ұғымға негізгі ұйықты болатын Қазақ мәдениеті ертең қай бағытта дамуы керек? Азиялық па, еуразиялық па, түркілік пе, әлде мұсылмандық негізде ме? Мемлекетаралық, ұлттық интеграцияға ұмтылып отырған Қазақстанның қазіргідей саяси жағдайында бір ғана ұлттық шеңберде дамуды мақсат етіп қоюдың өзі дүние-әлемде қалыптасып отырған бүгінгі таңдағы реалды жағдайды ескермегендік боп табылар еді. Ұлттық мәдени дамудың перспективаларын негізге ала отырып, біз өзімізді қоршаған басқа да озық үлгідегі мәдени дәстүрлер мен ағымдарды есепке алуға тиіспіз.

Мәдениет ұлтты қорғайды, сол ұлттың басын құрып отырған  мемлекетті қорғайды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Демек, мемлекет те өз мәдениетін қорғауы керек, оның жаңарып, түрленіп, гүлденіп отыруына баса көңіл бөлуі қажет. Мәдениетті күнделікті болып жататын көңіл көтерер факт ретінде қабылдамай, ұлттың негізі, мемлекеттің тірегі деп қарайтын кез жетті. Олай болмаған жағдайда ұлт мәдениетінің босаған орнын басқа елдің жат өнері жайлап алады. Ол – жаңғар шапқыншылығынан әлдеқайда қауіпті.

ХХІ ғасырда бейнелеу өнері сияқты адам жайында айтудың  осындай көне тәсілі қажет бола ма? Жердегі жаңа адамдардың суретшінің алдында ол бейнелеудің ұтымды формасын  тапқанға дейін тапжылмай отырып күтуге уақыттары мен шыдамдары жете ме? Өмір сүре келе, көрерміз. Дегенмен, жақсы нәрсе текке кетпейді дегенге сенгің келеді және екі адам өмір мен өнер туралы достық рәуіштегі әңгімеде бір-біріне өздеріне сын көзбен қарауға мүмкіндік беретін де күндер туады: суретші ерекше түс белгісін табуды қажет ететін модель болса, модель суретші үшін шығармашылық пен өнердің мәнін түсіндірудің құралы.

 

 

Информация о работе Ұлттық киімде кейіндірілген адам бейнелері композиция заңдылықтары арқылы бейнелеу