Ежелгі Египет мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 10:17, курсовая работа

Описание работы

Қазір біз өткенді қайта қарап, қайыра зерделеу үстіндеміз.
«Ежелгі Египет мәдениеті» Ертедегі Шығыс және Жерорта теңізі бассейні жағалауындағы таптық қоғамдар мен мемлекеттердің даму жағдайларын «Ежелгі дүние тарихының» құрамдас бөлімі болып табылады. Ежелгі Египет Ежелгі мәдениеті мен тарихы Шығыс мемлекеттерінің қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың пайда болуын, дамуын және құлдырауын қарастырады. Ол б.э.д. ІІІ мыңжылдықтардан басталып, б.э.д. Жерорта теңізіндегі гректік және эллинистік мемлекеттерді Рим империясының жаулап алуымен аяқталады

Содержание

І – тарау. Ежелгі Египет өркениетінің дамуы.
1.1. Алғашқы өркениет ошақтары және Ніл өзенінің Ежелгі Египет мәдениетіне ықпалы
1.2. Ежелгі Египетегі қолөнердің және жазудың дамуы
1.3. Ертедегі діни наным – сенімдер
ІІ – тарау. Пирамидалар және сәулет - құрылыс нысандары – ежелгі Египет мәдениетінің ұлы жетістігі.
2.1. Пирамидалар мен құрылыстардың ежелгі Египет мәдениетінде алатын орны
2.2. Эллинизм дәуіріндегі сәулет – құрылыс өнерінің дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

834 Ежелгі Египет мәдениеті.doc

— 154.00 Кб (Скачать)

Египеттіктер өте дарынды суретшілер болған. Олар өте әдемі түрде өздерінің айналасында болып жатқан оқиғалармен қоса жан – жануарларды, патшалар мен кедейлердің өмірін суреттей алған. Бұл суреттерге қарай отырып, Ежелгі Египет қоғамына көз жүгіртуге әбден болады.

Ежелгі тастарда салынған суреттердің  бірінде кеменің суреті салынып, оның үстіндегі адамдардың балық аулап тұрғандығы бейнеленілген. Бұдан ежелгі Египетте кеменің болғандығын байқауға болады. Кемені жасауда қолөнершілердің кол күші пайдаланылатыны белгілі. Бұнымен қоса египеттіктерде тоқыма жасау ісіде алға жылжыды. Олар тоқыма станоктарын шығарды. Қарапайым механикалық кейіптегі бұл станоктардан шыққан бұлдарды көршілес мемлекеттер жоғары бағалап, сатып алып отырған болатын.

Ежелгі Египет жерлерінде зергерлік  қолөнер бұйымдарын жасау орта және кейінгі   патшалық дәуірінде өзінің даму шегіне жетті десе де болады. Пирамидалардың ішінен табылған алтыннан жасалған әшекей заттар құлдар мен қолөнершілердің қолымен жасалынған. Осы кезеңдері сыртқы саясаттағы жорықтар мен сыртқы қауіптен қорғану мақсатында қару – жарақтар жасалынды. Қаруларды безендіру, оған шартты белгілер соғу да қолөнершілердің жұмыстары еді.

1875 жылы египтлог Георг Эберс  ұзынды 20 метрлік папирусты аударады. Онда бірнеше түрлі аурулардың  аты, сонымен қатар, ауруларды  емдеу әдіс – тәсілдері және емдік шөптердің аты жазылған еді. Аталған папируста жарақат болған кездерде қолданылатын емдер, хирургиялық оперциялар түрі айтыла келе емдеуге қажетті құралдар жөнінде сөз қозғалады. Кейіннен археологтар емдеуге қажетті бірнеше құралдар табады. Темірден, күмістен, т.б. металлдардан жасалынған бұл аспаптар сол кездерідегі қолөнердің, ғылым мен білімнің даму деңгейінің жоғары болғандығын дәлеледей түседі[49; 133].

Ерте патшалық кезеңінде Египеттік жазу жүйесі қалыптасты. Египеттік жазу   өте күрделі. Жазу барысында адам бейнесі немесе   жануар,  тіпті, оқиғаның  суреті   де кездесіп   қалады.   Алғашқы   дыбыстық жазу пайдаланған      елдердің қатарында     Египет үздіктердің бірі. Бірақ бүткім суреттер дыбысталмады.    Дауысты    дыбыс мүлдем дерлік қолданылмады. Сөздің соңында белгілер арқылы дауысты дыбыс белгіленіп отырды. Егер, бұл белгілер болмаған жағдайда сөйлем түсініксіз болып отырған.

Иероглифтерден басқа египеттіктер басқа да,  жазу жүйесін қолданды, оны иератикалық деп атаймыз. Ол тез жазу мақсатында пайдаланылған. Иератикалық жазулар көп жағдайда жеңіл бұйымдарға жазылды. Көбінесе, тері, саз балшық, бұлдарға жазған еді. Негізгі жазу материалы – папирус болды. Египеттіктер папирусқа сиямен жазған екен. Жаңа ой басталған уақытта ежелгі Египеттіктер өз ойларын азат жолмен бастаған болатын. Иератикалық жазу жүйесі негізінен иероглифтік жазудан шыққан. Иератикалық жазудың ерекшелігі олар иероглифтік белгілерге қарағанда бір бірінен бөлек жазылады[45; 109].

Б. э. д. ғасырда Египеттік    жазудың    тағы бір    түрі   пайда   болды. Ол иератикалық   жазбаның   негізінде   қалыптасқан   демотика   жазбасы   еді. Оның ерекшелігі – онда даусты дыбысты бейнелеу мүмкіндігі берілген. Жаңа эраның басынан   бастап   египеттіктер    грек   әліппесіне көше бастады. Тек грек    әліпбиіне   бірнеше өз   белгілерін   қосқан  еді.    Грек әліпбиі өз   бастауын   египет   әліпбиінен   бастауын    алса   да,   танымастай келбетте     өзгерістерге ұшырап қайта оралды.  Ол кездері египеттіктер өздері шығарған әріптің өңі      өзгеріп    өздеріне қайта    келгендігін ұғынбады. Негізінен   грециядағы  бұл жазба араб әліпбиінің бастауы болып табылады. Египеттіктер бұны аңғармастан элинизм дәуірінде грек әліпбиі ретінде ол жазбаны да қабылдаған болатын. Мемлекеттік деңгейде пайдаланылатын ресми әліпби ретінде қабылданды[44; 152].

Египеттік жазбаны Египетке көрші жатқан елді – мекендер өз істеріне жарата бастады. Б. э. д.  ХІІІ – ХІІ ғғ. көршілес жатқан тайпалар – финикиялықтар египет жазбасын пайдаланды. Б. э. д.  ІХ – ҮІІ ғғ. Финикиялық әліпбиді гректер пайдаланған  болатын. Олар әліпбиді өңдеп, өз тілдеріне ыңғайлап алды. Түбіне зер салар болсақ, египеттік жазба үлгісінен әлемге әріп тарады десе де болады.

  Жазуды үйрететін, оны мемлекеттік істерде қолданысқа енгізетін адамдар арнайы фараондардың қарамағында оқытылатын болған. Мектепте оқитын бала арнайы орындық пен оқитын орынды иеленетін болған. Жаза және сызып есептей алатын бала оқуын бітіргеннен кейін фараон ауласында қызмет етуге қалтырылатын болған. Мектептерде көбінесе мемлекет шенеуніктерінің балалары оқыған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Ертедегі  діни наным – сенімдер.

Ерте Египеттік дін негізінен  Египеттегі идеологияның негізі болды. Дінді көбінесе халықты бағындыру  үшін пайдаланды. Олар өз құдайларына құрбандық шалды. Ерте египетте жануарлар культі жақсы дамыды. Әр номның өз қамқоршы құдайлары болды. Мысалы, крокодилге 30 - дан астам аймақ табынған[25; 28].

Сонымен қатар, тек жануарлар емес, табиғаттағы түрлі құбылыстарды құдайға теңеген. Күн құдайы – Ра, Ай құдайы – Тот, Жер құдайы – Теб, Аспан құдайы – Нут, Ніл құдайы – Хани т.б. Кейіннен шындық, әділдік сияқты абстрактілі ұғымдардың да құдайлары пайда бола бастады. Египетте көбінесе Осирис құдайына табыну кең тарады. Ол аңыз бойынша жер құдайы Теб пен аспан құдайы Нуттың баласы. Ол ең алғашқы патша болып, адамдарға жерді өңдеуді үйреткен. Оның бауыры Сет – зұлымдық құдайы Осиристі өлтіреді. Ал, Осиристің әйелі Исида қашады. Ол дельтаға келгенде, оның Хор деген баласы туады. Сонымен құдайлар Осиристі тірілтеді. Осылайша Осирис о дүниенің құдайы, ал Хор болса осы дүниенің құдайы деп есептеледі. Хор Сетпен шайқасып, жеңіске жетеді[32; 95].

Ежелгі египеттің наным –  сенімдері табиғатпен тығыз байланысты болып келді. Египеттіктер күнді, айды, Ніл өзенін, жануарларды т.б. құдай есебінде санады. Сол сияқты перғауындарды, ирригация жүйесінің басшысы болып табылатын ел басшысын құдайдай дәріптеді. Египеттің географиялық жағдайы да, діннің дамуына өзіндік әсер етті. Египеттіктердің мыңға жуық құдайлары болған. Құдайлар көп жағдайда әкімшілік – территориялық принцип бойынша бөлінген. Амон, Ра, Птах бүкіл Египеттік құдайлар ретінде танылды[33; 61]. Орта патшалық кезінде Египет Нубия, Палестина, Сириямен дипломатиялық қарым – қатынас орнатты. Бұл жағдай Египет құдайларына басқа құдайлардың қосылауына алып келді.

Египет мифологиясының тағы бір  ерекшелігі фетишизм бағытының басым  болуы. Құдайлардың өте көп болуы, абыздардың оларды бір жүйеге келтіруді  мәжбүрледі. Бірақ, құдайлардың атқаратын  ісін жөнге келтіру жүзеге аспады.

Египетмифологиясында  Фараон елеулі орын алды. Абыздардың айтуы  бойынша ол бір уақытта адам әрі  құдай болып табылған. Фараонды құдайға  теңестіру оның билігінің нығаюына себеп болды.

Діннің ықпалы Египетке үлкен әсерін тигізді. Аменхотеп ІҮ тұсында Ефраттан Нілдің бойына дейін үлкен империя құрылды. Аменхотеп ІҮ бай ауқатты қарсыластарынан құтылғысы келді. Олардан құтылу мақсатында кедейлермен жақындасады. Көмекті кедей қарапайым адамдардан іздеді. Ол кездері «Немху» деп қарапайым адамдарды атаған[34; 74]. Фараон осылайша немхуларды үлкен шендерге қоя бастайды. Немкулар болса өлгенге дейін оған қызмет етуге ант береді. Аменхотеп ІҮ бұрынғы құдайларға бағынудан бас тартады. Ол тіпті, Осирис пен Амонға да табынбайды. Храмдарға қамқорлық жасау тоқтатылып, барлығына ортақ Атон құдайына сенуге халықты мәжбүрлейді. Атон тек Египеттің ғана емес, бүкіл ғаламның билеушісі болып есептеледі. Аменхотеп ІҮ енді бұрынғы құдайлардың мүсінін жойып, Атонды құрметтетеді. Соңында Аменхотеп ІҮ өзін Эхнатон деп атайды. Оның көзі тірісінде оған арнап храмдар салына бастайды[32; 123].

Амон құдайының қаласы Фивыдан, Атон құдайының қаласы Ахетатонға көшті. Ахетатон 300км. Жерде орналасты. Қаланы өзге қалалрға ұқсамайтындай етіп гүлдендіре түсті. Астананың ортасына Атонға арнап храм салдырды. Қала бұрынғы астана Фивыға мүлдем ұқсас болған жоқ. Қалада немкулар көбейіп, дами түскен болатын. Өзінің 17 жыл билігінде Эхнатон көз жұмады. Эхнатон дүниежүзіндегі ең білрінші діни реформа жасаған билеуші болып табылады[37; 84]. Бірақ, ол өлгеннен кейін оның ортақ құдай жасауға раналған діни реформасына халықтар қарсы шығып, бұрынғы өз діндеріне оралады. Бұл жерден көретініміз, фараон билігінің саясатпен астасып жататындығы. Сондай - ақ, халық арасында бұрынғы дінінің жойылмауына көптеген себептер негіз болған. Мысалы, 17 жылдың ішінде ғасырлар бойы ұсталып келе жатқан діннің орнығуы мүмкін емес еді. Сонымен қатар, биліктің қатал болуы да, жаңа дінге қарсылықты күшейткен еді. Жаңа дін негізінен тек үстем тап арасында үлкене беделге жеткен еді. Фараонға жақын адамдар ғана ұстанған еді.

Египет дінінде қатыс  болған адамдның денесін ерекше қастерлеген. Олардың түсінігінше о дүниелік болған адамдар басқа әлемде өмір сүреді деп ұғынған. Сондықтан өлген  адамның денесін сақтап алып қалу ерекше орынға қойылды. Осыдан келіп мәйіттерді мумиялау басталады. Мумиялау дегеніміз – мәйіттің ішкі органдарын алып, әртүрлі бальзамдармен адам денесін ұзақ  мерзімге сақтау. Бұндай әдіс Ежелгі Египетте кеңінен сақталды. Мәйітті сақтау да, өлген адамның әлеуметтік тобына байланысты іске асырылып отырған. Қарапайым адамдардың мәйітінің сақталу  деңгейі өте төмен дәрежеде болды. Ал, фараондар және оның жақындастарының мүрдесі өте жақсы деңгейдже мумияланған еді. Бұл дүниеде қандай деңгейде өмір сүрген болса, о дүниеде де, сол деңгейді сақтайды деп сенген еді[6; 56].  

Египеттіктердің сенімі   бойынша   адам жұмаққа түсу үшін өзінің қорғаны мен мумиясы өте мықты болу керек деп топшалаған. Қорғанның ішіне егер, бай адам   болған жағдайда  оның  барлық   қажетті   заттары  мен   құлдарын    қоса    жерлеген. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде кейбір  мазарлардың, яғни кішілі – ірілі пирамидалардың ішінен мумияланған   мысықтар   да  көптеп кездеседі.   Мысықтардың   египетте үлкен   құрметті   иеленуінің   әр түрлі  жақтарын қарастыруымызға болады. Ғалымдардың көпшілігі бұл жағдайды табиғи ерекшелігіне жатқызуға тырысады. Египеттің орналасқан территориясы шөлді аймақ болып келетіні белгілі. Шөлді аймақтарда жыланнның көптігі адамдар өміріне үлкен қауіп төндірген. Адамдардың өмірін қорғаумен, яғни мысықтың қыралығы, жыланмен айқастағы осы бір тіршілік иесінің ептілігін,  күш жағынан басқа жануарлардан қарағанда жыланннан күштілігін  ежелгі   Египеттіктер   жақсы   біліп,   оны    қорғаушы     ретінде санай  отырып, оған    үлкен   құрмет      көрсеткен.     Сондықтан да, өлген адамдармен бірге мысықтарды о дүниеде де, қорғайды деген үмітпен бірге жерлеп отырған деседі[37; 109].

Жаңа патшалық кезінде қайтыс болған адам өзінің істері үшін екінші дүниеде жауап береді деген идея туындай бастаған. «Өлілер кітабында» жазылғандай өлген адам әділеттілік құдайы Осирис алдында өзінің бұл дүниеде атқарған істері жайында есеп беретіндігі толықтай баяндалған болатын[7; 88].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – тарау. Пирамидалар және сәулет - құрылыс нысандары – ежелгі  Египет мәдениетінің  ұлы жетістігі.

2.1. Пирамидалар  мен құрылыстардың ежелгі Египет  мәдениетінде алатын орны.

Алғашқы қоныстардың мәдени мұрасы өте бай. Мысалға алар болсақ,  Меримда, Бени, Салам маңайында орналасқан қоныстарды жатқызуға болады. Археологтар бұл аймақтан үлкен бір қаланы тапқан. Оның ауданы 3 шаршы км. болған. Қала үлкен екі көшеге бөлінген. Екі көше мөлшермен 12 – 13 үйлерден құралған[8; 212]. Бұл үйлердің дөңгелек тәріздес формалары болды. Олар тростиктерден жасалған. Сонымен қатар, үй құрылысында саз балшықтан жасалған кірпіштер маңызды рол атқарған. Үйдің едені балшықтан жасалынды. Ошақтары далада болды.

Египет құрылысының дамыған кезеңі ерте және орталық патшалық тұсына сай келеді. Осы кезеңде пирамидалардың ең кереметтері мен сәулет құрылыстың ең ғажайыптары салынған.

ІІІ әулет тұсынан  б.э.д. ХҮІІІ ғасырдың аяғына дейін  ерте патшалық кезең басталады. Патша  билігі күшейіп, құлдардың саны өсе түседі. Құл еңбегі кеңінен пайдаланылады. Құлдар көбінесе егіншілікпен және құрылыста пайдаланылды. Билік ертешығыстағы сияқты шексіз сипатқа ие болады[11; 91].

Нілдің сол жағасына, Каирдің оңтүстігіндегі Саккар тұрағына ІІІ әулеттің  бірінші патшасы Джосер үлкен ғимарат салады. Пирамида баспалдақты болып салынады. Алты баспалдақ 60 метрді құраған. Бұл негізінен патша мазары қызметтерін атқарған. Пирамида ішінде қымбат тастар мен алтынмен безендірілген саркафаг бар. Онда билеушінің денесі сақталған. Әр пирамиданың өзінің аңызы бар. Джосер пирамидасын аңыз бойынша Имхотеп ойшыл, көріпкел салған деседі[3; 112].

Джосердің пирамида салдыруы ежелгі Египетте пирамидалар салдырудың негізін қалайды. Бұдан кейін  Египетте пирамида салдыру үрдіске  айналады. Пирамидалар мазар ғана емес, ол сәулет құрылыстың әсемдігін де, байқатататын еді. Джосердан кейін оның ізін басушы перғауындар мен абыздар өздедріне пирамидалар салдыра бастайды. Пирамидалардың кейбіреуі салынып бітпеген. Бұған себеп перғауындар мен салдырушы адамдардың пирамида салынып біткенге дейін қайтыс болып кетуі болған.

1954 жылы 2 ақпанда Египет  ғалымы Тойем Джосер пирамидасының  қасынан жерасты жолын тапты.  Тереңдігі 6 метрге жеткен. Ғалымдардың  болжамы бойынша, билеушінің пирамидасын  салып бітіріп үлгермегендіктен, оны Джосер пирамидасының ішіне енгізіп, жерасты жолы арқылы жерлеген көрінеді. Бұл жерден 62 папирус, 26 алтын білезік, инелер, құстардың алтын мүсіндері, т.б. көптеген алтын бұйымдар табылған. ІІІ әулеттің баспалдақты пирамидалары көп тарихтың куәгері. Пирамидалар ішіндегі папирустар мен заттардан ежелгі Египет жайында көптеген мәліметтер алынып отыр. Сонымен қатар, пирамидалар патшалардың алып күшін білдіреді[13; 182].

ІҮ әулет тұсында да, Египетте алып пирамидалар шеру тартты. Осының жарқын көрінісі – алып пирамидалар еді. Сиафрудың ұлы пирамидасы – Хуфу (Хеопс), Хафра (Хафрен) және Менкура сынды үлкен пирамидалар тұрғыза бастады. Олар Каирдің қасындағы Гизэ  тұрағында орналасты. Пирамидалар енді баспалдақ тәрізді емес, төртбұрышты бола бастады.

Олардың ішіндегі ең алыбы  Хуфу пирамидасы. Ол шамамен 2 миллион 300 мың тас кірпіштен тұрғызылған. Биіктігі 147 метрді құрайды. Пирамидаға кіретін жол 14 метр биіктікте орналасқан. Бірақ, пирамидалардың құрылысы жайлы  ештеңе айтылмаған. Тек, грек тарихшысы Герадоттың еңбегінен бірнеше аңыздарды оқуға болады[12; 142]. Хеопс пирамидасын салу барысында қарапайым халықтың, яғни құлдардың жағдайы өте нашарлады. Оны салуда Египеттің барлық тұрғындары салуға қатынасты. Пирамидаға құрылыс жабдықтарын жеткізетін жолды салудың өзіне 10 жыл уақыт кеткен. Ал, пирамиданың өзін салуға жиырма жыл уақытын жұмсаған еді. Сонымен қатар, 3 айда 100 мың адам ауысып отырған[16; 144].

Информация о работе Ежелгі Египет мәдениеті