Сұраныс пен ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:30, доклад

Описание работы

Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорны, «Қазақойл-Ембi» АҚ, «Атырау мұнай компаниясы», «Қазақстанкаспийшельф», «Каспиймұнайгаз», «Қазгермұнай» ЖАҚ-дары, т.б.

Работа содержит 1 файл

Асыгат.doc

— 141.00 Кб (Скачать)

      Экономикалық  түрлендiрулердi жүзеге асыруда, сондай-ақ жаңа кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн дамытуға пайдаланатын инвестицияларды олардың экономикалық мазмұнына қарай әртүрлi нысанда бөлiп қарастырады. Оның iшiнде бiзге танымалы мыналар:

      Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар – инвестицияның ссудалық қарыз немесе әртүрлi несие нысандарында пайдалануын сипаттайды.

      Кәсiпкерлiк нысанындағы инвестициялар – кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей және жанама нысанында пайдаланылуын бiлдiредi.

      Кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей нысанында пайдаланылуы тiкелей инвестицияларды бiлдiрсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдiк инвестицияларды сипаттайды. Тiкелей инвестициялар өндiрiстiк кәсiпорындарға тiкелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын бiлдiрсе, ал портфелдiк  инвестициялар – бұл инвестициялық процеске қатысушы банктердiң, әртүрлi қорлардың, кәсiпорындардың, ұйымдардьң немесе мекемелердiң бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын сатып алу негiзiнде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын бiлдiредi.

      Қазақстанның экономикалық дамуына жұмсалған инвестициялардың нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесi портфельдiк инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткiшке ие болуын сипаттайды. Әрине, бұл жағдай елiмiздегi бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен байланысты.

      Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей түрде бөлiп қарайды:

Мемлекеттiк меншiк  нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады.

Жеке меншiк капитал  нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды. Мұндай мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы инвестицияларды бiр сөзбен отандық инвестициялар деп те атайды.

Шетелдiк капитал нысанындағы  инвестициялар шет мемлекеттерден, оның iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады.

Инвестицияларды анықтауда инвестициялардың тек мазмұндық сипатына ғана көңіл бөліп ғана қоймай, сонымен бірге оның мақсатты бағыттылығын да ескеру керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестициялар табыстың ЖҰӨ-ді өндіруге кеткен бөлігін құрайды және жаңа технологияларды, материалдарды және басқа еңбектің  құралдары мен заттарын енгізуге байланысты өндірісті кеңейту мен жаңартуға жұмсалған шығындар болып табылады,  яғни ақша капиталдарынан айырмашылығы ол физикалық капиталды кеңейтумен  және капитал құрумен байланысты инвестицияларды статикада емес, динамикада, яғни меншік формасының ауысу процесінде және  олардың осы мерзімдегі инвестициялық қызметтің соңғы өніміне айналуында қарастырған жөн. Бұл мағынада инвестициялар салымдарын табыс алуға дейінгі  түрленулер тізбегін көрсетеді, осы түрленулер болмаса инвестициялауға деген ынта болмайды.

 

 

2.2 Шетелдік  инвестициялар және олардың Қазақстан  экономикасындағы атқаратын ролі

 

Қазақстан Республикасы ашық рыноктың экономикасы жүзеге асыруға  бағытталған саяси және экономикалық бір жүйелілікке беталыспен келеді. Бұл Республика Президенті мен Үкіметінің республикаға шетелдік капиталдың құйылуы ынталандырудағы іс-әрекеттерінен, қолданып жатқан шараларынан көрінуде.

Инвестициялық саясат ел экономикасында маңызды рөл атқарады және оның мақсаты мен алға қойылған міндеттерін білу қажет. ҚР үкіметі соңғы жылдардағы жинақталған тәжірибені негізге ала отырып, шетелдік ин-весторлар мүддесінің белгілі шеңбері туралы мәліметтер алды.

Жалпы алғанда соңғы  жылдарда Қазакстан экономикасына  шетелдік инвестицияның (соның ішінде тура, портфельді, қарыз қаржылары, сыртқы несиелер) жалпы сомасы 22 млрд. АҚШ доллары тартылған. Соның ішінде тікелей инвестиция – 9,4 млрд.АҚШ доллары, оның 46,7 % мұнай-газ кешеніне, 29,7 % металлургияға.

   Болжап есептеуге қарағанда, жыл сайынғы Қазақстанның шетелдік инвестицияны   жалпы   қажетсінуі   4-6 млрд.   АҚШ доллары көлемінде. 2000 жылы шетелдік капиталды тарату 4,3 млрд.доллар деп болжанған, оның ішінде тікелей инвестиция 7,1% және 24% несиелік.

   Біріккен кәсіпорын өз қызметтерін ішкі рынокқа да атқарып келеді. Ішкі рынокта біріккен кәсіпорын өнімдерін өткізу, бөлшек сауда тауар айналысының 16%-ын құрады. Шетелдік инвесторлар инвестицияны Қазақстан экономикасының  шикізаттық салаларына бірінші кезекте тау-кен өнеркәсібі және отын-энергетика кешеніне көп көңіл аударуда.

      Tау-кен өнеркәсіптік кешеніндегі тура шетелдік инвестиция арқылы Біріккен кәсіпорынның ең ірі және өте белгілісі Семей облысы, Бақыршақ кен орнында ашылған алтын мышьякты руданы өндіру мен өңдейтін фирма «Минпрон-Чилевич» және НАК «Алтын Алмас». Инвестицияның болжамдағы көлемі 212 млн. АҚШ доллары. Ол 30 жылға аралықтағы қызметінде 930 млн. АҚШ доллары көлемінде таза табыс алынады  деп күтілуде, оның 230 млн. доллары мемлекетке беріледі, ал  НАК «Алтын Алмас» үлесі сыбағасы 490 млн. АҚШ доллары.

Қазіргі кезеңде 18 біріккен кәсіпорын көмірсутегін зерттеп  табу мен өндіруде қызмет атқарып  жатыр. Оның қатарында белгілі Тенгиз және Королев мұнай орындарын  игеріп жатқан «Шеврон Оверсиз» (АҚІІІ) компаниясының «ТенгизШевройл» біріккен кәсіпорны және Қазақстанның батыс облыстарында мұнай орындарын зерттейтін және өндіретін Түрік ұлттық компаниясымен біріккен кәсіпорын «Қазақтүрікмұнай». Одан басқа өз қызметтерін табыспен жүргізіп жатқан біріккен кәсіпорындарға: Орикс (АҚШ) компаниясымен Маңғыстау облысындағы Арман мұнай кен орнын игеріп жатқан біріккен кәсіпорын «Арман», Канада фирмаларымен «Канадиен Оксидентал» және «Харикейн-Хайдрокарбон» ашылған. «Тұран Петромум» Қызылорда облысындағы Қызыл-Қия, Майбұлақ және Арыскұм кен орындарында, «Вега Ойл ГМБХ» германия компаниясымен ашылған «Казгермұнайы Ақшабұлақ», Нуралы және Ақсай кен орындарын игеріп жатыр.

      Сонымен қатар қазіргі мұнайды зерттеп табатын және өндіретін Қазақстандық біріккен кәсіпорындар қазіргі экономикалық жағдайлар мен инвестициялық мүмкіндіктерімен жер ресурстарының иесі ретіндегі мемлекеттің өте тиімді пайда табуға мүмкіндік болса да, бұл біріккен келісімдер мақсатқа сәйкес емес. Мемлекет үшін тиімді келісім-шарт өнімді бөлу болды.

    Қазақстан мұнай-газ ресурстарына, өте мол мұнай-газ кен орны Қарашығанақ туралы өнімді бөлу келісім  шартына кол қойылып бекітілгеннен кейін күрделі қаржыны салу мен игеру әжептеуір ұлғаяды деп үміттенуге болады. Қарашығанақ  орнында «Бритиш Газ» (Ұлыбритания) және «Аджип» (Италия) альянсы және Каспий теңізі шельфінде барлау мен өндірумен келісімге ниет білдіруші консорциум мүшелері («Шел», «Бритиш Ретоулем», «Статойл», «Бритиш Газ», «Мобил», «Аджип» және «Тоталь»).

Шетел инвесторын тарту  саясатының негізгі мақсаты – ұлттық экономиканы жетілдіру мен құрылымдық тұрғыдан өзгертуде шетел капиталын пайдалану негізінде экономикалық артта қалушылықты жою, ел өмірінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Республика шетел капиталының ағылуын жалпы оң сипаттай отыра негізгі кредитор елдердің белгіленбегенін атап өткен жөн. Келісімшарттарды жасау шарты нашар әзірленеді және олар жүзеге аспайды. Берілген несиелік ресурстар республиканың болашақтағы мүдделерін ескермейді, облыстар мен аймақтарға ретсіз бөлінеді.

Қазақстан кешенінің  минералдық шикізатының, отын-энергетика ресурстарының, сирек кездесетін асыл металдардың, орасан зор қорына пайдалы  қазбаларды өндірудің және бастапқы ұқсатудың қуатты индустриясына ие бола отыра көп салалы, осы заманғы машина жасау базасына, жоғары сапалы тауар өнімдерін шығару жөніндегі өндіріссіз қалып отыр. Іс-жүзінде ғылыми мәнді техникалық күрделі өнімдерді шығаратын сала жоқ, халық тұтынатын тауарлар өндірісі мыналар дамыған: химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығының өнімдерін ұқсату нашар пайдаланылады, өнеркәсіптің  жетекші саласы қара және түсті металлургияда, химия кешенінде энергия көп кететін экологиясы лас технологияны әбден тозған қондырғыны пайдаланудың үлес салмағы жоғары, осыған байланысты өнеркәсіп кешендерін дамытудың артықшылықты инвестициялық жобаларын, ұзақ мерзімді багдарламасы жасалды.

      

 

 

Қорытынды

 

Қорытындылай келе, Қазақстан рыногына ең алғаш «Texaco International Petroleum CO» компаниясы 1970 жылы келді. 20 % акцияны сатып алып «Agip Eni», «Britis Gas, Lukoil» компанияларымен бірлесе отырып Қарашығанақтағы алып кен орнын игеру бағдарламасын орындауда сенімді серік болды. Бұл компания 1998 жылы 65 % акцияларды иемденіп, Солтүстік Бұзашыдағы геологиялық барлау бағдарламасының операторы және серігі болды.

Кейін 1993 жылы «Exxon Mobil» компаниясының Қазақстанмен байланысы басталды. Ол кезде компания АҚШ жағынан Каспий теңізінің Қазақстан бөліміндегі көмірсутек потенциалын игеріп жатқан Каспий консорциумдағы бірден-бір мүше болатын.

«Chevron» компаниясы 1990 жылдың сәуірінде Қазақстанмен Теңіз кен орнының бірлесіп игеру мақсатында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны құрылды. Қазіргі кезде бұл кәсіпорында Шевронның – 50 %, Қазақойлдың – 20 %,  Ексон мобилдің – 25 %, Lukarko-ның – 5 % үлестері бар.

Қазақстан ‒ Каспийшельф компаниясы 1993 жылы ҚР үкіметінің қаулысы бойынша Каспий теңізінің Қазақстан бөлімінде және басқа да территориялық суларда мұнай мен газ барлау, өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды.

«CNPC International Aktobe Petroleum JSC» (CNPC-Ақтөбемұнайгаз) ‒ 2000 жылдың 2 қыркүйегіне қарай 1,6 трлн.тонна мұнай өндірді.

«Kuat Holding Compani» («Қуат холдинг компаниясына) 1992 жылы құрылып ҚР үкіметі қаулысымен Қызылорда облысындағы Қоныс және Бектас мұнай-газ кен орындары берілген. Аталған кен орындарын игеру үшін компания Amlon Ltd Британ фирмасымен бірлесе отырып, «Қуатамлонмұнай» кәсіпорнын құрды, оның жарғылық қоры 10 млн. доллар.

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Сейдалы А.С. // Современное состояние и перспективы развития нефтегазодобывающей отрасли за рубежом и в Казахстане. – Алматы: КазгосИНТИ, 2001.

Грей  Ф. // Добыча нефти. - М.: Издательство ЗАО    «Олимп – Бизнес», 2003.

Хамитов Е.Н. // Современная инвестиционная политика и ее основные направления. – Жн. «Тауар», 2002.- №3-9c.

Камшыбаев Р., Марчевский В. // Иностранные инвестиции и интересы Республикиғ, Мысль, 1998.- № 3.

Указ Президента РК «Об  утверждении перечня приоритетных секторов экономики  Республики Казахстан для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций» от 5 апреля 2003 г.

Сагандыков С. Иностранные  инвестиции в Казахстане: анализ и  прогноз инвестиционных процессов  в экономике. – Алматы, Ғылым, 1999.- 138с.

Нефтяная отрасль РК (Аналитическая служба «Нефтегазовой вертикали»). Нефтегазовая вертикаль, сентябрь, 2002г., №15-82c.

Сулейменов М. // Законодательство о недрах и нефти: проблемы и перспективы. Petroleum, 2003г., № 5-23c.

Томас К. О'Брайен, Джеймс Б. Вараниз. // Инвестиционный режим в нефтегазовом секторе Казахстана. Нефтегазовая вертикаль, сентябрь, 2002г., №15-82c.

 Новейшая история казахстанской нефти. Petroleum, 2003г., № 5-23c.

Окшантаева Н. // Экспортказахстанской нефти. Деловой мир. Астана, 2000, №5-10с.

 


Информация о работе Сұраныс пен ұсыныс