Сұраныс пен ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:30, доклад

Описание работы

Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорны, «Қазақойл-Ембi» АҚ, «Атырау мұнай компаниясы», «Қазақстанкаспийшельф», «Каспиймұнайгаз», «Қазгермұнай» ЖАҚ-дары, т.б.

Работа содержит 1 файл

Асыгат.doc

— 141.00 Кб (Скачать)

2005 жылдың 11 қарашасында  ААҚ «Газпроммен» 2006-2010 ж.ж. аралықтарында  Қазақстан Республикасының аймағы  арқылы, ортаазия және ресей газын  тасымалдау туралы келісім қиылды.

2006 жылдың 20 маусымында «Атасу ‒ Алашонкөл» (Қазақстан ‒ Қытай) мұнай құбырына коммерциялық эксплуатация басталды. 2006 жылдың қазанында Лондондық қор биржада «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» компаниясының акциясы қосылды.

 

1.3 Шетелдік мұнай компаниялары

 

«Texaco International Petroleum CO» команиясы Қазақстан рыногына  1970 жылы келді, 20 % акцияны сатып алып «Agip Eni», «Britis Gas, Lukoil» компанияларымен бірлесе отырып Қарашығанақтағы алып кен орнын игеру бағдарламасын орындауда сенімді серік болды, ол кезде Texaco мен ҚР үкіметі арасында өнімді бөлу туралы келісімге қол қойылған болатын. Кен орынның геологиялық қоры 1,2 млрд. газконденсат және 1,35 млрд.м³ газ, ол Оралдан 16 км жерде орналасқан. Кен орны 1979 жылы ашылып, оны игеру 2000 жылға белгіленген болатын. Күнделікті 100 барр. конденсатпен 450 млн. стандартты фут³ газ өндіріледі.

1998 жылы компания 65 % акцияларды  иемденіп, Солтүстік Бұзашыдағы  геологиялық барлау бағдарламасының  операторы және серігі болды.  Солтүстік Бұзачдағы кен орны Ақтау қаласынан 240 км жерде мұнай қоры – 215-285 млн. тонна. 1998 жылы компания жобаның коммерциялық мүмкіндіктерін анықтау үшін мұнай газ қорын біртіндеп анықтау бағдарламасына кірісті. Қазіргі кезде күнделікті 2-2,5 мың. баррель мұнай шығарылады. Жұмыс істейтіндердің 70 % жергілікті халық өкілдері.

Маркетинг саласында Texaco Алматы мен Астанада бензин құю станцияларын ашып отыр, олар халықаралық стандарттарға сәйкес салынған және қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындайды. 

«Exxon Mobil» Қазақстанмен байланысы 1993 жылы басталды. Ол кезде компания АҚШ жағынан Каспий теңізінің Қазақстан бөліміндегі көмірсутек потенциалын игеріп жатқан Каспий консорциумдағы бірден-бір мүше болатын. 1996 жылы консорциумның жұмысы аяқталған соң Қазақстан бөлімінің 12 блогы барлау жұмыстарына іріктеліп алынды. Осы жұмыстарды атқару үшін жаңа консорциум – ОКИОК құрылды. Бұл консорциумдағы компанияның үлесі 14,3 %. Барлау бұрғылары 1999 жылдың тамызында басталды. «Exxon Mobil»-ға теңіз мұнайын өндіріп жатқан «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорынның 25 % акциясы қарайды. ТШО акцияларын 1996 жылы сатып алғаннан бері мұнай өндіру көлемі күніне 100 мың баррельден 220-ға өсті, ал 2000 жылдың аяғына қарай күніне 260 мың бар-ға жетті. Компания сондай-ақ Каспий құбырлар консорциумының (КТК) 7,5 % акцияларына ие. КТК теңіз мұнайын Қара теңіз арқылы Новороссийск портына тасымалдайтын құбыр салуда. Компанияның Алматыда май құятын екі станциясы бар және «Mobil» маркалы өндірістік  және машина майларын дистрибьютерлік жүйелер арқылы таратумен айналысады.

1990 жылдың, сәуірінде Қазақстан  мен «Chevron» компаниясы Теңіз кен орнының бірлесіп (50х50) игеру мақсатында «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны құрылды. Қазіргі кезде бұл кәсіпорында Шевронның – 50 %, Қазақойлдың – 20 %,  Ексон мобилдің – 25 %, Lukarko-ның – 5 % үлестері бар. 1979 жылы ашылған Теңіз мұнай кен орны әлемдегі ең терең әрі ірі кен орны болып есептеледі. 1990 жылдан бері ТШО мұнай өндіруді күніне 60 мың баррельден – 215 мың баррельге дейін жеткізді. Жаңа заводтың іске қосылуына байланысты бұл көрсеткіш 260 мың баррельге жеткізіледі.

Мұнай өнімін жылына 17 мың тоннаға  жеткізу мақсатында ТШО келесі жылдарда қосымша 1 млрд. доллардан аса қаржы енгізбек. ТШО стратегиясы маркетинг пен әр түрлі шикізаттарды (мұнай, сұйық газ, табиғи газ, күкірт) тасымалдаудың жан-жақтылығы мен сенімділігіне бағытталған. Қазіргі кезде мұнай темір жолымен, құбыр арқылы және баржалармен тасымалданады. Ең басты порттар – Қара теңізде – Одесса, Феодессия, Батуми, әрі қарай мұнайды Шығыс және Батыс Европа елдеріне мұнай танкерлерімен жеткізіледі.

ТШО-ның Қазақстанға тікелей  төлеген ақшасы 1999 жылы 330 млн. доллар болды (бұған қазақстандық мамандардың жалақысы, Қазақстан жабдықтаушыларының тауарларының бағасы мен көрсеткен қызметтерінің ақысы, «Қазақстан темір жолы», «ҚазТрансойл» компанияларына төленген қаржылар, үкіметке төлеген салықтар мен роялти, «Қазақойл» ҰМК-на қайтарылған қарыздары кіреді). 2000 жылдың алғашқы алты айындағы төлемдер 400 млн. долларға жетті, ал жылдың аяғында 900 млн. доллардан асты. Қазіргі кезде ТШО штатында 68 % Қазақстан мамандары (басында 50), яғни 2200 қазақстандық азаматтар бар. Бұдан басқа ТШО-ның мердігерлік компанияларында 50 000 астам қазақстандықтар жұмыс істейді. 1996 жылы Шеврон Алматыда, 1998 жылы Астанада және Атырауда май құю станцияларын ашты.

Шеврон КТК-дағы ең ірі жекеменшік инвестор болып есептелінеді (15 %). КТК құрылысы аяқталу кезінде инвестициясы – 750 млн.долларды құрайды. Қазір теңіз терминалы салынып жатыр.

«Offshore Kazakhstan International Operating Compani» компаниясы Нидерланд корольдігінде Солтүстік Каспий акваториясында алты жылдық барлау жұмыстарын жүргізу үшін тіркелген. Консорциумның акционерлері болып 9 әлемге әйгілі компаниялар кіреді: Agip (14,29 %), BP Amoco Kazakhstan ltd. (9,5 %), British Gas International (14,29 %), Inpex North Caspian Sea Ltd. (7,14 %), ExxonMobil Kazakhstan (14,29%), Philips Petroleum Kazakhstan Ltd. (7,14 %), Shell Kazakhstan Exploration B.V. (14,29 %), Statoil (4,8 %), Totalfina Elf (14,29 %).

Өнімді бөлу туралы келісімнің шарттары бойынша ОКИОК атқарушы комитет бекіткен бағдарламаның орындалуына жауапты халықаралық компаниялардың консорциумының операторы болып табылады. ОКИОК-тың өз міндеттерін орындап отыруын акционерлер қадағалайды. Көмірсутектер табылғаннан бергі жобаға енгізілген қаржының шамасы 3 млрд. жоба бойынша барлығы 28 млрд. доллар. Республика бөлінетін кірістің 80 % алады, оған 400 мың доллар салық кіреді. Коммерциялық өндіру 2004 жылы басталып, 2005 жылға қарай қалыпты жұмыс басталады. Қашағанда 4500 м тереңдікте анықталған қор шетел компанияларының барлау және өндіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыруына көзін жеткізіп отыр. Болжамдық қордың барлығы расталатын болса, 40 жылға арналған мұнай өндіру бағдарламасы жасалмақ.

«Қазақстан ‒ Каспийшельф» компаниясы 1993 жылы ҚР үкіметінің қаулысы бойынша Каспий теңізінің Қазақстан бөлімінде және басқа да территориялық суларда мұнай мен газ барлау, өндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылды. Осыларды атқару мақсатында 1990 жылдың 3 желтоқсанында Каспий теңізі бойынша консорциум жөніндегі келісімге қол қойылып, оған жеті ірі компаниялар кірді: Agip, British Gas International, British Petroleum, Statoil, Mobil, Shell, Total. Халықаралық консорциумның операторы болып Қазақстан-Каспийшельф бекітілді.

1996-1998 жылдары Қазақстан-Каспийшельф теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсетудің инфрақұрылымдарын құру бағдарламасын жасады және басты жобалар анықталып, оларды орындау басталды. Қазіргі кезде ККШ Каспий және Арал теңіздері аймақтары бойынша бүкіл қажетті геологиялық-геофизикалық ақпараттарға ие. 1998 жылы консорциумның жұмысы аяқталғаннан кейін «ҚҚШ» АҚ, «ҚҚШ» ААҚ геологиялық-геофизикалық сервистік компаниясы болып қайта құрылды.

«CNPC International Aktobe Petroleum JSC» – 2000 жылдың 2 қыркүйегіне қарай 1,6 трлн.тонна мұнай өндірді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17 %-ке артық. Бірінші жарты жылдықта 194,3 млн. м³ газ пайдаға жаратылса, оның 127,8 млн. м³ газ сыртқы пайдаланушыларға жөнелтілген. Өндірістік мәселелерді орындау көптеген ұйымдастыру-техникалық шараларды шешуді қамтамасыз етеді. «Ұлы Қорған» Қазақстан-Қытай бұрғылау компаниясы бірінші кезеңнің 8 ұңғысының – 7-сін, екінші кезеңнің 3 ұңғысын бұрғылады.

Өткен осы жылмен салыстырғанда күрделі қаржының мөлшері  17 есе өсті. 2000 жылдың бірінші жартысында төленген салық мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

«Қуат холдинг» компаниясына 1992 жылы құрылып ҚР үкіметі қаулысымен Қызылорда облысындағы Қоныс және Бектас мұнай-газ кен орындары берілген. Аталған кен орындарын игеру үшін компания Amlon Ltd Британ фирмасымен бірлесе отырып, «Қуатамлонмұнай» кәсіпорнын құрды, оның жарғылық қоры 10 млн.доллар. 1995 жылы біріккен кәсіпорын кен орындарын игеру мұнай-газ қорын өндіруге лицензия алды.

Бұл өңірде 18 млн.т мұнай, 6,2 млрд. м³ газ бар екені анықталды. 1999 жылы БКО бірлескен өндіру кәсіпорны 40 мың тоннадан аса мұнай, ал 2000 жылы 200 мың тоннаға жеткізу көзделген. 2000 жылдың қаңтарында Қызылордада күніне 2000 м³ мұнай құю терминалын салу басталды. БКО Павлодарда, Ертіс жағалауында мұнай, газды барлау және өндіруге лицензия алған, онда 150 млн. тонна мұнай қоры бар. Осы жұмыстарды орындау үшін “Gulf Star Investment” Кувейт компаниясымен бірлесіп «Боран» және «Нұрбай» кәсіпорындарын құрды.

Омск-Павлодар мұнай құбырымен Павлодар МӨЗ-нің арасы жақын болғандықтан бұл аймақтың маңызы зор. Осы Кувейт компаниясымен «Қуатамлонмұнай» БКО-да «Зайсан» БКО-сын құрып, Шығыс Қазақстан мұнай және газ қорын барлауға лицензия алды.

«Offshore Kazakhstan International Operating Compani» компаниясы Нидерланд корольдігінде Солтүстік Каспий акваториясында алты жылдық барлау жұмыстарын жүргізу үшін тіркелген.

 

 

2 Қазақстан үшін шетел инвестициясының маңызы

 

Бүгiнгi таңда экономиканың нақты секторының алдында өндiрiстi модернизациялау, құрылымдық қайта құру, жаңа өнiмдi жетiлдiру бойынша және тағы басқа да бағдарламаларды қаржыландыру мәселесi тұр. Бұндай бағдарламалар капитал салымын қажет етедi және кәсiпорынның жеке қаражаттарының шектеулiгiнiң себебiмен қаржыландырыла алмайды. Сонымен қатар орташа және ұзақ мерзiмдi сипатқа ие. Кәсiпорынның жеке қаражаттарының жетiспеушiлiгiнен инвесторлардан, банктерден және мемлекеттен қаржылық қолдау көрсетудi сұрауға мәжбүр, бiрақ мұндай қолдауды алу жолында кәсiпорын үлкен қиыншылықтармен соқтығысады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайында кредиторлар қайтып келу тәуекелдiгiне ғана емес, ұзақ мерзiмдi салымдардың тиiмдiлiгiнiң төмендеуiнiң тәуекелдiгiне душар болады. Осындай жағдайларға байланысты потенциалды кредиторлар, банктер немесе инвесторлар қысқа мерзiмдi және ликвидтi қаржылық салымды қалайды, ал мемлекеттiк несие мен мемлекеттiк қаржыға қазiргi кезде сенiм арту қиын.

 

 

 

 

2.1 Шетелдік инвестицияның  экономикалық мәні, классификациясы және құрылымы

 

Инвестиция деңгейі  қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына  тәуелді. Кейнстік теория бойынша  инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.

Ел аумағындағы инвестициялар  ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық  процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

Инвестицияға нақты  және қайталанбайтын анықтама беру үшін ол өте ауқымды ұғым. Әртүрлі тәжірибелік  салалар мен әртүрлі экономикалық салаларда ол өз ерекшеліктерін көрсетеді. 

Макроэкономикалық инвестициялар  жаңа үйлерге және ең жаңа құрылыс құралдарына кететін өзара байланысты шығын.

“Инвестиция” – бұл  өндірістік теорияда және бүкіл макроэкономикада, инвестиция жаңа капитал құру процесі  болып табылады. Ал, енді соңғысы, қаржылық теорияда “инвестиция” қазіргі кезеңдегі “шығын”, болашақта табыс әкеледі деген мақсатпен нақты және қаржылық активтерді сатып алу. Нақтырақ айтқанда, инвестициялар – бұл бүгінгі күндегі анықталған құнның болашақта мүмкін болатын құнмен айырбасы.

Сонымен, бiз «инвестиция» деген ұғымда қаржылық аспаптар, инновациялық салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздың материалдық емес құндылықтарына тiкелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық ресурстарды түсiнемiз. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялық ресурстардың белгiлi-бiр бөлiгi күрделi каржының көлемiмен бiрдей. Осыған орай, бiз ол көрсеткiштi бұдан былайғы уақытта негiзгi капиталға салынған инвестиция немесе күрделi қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың қандай түрлерi болмасын капитал әлемiнде әрқайсысының атқарар рөлi әрқилы болғанымен де, олардың елiмiздiң экономикасын өркендетудегi маңызы зор.

      Негiзгi капиталды қайта жаңарту iсiндегi алатын орны тұрғысынан қарағанда, инвестициялардың атқарар рольдерi мына төмендегiдей қалыппен сараланып бөлiнедi:

жалпы және бүтiндей инвестициялар;

негiзгi капиталды көбейтуге  бағытталған таза инвестиция;

iстен шыққанның орнын  толтыруға бағытталған инвестиция.

Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың қалыптасуына әсер ететiн  факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономды деп бөледi.

Туынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенiң iшкi (эндогендi) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы  өзгерiстерге байланысты болады. Автономды  инвестициялардың өсуiне экзогендi факторлар, ғылыми-техникалық прогресс, халықтар санының өсуi, мемлекеттің саясаты және тағы басқалары себепкер болады. Халықаралық және отандық тәжiрибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты келесi түрлерге бөлiп қарайды:

      1)  Өндiрiс ғимараттарын, құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерзiмi бiр жылдан жоғары болып келетiн активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайтын инвестициялар  заттай активтерге жұмсалған инвестициялар болып табылады..

      2) Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар – бұл басқадай заңды және жеке тұлғалардьң құрылтайшылық қызметiне араласу негiзiнде, яғни, үлестi бағалы қағаздарды немесе қарызды мiндеттемелердi сатып алу арқылы ақшалай сома алу құқығын сипаттайды.

      3) Материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар – бұл қандай да бiр кәсiпкерлiкпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызмет етуiне, сондай-ақ сауда белгiлерiн даярлауға, лицензия алуға және тағы басқаларға жұмсалған қаражаттарды бiлдiредi.

   Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өзiнiң пайдалану аясы бойынша келесiдей жiктелiнедi:

өндіріс  тиiмдiлiгiн  арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни, өндiрiстегi құрал-жабдыктарды, құрылғыларды және т.б. ауыстыру нәтижесiнде өндiрiс шығындарының төмендiгiн қамтамасыз етудi сипаттайды;

өндiрiстi кеңейтуге жұмсалған инвестициялар. Оның басты мiндетi  
тауарлар шығару, мүлiктерiн кеңейту болып табылады;

таза өндiрiс орнын  салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа              тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерiн көрсетуге бағытталған  кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды;

жаңа өндiрiс орнын  салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған  кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды.

Информация о работе Сұраныс пен ұсыныс