Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:17, курсовая работа
Қазір біз өткенді қайта қарап, қайыра зерделеу үстіндеміз.
«Ежелгі Египет мәдениеті» Ертедегі Шығыс және Жерорта теңізі бассейні жағалауындағы таптық қоғамдар мен мемлекеттердің даму жағдайларын «Ежелгі дүние тарихының» құрамдас бөлімі болып табылады. Ежелгі Египет Ежелгі мәдениеті мен тарихы Шығыс мемлекеттерінің қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың пайда болуын, дамуын және құлдырауын қарастырады. Ол б.э.д. ІІІ мыңжылдықтардан басталып, б.э.д. Жерорта теңізіндегі гректік және эллинистік мемлекеттерді Рим империясының жаулап алуымен аяқталады
І – тарау. Ежелгі Египет өркениетінің дамуы.
1.1. Алғашқы өркениет ошақтары және Ніл өзенінің Ежелгі Египет мәдениетіне ықпалы
1.2. Ежелгі Египетегі қолөнердің және жазудың дамуы
1.3. Ертедегі діни наным – сенімдер
ІІ – тарау. Пирамидалар және сәулет - құрылыс нысандары – ежелгі Египет мәдениетінің ұлы жетістігі.
2.1. Пирамидалар мен құрылыстардың ежелгі Египет мәдениетінде алатын орны
2.2. Эллинизм дәуіріндегі сәулет – құрылыс өнерінің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тақырыбы: Ежелгі Египет мәдениеті
Кіріспе
І – тарау. Ежелгі Египет өркениетінің дамуы.
1.1. Алғашқы өркениет ошақтары және Ніл өзенінің Ежелгі Египет мәдениетіне ықпалы
1.2. Ежелгі Египетегі қолөнердің және жазудың дамуы
1.3. Ертедегі діни наным – сенімдер
ІІ – тарау. Пирамидалар және сәулет - құрылыс нысандары – ежелгі Египет мәдениетінің ұлы жетістігі.
2.1. Пирамидалар мен құрылыстардың ежелгі Египет мәдениетінде алатын орны
2.2. Эллинизм дәуіріндегі сәулет – құрылыс өнерінің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазір біз өткенді қайта қарап, қайыра зерделеу үстіндеміз.
«Ежелгі Египет мәдениеті» Ертедегі Шығыс және Жерорта теңізі бассейні жағалауындағы таптық қоғамдар мен мемлекеттердің даму жағдайларын «Ежелгі дүние тарихының» құрамдас бөлімі болып табылады. Ежелгі Египет Ежелгі мәдениеті мен тарихы Шығыс мемлекеттерінің қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың пайда болуын, дамуын және құлдырауын қарастырады. Ол б.э.д. ІІІ мыңжылдықтардан басталып, б.э.д. Жерорта теңізіндегі гректік және эллинистік мемлекеттерді Рим империясының жаулап алуымен аяқталады[51; 226].
Зерттеу объектісі: ежелгі Ежелгі Египет мәдениеті.
Негізгі мақсат: Ежелгі дүние тарихындағы ежелгі Египет мемлекетінің қоғамдық – саяси дамуы, әлеуметтік – экономикалық жағдайы мен мәдениетінің дүниежүзі тарихында алатын орнын жете зерттеп, тарихи тұрғыда талдап қарастыру.
Міндеттері:
- Ежелгі Египет өркениетінің дамуының кезеңдерінің мәнін ашып көрсету.
- Алғашқы адам қоныстары
және Ніл өзенінің Ежелгі Египе
- Ежелгі Египетегі
жазудың және қолөнердің
- Ертедегі діни наным
– сенімдер ерекшелігін
- Пирамидалар мен құрылыстардың ежелгі Египет мәдениетінде алатын орнын объективті тарихи шындыққа сай зерделеу.
- Эллинизм дәуіріндегі сәулет – құрылыс өнерінің дамуына шынайы баға беру.
Тарихнамасы: Ертедегі Египет тарихы ХҮІІғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысында еуропалық тарих ғылымында көрнекті орын ала бастады. Ертедегі Египет тарихын зерттеу барысында ғалымдар Египет мәдениетіне мән бермеген тарихшылар жоқтың қасы. Шанполион, неміс ғалымдары Рубейнштейн және Говард Картер еңбектерінде Египет тарихы мен деректерді қортындылау, талдау жасалынған[19; 91].
Египет тарихын зерттеуге үлкен қызығушылық танытқан мықты парламенттік , дәстүрлі, классиктік капитализм елі Францияда көңіл бөлді. Әртүрлі саяси партиялардың қақтығыстарында Еггипет тарихының материалдарын кеңінен пайдаланды, оның ішінде сәулет құрылыс өнеріне көп мән берді.
ХІХ ғасырдың ортасында ертегрек тарихының және мәдениетінің өзіндік жүйесін К. Маркс пен Ф. Энгельс жасады. Олар Египет тарихы мен қоғамын материалистік тұрғыдан түсіндіру құл иеленушілік өндіріс тәсілінің классикалық өтпелі дамуы түріндегі қоғамдық – экономикалық формация деп тұжырымдады.Ертедегі Еггипет тарихын маркстік – лениндік идеология негізінде зерттеу күрделі процесс болды[24; 9].
1959 жылы Ленинградта Петровский Н., Матвеев В., «Египет сын тысячелетний» деген еңбектерін жазып шығарады[3]. Көптеген деректерді асқан ұқыптылықпен зерттеу нәтижесінде бұл монографияларда Ертедегі Египет мәдениетін қалыптастырудағы құл иеленушілік пен тәуелділіктің басқа да формаларының қазіргі жаңаша баяндалуын, Шығыс әлеміндегі құл иеленушілік өндірістің ролін ашып көрсетті.
60 – 80 жылдары зерттеулерде Египет тарихына әртүрлі жақтарына, мәдениетіне үлкен орын берілді. Авдиев В.И., Дьяконова, В.Д.Нероновой, И.С.Свенцицкой, Струве В.В., Тураев Б.А. еңбектерінде Египет мәдениеті әртүрлі қырларынан зерттеледі[11, 15, 16, 25]. Полис алдындағы және полис ұйымының ертедегі формаларын, полистің мәні, экономика және оның ішінде аграрлық қатынастардықұлдық және полис өмірін толықтай зерттеген зерттеулер болып табылады.
С. Қ. Төлкеевтің «Ертедегі грек тарихы» еңбегінде эллинизм кезеңінің түбегейлі мәселесі: грек полистерінің гүлдену жағдайларындағы полистік және полис аралық құрылымдардың арақатынастары, тәуелсіз грек қала мемлекеттерінң күрделі және қайшылықты дамуы зерттеледі. Соның ішінде эллиндік Египет мәдениеті мен ондағы ғылым мен білімнің дамуы ерекше баяндалады[50].
В.И.Кузищина, Авдиев В.И. еңбектерінде ежелгі Египеттің мәдени құндылықтарына деерктеріне сипаттама беріледі. Ежелгі Египет жерінен табылғанг заттай деерктерге тарихи тұжырым жасалынып, тарихи баға берілген[4, 6].
Ал деректіктерге келер болсақ нақты Египет мәдениетінің деректеріне арналған қаламыздағы кітапханаларда еңбектер жоқ. Бірақ жекелеген христоматилардан біршама деректік материалдар ала аламыз. Атап айтсақ: История Древнего Востока: Материалы по историографии, Тематическая хрестоматия по истории древнего мира, Хрестоматия по истории Древнего Востока. т.б. [21, 31, 32]
Құрылымы: Кіріспеден және 2 бөлімнен тұрады.
І – тарау. Ежелгі Египет өркениетінің дамуы деп аталып ол өз ішінен алғашқы адам қоныстары және Ніл өзенінің Ежелгі Египет мәдениетіне ықпалы және Ежелгі Египетегі жазудың және қолөнердің дамуы, сондай – ақ, ертедегі діни наным – сенімдер деген үш бөлімшеден құралған.
ІІ – тарау. Пирамидалар және сәулет - құрылыс нысандары – ежелгі Египет мәдениетінің ұлы жетістігі деп аталып, ол өз ішінен пирамидалар мен құрылыстардың ежелгі Египет мәдениетінде алатын орны мен Эллинизм дәуіріндегі сәулет – құрылыс өнерінің дамуына ден қойылған арнайы бөлімшеден тұрады.
Соңы қорытынды және
қолданылған әдебиеттер
І – тарау. Ежелгі Египет өркениетінің дамуы.
1.1. Алғашқы
адам қоныстары және Ніл
Ежелгі ежелгі дүниенің өзінде Египеттіктер жоғары деңгейлі Таяу Шығыс пен Грецияға үлгі болатындай мәдениет құра білді. Ал уақыт өте келе Египет мәдениеті мен өркениетіне әлем жұртшылығы бас иді. Еуропалық ғалымдар бұл мәдениетті өркениеттің бастауы деп те қарастырады. Өркениет тек адамзат баласы пайда болғаннан бері ғана қалыптасқан қоғамдық үрдістің жемісі деп айтсақ та болады. Осы Египет мәдениеті нәр алған, қайнар бұлағы болған, Египет жерлерінде алғаш пайда болған мәдениет ошақтары жайында сөз қозғамақпыз.
Мысыр немесе Египет атауы қазіргі таңда барлық жер әлемге белгілі. Бірақ, осы елдің өзі өз елінің атауын бұлай атамаған. Олар өз жерлерін «Қара жер» деп атаған. Ал өздерін Мысырлықтар емес, «Қара жердің балалары » деп атаған[51; 19]. Себебі, Ніл өзенінің маңындағы жер өте құнарлы, қара топырақтан құралғандықтан солай атаған көрінеді. Негізінен Мысыр атауын Арабия түбегіндегі, алдыңғы Азия мен Қосөзен аңғарындағы мемлекеттер берген болатын. «Мысыр» атауы «тұрғын жер, қала» деген мағна береді. Бұған себеп, сол кездердің өзінде Египет жерлеріндегі қалалардың ірі болуы еді. Қазіргі кезде Египеттіктер өз елін Мысыр деп атап келеді[34; 44].
Жалпы Египет деген атау ертегрек тілінен енген. Б.э. д. І мыңжылдықта ертедегі гректер алғаш рет Египетке ене бастағанда, олардың алғаш кез болған қаласы Мемфис «Хикупта» болды. Осыған байланысты олар бұл елді Египет деп атаған[22; 29].
Картаға зер салар болсақ Египет жерінде үлкен әрі, жалғыз өзен бар. Ол – Ніл өзені. Ніл өзенінің ағысына орай, ел екіге бөлінді. Екі Египет арасындағы бөлікті Дельта деп атады. Осыған орай, төменгі және жоғарғы Египет деген атаумен екіге бөлінді. Бұлар өзара климаттық жағынан да ерекшеліктерге орын берді.
Ніл – Египеттің басты байлығы. Себебі, Египеттіктерді азық – түлікпен қамтамасыз етіп отыратын жалғыз өзен болып табылады. Ніл өзені мезгілдік өзгерістерге сай, тасып отырды. Тасып басылғаннан кейін бұл жерлерге Египеттіктер дәнді – дақылдар еккен еді. Дәнді – дақылдарды өсірудің жетілуі мен дамуына байланысты қолөнер қатар алға жылжып отырды.
Нілдің тасуын құдіретті күшке теңеп өзенді құдіретті күш иесі – Хани деп атады. Египеттің құнарлы жерлерінде папирус, лотос, соялық өсімдіктер, әртүрлі ағаштар өскен. Ніл өзеннінде көптеген балық түрлері болған. Тастағы суреттерге зер салар болсақ, Египетте балықшылықтың дамығандығын көреміз.
Египеттің таулы шатқалдарында көптеген құрылыс материалдары болды. Мысалы: гранит, базальт, т.б. болды. Металл өндіру де, біршама дамыды. Металл рудалары ежелгі дүниеден бері дамып отырған сала[16; 49].
Сахара шөлі мен Қызыл теңіз арасындағы жерлерде алғашқы адамдар қоныстана бастады. Кейіннен саванналар шөлге айналып, жануарлар мен адамдар судан тапшылық көре бастады.
Сондықтанда өркениет ошақтары Ніл аңғарларында қалыптасты деген түсінік дұрыс емес, алғашқы адамдар тұрақтары Ніл аңғарында емес, таулардың етектерінен табылған. Бұл қорымдар ертетас дәуіріне жатқан. Бұндай тұрақтар Файгамда, Сиуттың қасынан, Фивы маңайнан табылған[19; 98]. Тек, неолит дәуірінің ортасында ғана Ніл аңғарларына адамдар тұрақтана бастаған. Ніл өзені тасыған уақыттарды үлкенді – кішілі жер аумақтарын басып кетіп отырды. Ал, жаз айларында қуаңшылық бой көтеріп, судың тапшылығы болып қалатын кездері аз болмаған. Осыған байланфысты ағыстарды бұру немесе су қорын жинақтау үшін көп еңбек күшімен қатар, еңбек құралдврының қажеттілігі молая түсті. Құралдардың дамуымен қатар, егіншілікті өркендету барысында үлкен каналдар, платиналар орната бастаған. Жер шаруашылығында ирригациялық жүйе қалыптасқан. Ирригация дегеніміз өзен суларын пайдалану технологиясы. Платиналар салынған кезде, олардан үлкен бассейіндер құралған. Оларда көп мөлшерде қажеттілікті өтеуге арналған су сақталып отырылған. Египеттіктер тек егін шаруашылығымен ғана айналыспады. Олар сонымен қатар, мал шаруашылығымен де айналысты. Мұны біз археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде табылған сиыр, қой, шошқа сүйектерінің табылуынан көре аламыз.
Археологтордың зерттеулері бойынша ежелгі төменгі және жоғарғы Египеттің мәдение ошақтары бірі – біріне ұқсас болып келмейтіндігін айтады. Жоғарғы Египет мәдениеті Африка халықтарының мәдениетіне жақындығын, төменгі Египеттіктердің тұрақтары, Жерорта және Алдыңғы Азиялық мәдениетке ұқсастығын анықтаған. Бұдан біз Ніл аңғарында көптеген, әртүрлі халықтар мекендегенін байқаймыз[28; 87].
Ұзақ шаруашылық және мәдени қатынастардың нәтижесінде, ортақ египеттік халық және ортақ тіл қалыптасты.
Египеттегі Бадари елді - мекенінде өткен зерттеу жұмыстарынан мәдениеттің жаңа тас дәуірінен қола дәуіріне аяқ басқандығын байқаймыз. Бадари мәдениеті мөлщері ІҮ мыңжылдықтың басына жатады. Сонымен қатар бұл кезеңнің шаруашылығы мен мәдени өмірінен көрініс береді. Мысалы, сол кездері жер шаруашылығының, мал шаруашылығының, аңшылық пен балық аулау жедел қарқынмен дамығанын көруге болады. Көбінесе қатты тастан жасалған құралдар кездескен[30; 83].
Бұл кездері қоғам
әлі алғашқы қауымдық құрылыс
шеңберінде дамыды. Аңшылық, жер өңдеу,
мал шаруашылығы үлкен еңбек
ұжымдарының жұмысын талап
Династиялық кезеңге дейінгі уаэқыттың келесі бір мәдениетін ғалымдар «Негада І» және «Негада ІІ» деп атаған. Бұл мәдениетке жататын тұрақтар Төменгі және Жоғарғы Египеттен де кездеседі. «Негада І» кезеңінде алғаш рет ніл өзені аңғарларына жер өңдеу таралған. Тауар алмасу Эгей архипилагымен, Алдыңғы Азиямен, Синай түбегімен жүргізіліп отырған. «Негада ІІ» кезеңінде көптеген өзгерістер болды[35; 103]. Династиялық билік кезеңіне жақын мыс құралдар пайда бола бастады. Халықаралық тауар алмасу кеңейді. Осы кезде ескі заңдар өз күшін жойып, қоғамда теңсіздік орнай бастайды. Бұл жерлеу рәсімдерінен анықталған. Кедей және байларды жерлеуде көптеген өзгерістер қалыптаса бастаған.
1.2. Ежелгі Египетегі қолөнердің және жазудың дамуы.
Ежелгі Египет мәдениетінің ең бір ерекшеліктерінің бірі ол жазу мен қолөнердің дамуы. Ежелгі Египетте геометриялық оюлар салынған қыш ыдыстар кеңінен таралған. Сонымен қатар, қорғасын құралдары да ерекше қарқынмен дами түскен. Археологтардың жұмысының нәтижесінде Египетте қорғасыннан жасалған пышақ, кескіш заттар, түме сынды т.б. заттар табылған[38; 135].
Аңшылықта египеттіктер бумеранг қолданған. Бумерангтарды аңшылықта ғана емес, соғыс құралы ретінде әскерді жасақтауға да пайдаланған еді.
І – ІІ әулет билігінің тұсында Египет қола дәуіріне аяқ басты. Бұны ауқатты адамдарды жерлеу рәсімінде мысты көп қолданғандығынан көре аламыз. Олардың арасынан ине, пышақ, ара, шеге, сымдар, балта сияқты заттарды кездестіруге болатын еді. Ол кездері кремнийден жасалған еңбек құралдары қола мен мыс дәуірінде қатар жүрді. Еңбек құралдарының көбеюі, әсіресе, жер шаруашылығының өркендеуіне үлкен үлес қосты[38; 146].
Египеттік шеберлер көптеген әшекей бұйымдарын алтын, тас, піл сүйегі, ағаш сынды заттардан жасап отырды. Жоғарғы және Төменгі Египеттің бірігуі мәдени дамуда көп үлесін қосыты. Екі Египеттің бірігуі мәдени байланысты жаңғыртып қана қоймай, жаңа, ортақ құндылықтардың туындауына өз ықпалын тигізді. Бірігу шаруашылықты дамытты. Жүзім шаруашылығы Төменгі Египетте дамыса, егін шаруашылығы Жоғарғы Египетте дамыған еді, осыған байланысты жаңа еңбек құралдары дүниеге келе бастады.
Қоғамның таптарға бөлінуі, Египетте ортақ, тұтас мемлекеттің құрылуы, І және ІІ әулеттің билігіне сәйкес келді. Таптардың пайда болуы қол еңбегіне деген сұранысты ұлғайта түсті. Жоғарға тап өкілдері төменгі тап өкілдерінің еңбектерін пайдалана отырып әртүрлі заттарды жасата бастады. Қоғамның таптарға бөлінуі жалпысынан қолөнердің дамуына өз септігін тигізді[40; 168].