Жаза жүйелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:51, курсовая работа

Описание работы

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйкес жаза тағайындалады.

Содержание

І КІРІСПЕ..........................................................................................................
1.1 Жаза жүйелерінің түсінігі.......................................................................
ІІ ЖАЗА ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Негізгі жазалар.........................................................................................
2.2 Қосымша жазалар....................................................................................
III ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................

Работа содержит 1 файл

Мазмуны.doc

— 135.00 Кб (Скачать)


27

 

Мазмұны:

 

І Кіріспе..........................................................................................................

3

1.1 Жаза жүйелерінің түсінігі.......................................................................

5

ІІ Жаза жүйелерінің түрлері

 

2.1 Негізгі жазалар.........................................................................................

6

2.2 Қосымша жазалар....................................................................................

20

III Қорытынды............................................................................................

25

IV қолданылған әдебиеттер тізімі................................................

27

 

 

 

 

 

 

 


І КІРІСПЕ

 

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйкес жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ҚК-те көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот қана үкім негізінде қолдана алады.

Қылмыс пен жаза  - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.

Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.

Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».

Яғни жазаның мақсаты:

а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

б) сотталғанды түзеу;

в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);

г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).

Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады.

Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше билік тағайындалатын жазалар жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, өлім жазасы.

Қосымша жаза – негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда  қолданылады.

Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекттік наградалардан айыру және мүлікті тәркілеу.

Балама жазалар қатарына айыппұл салу жєне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты тақырыптың мазмұны мен мәнін толық ашып зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін алдыма төмендегідей міндеттерді қойдым:

-                     Жазаның түсінігін толықтай ашып зерттеу;

-                     Жазаның мақсаттарын анықтап, дәлелдеу;

-                     Жаза жүйелерінің ұғымын талқылау;

-                     Қылмыстық  жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды зерттеп, ашып көрсету.

 

1.1 Жаза жүйелерінің түсінігі

 

Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңды белгіленген сотар үшін міндетті және тұжырымды, аырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

1.  Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдык жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметгі атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекетгік наградадан айыру.

2. Сотгалған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.

3. Сотгалған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.

4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді:

                 Бірінші топты негізгі жазалар кұрайды.

                 Екінші топқа қосымша жазалар жатады

                 Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады.

 

ІІ Жаза жүйелерінің түрлері

 

2.1 негізгі жазалар

 

Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.

Жасалған қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық қауіптілігіне байланысты мынандай жазаның негізгі түрлері қолданылады :

1)айыппұл салу ,

2) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ,

3) қоғамдық жұмыстарға тарту ,

4)түзеу жұмыстары ,

5) әскери қызмет бойынша шектеу ,

6) бас бостандығын шектеу ,

7) қамау ,

8) тәртіптік әскери бөлімде ұстау ,

9) бас бостандығынан айыру ,

        10) өлім жазасын қолданылуы мүмкін

Енді осы жаза түрлеріне жеке-жеке  мәлімет беріп өтейін:

Айыппұл(40 бап)

1.  Айыппұл осы Кодексте көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі  бір  кезең  ішіндегі  өзге  де  табысының  мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу.

2. Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір  жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.  Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.

3.  Айыппұл жазалаудың қосымша түрі ретінде осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.

4.  Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі жалтарған жағдайда ол осы Кодекстің 42, 43 және 46-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып,  айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшеріне тиісінше айыппұл сомасы үшін тиісінше бір ай түзеу жұмыстарының, немесе сексен сағат қоғамдық жұмыстарға тартудың, немесе он күнге қамаудың есебінен қоғамдық: жұмысқа тартумен, түзеу жұмыстарымен немесе қамаумен ауысты-рылады.

Егер айыппұл қылмыс сараланған баптың санкциясында  көрсетілмеген болса, онда ол негізгі немесе қосымша жаза ретіңде қолдануға жатпайды. Тек кана мұндай жағдайда айыппұлды Қылмыстық кодекстің 55-бабы бойынша заңда көрсетілгеннен гөрі жеңілірек жаза тағайындауға негіз болғанда ғана қолданады.

Айыппұл Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді. Айыппұлдың нақты мөлшері істелген қылмыстың ауырлығына, кінәлінің материалдық, отбасылық жағдайларына, істің нақты жағдайларына байланысты сот арқылы жеке-дара анықталады. Заңда айыппұлдың төменгі және жоғарғы шегі көрсетілген. Егер сот айыппұл төлеудің негізіне айлық есептік керсеткішті алса, онда ол жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шекте тағайындалады. Сондай-ақ айыппұл сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге табысының мөлшерінде: екі аптадан бір жылға дейін тағайындалады. Заңда айтылған өзге де табыстар деген ұғымға жалақыдан басқа алатын жеке еңбек қызметі, авторлық қаламақы, мүлікті жалға беруден табатын табыстары жатады. Қылмыстық-атқару құқығы бойынша айыппұлды орындау сотқа жүктеледі. Сот үкім күшіне енгеннен кейін бір ай мерзім ішінде сотталған адамға айыппұлды төлеуді міндеттейді. Егер сотталған адамның айыппұлды уақытында төлеуге мұршасы жоқ болса, онда сот сотталғанның өтініші бойынша оны бөліп төлеуді немесе төлеуді занда белгіленген мерзімге кейінге қалдыруға құқылы. Егер сотталған адам айыппұлды дер кезінде төлемесе, жазаның бұл түрі сот арқылы күшпен орындалуға жатады. Занда айыппұлды төлеуден әдейі жалтарғаны үшін жауаптылық белгіленген. Әдейі жалтару — сотталған адамның өзінің ақша қаражаттары, басқа да мүмкіндіктерін төлеуден әдейі жасырып оны төлеуден ашық бас тартуы болып табылады.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті езін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды ажаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады (41 -бап).

Қылмыстық кодекстің осы бабында екі түрлі әр түрлі жаза біріктірілген: белгілі бір лауазымды атқарудан және белгілі бір кәсіппен айналысу құқығынан айыру.

Жазанын бұл түрі сот арқылы істелген қылмыстың мәніне қарай сотталған адамды одан әрі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануы мүмкін болмайтын жағдайда тағайындалады. Мұндай жаза, мысалы көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін (296-бап), тұтынушыларды алдаған адамдарға (223-бап), қызмет бабын пайдаланып сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденген немесе ысырап еткен лауазым адамдарына (176-бап) колданылуы мүмкін.

Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шүғылдану қүқығынан айыру қылмыстық жаза шарасы ретінде істелген қылмыстың мәніне қарай кінәлі адамды белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құкьіғынан айыру қажет болғанда, мұндай адамдарға осы құқықтарды одан әрі жүзеге асыруға сеніп тапсыруға болмайтын реттерде қолданылады.

Мұндай жазаны қолдану негізінен қызмет бабын немесе кәсіптік қызметін пайдаланып қылмыс жасайтындардың қылмысты кайталап жасауына бөгет қою, мұндай тәсілмен қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылданудың өзара айырмашылығы мынада: біріншісі сотталған адамды мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салады. Мысалы, материалдык жауапкершілікке байланысты лауазымдық қызмет атқармау.

Екіншісі, сотгалған адамның белгілі қызметпен (кәсіппен) шұғылдануына тыйым салу. Мысалы, дәрігерлікпен шұғылдануға, адвокаттықпен шұғылдануға тыйым салу, көлік құралдарын жүргізуге байланысты кәсіпті атқаруды тыю, т.б. ҚК-нің 41-бабының 2-бөлігіне сәйкес:

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру(41 бап)

Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкцияда ол туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодекстің 55-бабының талаптарына сай жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде бір жыддан жеті жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

Информация о работе Жаза жүйелері