Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 18:54, реферат
Адамның, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мақсатты қызмет түрлерінің маңыздыларының бірі қызмет болып табылады. Бұл ұғым әртүрлі қолданылады: адамның қызмет түрі ретінде, әлеуметтік-қүқықтық институт ретінде, мемлекеттің арнайы органдарының жүйесі ретінде, рухани қызмет ретінде және т.б..
Қызмет мемлекеттік қызметті басқарудан, жүзеге асырудан, басқарудың өзін қамтамасыз етуден, адамдарға әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуден түрады.1
МЕМЛЕКЕТТІК
ҚЫЗМЕТ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙ-ПІКІРДІҢ ТАРИХЫНДА
1.1.
Мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі
түсінігі.
Адамның, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мақсатты қызмет түрлерінің маңыздыларының бірі қызмет болып табылады. Бұл ұғым әртүрлі қолданылады: адамның қызмет түрі ретінде, әлеуметтік-қүқықтық институт ретінде, мемлекеттің арнайы органдарының жүйесі ретінде, рухани қызмет ретінде және т.б..
Қызмет мемлекеттік қызметті басқарудан, жүзеге асырудан, басқарудың өзін қамтамасыз етуден, адамдарға әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуден түрады.1
Қызметтің айрықша түрі (және тиісінше, қоғамдық-пайдалы қызмет түрі) болып мемлекеттік қызмет табылады. Мемлекеттік қызмет азаматтардың еңбек қызметінің бір түрі болып табылады, сондықтан еңбекті қоғамдық үйымдастырудың жалпы ерекшеліктеріне негізделеді. Мемлекеттік қызмет басқару персоналының мақсатты, әлеуметтік-пайдалы, объективті қажет және үйымдастырушылық ресімделген қызметі болып табылады, өзінің еңбек қүралы болады.2
Мемлекеттік қызмет азаматтардың еңбек қызметінің бір түрі болып табылады және еңбекті қоғамдық үйымдастырудың жалпы ерекшеліктеріне сүйенеді. Мемлекеттік қызмет - бүл басқарушы мамандардың мақсатқа сай, әлеуметтік пайдалы, объективті қажетті және мемлекет тарапынан үйымдастырылған, рәсімделінген қызметі.
Мемлекеттік қызмет кең мағынасында мемлекеттік органдардағы, кәсіпорындардағы, үйымдар мен мекемелердегі кез келген қызметкердің қызметі болып табылады, себебі осының барлығы мемлекеттік міндеттерді шешуге, оның функцияларын орындауға бағытталған. Алайда әкімшілік-күкықтық мағынасында мемлекеттік қызметті мысалы тікелей материалдык қүндылықтар тудыратын жүмысшылардың функцияларынан айыра білу қажет. Тар мағынасындағы мемлекеттік қызмет үғымымен кейбір қызметшілердің: артистердің, жоғары оқу ' орындары оқытушыларының, дәрігерлердің, кәсіпорындар инженерлерінің және өз қызметінің сипаты бойынша заңдық-биліктік өкілдіктер берілмеген тағы басқалардың жүмысы қамтылмайды.
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасынын 1999 жылғы 23 шілдедегі заңы мемлекеттік қызметті "мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік биліктің міндеттері
мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілдіктерін орындау жөніндегі қызметі" деп анықтайды.9
Мемлекеттік қызмет кәсіп ретінде жердегі ең көне кәсіптердің бірі болып табылады. Ол мемлекеттің, оның органдарының, әлеуметтік қатынастардың, оларды реттеу және барлық әлеуметтік процестерге, бірінші кезекте адамдарға мақсатты ықпал ету қажеттілігінің пайда болуымен бірге пайда болған.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі белгілі бір тән белгілерге ие. Осындай белгілердің бірі еңбек құралының ерекшелігі. Мемлекеттік қызмет қызметтің белгілі бір түріне, яғни кәсіпке, мамандыққа, біліктілікке, лауазымға жататын жұмысты орындауды көздейді.
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік-саяси қүбылыс ретінде бірқатар елеулі белгілермен сипатталады:
а) мемлекеттік
қызмет мемлекеттің міндеттері мен функцияларын
(ішкі және сыртқы) жүзеге асырумен байланысты;
б) мемлекеттің
экономика салаларын, әлеуметтік саланы
және
әкімшілік-саяси құрылысты дамыту жөніндегі
міндеттері мен функциялары
мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызметшілердің
кәсіби қызметі арқылы
жүзеге асырылады. Бұл қызмет көп қырлы,
көлемінің үлкендігімен, басқару
функцияларының қиындығы және ауқымдылығымен
ерекшеленеді.
Мемлекеттік басқаруда бүкіл қоғам мен
мемлекеттің мүддесі көрінеді.
Мемлекеттік қызметшілердің осы аспектідегі
қызметі осы аталған
мүдделерді қанағаттандыруға, әлеуметтік
міндеттер мен мемлекеттің
функцияларын жүзеге асыруға тікелей
бағытталған;
в) мемлекеттік
қызмет қоғамда басқару функцияларын
іске асыратын,
қүрылатын арнайы аппарат аясында іске
асырылады. Мемлекеттің
экономиканы, әлеуметтік саланы және әкімшілік-саяси
қүрылысты дамыту
жөніндегі қызметі органдар жүйесінің
көмегімен іске асырылады. Осы
органдар алдында түрған міндеттер олардың
қызметінің мазмүнын және
тиісінше мемлекеттік қызметшілердің
функцияларын анықтайды;
г) мемлекеттік
қызметтің ерекшелігі басқару функцияларын
іске
асырумен байланысты. Соңғылары мемлекеттік
қызметшілердің мемлекеттің
міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру
жөніндегі практикалық
жүмысының объективті қажетті бағыты
ретінде танылады;
д) мемлекеттік
қызметшілер мемлекеттің атынан іс-қимыл
жасайды,
сондыктан оларға өздеріне жүктелген
міндеттер мен басқару функцияларын
іске асыру үшін кажетті мемлекеттік-биліктік
өкілеттіктер берілген;
е) мемлекеттік
қызмет қатаң түрде Қазақстан Республикасының
Конституциясына, заңдарына, Президентінің
Жарлықтарына және басқа да
1. 9 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 1-бабы. Государственная служба в Республике Казахстан. Сборник нормативных правовых актов. Под общей редакцией Турисбекова 3.K. - Астана. 2003.
заңнамалық актілерге негізделеді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің басқару қызметі мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидаттары талаптарына сәйкес келуі тиіс;
ж) мемлекеттік
қызмет - практикалық, ұйымдастырушылық
қызмет,
атқарушы сипатта болады. Сөз Қазақстан
Республикасының
Конституциясын, Заңдарын, Президентінің
Жарлықтарын және басқа да
заңнамалық актілерді мемлекеттік басқарудың
тиісті салаларында
практикалық жүзеге асыру туралы болып
отыр. Мемлекеттік қызметтің
барлық мәні әлеуметтік процестерді мемлекеттік
басқаруды практикалық
үйымдастырудан, тиісті мемлекеттік органдардың
функциялары мен
өкілеттіктерін жүзеге асыруды қамтамасыз
етуден түрады;
з) мемлекеттік
қызмет өкім жүргізу сипатындағы қызмет
болып
табылады. Бүл мемлекеттік қызметшілер
оларға тапсырылған салада
өздеріне жүктелген басқару міндеттері
мен функцияларын орындау кезінде
заңдық-биліктік жазбаша өкімдер қолдануға
қүқылы. Өкім жүргізу қызметі
қажет жағдайларда олардың көмегімен
ведомствалық бағыныстағы
объектілерге және олардың негізгі қызметтерінің
бағытына мақсатты эсер
ету қамтамасыз етілетін басқару актілерін
(соның ішінде нормативтік-
қүқықтық) шығаруды көздейді;
и) мемлекеттік
қызмет саясаттан тыс сипатта болады.
Бүл мемлекеттік
қызметшілер лауазымдық функцияларын
және өкілеттіктерін орындау
кезінде заңнама талаптарын басшылыққа
алуға және өздерін саяси
партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің
және олардың органдарының
шешімдерімен байланыстырмауға міндетті
екендіктерін білдіреді. Осыған
байланысты мемлекеттік органдарда және
олардың аппараттарында саяси
партиялар үйымдарын қүруға жол берілмейді.
Мемлекеттік қызметшілер
өздерінің басқарушылық қызметінде тек
қана қолданыстағы заңнамада
көрсетілген мемлекеттің мүдделері мен
саясатын басшылыққа алады.10
Келтірілген белгілер түтастай алғанда мемлекеттік қызметті өзінің әлеуметтік тағайындау мен мазмүны бойынша кәсіби кызметтің қиын түрі ретінде сипаттайды.
Осылайша, мемлекеттік қызмет мемлекеттік үйымдарда лауазымдарға ие түлғалардың мемлекеттің тапсырмасы бойынша қоғамдық-пайдалы қызметті кәсіби іске асыратын әлеуметтік санат болып табылады.
Мемлекеттік
қызмет - әлеуметтік басқару саласындағы
кәсіп. Мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік
аппараттың әлеуметтік функциясы осы
органдар басынан бастап ие болған биліктік
өкілеттіктер түғырынан қоғамның барлық
басқа әлеуметтік жіктері мен топтарының
мүдделерін үйымдастыру, басқару және
келісуден көрінеді. Сондықтан мемлекеттік
аппараттың негізгі міндеті - билікті,
мемлекетте тек соның көмегімен ғана
10Уваров B.H. Государственная служба. Алматы: Каз.гос.юридический институт, 1996. 107-1086.
тұрлаулылыққа, тәртіпке қол жеткізуге болатын тетік ретінде адамдардың іс-қимылын, олардың мүдделерін үйлестіру болып табылады.
Ресейлік ғалымдардың пікірінше мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі ерекшелігі, біріншіден, ол өз табиғатында адамдардың мүдделерін келістіре отырып, мемлекеттегі түрлаулылықты кепілдендіру болатындығында; екіншіден, тәртіпті сақтау үшін сондай-ақ билікті қолдануда; үшіншіден, ашық сипатта болады, яғни бір жағынан адамдардың, екінші жағынан мемлекеттің мүдделерін білдіруші ретінде мемлекет пен адам арасында түрады, басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі ашықтығы оның қызметінің қоғамдық сипатында, қоғамның негізгі жіктеріне бағыттылығында, адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеуде көрінеді; төртіншіден, мемлекеттік қызметтің өзінің қатаң иерархиялығында, оның бөлшектігінде, санаттарға, топтарға, дәрежелерге, шендерге, лауазымдарға бөлінуінде... Бесіншіден, мемлекеттік қызмет қатаң сословиелік-корпоративтік бірлестік болып табылады.3
Мемлекеттік қызмет сондай-ақ саяси қызмет болып табылады. Саяси аспектіде ол "мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қоғамдағы және мемлекеттегі барлық саяси күштер дайындаған мемлекеттік-саяси мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жөніндегі қызмет; мемлекеттік қызмет -қоғамдағы түрлаулылықтың маңызды факторы, себебі қоғамдык қатынастардың түрлаулылығы мен түрақтылығы оның қызмет атқаруы мен тиімділігіне тәуелді".4
Саяси мемлекеттік кызмет негізінде қоғамдық қүрылысты көрсететін және көптеген әлеуметтік жіктер мен топтардың мүдделерін көрсететін үйымдастырушылық, заң шығару және сот биліктерінің өзара байланысты жүйесі жатқан қызмет ретінде көрініс табады.
Мемлекеттік қызмет өзінің саяси мәртебесін ішкі тәртіпті үстап түру және бейбітшілікті сақтау, индивидтің де, сондай-ақ әртүрлі бірлестіктердің, одақтардың, қоғамдық топтардың және т.б. қызметіне бақылау жасауға толық бағытталуымен де көрінеді. Саяси өмір орбитасына мемлекеттік қызмет өзінің ішкі табиғаты және негізі бойынша қоғамға және оның барлық қүрылымдарына саналы, жүйелі және мақсатты үйымдастырылған ықпал ету маңызды болып табылатын басқару саласындағы қызмет болып табылатындықтан да тартылады.
Мемлекеттік қызметтің саясаттылығының маңызды жағын оның мемлекетте қабылданатын заңдармен байланыстылығы да қүрайды. Мемлекеттік қызметтің барлық қызметі заң эгидасында болады, ол басымды болады, оның көріністерін, мәнін қамтамасыз етеді. Заңды орындау - барлық басқару қызметінде ең маңызды және ең бастысы болып табылады.
Осылайша, мемлекеттік қызмет өзінде жалпы мемлекеттік мүддені шоғырландырушы және қоғамда келісім атмосферасын қалыптастыра білуші кәсіп болып табылады. Оның жетістігі - мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және азаматтық парызын орындаудағы жоғарғы буын. Мемлекеттік қызметтің кәсіп ретіндегі мәнін аша отырып, "мемлекеттік қызметші" ұғымының өзін назардан тыс қалдыруға болмайды деп ойлаймын, себебі мемлекеттік қызметші барлық басқару жүйесінің шешуші элементі болып табылады.
Мемлекеттік қызметші болып "заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органда лауазымға ие және лауазымдық өкілеттіктерін мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында іске асыратын, еңбекақысы республикалық немесе жергілікті бюджеттерден, немесе Қазақстан Республикасы ¥лттық Банкінің қаражаттарынан төленетін Қазақстан Республикасының азаматы" танылады.5
А.Ишмухамедова "Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік лауазымдар туралы" мақаласында мемлекеттік қызметшінің келесі белгілерін атап көрсетеді: