Жаза жүйелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйкес жаза тағайындалады.

Содержание

І КІРІСПЕ..........................................................................................................
1.1 Жаза жүйелерінің түсінігі.......................................................................
ІІ ЖАЗА ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Негізгі жазалар.........................................................................................
2.2 Қосымша жазалар....................................................................................
III ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................

Работа содержит 1 файл

Мазмуны.doc

— 135.00 Кб (Скачать)

Қылмыстық Кодекстің 41-бабының ескертуіне сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыстары деп Қылмыстық кодекстің 176-бабының үшінші бөлігінің «2» тармағында, 193-бабының үшінші бөлігінің «а» тармағында, 209-бабының, үшінші бөлігінің «а» тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртінші бөлігінін «в» тармағында, 310-315 баптарында, 380-бабында көзделген қылмыстар танылады.

Қылмыстық кодекстің 41-бабының ескертуінің екінші бөлігінде экстремизмнің, белгілері бар қылмыстар тізбегі берілген. Оларға Қылмыстық Кодекстің 164,168-171,233-3,236-баптарында, 337-бабында көзделген қылмыстар жатады.

Жазаның бүл түрі қосымша жаза ретінде істелген іс-әрекет сараланатын қылмыс құрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе занның санкциясында көрсетілмесе де кінәлінің істеген іс-әрекетінің мәніне карай сот оны белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құкығынан айыру қажет деп тапса қолданылады. Мысалы, медицина қызметкерлерінің мамандык, міндеттерін тиісті орындамаудың салдарынан адамның еңбек қабілетінің үштен бір бөлігі тұрақты жоғалса немесе ұзақ уақытқа денсаулығы бұзылса, айыппұлға немесе бас бостандығына шек қоюға жазалаумен бірге (114-бап, 1-бөлігі) қосымша жаза ретінде дәрігерлік қызметпен белгілі бір уақытта шұғылдану құқығынан айыру жазасын тағағайындалады.Сонымен:

1.  Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте,; жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.

2.  Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде а'лты айдан үш жылға дейін мерзімге белгіленеді.

3.  Белгілі бір, лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан қосымша жаза ретінде айыру қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін адамның жеке басын ескере отырып, оның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қүқығының сақталуы мүмкін емес деп таныса, ол осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті бапта көзделмеген жағдайдада тағайындалуы мүмкін.

4.  Бұл жазаны бостандығын шектеуге, қамауға алуға, тәртіптік әскери бөлімде ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде тағайындау кезінде ол жазалаудың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген сәтінен бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.

Қоғамдық жұмыстарға тарту(42 бап)

1. Қоғамдық жұмысгар сотталған адамның негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта, түрін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейтін, тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.

2.   Қоғамдық, жұмыстар алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін белгіленеді және күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта өтеледі. Қоғамдық жұмыстардан әдейі жалтарған жағдайда олар осы Кодекстің тиісінше 45 және 46-баптарында көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен немесе қамауға алумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған адам қоғамдық жұмысты өтеген уақыт сегіз сағат қоғамдық жұмыс үшін бас бостандығын шектеудің немесе бір күн қамауда болу есебімен есептеледі.

3. Әскери қызметшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балала-ры бар әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүтедектерге қоғамдық жұмысқа тарту тағайындалмайды.

Түзеу жұмыстары

1. Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейін мерзімге белгіленеді және сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі.

2.  Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан                :-: соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес проценттен жйырма процентке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүг\ргізіледі.

3. Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмьісы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жүмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің Ерек-ше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарының орнына айыппұл тағайындауы мүмкін. Егер аталған мән-жайлар жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жүмыстарын айыппұл салумен де ауыстыра алады.

4.  Түзеу жүмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға ауыстыра алады.

Түзеу жұмысына сотгалған адам бас бостандығынан айырылмайды, отбасынан, еңбек ұжымынан бөлінбейді, өзінің жұмысын, қызметін сотталғанға дейін енбек еткен ұжымында жалғастыра береді. Оның түзелуі осы өзі істеген еңбек ұжымы шеңберінде, қоғамнан оқшауланбай жүзеге асырылады. Мұның өзі со-талған адамға еңбек ұжымы әкімшілігінің, отбасы мүшелерінің, жақындарының бақылау жүргізуіне толық мүмкіндік береді.

Сонымен бірге түзеу жүмысы бас бостандығынан айыру жазасы сияқты сотталған адамға белгілі бір дәрежеде жазалау ықпалы арқылы да әсер етеді.

Түзеу жұмысы тағайындалған сотталған адамның, түзелуі міндетті түрде қоғамға пайдалы еңбекке қатыстырыла отырылып бұрынғы немесе басқа ұйымда жүзеге асырылады. Жазаны өтёу мерзімінде сотталған адамның еңбегі мәжбүрлі сипатқа ие болады. Жаза өтеу мерзімінде оның жалақысының белгілі бір бөлігі мемлекет пайдасына өндіріледі. Түзеу жұмысы, жазасын өтеу мерзімі жеңілдіктер мен жалақыға қосымша алуға негіз болмайды. Бұл жазаға сотталған адамдар өз бетінше жұмыстан кетіп қалуға қақысы жоқ. Мұндай ретте жұмыстан босану үшін жазаның орындалуын іске асыратын — қылмыстық орындау инспекциясының келісімі қажет. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі бойынша түзеу жүмыстары адамның жұмыс орны бойынша ғана өтеледі. Түзеу жұмысын жұмыс орнында өтеу деген сөз сотталған адам бұрынғы сотталғанға дейін лауазымында немесе кәсібімен шұғылдана беруге болады деген мағынаны білдірмейді. Егер қылмыс лауазымды жағдайына немесе кәсіби қызметіне байланысты жасалған болса, онда сотталған адам басқа жұмысқа немесе басқа жұмыс орнына ауыстырылуы мүмкін. Бірақ үкім сотталған адамның жұмыс орнында өтелуі тиіс. Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді және сотталған адамның ай сайынғы табысынан 5 проценттен 20 процентке дейінгісі мемлекет кірісіне ұсталады.

Қылмыстық кодекстің 43-бабының 3-бөлігіне сәйкес: Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.

Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында өндірістен қол үзіп окитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға болмайды. Мұндай адамдарға, егер осы Кодекстің, Ерекше бөліміндегі тиісті баптың санкциясымен айып-пұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы үшін заңмен белгіленген бір айлық есепті көрсеткішке тең айыппұл сомасының есебінен сот түзеу жұмыстарынын орнына айыппұл тағайындауы мүмкін.

Әскери қызмет бойынша шектеу(44 бап)

1. Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда әскери қызметке қарсы қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.

2.  Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан соттың үкімімен белгіленген, бірақ жиырма проценттегі аспайтын мөлшерде мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады, Осы жазаны өтеу уақытында сотталған адамның лауазымың, әскери атағын көтеруге болмайды, ал жаза мерзімі кезекті әскери атақ беру үшін енбек сіңірген жылдар мерзіміне есептелмейді.

Бас бостандығын шектеу(45 бап)

1. Бас бостандығЫн шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімде оны қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Бас бостандығын шектеуді қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе түзеу жұмыстарымен ауыстырған жағдайда ол бір жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мұмкін.

2. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден әдейі жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл орайда бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыру мерзіміне есептеледі..

3.  Бас бостандығын шектеу кәмелетке толмағандарға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге, жүкті әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, елу бес жасқа толған әйелдерге, алпыс жасқа толған еркектерге, қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамдарға, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге қолданылмайды.

Қамау(46 бап)

1.  Қамау    сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табы-лады.

2. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған жағдайда ол кемінде бір ай мерзімге тағайындалуы мүмкін.

3. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балалары бар әйел-дерге қоланылмайды.

2.8. 50-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру

1. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери, арнау-лы немесе өзге де атағынан, сыныптың шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі немесе біліктілік сыныбы бар адамды ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін соттаған ретте сот үкім шығарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, біліктілік шенінен, диплома-тиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізудің орындылығы туралы мәселені шешеді.

Әскери қызметшілер қамауды абақтыда өткізеді. 47-бап.

Тәртіптік әскери бөлімде ұстау

1.  Шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады. Бұл жаза әскери қылмыстар жасағаны үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделген жағдайда, сондай-ақ сот істің мән-жайы мен кінәлінің жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айырудың орнына дәл сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстаған дұрыс деп тапқан жағдайда үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау бұрын бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген адамдарға қолданылмайды.

2. Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау кезінде тәртіптік әскери бөлімде ұстау мерзімі тәртіптік әскери бөлімде ұстаудын бір куні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен белгіленеді.

Бас бостандығынан айыру,48 бап

1.  Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жіберу, жалпы қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.

2. Үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.

3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны ушін бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейін, ол осы Кодекстің 49-бабының бірінші бөлігінде аталған ерекше ауыр қылмыстар үшін — жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру он жылдан аспауға тиіс. Түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық қосқан жағдайда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі осы Кодекстің 49-бабының ушінші бөлігінде, 69-бабының бесінші бөлігінде және 7-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда—жиырма бес жылдан, ал үкімдердің жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиіс.

4. Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жаса-латын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде ғана белгіленеді және сот өлім жазасын қолданбауға болады деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды,

Информация о работе Жаза жүйелері