Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:17, курсовая работа
Қазір біз өткенді қайта қарап, қайыра зерделеу үстіндеміз.
«Ежелгі Египет мәдениеті» Ертедегі Шығыс және Жерорта теңізі бассейні жағалауындағы таптық қоғамдар мен мемлекеттердің даму жағдайларын «Ежелгі дүние тарихының» құрамдас бөлімі болып табылады. Ежелгі Египет Ежелгі мәдениеті мен тарихы Шығыс мемлекеттерінің қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың пайда болуын, дамуын және құлдырауын қарастырады. Ол б.э.д. ІІІ мыңжылдықтардан басталып, б.э.д. Жерорта теңізіндегі гректік және эллинистік мемлекеттерді Рим империясының жаулап алуымен аяқталады
І – тарау. Ежелгі Египет өркениетінің дамуы.
1.1. Алғашқы өркениет ошақтары және Ніл өзенінің Ежелгі Египет мәдениетіне ықпалы
1.2. Ежелгі Египетегі қолөнердің және жазудың дамуы
1.3. Ертедегі діни наным – сенімдер
ІІ – тарау. Пирамидалар және сәулет - құрылыс нысандары – ежелгі Египет мәдениетінің ұлы жетістігі.
2.1. Пирамидалар мен құрылыстардың ежелгі Египет мәдениетінде алатын орны
2.2. Эллинизм дәуіріндегі сәулет – құрылыс өнерінің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Пирамидалар жалғыз тұрмады. Оның айналасында көптеген зираттар орналасты. Онда патша семьясының мүшелері, ауқатты адамдар жерленді. Б.з.д. 2000 жылы Фивыда ХІІ әулет билігі басталған болатын. Бұл екі ғасырға созылады. Аталған кезең орта патшалық деген атпен тарихта белгілі. ХІІ әулеттің негізін қалаушы Аменхотеп І жаңа патша Фивыда қалмады, ол астананы жоғарғы және төменгі Египет шекарасына көшірді. Астана Иттауи деп аталынды.
Орта патшалық перғауындары
Ерте патшалық билеушілеріне еліктеп,
өз өз астаналарының оңтүстігіне
пирамидалар сала бастады. Бірақ, бұл
пирамидалар кірпіштен қаланбад
1955 жылы египтолог Хейс өзінің көпжылдық Брукмен музейіндегі жұмысын аяқтады. Ол әртүрлі пирамидалардан табылған папирустарды оқып, ондағы жазулардың сырларын ашты. Пирамидалар негізінен тек, құрылыс ретінде қарастырмауымыз керек. Осы пирамидалардан табылған папирустарда талай тарихи шындық жазылып қалдырылған еді. Негізінен перғауындар мен Египет билеушілері пирамидаларды өзінің көзі тірісінде салдырып, ол өлгеннен кейін артына естелік қылып қалдырып отырған еді. Сондықтан да, бұл папирустарда билеушілердің ішкі – сыртқы саясаттры жақсы бейнеленген болатын[20; 93]. Жалпы алғанда ежелгі Египет тарихынан толықтай мәлімет беретін пирамидалар екендігін ұмытпауымыз қажет. Осмы ежелгі пирамидалардың арқасында көне Египет тарихына жете зерттеуге мүмкіндік алып отырмыз.
2.2. Эллинизм дәуіріндегі сәулет – құрылыс өнерінің дамуы.
Египет эллиндік мемлекеттерінің ішіндегі ірілерінің бірі болды. Оны Птолемей әулеті басқарды. Алғашқы патшасы Александр Македонскийдің әскер басшыларының бірі Птоломей Лаг (б.э.д. 323 – 283 жж.) бастау алады[50; 231].
Египеттің негізгі территориясында үш грек қаласы: Александрия, Птоломейда, Навкратис орналасты. Патша сарайы Александрияда болды. Патша сарайының абыздары патшаның кеңесшілері болды. Патша өзіне жақын адамдардан жоғары мәртебелі төрелерді тағайындады, олардың ішінде бүкіл қаржы әкімшілігінің ең үлкен бастығы – диойкет, патшаның елді басқарудағы оң қолы болды. Құрылыс мәселелерін де сол шешіп отырды.
Эллиндік Егиепт мәдениеті хақында көптеген еңбектер қалған еді. Соның ішінде ең бір маңыздысы ретінде б.э.д. ІІІ ғ. египеттік абыз Менефон Птоломей патшаға «Египет тарихы» кітабын ұсынады[48; 39].
Аталған кітаптан көптеген мәліметтер алуға болады. Мәселен, бұл кездері ауылды жырлау кеңінен тарай бастаған. Себебі, қаланың көбеюі халықты у – шудан жалықтырғандығы баяндалады. Бұдан көретініміз қала халқының көбейіп, негізінен елдің дамығандығы байқалады.
Египет эллинизм дәуірінде қала мен сәулет онердің орталығына айналды. Бұның нақты көрінісі ретінде Александрия қаласын атауға болады. Бұл қалада ежелгі Египеттік мәдениет қалдықтары болмады десе де болады. Қаланың негізі эллинизм кезеңінде салынғандықтан, бұл жердерде көбінесе осы дәуірдің сәулет – құрылысын кездестіруге болады.
Қала ұзындығы 5 км. Ені 1,2 км. Қаланы 12 км. Ұзындықтығы қорған қоршап тұрған болатын. Қалаға Фарос аралы жақын орналасты. Бұл аралда әлемге әйгілі Александрия маягі орналасты. Деректер бойынша аталған маякті б.э.д. 299 – 283 жылдары архитектор әрі, шипагер Сострат салған еді. Бұл маяктің биіктігі 170 метрді құрады. Бұндай құрылыс қазіргі таңның өзінде кездеспейді. Құрылыс жағынан да, өзіндік ерекшеліктерге толы болды. Табаны жалпақ әрі домалақ болып келді, ал төбе жағы сүйірлене отырып жоғарыға қарай салынды[36; 121]. Ең жоғарғы жағына теңіздегі кемелерге бағдар беру мақсатында орналасқан шырақ тұрды. Маяктің басына баспалдақтар арқала көтерілуге мүмкіндік туындады.
Қала ішінде базар, моншалар, сот ғимараттары т.б. болды. Кейбіреулері 3 – 4 қабаттан тұрды. Қаланың Батыс бөлігінде Египет кварталы болды. Онда Серакис храмы орналасты. Серакис храмы Серакис құдайына арналып салынды. Серакис құдайы Александрия қаласының қамқоршысы ретінде танылды. Салынған храмға мінажат етушілер негізінен Александрия қаласының тұрғындары болып табылды.
Римнің гүлденуіне дейін қалада – грек, македон, египет, иудей халықтары тұрды. Ол дүниежүзіндегі көпұлтты және ең ірі қалаға айналды. Үлкендігі және халық тұрғындарының көптігі жағынан ежелгі дүниедегі ең ірі қалаға айналғандығы белгілі. Б.э. І – ғасырына дейін 1 млн. халық өмір сүрді[29; 152].
Ерте өркениеттік фараондар сияқты Птоломей ІІ үлкен зоологиялық бақ салдырды. Онда Орта Азия, Үндістан, Африкадан әкелінген жануарлар болды. Мысалы: леопард, барыстар, буйвулдар, жабайы есктер, питондар, жираф, носорогтар мен аю және әртүрлі құс түрлері т.б. болған.
Қалада керемет сарайлар салынды. Сонымен қатар, Александр Макендонскийге арналған мовзолей, әскери казармалар салынды. Осында ғылыми орталық Александрилік кітапхана болды. Кітапхананың негізін қалаушы Птоломей І болды. Кітапханаға дүнинің әр бұрышынан келеген папирустар мен кітаптар әкелінді. Онда 90 мың томдар, 400 мың свитоктар сақталынған. Б.э. І – ғасырда кітапханада кітап қоры 700 мыңға жетті[26; 132].
Птоломей І тұсында мусион құрылды. Мусион – Александриялық ғылым академисы. Онда дүниежүзінің әр жерінен келген ғалымдар еңбек етті. Мусион мен кітапхана Александрияны дүниежүзінің мәдениет орталығына айналдырды. Осы дәуірге Архимед, Евклид сонымен қатар, астронамдар Никейский мен Птоломей, ботаник Гефраст еңбектері жатады. ІІІ ғасырдың ұлы геогрофы – Эратосфен осы Александрияда еңбек етті. Қан айналым жүйесін ашқан физиолог – Герофил еңбектері ерте Египет медицинасына негізделген ғалым еңбектрі Александрияда дүниеге келді. Кітапханада философтар, лингвистер, тарихшылар, филолгтар еңбек етті. Египет тарихын жазған Манефон болды. Ол грекше білім алды.
Анықтамалық сөздік:
Хронологиялық кесте:
Қорытынды.
Б.э.д. ежелгі дүние кезеңіндегі мемлекеттер, оның ішінде Египет елінің пайда болуы, оның мәдениеттегі ұлы жетістіктері жалпысында дүниежүзі тарихының құрамдас бөлігі. Египет мәдениеті ежелгі дүниедегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда мәдениетінің дамуы жағынан ерекшеленіп тұрады. Б. э. д. ІҮ м.ж. Египетте жаңа мемлекет біріккен Египет мемлекетіінің негізінің қалануы тұрақты экономиканың қалыптасуына, күрделі әлеуметтік құрылым, прогрессивті мемлекет формасымен жоғары мәдениетті жасауға жағдай жасады.
Ертедегі Египеттіктер Шығыс өркениетіне зор үлес қосты. Египет мәдениетінің бүкіл дүниежүзілік мәдениеттер ошағы арасында алатын орны ерекше. Себебі, алғашқы жазу жүйесі, діни нанымдыр, алып архитектуралық құрылыстар, осы Египеттен бастау алады. Ежелгі Египет мәдениеті ұлы мәдениеттің бірі. Бұл мәдениет әлемнің ең бір озық, алғашқы өркениеттерінің үздігі. Оның мәдени мұрасы бай.
Египет мәдениетінің өзіне тән ерекшелігін оның дамуына Ніл һөзенінің тигізген әсері зор болғандығын мойындауымыз қажет. Сондай – ақ, Ніл өзенінің аңғарындағы алғашқы өркениет әлемге әртүрлі мәдениет сыйлады. Ирригациялық жүйенің қалыптасуы, өнердің сан – алуандылығы барлығы да Египетте қалыптасты.
Жалпысында Египет мәдениетінің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Саяси жүиеге байланысты бөлінген патшалықтарға байланысты емес. Ерте, орта, кейінгі деген есіммен Египет тарихы кезеңдерге бөлінеген. Осы сияқты Египет мәджениетінің даму сатысын да бөліп қарастырған жөн. Зертеу барысында мынанжай тұжырымдарға келдім. Жалпысында Египет мәдениетін Нілді игеру кезеңі – яғни, Нілді игерудеі алғашқы қадамдар. Оның ішіне мыналарды жатқызуға болады: Ирригациялық жүйенің қалыптасуы, осыған орай темір және қоланы пайдалану және де тұрмыстық заттар жасау. Екінші кезең патшалық дәуірдегі Енипет мәдениеті. Оған мыналарды жатқызуға әбден болады. Мысалы: Пирамидалар, ірі құрылыстар, жазу мен сызудың қарқынды дамуы, медицина мен білімнің дамуын айтуға болады. Үшінші кезең ретінде эллинизм кезеңін қарастыруымыз заңдылық. Бұл кезең әлем тарихында да жеке қарастырылады. Египет мәдениетінің дамуында да жеке қарастырғанымыз жөн.
Қорыта айтқанда әлемге әйгілі Египет мәдениеті өз орнын, идеологиялық не саяси түрде жоймайды, жойылуы мүмкінсіз. Оқушы санасына сіңіру мен оның әлемдік өркениеттегі орынын анықтай отырып бала білімін толықтыру тарихты оқытуда маңызы зор болмақ.
Пайдаланған әдебиеттер: