Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 16:43, курсовая работа
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
I.Кіріспе...............................................................................................................3
II.Негізгі бөлім.........................................................................................................5
1. Заңды тұлға туралы ұғым...................................................................................5
2. Заңды тұлғаның белгілері...................................................................................8
3. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен жауапкершілігі.............................19
4. Заңды тұлғаларды..............................................................................................22
А. Мемлекеттiк тiркеу қайта тiркеу
Б. филиалдар мен өкiлдiктер
В. Қайта құру, тарату негiздерi
5. Заңды тұлғаның құқықтық жағдайы................................................................28
Қорытынды............................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................35
Заң
актiлерiнде көзделген
Заңды тұлға тiзбесi заң актiлерiнде белгiленетiн жекелеген қызмет түрлерiмен лицензия негiзiнде ғана айналыса алады. [10]
Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшiн лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзiмi өткен немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған кезде тоқтатылады.
Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекеме) құқық қабiлеттiлiгi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен белгiленедi.
Заңды тұлғаның оқшау мүлкiне қатысты оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) мiндеттемелiк және заттық құқықтары болуы мүмкiн.
Мүлкiне өз қатысушылары (құрылтайшылары) мiндеттемелiк құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғам мен кооперативтер жатады.
Мүлкiне өз құрылтайшылары меншiк құқығын немесе өзге де заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзушi құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкi бар ұйымдар жатады.
Мүлкiне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүлiктiк құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бiрлестiктер, қоғамдық қорлар және дiни бiрлестiктер жатады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған өзге ұйымдық-құқықтық нысандардағы заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.
Арнайы қаржы компанияларынан, құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттiк мекемелерден және қазыналық кәсiпорындардан басқа заңды тұлғалар өз мiндеттемелерi бойынша өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi. Мекеме мiндеттемелер бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Олар жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады. Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Мемлекеттiк мекеме ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жауапты болады. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Қазыналық кәсiпорында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiк субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды. Мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс. Мемлекеттік мекемелер жасасатын, бюджет қаражатын жұмсау көзделмейтін азаматтық-құқықтық мәмілелер тіркелуге жатпайды. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелеріне ақы олар тіркелгеннен кейін төленуге жатады. Арнайы қаржы компаниясы өз міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жауап береді. [12]
Заңды
тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе
оның мүлкiнiң меншiк иесi оның мiндеттемелерi
бойынша жауап бермейдi, ал заңды
тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысының
(қатысушысының) немесе оның мүлкiнiң меншiк
иесiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi,
бұған осы Кодексте, өзге заң актiлерiнде
не заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында
көзделген жағдайлар қосылмайды.
Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның
құрылтайшысының (қатысушысының) немесе
оның мүлкiнiң меншiк иесiнiң iс-әрекетiнен
туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты
жеткiлiксiз болған жағдайда құрылтайшы
(қатысушы) немесе оның мүлкiнiң меншiк
иесi несие берушiлер алдында субсидиарлық
жауапкершiлiкте болады. Заңды
тұлға үшiншi тұлғалардың алдында заңды
тұлғаның органы құрылтай құжаттарында
белгiленген өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланып
қабылдаған мiндеттемелерi бойынша жауап
бередi. [16]
4.
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк
тiркеу, қайта тiркеу,
филиалдар мен өкiлдiктер,
қайта құру, тарату негiздерi
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктер, қайта құру, тарату негiздерi Азаматтық кодекстің 42, 43, 45, 49 баптарымен қаралған. [1]
А. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi. Мемлекеттiк тiркеу деректерi, соның iшiнде коммерциялық ұйымдар үшiн фирмалық атауы заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттiк регистрiне енгiзiледi. Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады.
Б. Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi. Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.
Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген ретте заңды тұлға бұл туралы тiркеушi органды бiр айлық мерзiмде хабардар етедi.
Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мiндеттерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн, соның iшiнде өкiлдiк мiндетiн жүзеге асырушы оқшау бөлiмшесi филиал болып табылады. Заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан және оның мүдделерiн қорғау мен өкiлдiгiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмiлелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлiмшесi өкiлдiк болып табылады. Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлға болмайды. Бұларға өздерiн құрған заңды тұлға мүлкi берiледi және оның бекiткен ережелерi негiзiнде жұмыс iстейдi. Қоғамдық бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары қоғамдық бiрлестiктiң жарғысында және оның филиалдары немесе өкiлдiктерi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады. Дiни бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) басшылары дiни бiрлестiктердiң жарғысында және оның филиалы немесе өкiлдiгi туралы ережеде көзделген тәртiппен сайланады не тағайындалады. Өзгеше нысандағы заңды тұлғалардың филиалдарды мен өкiлдiктерiнiң басшыларын заңды тұлға уәкiлдiк берген орган тағайындайды және оның сенiмхаты негiзiнде жұмыс iстейдi. [3]
В. Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуi мүмкiн.
Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген ерекшеліктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Акционерлiк қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заң актiсiнде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Қайта құру ерiктi түрде немесе ықтиярсыз жүргiзiлуi мүмкiн.
Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешiмi бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
Егер заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi, ол уәкiлдiк берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкiлдiк берiлген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешiмiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етедi, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесiнде туындайтын құрылтай құжаттарымен бiрге соттың бекiтуiне бередi. Аталған құжаттарды соттың бекiтуi жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн негiз болады.
Заңды тұлға, бiрiктiру
нысанында қайта құрылатын
Заңды тұлғаны оған екiншi бiр заңды тұлғаны бiрiктiру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiне бiрiктiрiлген заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың бiрiншiсi қайта құрылған деп есептеледi.
Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның шешiмi бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешiм қабылдауға уәкiлдiк берiлген заңды тұлға органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.
Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорын, арнайы қаржы компаниясын, мақта өңдеу ұйымын тарату Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қоры, секьюритилендіру және мақта саласын дамыту туралы заңнамасында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға: 1) банкрот болған; 2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған; 3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетiн қызмет үнемi жүзеге асырылған; 4) тиiстi рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметтi, не заң құжаттарында тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған, не қызметiн заңдарды бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргiзген жағдайларда, соның iшiнде заңда белгiленген табыс ету мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы) декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлға орналасқан жерi бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай ақ заңды тұлға бiр жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған; 5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкiн.
Осы баптың екiншi тармағындағы аталған негiздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талапты заң актiлерiнде осындай талап қоюға құқық берiлген мемлекеттiк орган, ал банкрот болған жағдайда несие берушiлер де сотқа беруi мүмкiн. Заңды тұлғаны тарату туралы сот шешiмiмен заңды тұлғаны таратуды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттер оның мүлкiн меншiктенушiге, меншiк иесi уәкiлдiк берген органға, заңды тұлғаны таратуға оның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органға, не сот тағайындаған басқа органға (тұлғаға) жүктелуi мүмкiн. Егер заңды тұлға жөнiнде осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп бойынша оны тарату туралы шешiм қабылданып, оның мүлкiнiң құны несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, ондай заңды тұлға банкроттық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен таратылуы мүмкiн. Заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi мемлекет уәкiлдiк берген тиiстi органның шешiмiмен заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша таратылуы мүмкiн.
Заңды
тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе
заңды тұлғаны тарату туралы шешiм
қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды
тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына,
тіркеу орны бойынша салық органына дереу
жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе
заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған
орган тарату комиссиясын құрады және
Азаматтық Кодекске сәйкес тарату тәртiбi
мен мерзiмiн белгiлейдi. Тарату комиссиясы
құрылған кезден бастап заңды тұлғаның
мүлкiн және iстерiн басқару жөнiнде өкiлеттiк
соған ауысады. Тарату комиссиясы сотта
таратылатын заңды тұлға атынан әрекет
етедi. Тарату комиссиясы заңды
тұлғаны тарату туралы, сондай-ақ оның
несие берушiлерiнiң талаптарын мәлiмдеу
тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты орталық
әдiлет органының ресми баспасөз басылымдарында
жариялайды. Талаптарды мәлiмдеу мерзiмi
тарату туралы жарияланған кезден бастап
екi айдан кем бола алмайды. Тарату комиссиясы
несие берушiлердi анықтау және қарыздарын
алу үшiн шаралар қолданады, сондай-ақ
несие берушiлерге заңды тұлғаның таратылғандығы
туралы жазбаша хабарлайды. Несие
берушiлер талаптарын қоюға арналған мерзiм
аяқталғаннан кейiн тарату комиссиясы
аралық тарату балансын жасайды, онда
таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы,
несие берушiлер қойған талаптар тiзбесi,
сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi туралы
мәлiметтер болады. Аралық тарату балансын
заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе
заңды тұлғаны тарату жөнiнде шешiм қабылдаған
орган бекiтедi. Аралық тарату балансын
жасаған кезде таратылатын заңды тұлға
мүлкінің құрамына Қазақстан Республикасының
секьюритилендіру туралы заңнамасына
сәйкес шығарылған облигациялар бойынша
қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген
активтер және ипотекалық облигациялар
бойынша мынадай қамтамасыз ету болып
табылатын кепіл мүлкі: ипотекалық тұрғын
үй қарызы шарттары бойынша талап ету
құқығы (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда),
сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларға
оларға меншік құқығы туындаған немесе
мәмілелер бойынша не Қазақстан Республикасының
заң актілерінде көзделген өзге де негіздер
бойынша оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары
енгізілмейді. Тарату комиссиясы аталған
мүлікті және Қазақстан Республикасының
секьюритилендіру туралы заңнамасына
сәйкес шығарылған облигациялар бойынша
қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген
активтерді Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына
сәйкес кредиторлармен - аталған облигацияларды
ұстаушылармен есеп айырысу үшін ипотекалық
облигацияларды немесе Қазақстан Республикасының
секьюритилендіру туралы заңнамасына
сәйкес шығарылған облигацияларды ұстаушылардың
өкіліне береді. Егер таратылатын
заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекемелерден
басқа) ақшасы несие берушiлердiң талабын
қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса,
тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкiн
сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген
тәртiп бойынша жария сатуды жүзеге асырады.
Несие берушiлермен есеп айырысу бiткеннен
кейiн тарату комиссиясы тарату балансын
жасайды, оны заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi
немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм
қабылдаған орган бекiтедi. Несие
берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан
кейiн қалған мүлiк құрылтай құжаттарында
көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.
Несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру
үшiн таратылатын қазыналық кәсiпорынның
- мүлкi, ал таратылатын мекеменiң ақшасы
жеткiлiксiз болған жағдайда, несие берушiлер
талаптарының қалған бөлiгiн осы кәсiпорынның
немесе мекеменiң мүлкiн меншiктенушi есебiнен
қанағаттандыру туралы талап қойып сотқа
жүгiнуге құқылы. Мүліктік кешені
жекешелендірілген мемлекеттік кәсіпорындар
Қазақстан Республикасының жекешелендіру
туралы заңында белгіленген тәртіппен
таратылады. Заңды тұлғалардың
мемлекеттiк регистрiне тиiстi жазба жасалғаннан
кейiн заңды тұлғаның таратылуы аяқталады,
ал заңды тұлғаның өмiр сүруi тоқтатылды
деп есептеледi. [14]