Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:51, курсовая работа
Ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - жүзім шаруашылығы. Бул курстық жұмыста жүзім шаруашылық өндірісін қолға алуға байланысты, мол өнім алу мақсатына байланысты күтіп баптау ерекшеліктері, кооперативтік ұжымдар мен жеке фермерлерге жоғары өнімді жүзімдіктерді өсіру үшін ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне негізделген тыңайту жүйесін жасау мен техниканы пайдалану шарттары туралы жазылған. Сонымен қатар жүзімнің көшеттік тәсілі мен кутіп баптау шаралары жайлы тусиниктемелер.
Аннотация 5
Нормативтік сілтемелер 6
Белгілер мен қысқартылған мәндер 7
Кіріспе 8
1 Аналитикалық бөлім 10
1.1 Жүзім өсімдігінің жалпы сипаттамасы 10
2. Тәжірибелік бөлім 12
2.1 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері 12
2.2 Жүзім өсірудегі көшеттік тәсіл 16
2.3 Жүзім танаптарын күтіп баптау ерекшеліктері 21
2.4 Жүзім өсірудегі тыңайтқыштарды пайдалану жоспары 27
Қорытынды 30
Қолданған әдебиеттер тізімі 31
Өнімді өңдеудің әлемдік стандарттарға сәйкес келмеуі, жүзімдік алқаптардың қысқарып кетуі, қажетті жүзім көшеттерінің өндірілмеуі осы ойымызға айғақ. Жүзім бауларының және сорттарының ескіруі, жүзім және шарап өндірісіне қажетті техникалар, технологиялық желілер мен құрал-жабдықтардың ескіріп, тозығы жеткендігі тағы бар. Сондай-ақ, өнімдерді сату және өткізу рыноктарында маркетингтік қызметін ұйымдастыру деңгейінің төмендігі байқалады. Сондықтан дайын шарап өнімдерінің облыс көлемінен тыс жерлерге әкетілуінен бюджетке салық төлемінің көп мөлшерде түспей отырғаны тағы бар.
Соңғы жылдары облыста жүзімдік егіс алқаптарының көлемін арттыруда тиянақты жұмыстар атқарылып келеді. Оған қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы «2010 жылға дейін Қазақстанда жүзім және шарап жасау өндірісін қалпына келтіру және дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сай біршама ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілді.
Аталмыш қаулыға сәйкес облыс бойынша барлық жүзімдіктің егіс көлемі 2010 жылы 7,6 мың гектар оның ішінде өнім беретіні 6,8 мың гектарға дейін өседі деп межеленіп отыр. Бұл 2003 жылмен салыстырғанда тиісінше 3,0 және 2,7 мың гектарға артық.
2003 жылы облыстағы аудандар бойынша 146, 2004 жылы – 123, 2005 жылы – 110 гектар жаңа жүзімдіктер отырғызылды.
Жүзім өнімдерін өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды қалпына келтіру жөнінде нақты іс-шаралар қабылданды.
«Қонысбаев» және «Сарыағаш» мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарында жүзімнің жоғары өнім беретін шараптық сорттарының көшеттерін дайындап, көбейту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Сарыағаш» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында 6000 дана техникалық, 5000 асханалық сортты және «Қонысбаев» атындағы шаруашылықта 17000 дана жүзім көшеттерін өсіріуде.
Облыста жүзім және шарап өндірісін дамыту жөнінде түйіткіл мәселелер жеткілікті. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы «Этил спиртін және алкогольдік ішімдіктер өндірісін лицензиялау Ережесін бекіту туралы» №1258 қаулысына сәйкес ішімдіктер өнімдерінің өндірісін жылына 200 мың далдан 50 мың далға дейін азайту жөнінде өзгерістер жасау
бұл саланы дамытуға мүмкіндік берер еді.Аталмыш
қаулыда тауар өндірушілерге өздері өндірген
ішімдіктер мен шарап өнімдерін бөлшек
сауда арқылы сатуына рұқсат беруіне мүмкіндік
беру бұл проблеманың түйінін шешер еді.Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 желтоқсандағы
«2010 жылға дейін Қазақстанда жүзім және
шарап жасау өндірісін қалпына келтіру
және дамыту Бағдарламасын бекіту туралы»
№1621 қаулысын орындау үшін ауыл шаруашылық
тауар өндірушілеріне 5-7 жылдық мерзімге
жеңілдетілген несие беру мәселесін шешу
күн тәртібінде.
Жүзім шаруашылығының дамуына қажетті
техникамен қамтамасыз ету деңгейінің
төмендігі кедергі жасауда. Қажетті техниканы
ауыл шаруашылық диқандарына «Қазагрофинанс»
АҚ-ы арқылы 5-6 жылға лизингіге алу жұмыстары
ұйымдастырылса құба-құп болар еді.
Шарап өнімдерін стандарттау облыста шешілмей жатқан мәселенің бірі. Сондықтан, шарап өнімдерін мемлекеттік стандарттан өткізетін заңдастырылған орын ашу жолдары қарастырылуда. Жүзім өнімдерін өндіруде қазіргі заман озық технологиясын өндіріске ендіру, еңбекті механизациялау, жүзімдіктерді егуге, күтуге және жинауға кеткен еңбектің шығынын төмендетеді. Бұл технологияларды өндіріске ендіру үшін әр түрлі инвестицияларды тарту жұмыстарын жүргізіу қажет. Облыста элиталық көшеттер өндіретін көшет шаруашылықтарына мемлекет тарапынан жәрдем (дотация) бөлінуі қажет.
Жалпы алғанда, өзімізде жоғары сапалы жүзім сорттарынан өндіретін шарап материалдарынан «конъяк», «шампан» және виноның жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндіктер бар. Ол үшін жоғары сапалы жүзім көшеттерін алып өндіруге, құрал-жабдықтар алуға шетелдік және отандық инвесторларды тартуға ықпал жасау керек.Алда тұрған негізгі міндеттердің бірі – шарап кластерін құру. Осы мақсатта Үкімет тарапынан берілетін көптеген жеңілдіктерді, қаржыларды орынды пайдалану, шағын шаруашылықтарды ірілендіру, агротехника талаптарына сай еңбек ететін ұжымдарды ұйымдастыру көкейтесті мәселердің бірі болып отыр.Инвестицияларды тарту мәселелерін шешуде оңтүстік аймақта облыстық экономикалық даму стратегиясының басты элементтерінің бірі болып табылатын шарап кластерін қалыптастыруға қажетті алғы шарттар бар.
Кластерге біріктіру қайта өңдеу кәсіпорындарында
өндіретін жеміс өнімдерінің әлемдік
рынокта бәсекеге түсу қабілетін арттыруға
мүмкіндік береді.
Жүзім шаруашылығын дамыту жолында бірқатар
шешімін таппай тұрған мәселелер баршылық.Сарыағаш
аймағында көктемгі дала жұмыстары үшін
бір жылға несие агроазық-түлік корпорациясы
арқылы екінші деңгейдегі банктерден
беріледі екен. Оның өзінде 8 пайыз үстеме
қойылады, оны да диқандар әуре-сарсаңмен
алады.Дегенмен, жаңадан егілген жүзімдік
4 жыл бойы күтіп баптаудан кейін ғана
өнім береді. Осы жағдайға байланысты
диқандарға несие неге ұзақ мерзімге берілмеске.
Жүзімдік саласында қолданатын арнайы техника, құралдардың тозығы жеткен. Осыған орай жүзімдіктердің арасында жұмыс істейтін арнайы тракторлар, құрал-жабдықтар қажет.Жүзімдіктердің зиянкестеріне, ауруларына қарсы пайдаланатын химикаттар жоқтың қасы.Жүзімдік саласында істейтін арнайы білімі бар мамандар жетіспейді.Осы проблемаларды тиянақты шешу арқылы Қазақстанда жүзім шаруашылығы мен шарап жасау өндірісін дамытуға әбден болады.
2.4 Жүзім өсірудегі тыңайтқыштарды пайдалану жоспары
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, әрі сапалы өнім жинау үшін тыңайтқышты тиімді қолдану маңызды рөл атқарады. Көпшілік ауыл шаруашылығы дақылдары, әсіресе техникалық, көкөніс, өнім түзу үшін қоректік заттарды көп мөлшерде керек етеді.
Қазіргі жағдайда тыңайтқышсыз дақылдар өнімін айтарлықтай дәрежеге көтеру мүмкін емес. Сондықтан игерілген ауыспалы егісте тыңайтқыштарды қолданудың тиімді жүйесін пайдалану дақыл түсімін аттырудың шешуші шарты болып саналады.
Жүзім дақылы бір орнында көп жыл бойы өсіріледі және оны егуге көп қаражат жұмсалады. Сондақтан жүзім ғылыми тұрғыда дәлелденген жүйелер негізінде отырғызылуы керек.
Танапты таңдап алуда кеткен қателіктерді жөндеу кейіннен қиынға соғады. Жүзімдіктерді отырғызуға тегіс алқаптар мен аз еңкісті көлбе беткейлер (5-60С дейінгі) болғаны дұрыс. Еңкістігі 12 градус және одан жоғары болған беткейлерде ағаштар арнайы құрылған сатыларға егіледі. Таңдап алынған жерлердің топырағы құнарлы, ауа алмасатын, суды көп ұстайтын, сортаңданбаған әрі батпақсыз болу керек. Жер асты суының (ыза суының) деңгейі топырақ бетінен, 1,5-2 м болуы тиіс.
Жердің рельефі мен
беткейлердің экспозициясы жүзімдіктің
жылылық және ылғалдылығына, өсімдіктердің
өсіп-өнуіне көп әсер етеді. Жүргізілген
тәжірибелер нәтижесі көрсеткендей
жүзім Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс және
Оңтүстік-Шығыс беткейлерге
Жүзімдіктер үшін тұйықталған шұңқырлар қолайсыз болып есептелінеді. Мұндай жерлерге ауаның суық ағымдары көп жиналады, нәтижеде ағаштар ерте күздегі және кеші көктемдегі аяздарға ұшырап зақымданады.
Жүзімдіктерді егу үшін ажыратылған алқап алдын ала тастардан, ағаштардың түбірінен тазартылады, тегістеледі. Тазартылғаннан кейін танап тегістеледі. Көлбеулігі 12 градустан жоғары болған беткейлерде сатылар жасалынады (кертпелер беткейлердің кесе-көлденеңінен жасалынды). Жердің ой-шұқырлары көп болып, топырақты көбірек жылжытуға тура келсе, топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жер бетінде қалатындай болуы керек. Топырақ құрамындағы ауа, жылу, ылғал және құнарлықты сақтау және арамшөптерден тазарту мақсатында үлескі екі жыл бойына сүрі танап күйінде ұсталады.
Жүзім отырғызудан бір жыл алдын сидератты өсімдіктер егіліп, олар көп тыңайтқыш үшін айдалады. Ажыратылған жерлер тазартылып және тегістеліп болғаннан кейін плантаж соқа жәрдемінде нәрлілігі жоғары топырақтар 60-70 см, ал нәрлілігі төмен топырақтарда 40-45 см тереңдікте жыртылады. Плантаж жыртудың алдында әр гектарға 30-40 тонна көң, 600 кг фосфорлы және 150 кг калийлы тыңайтқыштар беріледі.
Қандай дақылдың болмасын жоспарлы өнімін алуға қол жеткізетін тиісті тыңайтқыш мөлшерін төмендегі мағлұматтарды пайдалана отырып, есептеп шығаруға болады:
1. Өніммен топырақтан
алынатын қоректік заттар
2. Әр гектар егістіктің
жырту қабатындағы айналымда бо
3. Топырақтағы қоректік заттардың пайдалану коэффициенті.
4. Тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттарды пайдалану коэффициенті.
Жүзімнің 1ц негізгі өнімімен жұмсалатын қоректік заттар мөлшері мынадай: N–3,1; Р2О5 – 1,3; К2О – 3,2. Жүзім көпжылдық дақыл. Алғашқы өнімдерін өсіп-даму жылының 3-4 жылы ғана өнім бере бастайды. Сондықтан ол топырақтан қоректік заттарды көп алады. Жылсайын өсімдіктің оңтайлы өсіп-дамуы үшін жылына гектарына 50-60 кг азот, 18-20 кг фосфор, 50-70 кг калий пайдаланады.
Жүзім өсімдігіне тыңайтқыш қолдану оның өнімі мен сапасын арттыруда шешуші рөл атқарады. Бұл дақылдың 100-143 ц өнімі 63-80 кг азот, 16-23 кг фосфор, 48-63 кг калий, 55-58 кг кальций және 11-18 кг магний пайдаланады. Жүзім қоректік заттарды ұзақ мерзім кабылдайды. Тыңайтқыштың жүзім өніміне әсері дақылдың сорттарына тікелей байланысты болады.
Жүзімдікті алғашқы салу аддында топыраққа жеткілікті көң шашуға көңіл аудару керек. Ол үшін гектарына 40-60 т көң және 150-200 кг мөлшерінде фосфор мен калий беріліп терең жыртылады. Екпе көшетті отырғызғанда әрбір шұңқырға 5-10 кг кара шірікпен 200-300 г суперфосфат салады. Сол себепті жас жүзімдікке 2-3 жыл бойы тыңайтқыш қолданбайды. Жеміс салу кезінде жүзімге толық минералдық тыңайтқыш беру керек. Мұнда гектарына N60P60K120 (қара қоңыр топырақ) және N120.150 Р50-60К60-90 (боз топырақ) пайдалану мол өнім жинауды қамтамасыз етеді. Минералдық тыңайтқыштарды ерте көктемде, жүзім бүршік атпастан бұрын қатар аралығына 30-35 см тереңдікке енгізу керек. Жүзімдікті микротыңайтқыштармен үстеп қоректендіру ұсынылады. Ол үшін мырыш сульфатының 0,1%-тік ерітіндісімен гүлдеу аддында және жүзім пісер алдында бүркеді (1 гектарға 400 л ерітінді). Жеміс-жидек дақылдарына қолданылатын тыңайтқыш мөлшеріне топырақ және өсімдік құрамындағы қоректік заттардың деңгейіне сәйкес түзету енгізген дүрыс.
Топырақга қоректік элементтің
жылжымалы түрінің мөлшері
Дұрыс жоспарланған ауыспалы егіс жүйесін пайдалану, органикалық және минералдық тыңайтқыштардың неғұрлым тиімді арақатынасын сақтау, топырақтың өте қолайлы болатын су, ауа және жылу тәртібін дер кезінде қамтамасыз етіп отыру сияқты тағы басқа да шаралар көзделген.
Берілетін тыңайтқыштардың жылдық нормаларын белгілеу кезінде ауыспалы егіс танаптарындағы топырақтың қаншалықты құнарлы екенін, агротехникалық шаралардың қандай деңгейде жүргізілетінін, минералдық тыңайтқыштардың көңмен қаншалықты ұштастырыла берілетінін және басқа да жағдайларды мұқият ескеру керек.
1-кесте- Шаруашылықтағы ауыспалы егістікке (18 га) қажетті жалпы тыңайтқыштар мөлшері
Дақылдар |
Органикалық тыңайтқыштар, т/га |
Минералды тыңайтқыштар, кг/га | ||
N |
Р2О5 |
К2О | ||
6 танапты мақта-мал азықтық | ||||
1-жылғы жүзім |
- |
34 |
36 |
- |
2-жылғы жүзім |
- |
38 |
45 |
- |
3-жылғы жүзім |
- |
40 |
52 |
|
4-жылғы жүзім |
- |
38,6 |
55 |
20 |
5-жылғы жүзім |
- |
68 |
30 |
82 |
Барлық ротация бойынша |
3934,8 |
4032 |
18,36 | |
Орташа 1 га жерге |
218,6 |
224 |
102 |
Жүзімдіктер көпжылдық өсімдіктер болып табылатындықтан, жыл сайын олардың арасын топырақ өңдеу шараларымен арамшөптерден таза ұстау экономикалық тұрғыдан тиімсіз болып табылады, сондықтан жүзімнің қатар араларын сүрі сидерат жүйесінде сақтау керек. Топырақты жасыл, сүрі жер жүйесінде сақтағанда қатар араларын әртүрлі шөптесін өсімдіктерді өсіріп және оларды органикалық тыңайтқыш ретінде айдап тасталады. Сидераттар үшін көлеңкеге шыдамды және қысқа мерзім ішінде көптеген массамен тамыр қалдықтарын пайда ететін өсімдіктер пайдаланылады. Сидераттар гүлдену мерзімінде айдалады және осы уақытта олар ең көп көк масса жинайды және айдалған соң тез шіріп топырақты тыңайтады.
Жүзімдіктердің тыңайтқыштарға мұқтажды көптеген жағдайларға байланысты.
Тыңайтқыштар беру мөлшері суармалы бауларға тәлімі жердегіге қарағанда көбірек болады.
Фосфорлы-калийлі
Оңтүстік– Батыс ауылшаруашылығы ғылыми - өндірістік орталығының көп жылдық ғылыми-зерттеулер нәтижесінде, сұр топырақты жеміс беретін жас жүзімдіктердің бір гектарына тыңайтқыштар беру мөлшері төмендегіше анықталған: 300- 400 кг азотты селитралар. Жүзімдердің өнімділігін көбейту және сапасын арттыру үшін оларды шәрбәт тәсілімен суару қажет. Ол үшін негізгі су жүретін арыққа шұңқыр жасап, көңменен толтырылады, су көң арқылы өтіп бауларға тарайды.