Мемлекеттік қызмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:54, реферат

Описание работы

Адамның, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мақсатты қызмет түрлерінің маңыздыларының бірі қызмет болып табылады. Бұл ұғым әртүрлі қолданылады: адамның қызмет түрі ретінде, әлеуметтік-қүқықтық институт ретінде, мемлекеттің арнайы органдарының жүйесі ретінде, рухани қызмет ретінде және т.б..
Қызмет мемлекеттік қызметті басқарудан, жүзеге асырудан, басқарудың өзін қамтамасыз етуден, адамдарға әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуден түрады.1

Работа содержит 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЯСИ.doc

— 94.50 Кб (Скачать)

                   Қорытынды 

     Мемлекеттік кызметшілердщ кәсібилігін жетілдіру мәселелерш қарауды қорытындылай отырып, бұл жұмыста көтерілген мәселелердің негізі ең ал дымен практикалық проблемаларды қозғайтынын айтқым келеді.

      Осы жұмысты жазу барысында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде төмендегідей қорытындылар жасауға болады.

      Біріншіден: Қазақстанда жаңа мемлекеттік қызмет үлгісінің түбегейлі орнығуы кешенді обективті факторлар мен жағдайларға тәуелді, бүл ең әуелі терең саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерсітерге байланысты. Бүл жолдағы реформалардың түпкі нәтижесі шенеуніктердің кәсіби қызметінің сапасымен айқындалады.

      Екіншіден: Бүгінгі таңда қоғамда тиімді қызмет атқара алатын, басқару өнерінің барлық элементтерін толық меңгерген, үдайы өзгеріп отыратын саяси, экономикалық, тарихи жағдаяттарда жаңа үрдістерге тез көндіге алатын, жалғыз дүрыс шешімді таба және қабылдай білетін, яғни жоғары кәсіби сапаларға ие мемлекеттік қызметшіге үлкен сүраныс туып отыр. Мемлекеттік қызметшілер кәсібилігінің проблемалары мемлекеттік қызметтік жаңа үлгісін орнықтырудағы ен көкейтесті мәселелердің бірі.

     Үшіншіден: Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру үшін іске асырылуы тиіс шаралардың тутастай кешені қажет. Ол шараларды үш негізгі блокқа белуге болады.

1. Білім беру блогы

Бүл блокта келесі іс-шараларды іске асыру керек деп санаймын:

а) шенеуніктерге базалық және қосымша кәсіби білім беру бойынша 
мемлекеттік білім стандарттары бекітілуі тиіс;

ә) мемлекеттік қызметке жаңа түскендер үшін 2-3 айлық курстарда негізгі және арнаулы бағдарламалар бойынша     білім беруді практикаға енгізу

қажет;

б) мемлекеттік басқарушыларға деген сүранысты зерттеу арқылы 
Мемлекеттік қызметке кадрлар даярлаудың мемлекеттік бағдарламасын 
жасау кажет;

в) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға 
мемлекеттік тапсырыс беру жүйесін әзірлеу және енгізу қажет. Бүл мақсатта 
республикалық және жергілікті бюджеттерде арнаулы қаржы бөлінуі тиіс;

г)мемлекеттік қызметшілерге білім беретін оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыруды бір жүйеге келтіру;

ғ) қазақстандык мемлекеттік қызметтің менталитеті мен дәстүрлерін ескере отырып, мемлекеттік қызметші бліктілігінің моделін, үйымдастырушылық қызметке табиғи қабылетін бағалау әдістемесін әзірлеу қажет. д)   мемлекеттік   қызметшілердің   дайындығы   деңгейіне,   оның   өзгеру үрдістеріне жәие мемлекеттік баскарудың тиімділігін арттыруға ықпал

 

 

ететін шарларға үнемі сараптама жүргізіп отыру қажет. Ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізш түру.

        2. Ұйымдастыру-практикалық блогы

а) мемлекеттік кызметшілерді жүмысынын нәтижелерін сараптау арқылы 
орнын ауыстыру практикасын енгізу (жоғарылату, төмендету);

ә) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялаудың мәртебесін көтеру, оның нәтижелері бойынша жоғары лауазымға тестілеусіз өтуге үсыныс жасау қүкығын беру;

б) мемлекеттік қызметке өту процедурасына жазбаша түрде емтихан енгізу 
кажет, себебі көптеген кызметшілердің жазу сауаты томен деңгейде;

в) бүрынғы жүмыс орнынан мінездеме-үсыныс алу тәртібін енгізу;

г) ең жоғарғы деңгейдегі шенеуніктерді даярлау жүйесін қүру. Саяси 
мемлекеттік қызметшілерді қабылдауда конкурстық іріктеу жүйесін қолдану 
және саяси қызметшілердің кадрлық резервін қүру қажет;

ғ) штаттық қыскартулардың алдында емтихандар өткізіп, соның нәтижесінде ғана жүмыстан шығару жүйесін енгізу 

3 Мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен әлеуметтік корғалуын арттыра тусуге арналған шаралар блогы

а) еңбек ақы жүйесінің бірыңғай жүйесін сақтай отырып ясәне мемлекеттік 
функцияларды орталықтан аймақтарға беру саясатының шеңберінде 
жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің еңбек 
ақысын белгілеу күкығын жергілікті мәслихаттарға беру мүмкіндігін 
қарастыру керек. Бүл жергілікті жерлердегі мемлекеттік қызметшілердің өз 
еңбек ақы мәселелері жөнінде тиісті органдарға ықпал ету мүмкіндігін 
туғызар еді;

б) мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуын 
арттыру үшін заңнамада мемлекеттік қызметшілердің күқықтық және 
әлеуметтік қорғалуын нығайта түсу және зейнетақымен және әлеуметтік 
қамтамасыз ететін арнаулы нысандар қарастыру қажет.

      Осы жүмыста қарастырылған проблемаларды шешу және ұсыныстарды карастыру мемлекеттік қызметшілердің жаңа типін: жоғары кәсіпқой және . уақыт талабына жауап бере алатын кызметшілерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызар еді.

      Сөз соңын Германияның канцлері Отто фон Бисмарктің XIX ғасырда 
«Нашар заңдармен және жаксы шенеуніктермен басқаруға болады, ал нашар 
шенеуніктермен ешқандай заңдар да көмектеспейді» деген сөздерімен 
қорытындылағым келеді. "   
 
 
 
 

Информация о работе Мемлекеттік қызмет