Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:54, реферат
Адамның, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мақсатты қызмет түрлерінің маңыздыларының бірі қызмет болып табылады. Бұл ұғым әртүрлі қолданылады: адамның қызмет түрі ретінде, әлеуметтік-қүқықтық институт ретінде, мемлекеттің арнайы органдарының жүйесі ретінде, рухани қызмет ретінде және т.б..
Қызмет мемлекеттік қызметті басқарудан, жүзеге асырудан, басқарудың өзін қамтамасыз етуден, адамдарға әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуден түрады.1
Әртүрлі үйымдарда белгілі бір жүмыспен айналысатын түлғалардан қызметшілер келесі өлшемдер бойынша ерекшеленеді:
4) қызметшілер өз өкілеттіктерін, функцияларын негізінен өтемді негізде жүзеге асырады ( кейде бүл функциялар еркін өтемсіз негізде іске асырылады).
Ю.Н.Стариловтың пікірінше "мемлекеттік қызметші" ұғымын кем дегенде үш аспектіде талдауға болады. Біріншіден, мемлекеттік-қүқықтық түрғыдан мемлекеттік қызметші - мемлекет (оның органдары) әртүрлі сипаттағы және маңыздағы өкілеттіктер берген соңғысының "қызметшісі". Қызметші мемлекетті оның басқа үйымдармен мемлекеттік әкімшіліктің ішіндегі де, сол сияқты сыртқы байланыстарында да көпқырлы өзара қатынастарында үсынады. Мемлекеттік қызметші - мемлекеттік функцияларды іске асыруға арналған қоғам мен мемлекеттің өнімі. Екіншіден, әкімшілік-қүқықтық түрғыдан мемлекеттік қызметші ерекше биліктік, үйымдастырушылық-өкім жүрғізу өкілеттіктеріне ие. О л юрисдикциялық шаралар мен өкілеттіктерді жүзеге асырушы және әкімшілік-қүқықтық санкцияларды колданушы биліктің өкілі. Үшіншіден, қылмыстық-қүқықтық көзқарас түрғысынан мемлекеттік қызметші -қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің айрықша субъектісі (мемлекегтік қызметші-лауазымды түлғалар лауазымдық қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылады).7
Мемлекеттік қызметші белгілі бір қүқықтық жағдайға ие. О л үшін мемлекеттік кызметке кірудің, өтудің және қызметін тоқтатудың айрықша жағдайлары анықталған.
Қызметшілердің қүқықтық мәртебесі олардың белгіленген қүқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері арқылы ашылады. Мемлекеттік-қызметтік қүқықтық қатынастардың өзғеруімен мемлекеттік қызметшілердің қүқықтық мәртебесі де өзғереді, мысалы, қызметшінің жүмыстан шығуы, отставкасы, зейнетке шығуы және т.б.
Мемлекеттік қызметшілердің қүқықтық мәртебесі заңнамамен белгіленген және мемлекет кепілдік берген қызметшінің қүқықтары, бостандықтары, міндеттері, шектеулері, тыйымдары, жауапкершіліктерінің жиынтығын күрайды.
Мемлекеттік
қызметшінің орындайтын міндеттері және
жүзеге асыратын мемлекеттік өкілеттіктері
мен функцияларының ерекшелігі мемлекеттік
қызметшілердің әртүрлі санаттарының
қүқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін
де айқындайды. Яғни мемлекеттік қызметшілердің
кейбір санаттары үшін заң шығарушымен
мемлекеттік қызметті өтудің айрықша
ережелері, арнайы қүқықтары мен міндеттері,
қызмет бойынша шектеулер, аттестация
жүргізудің ерекше тәртібі және т.б. белгіленуі
мүмкін. Мемлекеттік қызметшілердің әртүрлі
санаттарының қүқыктык мәртебесінің ерекшеліктері
көп деңгейде оларға
жүктелген міндеттермен
жәнемемлекеттік органдардың қызметтік
өкілеттіктершен, қызмет ерекшеліктерімен
және т.б. анықталады.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың республикалық жүйесіне оқытудың әр алуан бағдарламалары арасында өзара келісушілік пен өзара бірін-бірі толықтырушылық қажет.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін қүрудың методологиясы мынадай қадамдардың орындалуын дүрыс деп санайды:
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың маңызды қағидаттарының бірі оқыту бағдарламаларын диверсификациялау есебінен оның үздіксіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы қағидатты іске асыру персоналдың қызметтік өсуі үшін білімін үнемі жаңартып және толықтырып отыру қажеттігін қоса есептегенде мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар мен жалпы көзқарастарға сай келуге тиіс.
Даярлау мен қайта даярлаудың тағы бір басты қағидаттарының бірі мемлекеттік тіл - қазақ тіліндегі білімін жетілдіру мен оқыту болуға тиіс екенін атап айтқым келеді.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырумен байланысты проблемаларды шешу үшін ең алдымен мынадай жағдайлар қажет:
мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында мемлекеттік қызметті реформалау процесін жеделдету;
Мемлекеттік қызмет қазірдің өзінде жинақтауды қажет ететін жеткілікті білім мен тәжірибеге ие бола отырып қана экономикалық жағдайды түрақтандыруға, сапалы басқаруды камтамасыз етуге, қабілетті.
Бүгінгі күні Қазақстанда кәсіби мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша тек 3 арнаулы оқу орны бар: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы; Еуразия Үлттық Университетінің Дипломатиялық академиясы және мемлекеттік қызмет магистрлерін даярлайтын КИМЭП (Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институты). Ал бүны, біздің ойымызша, жоғары білікті басқару кадрларын даярлауға жүйелі көзқарас деп айтуға болмайды. Әлемдік қоғамдастықта қазірдің өзінде мемлекеттік қызметшілерді іріктеу мен оқытудың бай тәжірибесі бар, сол тәжірибеге талдау жасай отырып, Қазақстанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ағенттіктің жанынан Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың ¥лттық орталығын ашу мақсатты болар еді.
Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың ¥лттық орталығы өз жүмысын мына бағыттарда жүзеге асыруға:
- жоғары білім неғізінде А,В,С әкімшілік лауазымдар тобына үміткер түлғаларды даярлауды жүзеғе асыруға;
- мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет саласында ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізуге және магистрлық бағдарлама бойынша кейіннен ғылыми жүмыстарды қорғайтын (кандидаттық, келешекте -докторлық) осы саладағы ғылыми кадрларды даярлауды жүзеге асыруға; Кәсіби мемлекеттік қызметшілерді даярлау - Орталық қызметінің негізгі бағыты.
- мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен қайта даярлаумен айналысатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының, Еуразия ¥лттық университетінің жанындағы Дипломатиялық академиясының, КИМЭП-тің т.б. жүмыстарын үйлестіруғе;
Біздің ойымызша, үсынылып отырған үлгі тиісті профессор-оқытушылар қүрамымен, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз еткен жағдайда және өз түлектеріне жоғары сүраныс туғыза алатын Орталықтың қүқықтық мәртебесі болған кезде басқару аппараты кадрларын даярлау мен қайта даярлаудың сапалы деңгейін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Кәсіби мемлекет қүру үшін ең алдымен, еліміздің түрлаулы дамуына мүдделі тиімді басқару шешімдерін қабылдап және оны тәжірибеде қолдана алатын Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің қазіргі заманғы корпусын қүру болып табылады. Осымен байланысты мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік қызметшінің кәсіби түрғыда даму проблемаларының маңызы ерекше.
Алдымызда мемлекеттік қызметтің қазақстандық стилін қүру жөніндегі жүмыс түр. Біздің ойымызша, о л ең алдымен жүйелілігімен, мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы үлгілерінің ең жақсы белгілерін шебер жинақтай алатындығымен сипатталады.
Сонымен бірге бүгінгі таңда мемлекеттік кадр саясатын іске асыру қүрылымында мемлекеттік қызметшілерге білім берудің тиісті маңызға ие болуына мүмкіндік бермей отырған басты проблемаға ерекше назар аудару керек. Бүл қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен білім берудің біртүтас жүйесінің жоқтығьғ
Бүл мәселеде жүйеліліктің жоқтығынан туындайтын басты қауіп қызмет етіп отырған мемлекеттік қызметшілерге білім беру орталықтарының үйымдастыру-қүқықтық мәртебесі әр түрлі, сонымен қатар қаржыландыру көздері де әр түрлі оның ішінде халықаралық донор-үйымдар қаржыландыратындары да бар, ал олар кейде республиканың саяси даму проблемаларына өздерінің әдістемелерін таңып жатады. Яғни елімізде мемлекеттік басқару кадрларын даярлаудың идеологиялық негізін бүзатын және мемлекеттік қызметшілерге әсіресе жергілікті басқару органдарына мемлекеттік саясатты іске асырудың түрлі нысандары мен бағыттарын таңушы нақты жағдай туындап отыр.
Дамыған елдерде қазіргі кезде тек кәсіби үлттық мемлекеттік қызмет қана қоғамның қарыштап дамуын қамтамасыз ететін кесіп-пішілген, ойластырылған үзақ мерзімді инновациялық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өз ісін жете білмеушілік, мемлекеттік қызмет лауазымына іріктеу қүқығын кейбір басшылардың жеке қарауына үсыну, тамыр-таныстық (көбінесе параға байланысты), қызметкерлерді жүйесіз, аморфты түрде тігінен де, көлденең бағытта да ауыстыру ақырында өз «жемісін» берді - бүқараның мемлекеттік билік институттарына, күкыкка сенімсіздік білдіруіне әкелді, жинақталған кәсіби білімнің қүнын түсірді, ал бастысы - бейбіт уақытта қоғамда дағдарысты қүбылыстың тууына әкеліп соқтырды.
Ақпаратты берудің коммуникативті әсерін жақсарту үшін мынадай үғымдарды ашу қажет:
-мемлекеттік қызмет үшін кадрлар даярлау (кәсібилену) - іргелі білім мен шеберлікке ие болу және оны арттыруға бағытталған оқыту процесі мен интеллектуалдық даму. Бүл - базалық жоғары білім.
-мемлекеттік қызмет кадрларын қайта даярлау - өзге бейіндегі мемлекеттік лауазымға тағайындауға немесе жоғары және қосымша кәсіби оқудың білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы білім беру стандарттары талаптарына сәйкес деңгейіне байланысты қажетті кәсіби қызметін орындау үшін қосымша іргелі білім алу мақсатында мемлекеттік қызметшілерді оқыту. Қайта даярлау жоғары кәсіби білім беру базасында жүргізіледі.
-біліктілікті арттыру - басқару шеберлігін жетілдірудің кәсіби міндеттері мен функцияларын шешудің қазіргі заманғы әдістерін меңгеру қажеттілігіне байланысты мемлекеттік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімін жаңарту мақсатында мемлекеттік қызметшілірді үздіксіз оқыту процесі.
Мемлекеттік қызметшінің өз бетімен біліктілігін арттыруы мемлекеттік органның кадр қызметі бекіткен жеке жоспары бойынша жүзеге асырылады және өздерінің лауазымдық өкілеттіктері мен ерекшеліктерін табысты түрде іске асыру үшін кәсіби білімін жетілдіру мақсатын көздейді.
-өз бетінше білімін көтеру - еңбек нарығының ең алдымен, мемлекеттік қызметшінің қазіргі жағдайда білім алуына жеке жауапкершілігін арттыруы, соған байланысты білім алу үшін елеулі негізінің болуымен анықталатын білім, білік және дағдыны өз бетінше меңгеру процесі.