Қылмыстың обьективтік жағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 13:40, курсовая работа

Описание работы

Қылмыстың обьективтік жағы

Содержание

Кіріспе……………………………………………….…................................4
1. Қылмыстың обьективті жағы…………………………………………….6
1.1. Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі………………………….…6
1.2. Қылмыстың обьективтік жағының маңызы……………………….…...7

2. Қылмыстың объективтік жағының факультатитвтік белгілері………..20
2.1. Қылмыс жасаудың әдісі,орны, уақыты, жағдайы……………………..20
2.2. Қылмыс жасаудың құралдары мен қарулары………………………24


Қорытынды………………………………………………………….…………26
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………28

Работа содержит 1 файл

Қылмыстың обьективтік жағы.docx

— 50.11 Кб (Скачать)

                                      Мазмұны 

Кіріспе……………………………………………….…................................4                                        

1. Қылмыстың   обьективті  жағы…………………………………………….6

1.1. Қылмыстың  обьективтік жағының түсінігі………………………….…6

1.2. Қылмыстың   обьективтік жағының маңызы……………………….…...7                                                                             

2. Қылмыстың  объективтік жағының факультатитвтік   белгілері………..20                                                      

2.1. Қылмыс  жасаудың   әдісі,орны,  уақыты, жағдайы……………………..20  

2.2. Қылмыс  жасаудың   құралдары  мен   қарулары………………………24      
 

Қорытынды………………………………………………………….…………26                                                                              

Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………28 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

          Қылмыс құрамының объективтік жағы дегеніміз-қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттік сыртқы көрінісінің жиынтығы.

Олардың қатарына мыналар жатады: қоғамға  қауіпті  іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті салдар (қылмысты нәтиже), қоғамға қауіпті  іс-әрекет пен қоғамға қауіпті  салдар арасындағы себепті байланыс, қылмысты жасаудың әдісі, орны, уақыты,жағдайы, қаруы және құралы.

      Қылмыстың  объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың  маңызы алғы шарты.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі  қылмыс деп адамның жүзеге  асырылған  күнде жеке басқа, қоғамға және  мемлекетке қауіп төндіретін ойын немесе пікірін емес, оның тек  қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзушы  қоғамдық қауіпті  іс-әрекетті ғана мойындайды (Қылмыстық  Кодекстің 3,9-баптары).

      Қылмыстың  объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың  негізін қалаушы  болып саналады, онсыз жауаптылықтың болуы мүлдем мүмкін емес.

     Адамның жауаптылығы үшін  іс-әрекеттің  объективті жағының айырықша мағынасын  өткен ғасырдың 40-шы дылдарында К.Маркм  өзінің жас кезінде былап деп  тұжырымдаған: « Негізгі белгі  ретінде істің  өзін емес, әрекеттенушінің  ойларының түрін алға шығарушы заңдар-заңсыздықтың  жағымды жазалау шараларынан  басқа түк те емес... Мен өзімді көрсете білгендіктен ғана, шын болмыспен  бетпе-бет келгенімде ғана –заң шығарушыға  бағынышты  ортаға енемін. Заң үшін әрекеттерімнен басқа өз басым ,тіпті  де жоқ нәрсемнің, мен тіпті де оның объектісі емес екенмін» 

Сондықтан, қылмыстың объективтік  жағы қылмыскердің ойы мен мақсатын бағалауға негізгі  белгі болыпп табылады.

      Осыған  байланысты, қылмысты істі алдын-ала  тергеу  немесе  сотта қарау  кезінде, ең алдымен қылмыстың  қылмыстың  объективтік жағы  анықталып  алып, оның негізінде субъективтік жағы белгілі болады, қылмыстық заң жүзінде  тыйым салуына қарамастан қоғамдық қауіпті әрекет жасаушының мақсаты, себебі және ниеті туралы шешім шығарылады.

Объективтік жақтың белгілерінсіз субъективтік жақтың мәселелері қозғалмайды да, себебі  соңғысы алғашқымен байланыссыз  іске аса алмайды.

      Қылмыстың объективті жағының маңыздығын, қылмыс  құрамының дәл осы буыны қылмыстық  жауаптылық пен  қылмыс құрамының  түгел құралымының іргетасы екендігін, Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  кодексі Ерекше бөлімі баптарының  диспозицияларында заң шығарушы қылмыстың объективті жағының  белгілерін жиі атайтығындығынан да  көруге болады. .

Биыл – біз  үшін ерекше қастерлі жыл.Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.

Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда  біз биік белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:

"2030 жылы біздің  ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік  оқиғалардың қалтарысында қалып  қоймайтын елде өмір сүретін  болады".

Осы сөздерге кезінде  күмән келтіргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір  мүшел жаста ғана жеттік!

Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық  ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды  жарқырата түскен бұл мерейлі  белестен бұрын да біз біршама  биіктерді бағындырдық.

Біз талайлы  заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған  әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары  шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз  келіп, халық саны бір жарым миллионға  артты. 
 

1. Қылмыстың  обьективті  жағы.

1.1 Қылмыстың  обьективтік жағының түсінігі

  Кез келген қоғамға қауіпті  іс - әрекет белгілі бір тәсілмен, кейбір реттерде  нақты құралдар мен қару-жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Мысалы, кісі өлтіруде  бірнеше тәсіл  қолданылуы мүмкін: кісіні  өлтірі үшін мылтық немесе пышақ, у дәрі пайдаоану, адамды тұншықтыру , қылғындыру немесе автокөлік пен әдейі қағып  кету арқылы да өлтіреді.

      Қылмыс  жасаудың тәсіліне алдау немесе сенімге  қиянат жасау(мысалы, алаяқтықта немесе салық қылмыстарында) болуы мүмкін.

      Осы айтылғандарға байланысты қылмыс  істеудің тәсілі, құрал және қару-жарақ  деген ұғымдар да қылмыстың объективтік  жағының мазмүнын ашатын белгілер  қатарына жатады.

Сонымен, жоғарыда белгілердің барлығы да қылмыстың объективтік жағының  белгілері болып табылады және осы  белгілер арқылы объективтік жақтың мазмұны айқындалады.

      Кез келген жеке қылмым құрамы үшін объективтік  жақ  сол нақты  құрамның төрт элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық  құқылық белгіленген қылмыс құрамының  белгілерін талдағанда сол қылмыстың  объективтік жағы нақты қандай белгілерден  тұратынын анықтау өте қажет.

Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нақты  нормаларын талдағанда, жоғарыда  көрсетілген  қылмыстың объективтік жағының  барлық белгілері түгелдей дерлік, нақты  нормалардың әрқайсысында кездесе бермейді.

        Көптеген  жағдайларда қоғамға  қауіпті іс -әрекеттен міндетті  түрде  туындайтын зардаптың  (мысалы, ауыр немесе өте ауыр  емес дене  жарақаты) болуын заңның  өзінде атап көрсетеді.

      Мұндай  ретте заң шығарушы объективтік  жақтың- уақыт, орын, жағдай, тәсіл немесе басқа да  белгілерін заңда көрсетпейді.

      Біршама қылмыстық – құқылық нормалар қоғамға қауіпті іс-әрекетті атап өтумен ғана шектеледі. Мысалы, пара беру (Қылмыстық  Кодекстің 312 бап), қызметтік  жалғандық жасау(Қылмыстық  Кодекстің 341 -бап).

      Кейбір  жекелеген қылмыстық –құқылық нормаларда қылмыстың  істелген орны, уақыты немесе жағдайы тура көрсетіледі.

Яғни, қылмыстың  объективтік жағының мазмұнына  тән бір топ белгілердің ішінен тек біреуі ғана қоғамға қауіпті  әрекет  немесе әрекетсіздік  кез  келген қылмыс құрамының объективтік  жағының міндетті, қажетті белгісі, ал қалған белгілерінің барлығы да факультативтік белгілері болып  табылады.   

      Бұл белгілер адамның санасынан тысқары  объективті  өмір  сүреді, сонымен   қатар олар әрбір нақты  қылмысқа тән, заң шығарушының міндеті,бұл  жерде, заңда осы  белгілерді  дәл  және  тереңірек тауып  анықтау болып табылады…

      Сондықтанда заңның баптарының  дизпозициясы, қылмыс   құрамының  элементтерін  ғана  көрсетеді, оның өзі толығымен емес»          

1.2 Қылмыстың  обьективтік  жағының маңызы

            Қылмыстың  объективтік жағының   маңызы  біріншіден, оның белгілерін  дәлме-дәл анықтау арқылы істелген  қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс  саралаудың негізі болып табылады.

        Екіншіден , объективтік  жағының  белгілері арқылы өзара жақын,  ұқсас қылмыстарды  бір - бірінен  ажыратуға мүмкіндік туады (мысалы,ұрлықты  тонаудан, алаяқты ұрлықтан тағы  басқалары.)

      Осыған  байланысты қылмыстың объективтік  жағы қылмыс құрамының ішіндегі  ең маңызды элеменнтері қатарына жатады.                   

          Қылмыс құрамының объективтік жағы дегеніміз-қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттік сыртқы көрінісінің жиынтығы.

Олардың қатарына мыналар жатады: қоғамға  қауіпті  іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті салдар (қылмысты нәтиже), қоғамға қауіпті  іс-әрекет пен қоғамға қауіпті  салдар арасындағы себепті байланыс, қылмысты жасаудың әдісі, орны, уақыты,жағдайы, қаруы және құралы.

      Қылмыстың  объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың  маңызы алғы шарты.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі  қылмыс деп адамның жүзеге  асырылған  кнде жеке басқа, қоғамға және  мемлекетке қауіп төндіретін ойын немесе пікірін  емес, оның тек  қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзушы  қоғамдық қауіпті  іс-әрекетті ғана мойындайды (Қылмыстық  Кодекстің 3,9-баптары).

      Қылмыстың  объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың  негізін қалаушы  болып саналады, онсыз жауаптылықтың болуы мүлдем мүмкін емес.

     Адамның жауаптылығы үшін  іс-әрекеттің  объективті жағының айырықша мағынасын  өткен ғасырдың 40-шы дылдарында К.Маркм  өзінің жас кезінде былап деп  тұжырымдаған: « Негізгі белгі  ретінде істің  өзін емес, әрекеттенушінің  ойларының түрін алға шығарушы заңдар-заңсыздықтың  жағымды жазалау шараларынан  басқа түк те емес... Мен өзімді көрсете білгендіктен ғана, шын болмыспен  бетпе-бет келгенімде ғана –заң шығарушыға  бағынышты  ортаға енемін. Заң үшін әрекеттерімнен басқа өз басым ,тіпті  де жоқ нәрсемнің, мен тіпті де оның объектісі емес екенмін». 

Сондықтан, қылмыстың объективтік  жағы қылмыскердің ойы мен мақсатын бағалауға негізгі  белгі болыпп табылады.

      Осыған  байланысты, қылмысты істі алдын-ала  тергеу  немесе  сотта қарау  кезінде, ең алдымен қылмыстың  қылмыстың  объективтік жағы  анықталып  алып, оның негізінде субъективтік жағы белгілі болады, қылмыстық заң  жүзінде  тыйым салуына қарамастан қоғамдық қауіпті әрекет жасаушының мақсаты, себебі және ниеті туралы шешім  шығарылады.

Объективтік жақтың белгілерінсіз субъективтік жақтың мәселелері қозғалмайды да, себебі  соңғысы алғашқымен байланыссыз  іске аса алмайды.

      Қылмыстың объективті жағының маңыздығын, қылмыс  құрамының дәл осы буыны қылмыстық  жауаптылық пен  қылмыс құрамының  түгел құралымының іргетасы екендігін, Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  кодексі Ерекше бөлімі баптарының  диспозицияларында заң шығарушы қылмыстың объективті жағының  белгілерін жиі атайтығындығынан да  көруге болады.

     Мысалы, қылмыстық заңда  ылғи қоғамдық қауіпті  іс-әрекеттердің  белгілері аталады, оларсыз  Ерекше бөлім баптарының бірде-бір диспозициясы мүмкін болмай қалады, қылмыстық  заңда объективтік  жақтың басқа да белгісі жиі  көрсетіліп отырады.

      Атап  өтетін  бір жай-олардың барлығы  да  қылмыстық-құқықтың маңызға  бірдей  дәрежеде ие бола  алмайды. 

Қылмыстардың  барлық құрамына міндетті нәрсе –қоғамдық  қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік). Объективтік жақтың  басқа белгілері  факультативті, атап айтқанда, олар кейбір  қылмыстардың құрамы үшін олардың объективтік  жағының  белгілері болып саналса, басқа біреулері үшін –олай саналмайды.

Информация о работе Қылмыстың обьективтік жағы