Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:59, курсовая работа
Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналу, саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
КІРІСПЕ .......................................................................................................................2
І ТАРАУ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ РОЛІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1. Бейнелеу өнерінің даму тарихы..........................................................................5
1.2. Бейнелеу өнерінің түрлері мен негізгі жанрлары........................................10
ІІ ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ СУРЕТШІЛЕРДІҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ
2.1. Қазақстан бейнелеу өнері..................................................................................16
2.2. Портрет жаныры бойынша Қазақстан суретшілерінің еңбектері..............18
ІІІ ТАРАУ. КОМПОЗИЦИЯНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРДЕГІ МАҢЫЗЫ
3.1. Композиция туралы түсінік...............................................................................25
3.2. Ұлттық киімде кейіндірілген адам бейнелері композиция заңдылықтары арқылы бейнелеу.......................................................................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Б. ө-ндегі түрлі бағыттар
негізінде “Стиль” және “Баухауз”
тобы, Н.Габоның скульптуралық
Сәулет өнері
Сәулет өнері әрқашан да пластикалық өнерлердің ішінде ең бастысы болып келді. Ол дәуір идеясын мейлінше күшті білдірді және өз заманының басқа бейнелеу өнерлерінің – скульптура мен живописьтің стилін анықтап отырды. Мұның өзі әрі ұзақ жасайтын өнер: египеттік пирамидалар немесе американ үндістерінің ежелгі храмдары сан мыңдаған жылдар тұрып, бізге дейін жетті. Сонымен бірге бізге сәулет өнердің өнер ретінде қабылдай көбіне қиын. Біріншіден, оның скульптуралар мен картиналардан айырмашылығы өте көп – ол ештеңені бейнелемейді және ештеңені суреттемейді. Екіншіден, архитектурамен біз күн сайын және сағат сайын ұшырасамыз – архитектуралық ғимараттарда өмір сүреміз, оқимыз және жұмыс істейміз, барлық уақытта архитектура арасында жүреміз де оны біздің өміріміз өтетін үйреншікті, табиғи дерлік орта ретінде қабылдаймыз. Музыканы біз қалаған уақытта тыңдаймыз: киноға немесе музейге керегінде барамыз. Ал архитектура онымен өнер ретінде қарым-қатынас жасауға бізде қажеттілік бар ма немесе жоқ па – оған қарамастан бізді үнемі қоршап тұрады. Архитектура – бұл адам қызметінің ерекше түрі, мұнда техника мен өнер, пайда мен әсемдік бірге өрілген.
Және де сәулет өнері тікелей ештеңені бейнелемегенімен және суреттемегенімен, ол, бәлкім, бейнелеу өнерінің барлық түлерінің ішінде мейлінше әсерлі, біздің сезімімізге әсер етуге мейлінше қабілетті өнер болып табылады. Дарынды архитектор жасаған әрбір құрылыста, әрбір ғимаратта өзіндік бет-бейне бар, оған ерекше көңіл күй берілген.
Мүсін өнері
Мүсін өнері – бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын өнер: ол шынында да адамдарды, хайуандарды, түрлі заттарды бейнелейді. Оның архитектурамен ортақ жайты бар: оның басты әсерлілік құралы – аумақты форма және ол да қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан – ағаштан, тастан, металдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезе, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Оның есесіне ол, архитектура сияқты, ұзақ сақталады, сондықтан көптеген скульптуралық туындылар ғасырды емес, мыңдаған жылдарды басып өтіп, мысалға, ежелгі Мысырдың патша әйелі Неферититидің басы сияқты, күні бүгінге дейін біздерді толғандырып, тамсандырып келеді. Мүсінің әсерлілік құралдары графикамен және әсіресе живописьпен салыстырғанда өте шектеулі: мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен – олардың формаларының жинақталуымен немесе өңделуімен, қимылымен, материалмен, фактурамен білдірілуі тиіс.
Кескіндеме
Кескіндеме дегеніміз – әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын көркем шығарма. Кескіндеме атауы орыстың живопись «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді. Кескіндеме бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады. Кескіндеме суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б. салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера, майлы бояу, пастель, сангина және т. б.
Кескіндеме – бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен – темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган живопись болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар, жартылай гравюра кескіндеме (монотипия) бар.
Графика.
Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар – осының бәрі графика неғұрлым шартты, ол түстер мен формалардың бүкіл байлығын бере алмайды, графика оларды жеңілдете отырып, ең негізгісін таңдап алады.
Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ: онда да жазықтық үстінде бейнелеу орын алады. График,живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге, сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көмекші роль атқарса, графикада суреттің рөлі шешуші, мұнда ол өнердің дербес түріне айналады. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір түрлерінде түстер де пайдаланылады, бірақ оның рөлі, әдетте, шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады.
Ең сараң графика – заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені – адамның типін, характерін, қимылын бере алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз талғамы және сенімді қолдары сызықтарға болмашы ауытқулар бере отырып, оны аздап жіңішкерте немесе жуандата отырып, оған түрлі характер береді. Форманы «пішіндеуге», жарық пен көлеңкені және бір жағынан заттың фактурасын беруге қабілетті штрихтық суреттің мүмкіндіктері үлкен.
Сурет түстермен боялуы да мүмкін әдетте бұл акварельмен немесе пастельмен жасалады. Бұл живопись емес, заттардың түстік сипаттамасына жасалған ишара ғана, басты міндет форманы беру болып қала береді. Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай-ақ ақ-қара және түрлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюралар бірнеше тақталардан басылады.
Гравюралардан басқа, графика өнерінің тағы бір түрі – литография да көбейеді. Бұл – бетіне тікелей сурет салынған ерекше жалпақ тастан басып шығару. Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады. Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның түрлері аз емес, бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.
Сатиралық графика – карикатура да бүгінгі өмірде айтарлықтай роль атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын аша отырып, күн сайын ұшырасамыз. Графика үшін тұтас алғанда қолданылған түстің шарттылығы, образдың жалпылығы, әсірелеу мен символика тән. Графика өнерінде живописьпен және скульптурамен салыстырғанда сыртқы ұқсастықтан едәуір ауытқуға жол беріледі.
Қолданбалы өнер.
Қолданбалы өнер деп эстетикалық сапарларға ие, өзінің әдемілігімен біздің көзімізді қуантатын практикалық пайдалы заттар жасауды айтады. Бұл өнер өзінің табиғаты жағынан архитектурамен туыстас: онда пайда мен әсемдік бірігіп жатады. Қолданбалы өнер халық творчествосымен ерекше тығыз байланысты. Мұндай өнер туындыларына мебель, кілемдер, ыдыс-аяқтар, үй-іші тұрмысында қолданылатын басқа да тұрмыстық заттар және ойыншықтар жатады.
Қазіргі заманғы суретшілер халық дәстүрлерін ой елегінен қайта өткізіп, творчестволықпен қайта өңдей отырып, оларды жаңа материалдарға – пластиктерге, резеңкеге бейімдейді. Резеңке ойыншықтарда да форма барынша жалпыланған, бірақ өзінің фактурасы ерекше – жұмсақ, жылтыр болып келеді. Ал оның үрлеген кезде жалпақ нәрседен аумақты нәрсеге айналуының, әдеттегі табақшадан таныс аңның томпақ формасына ауысуының өзі неге тұрады.
Пейзаж
Пейзаж (француз сөзіне шыққан) – бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде (VII-VIII ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерлерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың саңына тұспа-тұс келеді. (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және басқа да көптеген суретшілер).
Пейзаж – қайсыбір
жерлерді жай айнытпай бейнелей салу
емес, онда суретшінің сезімдері мен
ойларын берудің үлкен
XVII ғасырдағы голланд
Портрет.
Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды – үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді екен деп есептеді.Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.
Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түпнұсқасымен ұқсастығы. Бірақ бұл, математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Біз суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз.
Дизайн.
Дизайн мейлінше сан алуан машиналарды безендірумен, оның өзінде де жасанды жолмен ойластырылған безендірумен емес, олардың конструкциясымен және атқаратын қызметімен логикалық сабақтастықта безендірумен айналысады. Заттың техникалық жетістіктері мен атқаратын қызметін баса көрсететін сыртқы сұлулыққа инженер-конструктор мен суретшілер мен дизайнерлердің бірлескен төзімді еңбегімен қол жетеді. Мысалы, қазіргі заманғы самолеттің немесе автомобильдің тамаша формасын жасау үшін оның техникалық құрылысын ғана емес, сонымен бірге осы машина дамуының тарихи жолдарында да терең зерттеу қажет. Сырт келбетімен жайлылықты, қуаттылықты және жүріс жылдамдығын білдіретін қазіргі заманғы автомобильдердің формалары да осылай жасалған.
Натюрморт
Натюрморт французша nature morteлар, италиялық natura mortaлар (, сөзбе-сөз - өлген табиғат; stilleven, Stillebenнiң немiсi голланд, still life ағылшынша, сөзбе-сөз - тыныш немесе жылжымайтын өмiр ) суретке арналған болжағыш топ ұйымдастырылған бiртұтас орта орналастырылған (негiзiнен станокты кескiндемемен) бейнелеу өнерiнiң жанры. (қойылу деп аталатын) себептiң арнайы ұйымы - натюрморттың жанрдың бейнелi жүйесiнiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi. Мысалы, үстелде, гүл шоғындағы түстерi балықты - үй тұрмысының заттарының жансыз заттарынан басқа , натюрмортта қағылез табиғаттың өз табиғи байланыстарынан зат нақ сол бағытталған шеттетiлген объекттерi суреттейдi,- деп жанды зат қозғалатын қағылез шыбын-шiркейлер, құстар, аңның суретi тағы сол сияқтылар, тiптi адамдар - натюрмортқа кейде оның негiзгi себебi бiрақ тек қана толықтыра кiре алады. Натюрмортта салыстырғанда басқа жанрлармен тұрмыс-салттың контекст ерекшеленген маңыздылық аз заттар өседi. Жанрдың ерекшелiгi суреттiң мәселелерiне құрылымға (және көрермен) суретшiнiң үлкен ықыласы және көлемдердiң бөлшектерi, беттiң фактурасына анықтайды. Натюрморттың мақсаттары бұл жанр, символиканың өрнегiне, сәндiк есептердiң шешiмiне немесе пәндiк әлемнiң табиғат зерттеушi дәл бекiтуiне, бұл есептердi апармайды натюрморттың құрастыруына көпшiлiгiнде мүмкiндiк туғызғанында емес, оның түрлерi қауымдастықтардың байлығы, жарық сәндiкпен және табиғидың берiлуiн бұлдыр дәлдiктермен жиi айырмашылығы болғанында.
ІІ ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ СУРЕТШІЛЕРДІҢ РУХАНИ ӘЛЕМІ
2.1. Қазақстан бейнелеу өнері
Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының әлеуметтік-мәдени дамуы жөніндегі тұғырнамасында Республикада тұратын барлық халықтар мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне тиісті көңіл бөлінетіндігі және кез келген мәдениет қайталанбас, теңдесі жоқ қазына екендігі, сондай-ақ, белгілі бір халықтың өзін дүние жүзіне сол арқылы толық танытатыны айтылған. Сонымен қатар, бұрынғы өткен өзіндік мәденидәстүрлерін еске түсіру, есте ұстануына, одан рухани қуат алып, өзіндік жасампаздық үрдісін тыныту үшін оған басқа мәдениеттердің белгілерін шеберлікпен өз бойына дарытуға мүмкіндік беретіні көрсетілген. Халықтық мәдениеттердің өзіндік ерекшеліктерін мойындай келіп, Қазақстан халықтары мәдени қазыналарының бірлігі қалыптасатынын ескеріп, мемлекет барлық халықтардың мәдени мұраларын сақтап, қорғайтыны, мәдениеттердің теңдігін және әрбір халықтың өз мәдени ерекшелігін орнықтыру, сақтау және дамыту құқығынқамтамасыз ететіндігі тұжырымдалған.
Өткен жолыңды қорытындылау, жете түсіну және бағалауға деген ұмтылыс әр саналы тұлғаға тән. Сондықтан, адамның осы қасиеті оның ұлттық рухани түсінігінің жалпылама процестерін де анықтайды. Өнердің көркемдік кейіпкерлеріне дүниетанымының қандай идеялары, сезімдері мен принциптері жүзеге асырылатынын түсінуге бағытталған ұмтылыс, әсіресе дәуірлер тоғысында, мәдениет кезеңдері алмасар сәттерде ерекше орын алады. Сол себепті ХХІ ғасырдың табалдырығын аттар сәтте, біз өткен ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанның көркем өнеріне не әкелгені, оған біздің қандай үлесіміздің бар екендігі туралы ойланбай тұра алмаймыз. Өткен жүзжылдықта түрлі инновациялармен қатар дербес мәдени феномен ретінде кәсіби көркемөнер мен мүсін өнерінің ұлттық мектебі қалыптасты және өмірден өз орнын тапты.
Әр тарихи дәуір ғажайып көріністерін сақтаған қазақ халқының көркемөнерлік ғұламасы ХХ ғасырда әр қырынан көрінудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды. 20-30 жылдары Қазақстандағы кәсібі бейнелеу өнерінің дамуының негізгі терігі, республика үшін жаңа. Еуропадан келген ақсүектік станоктық мүсін өнері мен майлы боямен кенепке сурет салудың техникасы, технологиясы, әдістері болды. Көрекемөнер мектебінің аяқтан тұруының негізгі парадоксы өнердің сырттан келген түрлерінің дербес үлттық мәдениеттің рухани ұясында біртіндеп қайта оралуы, толығу дәрежесінде 90 жылдары жеткен сана сезімнің ұлттық типіне пара-пара көркемөнер тілін құру болды.
Мәдениетіміздің, бір қырынан алғанды таныс, ал сонымен қатар үнемі болжалуы мүмкін емес жағдайы – күрделі араласулар мен өзара әсерлердің, бастан кешірген қиысулар мен түйісулердің, сонымен қатар көркемөнер мен мүсін өнері түрінде көрініс беретін ұлттық сезіміміздің нәтижесі. Мүмкін соның нәтижесі болар, 90-шы жылдардағы қазақ өнерінің жалпы ауқымын көру үшін, сонымен қатар, сол өнердің көркемсуреттік процестерге әсерін А. Қастеев пен А. Исмаиловтардың шығармашылығындағы алғашқы қадамдармен бірге келіп, ары қарай Х. Наурызбаев, М. Кенбаев, С. Мәмбеев, К. Телжанов, Г. Исмайлова, С. Айтбаев, Т. Тоғысбаев және басқа да көптеген суретшілердің өнерінде жалғаса отырып, қазақ сурет өнеріне енген рухани басымдықтар стилдік көріністердің аса бай қырларының ішінде бола отырп – ақ сирек кездесетін тұрақтылыққа ие болды.