Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:51, курсовая работа
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйкес жаза тағайындалады.
І КІРІСПЕ..........................................................................................................
1.1 Жаза жүйелерінің түсінігі.......................................................................
ІІ ЖАЗА ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Негізгі жазалар.........................................................................................
2.2 Қосымша жазалар....................................................................................
III ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................
Бас бостандығынан айыру:
а) абайсызда қылмыс жасағаны үшін жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға — колония-қоныстарға;
б) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны ушін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ абайсызда жасалған қылмыстары үшін жеті жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға — жалпы режимдегі тузеу колонияларына;
в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға түңғыш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайтала-нуы кезінде және қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде әйелдерге — қатаң режимдегі түзеу колонияларына;
г) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға — ерекше режимдегі түзеу колонияларына тағайындалады.
6. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде жаза мерзімінін бір бөлігін түрмеде өтеу түрінде, бірақ бес жылдан аспайтын мөлшерде тағайындалуы мүмкін.
7. Үкіммен тағайындалған түзеу мекемесінің нысанын өзгертуді Қазақстан Республикасының құқықтық-атқарушылық заңдарына сәйкес сот жүргізеді.
Өлім жазасы.,49бап
Өлім жазасы—жазаның ең ауыр, ерекше түрі болып табылады.
Өлім жазасы—ату жазасы адамның өміріне кол сұғатын ерекше ауыр кылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзат-тың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін (49-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес өлім жазасы — ату мына төмеңдегідей қылмыстарды істегені үшін қолданылуы мүмкін:
ауырлататын жағдайда адам өлтіргені (96-бап, 2-бөлігі);
геноцид (160-бап);
соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында болған мемлекетке опасыздық (165-бап);
мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау (167-бап);
сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сүғу (340-бап);
соғыс уакытында немесе ұрыс жағдайында бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (367-бап, 3-бөлігі);
соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (368-бап, 3-бөлігі);
соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында бастықка қатысты күш қолдану әрекеттері (369-бап, 3-бөлігі);
соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайындағы қашқындық (373-бап, 3-бөлігі);
соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында билікті теріс пайдалану, биліктін асыра колданылуы немесе әрекетсіздік (380-бап, 3-белігі);
жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (383-бап).
Өлім жазасын қарастырған Қылмыстық кодекстін баптарының санкциялары баламалы болып келеді. Онда сот 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын немесе өлім жазасын немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды қолдануға жол берілген. Іс жүзінде өлім жазасын соттар іс бойынша аса ауыр кінәлінің қауіптілігін ерекше дәлелдейтін мән-жайлар болғанда ғана колданады.
Өлім жазасы кешірім беру тәртібі мен жиырма бес жыл бас бостандығынан немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасын қолданғанда сот әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа алады (КК-нің 52-бабы).
Өлім жазасын қолдануға істелген кылмыстың ерекше ауырлығы, жазаны ауырлататын төтенше мән-жайлармен қатар қылмыс істеген адамның айрықша қауіптілігі, моральдық азғындыққа түсуімен бірге, адам еместік іс-әрекеттерге барып, өте ауыр қылмыстар істеуі негіз бола алады. Сондықтан да өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстық істерді қарағанда сол барлық уакытта да сотгалушының психикалык жай-күйін ерекше зерттейді.
Өлім жазасын қолдану барлық жағдайда істелген қылмыстың анықтаған мән-жайларын және сотгалушының мейлінше толық, сипаттайтын мәліметтерге сүйене отырып, үкімде дәлелденген болуы керек.
Өлім жазасын қолданудың ерекшелігі сол, бүл тұрғыдағы қылмыстарды карау облыстық сотгардың кұзыретіне жатады және мұндай істерді қарау үш судьяның қатысуымен жүргізіледі.
Сонымен:
1. Өлім жазасы — ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны ушін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мумкін.
2. Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкім шығарған сәтте алпыс бес жастқа толған еректерге тағайындалмайды.
3. Кешірім жасау тәртібімен өлім жазасы жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан ай-ырумен немссе жиырма бес жылға бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін.
4. Өлім жазасы туралы үкім ерте дегенде ол күшіне енген сәттен бастап бір жылдан кейін орындалады.
2.2 Қосымша жазалар
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын , жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылғы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 25 , 26 – тармақтарында «Негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу , оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға , жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар үкім шығарған кезде әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі мәселесін қараған жөн.
Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда бұл туралы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні соттаған кезде қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табылса, сот оны ҚК-нің 55 – бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана ҚК-нің 55 – бабына сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолданбауы мүмкін.
Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілеуі сияқты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны кінәлі деп таныған ҚК баптарының диспозицияларында қосымша жаза ретінде көзделген болса ғана қолданылуы мүмкін. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру, арнайы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық, шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру қосымша жаза ретінде ҚК-нің Ерекше бөлімінің қылмысты саралаған бабында жаза ретінде көзделмесе де тағайындалуы мүмкін. Бұндай жазаны қолдану туралы шешім қабылданғанда, үкімнің қорытынды бөлігінде ҚК-нің тиісінше 41 немесе 50 – бабына сілтеме жасалынуы керек.
Ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде, сот үкіммен бірге ҚК-нің 50 – бабы 2 - бөлігінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің атына сотталушыны мемлекеттік наградалардан немесе Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған құрметті, әскери, арнайы атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыру туралы тиісті ұсыныс енгізу туралы мәселесін қарауы тиіс.
Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-нің 41 немесе 50 – баптарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгілеген шектен аспауы керек», — делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55 – бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке – дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Айыппұл салу және белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүкығынан айыру және коғамдық жұмыстарға тарту. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе баска жазаға занда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген кылмыстық завда мазмүны мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қоддану — қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады
Мүлікті тәркілеу( ҚК 51 бап)
1. Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.
2. Мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді және осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
3. Қылмыстық-атқарушы заңдарда көзделген тізбеге сәйкес сотталған немесе оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленбеуі тиіс.
Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру,50 бап
1. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери, арнау-лы немесе өзге де атағынан, сыныптың шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі немесе біліктілік сыныбы бар адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін соттаған ретте сот үкім шығарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, біліктілік шенінен, диплома-тиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізудің орындылығы туралы мәселені шешеді.
III Қорытынды
Сонымен жаза дегеніміз қылмыстық құқықта қылмыс жасауда кінәлі деп танылатын адамға сот үкімі арқылы тағайындалатын мемелекеттің мәжбүрлеу шарасы. Жаза Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексімен көзделген адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеу немесе айырудан тұрады. Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру , сотталғандарды түзеу және жаңа қылмыстарды істеуден сақтандыру мақсатында қолданылады.
( Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 37 – бабы ).
Болашақ заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс-әрекетке құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән- жайлардың бар не жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, жазаның негізгі және қосымша түрлерін білуге, жекелеген жазаларды қолданудың шарты мен шегі және тәртібін, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл жерде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын т.б нақты, терең білулері керек деп ойлаймын.
Қылмыстық заңның санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда сотгардын оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімінен дәлелдерін үкімнін дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза колданылмаған жағдайда бұл туралы үкімін қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні соттаған кезде қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетгі деп табылса, сот оны ҚК-тің. 55-бабында көрсетілген шарттар болған жагдайда ғана ҚК-тін, 55-бабынша сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнін дәлелдерін үкімде міндетгі түрде келтіре отырып, қолданбауы мүмкін.