Қылмыстың обьективтік жағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 13:40, курсовая работа

Описание работы

Қылмыстың обьективтік жағы

Содержание

Кіріспе……………………………………………….…................................4
1. Қылмыстың обьективті жағы…………………………………………….6
1.1. Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі………………………….…6
1.2. Қылмыстың обьективтік жағының маңызы……………………….…...7

2. Қылмыстың объективтік жағының факультатитвтік белгілері………..20
2.1. Қылмыс жасаудың әдісі,орны, уақыты, жағдайы……………………..20
2.2. Қылмыс жасаудың құралдары мен қарулары………………………24


Қорытынды………………………………………………………….…………26
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………28

Работа содержит 1 файл

Қылмыстың обьективтік жағы.docx

— 50.11 Кб (Скачать)

      Мысалы, адам өлтіру,зорлау (Қылмыстық  Кодекстің 96,120- баптар) қылмыс құрамдарыүшін қылмыстың  істелген орны еш рөл атқармайды және қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстардың қай жерде істелгеніне  қарамастан тағайындалады.

Алайда, дәл осы  белгі (орын), мысалы, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу  (Қылмыстық  Кодекстің 287-б) қылмысының құрамын  анықтау үшін  міндетті  болып  табылады.

      Объективті  жақтың факультативті белгілері  – тіпті қылмыстың құрамының  белгілері болмағандықтан оның бағалауына әсер етпеген күнде де, жаза белгілеуге айтарлықтай әсер ететіндіктен үлкен  материалдық-құқықтық маңызға ие.

Кейбір  жағдайларда  олар жаза белгілеу кезінде  кінәлінің жауаптылығын жеңілдетуші  немесе ауырлатушы жағдай болып табылады.

      Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодекстің 54-бабаына сәйкес қылмыстық  жауаптылықты  ауырлататын мән-жайлар болып объективтік  жақтың  төмендегідей белгілері саналады: қоғамдық қауіпті  салдар  «қылмыс арқылы ауыр зардаптар  келтіру», қылмыстың жасалу әдісі («аса қатыгездікппе, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні қинап қылмыс жасау»), қылмыстың жасалу жағдайы ()қылмысты төтенше жағдайда жасау») және тағы басқалары.

      Объективті  жақтың факультативті  белгілерінің  қылмыстық  іс бойынша  әр қашан  маңызды дәлелдік мағынасы бар екендігін  екерген жөн.

Олардың барлығы да кез келген қылмыстың  қажетті сиппатамасы болып табылады. Егер, мысалы,істелген қылмыстың уақыты мен орны аннықталмаса, қылмысты ашылды деп санауға болмайды (тіпті кейбір құрамда олардың қылмысты бағалауда  маңызы болмаса да.

Сондықтан, қылмыстың объективті жағынан барлық белгілері  өзінің

«міндеті» немесе «факультативті» болуына  қарамастан кез келген  қылмыстық  іс  бойынша қылмыстық-құқықтық мағынада дәлелдеу затына жатады.

    Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше   бөлімінің быр тарауы  көлемінде текті (арнайы) объект бойынша топтастырылған  қылмыстар көбінесе объективті жағының белгілері бойынша ажыратылады.

     Себебі, қылмысқа сәйкес  қоғамдық қауіптілікке  тән дәл осы белгілерді ажырату  кезінде байқалады. Адамның  және азаматтардың конституциялық құқықтары  мен  бостандығына қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігі бір –бірінен қылмыстың объективті жағының белгілері  бойынша, яғни  қоғамдық  іс-әрекеттің  сипатына қарай ажыратылады.

      Конституцияның 1-бабында «ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтары», -деп жарияланған.

Мысалы, сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі  жасау (Қылмыстық  кодекстің 146-б), азаматтардың  тең құқылығын бұзу (Қылмыстық  кодекстің 141-б), сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (Қылмыстық  кодекстің 147-б), тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты  бұзу (Қылмыстық  Кодекстің 144-б)және т.б.

      Қылмыстың  объективті жағының белгілері  тек  қылмыстық істерді  бір—бірінен  ажыратудың негізі болып  қоймай, кейбір жағдайларда қылмыстарды жіктеуге де негіз болады-бір жағынан әкімшілік,тәртіптік, екінші  жағынан-басқа құқық  бұзушылық.

     Мысалы, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (Қылмыстық  Кодекстің 291-б).,қылмыс ретінде  дәл осындай әкімшілік  құқық бұзушылықтан объективті  жақтың белгісімен ажыратылады,ол –құқық бұзушылық салдарынан тартылған  залалдың мөлшері.

Қызмет  өкілеттілігін теріс пйдалану (Қылмыстық  Кодекстің 307-б) осыған ұқсас тәртіптік  теріс қылықтан келтірілген зиян  мөлшері  бойынша ажыратылады.

      Егер  қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану  кезінде азаматтар  мен ұйымдардың құқықтарына  немесе заңды мүдделеріне  немесе қоғамның не мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай  зиян келтірілген болса, ондай теріс  пайдаланушылық-қылмысты деп танылады.

Егер  келтірілген зиянн мөлшері  онша көр болмаса, бұл іс тәртіптік  жауаптылыққа тартылуы керек.

      Қылмыстық іс-әрекетті саралауда қылмыстың  объективті жағының маңызы зор.

     Мысалы, Қазақстан  Республикасының күші бар қылмыстық заңлары бөтеннің мүлкін талан-таражға салуға байланысты  қылмыстық жауаптылықты, олардың  жасалу нысанында қарай анықтайды (Қылмыстық  Кодекстің 175-179 баптар).

Бұл қылмыстардың  барлығы  ұрлық, сеніп тапсырылған  бөтеннің мүлкін ысырап ету немесе иеленіп алу, алаяқтық, шабуыл жасап  тонау, тонау) тікелей қасақаналықпенжасалынып, бірдей объектіге қол сұғады.

     Сондықтан аталған қылмыстарды тек қана объективтік  белгілеріне байланысты дұрыс – саралай аламыз, яғни мүлікті алу тәсіліне қарап (ұрлық  –жасырын алу, тонау -ашықтан –ашық  алу  және т.б.).

     Қалың өскен шөптің ішінде, далаға  шығуын күтіп жатады.Сәлден соң Б.малын  қарауға далаға шыққан кезде С. қолындағы  темір балғамен  Б-ның бас сүйегінен 3 рет ұрады.

Осы алған зақымнан Б.табан  астында мерт болады. Сот  С-ның  әрекетін Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігімен  саралаған.

     Өйткені,С-ның әрекеті Б-ның өлуіне тікелей себеп болып,3рет балғамен ұрудың нәтижесінде, жәбірленушінің өлуіне нақтылы жағдай жасалған.

Істелген  іс - әрекетті орын алған қоғамға  зиянды зардаптың себебі деп тану үшін, қылмыстың осы зардабы тек  қана осы  іс-әрекеттің (басқаны емес) тікелей нәтижесі болуы қажет.

     Өйткені, кез келген іс-әрекет зардаптың орын алу шарты  болғанымен, оның себебі  болып танылмауы мүмкін. Осыдан кейін іс-әрекетті  зиянды қауіпті зардаптың тікелей себепшісі деп табу үшін себепті байланысты белгілейтін тағы бір белгіні-шарасыздық белгісін –яғни,орын алған  зардап істелген іс-әрекеттің қажетті, сөзсіз нәтижесі болуы керек деген тұжырымға келеміз.

     Мысалы,А.деген жүргізуші Х.деген азаматшаны жеңіл автокөлікпен дол үстінде қағып кетіп, нәтижесінде Х.

Жеңіл жарақат алған.Х. дәрігерге емделіп жүрген кезде қанына  жұқпалы кесел араласып, нәтижесінде қан ауруы асқынып, қайтыс болған.

     Мұндай  жағдайда жүргізушінің әрекеті- сөз  жоқ қылмыс құрамын құрайды, бірақ  кісі өлімі үшін емес, басқа  қылмыс үшін, себебі бұл жерде кісінің қазаға ұшырап отыруының басты себебі дене жарақаты әсерінен қанына жұқпалы ауру жұғып асқынып кетуі  болып отыр.

Жүргізушінің  әрекетінен жәбірленушінің өлімінің байланысы бұл жерде кездейсоқ болып отыр. Сол үшін де қажетті және   кезздейсоқ себепті байланыстарды ажырата білу керек.

     Материалдық құрамдағы қылмыстардың объективтік  жағының белгісі тек қана қажетті (сөзсіз) себепті байланыстардан құралады. Кейде заң шығарушы қылмыстың объективтік жағының белгілерін сипаттағанда қоғамға қауіптілігі дәрежесі  әр түрлі болатын зардаптардың  нақты болу мүмкіндігіне  жол береді.

     Мысалы, Қылмыстық  кодекстің 103-бабына сәйкес денсаулыққа қасақана ауыр  зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық осы бапта  көрсетілген ауыр дене жарақатын түсірген жағдайда немесе денсаулыққа келтірілген ауыр жарақат сол мезгілде адамның өміріне қауіпті болса жүзеге асырылады.

     Ауыр  дене жарақатын алған адам абайсызда  қазаға ұшыраса, қаза біріншіден ауыр дене жарақатынан, екіншіден  өмірге қауіпті болуы себепті жәбірленушіні өлімге қасақана душар еткені анықталған жағдайда ғана кінәлі адам 103-баптың 3-бөлігі бойынша жауапқа тартылады.

     Сонымен себепті,  байланысты  анықтағанда  ең  алдымен іс-әрекетті істеген мезгілде қоғамға зиянды зардаптың, сөз жоқ,істелген іс-әрекеттің нәтижесінен туындағанын анықтау керек.

     Себепті байланыс әрекет немесе әрекетсіздік арқылы  істелетін материалдық қылмыс  құрамдарының міндетті белгісі болып табылады.

Әрекетсіздік  күйде жасалатын материалдық  құрамға мысалы, лауазымды адамның салақтығын алайық (Қылмыстық  Кодекстің 316-бап). Лауазымды адам өз қызметіне салақтықпен қараса, нәтижесінде оның  өзінің  қызмет борышын орындамауы келтірілген  елеулі  зиянмен қажетті себепті байланыста болса, ол осы  бап  бойынша  жауапқа  тартылады. Мұндай жағдайда  әрекетсіздікпен  келтірілген  зардаптың арасындағы себепті байланысты  анықтау үшін лауазым  адамына қандай арнаулы міндет жүктелгенін және осы  міндетті оның орныдамағанын  анықтау қажет. 

     Белгілі бір  жағдайларда бірнеше адамдардың  әрекеттерінен орын  алған зардаптың қажетті себепті байланысын анықтау қажет болады.

     Мысалы, материалдық құрамдағы қылмысқа бірге қатысып істеген жағдайда, қылмысықа қатысушылардың әрқайсысының  әрекеті мен келтірілген зиянның арасын  байланыстыратын себепті байланысты табу, бірлесіп қылмыстан келген зардапты анықтау да қылмысты саралау және қылмысқа  бірге  қатысушыларға әділ жаза тағайындау олардың әпекетін дұрыс  саралау үшін  өте маңызды роль атқарады.

     Сонымен, себепті байланыс материалдық құрамдағы  қылмыстың объективтік  жағының  негізгі белгісі болып табылады.

    Себепті байланыс –материалдық қылмыстардың  объективті жағының сипаты  Орын алған қоғамдық қауіпті  салдар үшін  адамның жауаптылығы туралы сөз (егер, әрине, кінәсі болса), егер бұл салдар адам жасаған қоғамдық қауіпті  әрекетпен  немесе әрекетсіздікпен себепті байланыста тұрса  ғана басталуы мүмкін.

     Себепті байланыс болмаған жерде зиянды салдардың  орын алғандығы үшін қылмыстық жауаптылық  та болмайды.

      Себебі, бұл жаратылыста және қоғамда  болып жататын  құбылыстар мен  процестердің, заттардың жалпыға  бірдей объективті байланысының, өзара тәуелділігінің, өзара келіспеушілігінің түрлерінің біреуін бейнелейтін филисофиялық категория.

      Себеп дегеніміз- бір құбылыстың заңдылықты түрде,  ішкі қажеттілікпен басқа құбылыс тудыруы және ол-салдар деп қарастырылады.

Байланыстылықты бұл философиялық  тұрғыдан  түсінгендік білімнің  барлық салаларына ортақ,  сондықтан бұл түсінікті қылмыстық құқықтың себепті  байланысына  да қолдануға болады.

      Материалистік философия себепті  байланысты объективті  өмір сүруші  және  табиғат пен қоғамның  жалпыға бірдей өзара әрекетінің  бір көрінісі ретінде қарастырды.

     Объективті  бола  тұра және біздің санамызға  қарамастан,  себепті байланыс адамаға  танылып білінуі мүмкін. Әрине , адам санасы  объективті  әлемнің барлық себептері мен заңдылықтарына  бірден жете  алмайды..

     Бұған қарамастан, адам объективті әлем  туралы білімін толықтыра  отыра  бірте-бірте  оны танып түсіне бастайды және  оның неғұрлым жаңа сырларын ашады.

     Себепті байланыстардың сипаты  мен оған адам санасының жету мүмкіндігін,мысалы, медицина тарихының дамуымен суреттеуге болады.

     Белгілі бір тарихи кезеңдерде адам көп аурулардың себебін,ол аурудан адамның неге  өлетіндігін білмеді, ал  ол  аурулардың себептері, әрине, болды. Бертін келе ғалымдар бұл ауру процестерінің себептерін зерттеп біліп, алдын алу мен оны емдеугетабыстарға жетіп, ауруға қарсы әсер ете білді.

      Себепті байланыстардың объективті  жағының  қылмыстық құқық үшін де  маңызы зор.

     Тергеу  органдары мен сот қылмысты істі алдын-ала тергеу және сотта қарау кезінде біреудің  қоғамдық қауіпті  қылығы  мен бұл қылықтың зиянды салдары арасынан өздері шығаратын елес байланысты емес, олардың санасынан тыс тұратын объективті себепті  байланысты тауып көрсетеді.

Алайда, бұл  себепті байланысты табу процесі  оңайға соқпайды.

      Адамның себепті заңдылықтар туралы түсінігі оларды көбіннесе жеңілдетіп жібереді, ол  адам( объективті  шындық  процестерінің кей жақтарына шаң жуытпаса, басқаларының мағынасын төмендетіп жібереді.

Осыған  байланысты  тергеу  мен сот  қылмысты іс бойынша себепті байланысты анықтау үшін түрлі  мамандар мен  сараптаманың көмегіне жүгінеді.

      Кез-келген себепті байланыс, оның ішінде қылмыстық  құқықта кездесетін  себепті байланыс, оның ішінде  қылмыстық құқықта  кездесетін   себепті байланыс та бірқатар белгілер арқылы  сипатталады.

Информация о работе Қылмыстың обьективтік жағы