Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 16:43, курсовая работа
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
I.Кіріспе...............................................................................................................3
II.Негізгі бөлім.........................................................................................................5
1. Заңды тұлға туралы ұғым...................................................................................5
2. Заңды тұлғаның белгілері...................................................................................8
3. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен жауапкершілігі.............................19
4. Заңды тұлғаларды..............................................................................................22
А. Мемлекеттiк тiркеу қайта тiркеу
Б. филиалдар мен өкiлдiктер
В. Қайта құру, тарату негiздерi
5. Заңды тұлғаның құқықтық жағдайы................................................................28
Қорытынды............................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................35
5.
Заңды тұлғаның
құқықтық жағдайы
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады.
Заңды
тұлғаларға қатысты қылмыстық
Соңғы уақытта экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимылды үдете түсу үшін заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік қарастыру мәселесі бизнес қауымдастығынан бастап, қарапайым азаматтарға дейінгі үлкен пікірталастың көрігін қыздырып келеді. Әлемдік тәжірибелерден көрініс тапқан заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік институтының өрісі мен терісі сараланғалы да біршама уақыт болды. Әйтсе де Мәжілісте осыған дейін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданғанына қарамастан, қоғамда пікір қайшылықтары еңсерілген емес. Оның үстіне заң жобасы заңсыз әрекеттерге барған бизнеске айыппұл мөлшерін арттыруды қарастырса, Парламентте жатқан басқа бір заң жобасы заңды тұлғалар үшін айыппұл санкцияларын төмендетуді көздейді. Сонда мемлекет бір заң жобасымен бизнес қауымдастығы үшін айыппұл мөлшерін арттырса, екіншісімен оның мөлшерін төмендетіп жатқан тәрізді.
Заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік институтын енгізудің дұрыстығы туралы пікірталасқа түспей тұрып, осы бағыттағы проблемаға тереңірек үңілсек. Мәселен, заңды тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі АҚШ-та 1977 жылы Пара алуға қарсылық актісімен бекітіліп, кейін бұл норма осы аттас БҰҰ конвенциясында көрініс тапты. Әрине, бұл жерде заңды тұлға түрмеге жабылмайды. Әдетте фирмалар, трансұлттық компаниялар қандай да бір клеркті (кеңсе қызметкерін) немесе тіпті директорын түрмеге жауып, сонымен құтылып кете беретіні белгілі.
Солай болса, фирманың келтірген миллиардтаған шығыны өтелмей жатады. Сондықтан да бұл жерде заңды тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі туралы әңгіме негізінен оларға қатысты жасалатын санкциялар, айыппұлдар турасында болып отыр. Сол себепті заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы институтты енгізе отырып, фирмалардың, корпорациялардың міндеттемелерін жеткілікті деңгейде қамтыған орынды. Ал оны заң аясында фирмалардың жарғылық қоры мөлшерін арттыру жолымен жүзеге асыруға болады. Бұл, ең алдымен, жапа шегушіге келтірілген шығынның ішінара өтелуіне де септігін тигізер еді. Осыған орай жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін ең төменгі жарғылық қорларының мөлшерін арттырған ләзім. Бұл әділ шешім болмақ. Өйткені заңды тұлғаларға ең алдымен мүліктік мәселелеріне байланысты жазалау шаралары қарастырылады. Сонымен қатар. заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік қарастырылған шетелдерде осындай істердің басым бөлігінде айыппұл төлеу, мүлкін тәркілеу түріндегі жазалар тағайындалады. Ал оларды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату жүзеге асады. Осылайша экономикалық қылмыспен күресудің тиімділігі арта түседі. Бұдан бөлек, 2008 жылы Қазақстан БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын қабылдағаны белгілі. Бұл құжат та заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік институтын енгізуді қарастырады.
Бизнес қауымдастығына санкциялар жасап, айыппұлдар салу бизнесті жоюмен, кәсіпкерлікті банкроттау ісімен тең. Бұл ретте мейлі мемлекеттік кәсіпорында болсын, мейлі жеке бизнесте болсын, менеджерлер өзінің жеке бас пайдасын ойлап, заңсыз әрекетке бару фактілеріне де назар аударған орынды деп ойлаймын. Заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту арқылы әлгіндей қызметкерлердің залалды әрекеттерін тоқтата аламыз ба? Бұл – үлкен мәселе.
Сонымен қатар, қылмысқа баратын жеке тұлғаларға жоламай, тұтас заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартудың бірқатар теріс қырлары да баршылық. Мәселен, бизнес қауымдастығы тергеу органдарының нақты жеке тұлғаның кінәсін бұлтартпай дәлелдеп жатудың орнына заңды тұлғаға бірден «күйе» жағып, қылмысқа тұтастай тартудың оңай жолын қалыптастырып алудан қорқады. Бұл «тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деген жеңіл-желпі мәселе болмауы шарт. Заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілікті көздейтін қадам соған келіңкірейді.
Екіншіден, заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік институтын енгізудің салдары қандай болатындығы әлі де терең зерделенген жоқ. Төтенше «жаңалықтың» бизнес климатқа, іскерлік белсенділікке, шағын және орта кәсіпкерлікке тигізетін әсерімен санассақ игі. Өйткені қылмыстық жауапкершілікті арттыру, айыппұлды өсіру бизнестегі жағдайды еш жақсартпайды. Сондықтан да шағын және орта бизнеске қатысты әрбір құралды тиісті мөлшерде, қажетті кезеңде, керекті орында ғана жүргізген ләзім. Қазіргі күні ұзақ жылдар бойы жүзеге асқан реформаның нәтижесінде елімізде жағымды бизнес ахуалы қалыптасып отыр. Оның белгісі ретінде Ресейден соңғы жылдары 400-ден астам кәсіпорынның Қазақстанға келіп тіркелгенін айтуға болады. Яғни Қазақстанның бизнеске жасап отырғаны басқаларға қарағанда оңды. Ал ендігі күні заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілікті енгізіп, осы бағыттағы мәселені қиындатып алмаймыз ба деген күдік те басым.
Расымен,
заңды тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік
институтын енгізу мәселесі төтенше
даулы әрі күрделі дүние
Қорытынды
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады.
Заңды
тұлға заң құжаттары мен
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi болып танылады. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жiберуге құқылы.
Заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше құрылтайшы құруы мүмкiн. Мүлiктi меншiктенушiлер не олар уәкiлдiк берген органдар немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлiктi шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғалар меншiк иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның келiсiмiмен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктер, қайта құру, тарату негiздерi Азаматтық кодекстің 42, 43, 45, 49 баптарымен қаралған.
Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде
көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды
тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк
тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттiк тiркеу
тәртiбi заңдарда белгiленедi.
Қолданылған әдебиеттер