Жүзім өсіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:51, курсовая работа

Описание работы

Ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - жүзім шаруашылығы. Бул курстық жұмыста жүзім шаруашылық өндірісін қолға алуға байланысты, мол өнім алу мақсатына байланысты күтіп баптау ерекшеліктері, кооперативтік ұжымдар мен жеке фермерлерге жоғары өнімді жүзімдіктерді өсіру үшін ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне негізделген тыңайту жүйесін жасау мен техниканы пайдалану шарттары туралы жазылған. Сонымен қатар жүзімнің көшеттік тәсілі мен кутіп баптау шаралары жайлы тусиниктемелер.

Содержание

Аннотация 5
Нормативтік сілтемелер 6
Белгілер мен қысқартылған мәндер 7
Кіріспе 8
1 Аналитикалық бөлім 10
1.1 Жүзім өсімдігінің жалпы сипаттамасы 10
2. Тәжірибелік бөлім 12
2.1 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері 12
2.2 Жүзім өсірудегі көшеттік тәсіл 16
2.3 Жүзім танаптарын күтіп баптау ерекшеліктері 21
2.4 Жүзім өсірудегі тыңайтқыштарды пайдалану жоспары 27
Қорытынды 30
Қолданған әдебиеттер тізімі 31

Работа содержит 1 файл

жузим курсовой.doc

— 457.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

 

 

Аннотация                                                                                                              5

Нормативтік  сілтемелер                                                                                       6

Белгілер мен қысқартылған мәндер                                                                    7

Кіріспе                                                                                                                     8

1   Аналитикалық бөлім                                                                                        10

1.1 Жүзім өсімдігінің жалпы сипаттамасы                                                         10

2.  Тәжірибелік бөлім                                                                                            12

2.1 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері                                                        12

2.2 Жүзім өсірудегі көшеттік тәсіл                                                                      16

2.3 Жүзім танаптарын күтіп баптау ерекшеліктері                                            21

2.4 Жүзім өсірудегі тыңайтқыштарды пайдалану жоспары                              27

Қорытынды                                                                                                            30

Қолданған әдебиеттер тізімі                                                                                 31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Аннотация

 

 

Бет 31, сурет 4, кесте 1, қолданылған әдебиеттер - 15

 

     Жүзім, тыңайту, өсімдік, қоректік заттар, агрохимиялық көрсеткіштер, тыңайтқыш, органикалық және минералды тыңайтқыш, танап, көшет ауылшаруашылық машиналары.

      Ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - жүзім шаруашылығы. Бул курстық жұмыста жүзім шаруашылық өндірісін қолға алуға байланысты, мол өнім алу мақсатына байланысты күтіп баптау ерекшеліктері, кооперативтік ұжымдар мен жеке фермерлерге жоғары өнімді жүзімдіктерді өсіру үшін ғылым мен озық тәжірибенің жетістіктеріне негізделген тыңайту жүйесін жасау мен техниканы пайдалану шарттары туралы жазылған. Сонымен қатар жүзімнің көшеттік тәсілі мен кутіп баптау шаралары жайлы тусиниктемелер.

Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және 15 әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы  көлемі 31 бет, оның ішінде 4 сурет, 1 кесте бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нормативтік  сілтемелер

 

 

СГРК 1,4 – 1999 –

Қазақстан  Республикасының  мемлекетік  стандарт жүйесі,  формалар  стандарты

СГРК 1,12 – 2000 –

Нормативті  текстің  құжаттары, мазмұнын өрнектеуге,  құрастыруға, тұрғызуға  арналған  жалпы  талап

МЕСТ 3,001 – 2000 –

Қазақстан Республикасы  білімінің мемлекеттік  жалпы  білім  беру стандарты  жоғарғы  кәсіптік  білім.  Негізгі ережелер

МЕСТ 2,105 - 59 ЕСКД –

Текст  құжаттарына  жалпы  талап

МЕСТ 2,106- 99 ЕСКД -

Текст  құжаттары

МЕСТ 2,111- 98 ЕСКД -

Норма  бақылау

МЕСТ2,1101 - 92 СПДС-

Жұмысты  құжаттарға негізгі  талап

ФС ОҚМУ 4,6 - 001- 2004 -

Оқу  құжатын  өрнектеу  ережесі. Текстік  құжатқа  жалпы  талап

ФСОҚМУ 4,6 – 002 - 2004 -

Оқу  құжатын  өрнектеу ережесі. Графикалық құжатқа жалпы  талап


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Белгілер мен  қысқартылған мәндер

 

 

ҚР- Қазақстан Республикасы

ОҚО – Оңтүстік Қазақстан облысы

АҚ – акционерлік  қоғам

ЖШС- жауапкершілігі шектеуші серіктестік

г- грамм

га- гектар

кг- килограмм

л-литр

м-метр

мин-минут

мг-миллиграмм

мм-миллиметр

мл-миллилитр

см-сантиметр

ц-центнер

%- пайыз

м3- шаршы метр

млн – миллион

ц/га – гектарына центнер

кв.км- шаршы километр

°С- градус Цельсий

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Кіріспе

 

 

Жұмыстың өзектілігі. Әрбір гектар жерден түсетін өнімді дақылдың биологиялық потенциалына жақындату бүгінгі таңдағы ғылымның өзекті мәселесі болып отыр.

Оңтүстік  Қазақстан  облысының топырақ-климаттық жағдайы  және ауа-райының қалыптасу ерекшелігі ауыл шаруашылығының барлық саласын дамытуға қолайлы.

Облыс ауыл шаруашылығының дәстүрлі саласының бірі - жүзім шаруашылығы және шарап шығару. Инвестиция мәселесі шешілген кезде шарап өндірісінің аяқталған циклын - жүзім өндіруден бастап жоғары сапалы шарап дайындауды жүзеге асыруға дейінгі мүмкіндік,  яғни шарап кластерін құру мүмкіндігі туады.

 Бұл өнірде жылы  температуралар жиынтығы, суықсыз  кезеңнің ұзақтығы және қыс  айларының жұмсақтығы жеміс-жидек  ағаштарының қымбат бағалы түрлерін  және жүзімнің түрлі уақытта  пісіп жетілетін, ұзақ сақталатын және түрлі  мақсатқа арналған сорттарын өсіруге өте ыңғайлы болып табылады. Жоғары агротехникалық шаралар қолдану нәтижесінде сапасы дүние жүзілік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіруге болады.

1990 жылғы елімізде  жалпы өндірілген жеміс-жидектің 40,8% және жүзім өнімдерінің 63,8 пайызы, Оңтүстік Қазақстанда өндірілген. 2008 жылы барлық Республика көлемінде жеміс-жидек өндіру 26,0%, жүзім 45%-ға төмендеген .

Жеміс-жидек өнімдерін  пайдалану дәрежесі Республикамызда  күрт кеми бастады. 1992 жылы бір адам 24 кг жеміс-жидек пайдаланған болса, 1998 жылға келіп бұл көрсеткіш 6 кг-ға тура келген немесе 4 есеге азайған. Шикізаттың азайғаны шарап және шарап материалдарды өндірудің 16 есеге кемуіне алып келді. Жүзімдіктердің көлемі қазіргі күнде де азайып барады. Сондықтан еліміздің экономикасы шеттен алып келген өнімдерге тәуелді болып отыр .

Жүргізілген ғылыми-зерттеу  жұмыстары көрсеткендей, отандық  өндірушілерге мемлекет тарапынан  жәрдем көрсетілсе, жеміс-жидек және жүзім өндіру саласы қайта өркендер еді. Нәтижесінде өнім өндіру дәрежесі бұрынғы қалпына келіп, тек аймақтық ғана емес, еліміздің де экономикасының көтерілуіне оң ықпал етер еді.

Таңдап алынған өнімділігі жоғары және әр түрлі жағдайларға  шыдамды сорттар өндіруге кеткен шығынды азайтады және оның рентабельділігін көтереді.

Аймақты жеміс-жидек өнімдерімен  толық қамтамасыз ету үшін бұл  саланы үдемелеу қажет. Үдемелеу бұлардың егіс көлеміне кеткен шығынды көбейту  жолымен емес, керісінше ауыл шаруашылық өндірушілермен өндіріс технологиясын  жетілдіруді интеграциялау жолымен алып барылуы тиіс

Ауыл шаруашылық өндірісін  қайта құруға байланысты диқан шаруашыықтары, кооперативтік ұжымдар мен жеке фермерлерге жоғары өнімді жүзімдіктерді  өсіру үшін ғылым мен озық тәжірибенің  жетістіктеріне негізделген тыңайту жүйесін жасау қажет.

    Курстық жұмыстың мақсаты - Оңтүстік Қазақстан өңірінің топырағы және ауа райы жағдайлары жүзімнен жоғары өнім алуға қолайлы. Сондықтан жүзім шаруашылығын өркендетіп жоғары өнім алу үшін жүзім танаптарын күтіп баптау жүйесін жасау ең басты мақсаттардың бірі болып табылады

     Бұл мақсатты  орындау үшін мынадай міндеттер  шешілді;

     Жұмычтың міндеттері;

  • Жүзімннен мол өнім алу мақсатында оның биологиялық құрылысы мен өсуге қолайлы жағдайларды корсету;
  • Жүзім танабына тыңайтқыш енгізуде өсімдіктің биологиялық ерекшелігін анықтау;
  • Жүзімдік көшеттерді өсіруде қолайлы жағдайды жоспарлау;

Практикалық бағалылығы. Енгізілген тыңайтқышпен берілген қоректік заттар мөлшері, минералдық тыңайтқыштар құрамындағы қоректік заттардың кейінгі әсерінің пайдалану коэффициенті, қоректік заттардың аңызақ және тамыр қалдықтарымен жинақталуы, аңызақ және тамыр қалдықтарынан қоректік заттарды пайдалану коэффиценті, топырақтың жыртылатын қабатындағы қозғалмалы қоректік заттар қоры, топырақтағы қоректік заттарды өсімдіктермен пайдалану коэффициенті ескеріле отырып нақты тыңайтқыш мөлшері мен енгізу мерзімдері көрсетілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      1 Аналитикалық бөлім

 

      1.2 Жүзім  өсімдігінің жалпы сипаттамасы

 

      Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық Жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі – жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза,глюкоза (15 – 35%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералдық заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В2, РРвитаминдері, провитамин А (каротин) бар. Дәнінен тағамдық және техникалық май алынады. Өңделген Жүзімнен шарап, коньяк, шампан, сығынды қалдықтарынан этил спирті, сірке суы, шарап қышқылдары, т.б. заттар алынады. Піскен Жүзім жемісі адамның ас сіңіруін жақсартып, зат алмасуын тездетеді. Жүзім дақылының жылдық тіршілігі екі кезеңнен (тынығу және вегетация) тұрады. Тынығу кезеңінде жапырақтары түсіп, қоректік заттар сабағына, тамырларына жиналады. Вегетация кезеңі Жүзім бүршік жара бастағаннан жемісі толық пісіп, жапырақтары түскенге дейін созылады. Жүзім тұқымынан және вегетативтік тәсіл арқылы көбейеді. Тұқымынан көбейту жаңа сорт шығару үшін қолданылады. Негізгі вегетативтік көбейту түрлері – сүректелген не жасыл бұтағын қалемшелеу, сабағын сұламалау, ұластыру, т.б. Екпе шыбықтарынан отырғызылған Жүзім 2- 3-жылы өнім салады. Жүзімдіктер 40 – 50 жылға дейін пайдаланылады. Жүзімнің 5 мыңнан аса сорты белгілі, оның 2,5 мыңы ТМД елдерінде, 50-ден астамы Қазақстанда өсіріледі. Қазақстанда өсірілетін Жүзім сорттарының негізгілері: асханалық сорттар – інжу саба, мадлен анжевин, ақ халили, Алматы ерте пісетін сорты, ақ шасла, нимранг, агадан, Гамбург мускаты, Өзбекстан мускаты, қызғылт түсті тайфи, венгр мускаты, оның ішінде жидектері кептіріліп мейіз жасалатын сорттары – рислинг, ркацители, алеатико, қара пино, саперави, Құлжа жүзімі, т.б. Жүзімнің түрлері мен сорттары туралы ғылым – ампелография деп аталады.

     Жүзім өсірумен жүзім шаруашылықтары айналысады. Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалықжәне субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады.

      Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет.Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     2 Тәжірибелік бөлім

 

     2.1 Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері

 

Жүзім мыңжылдық аралығында өзгеретін  экологиялық барлық жағдайларында, кең жер шарында өсірілген. Сондықтан жүзім шырынында көлеңкелі орман өсімдіктерінің және ашық шуақ жерлердегі өсімдіктердің ерекшелігі сәйкес келеді, Бұд жүзімнің икемділігі мен және оның пішінінің әртүрлілігімен түсіндіріледі. Жүзім түрлерінің экологиялық – биологиялық қабілеттері және оның көптеген түрлері әртүрлі, сондықтанда олар әртүрлі топырақ – климаттық жағдайларда өсе береді.

Еуропалық сорт түріне жататын жүзімдер табиғат жағдайларына әртүрлі талаптар қойылады. Ортаазиялық сорттар күн  мен жарықты үлкен мөлшерде талап етумен ерекшеленеді. Солардың арасында, сонымен қатар, Қара теңіз бассейн сорттары және еуропалық батыс сорттарында ерте және кеш пісетін топтары да бар. Еуропалық сортының жүзімдері саңырауқұлақ ауруларына төзімсіз келеді, мысалы кахетикалық (Мцване, Ркацители), филоккүрітіне едәуір төзімді, имеретикалық сорт Цоликаури және сотернетикалық Семильон – саңырауқұлақ ауруларына төзімді болып келеді (мильдю, ондиум, антакноз және т.б.).

Информация о работе Жүзім өсіру