Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 14:25, реферат

Описание работы

Әрекетке қабілеттілік — заңды тұлғаның немесе азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқыларды иеленуге және оны жүзеге асыруға, өзіне азаматтық міндеттер белгілеп, оларды орындауға қабілеттілігі. Азаматтық құқықта оны заңды тұлғаның, азаматтардың немесе жас өспірімдердің (14 жастан 18 жасқа дейін) Әрекетке қабілеттілігіне бөледі. Азаматтар толық әрекетке қабілеттілікке 18 жастан бастап ие болады. Егер 18-ге толмаған азамат некеге тұратын болса, неке мемлекет халық-актілерін тіркейтін органда тіркелсе, онда ол азамат некеге тұрған кезден бастап әрекетке қабілеттілікке толықтай ие болады. Азаматтық заң қағидалары бойынша, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, азаматтардың әрекетке қабілеттілігіне шек қоюға болмайды.

Работа содержит 1 файл

Әрекетке қабілеттілік.docx

— 70.30 Кб (Скачать)

 
Бұл орайда құқыққабілеттілік адам туылғанға дейін пайда болады деп айтута болмайды. Құқықтың субъектісі болмай, оның құқыққабілеттілігі де болмайды. Мұның тек кейбір құқықтарға ғана қатысы бар.

 

    • Азаматтардың  ерекетқабілеттілігі — азаматтардың өз ерекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Яғни, азаматтардың әрекет- қабілеттілігінің маңызы әрекет жасаушы өзінің әрекетінен келетін заңдық салдарды түсінетіндігінде және ерекеті арқылы зиян келтірсе оның орнын толтыруға мүмкіндігінің барлығын немесе жоқтығын белгілейтіндігінде.

 
Жеке тұлғаның азаматтық әрекетқабілеттіліғі тұлғаның жасына және психикалық жағдайына тәуелді. Толық әрекетқабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері — ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.

 

    • Шектеулі әрекетқабілеттілік те болады. Есірткі заттары мен  спирт ішімдіктерін адам ұдайы пайдаланатын болса, соның салдарынан үй-ішін ауыр материалдық жағдайларға душар  қылса, онда мүдделі адамдардың, яғни туған туысының, ата-анасының, әйелінің, т.б. арызы бойынша сот оның әрекетқабілеттілігін шектей алады. Оған қамқоршылық тағайындайды. Ол ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасағанымен, басқа да мәмілелерді қамқоршы келісімімен жасауға міндетті болады. Бұл әрине уақытшашара. Егер ерекетқабілеттілігі шектелген адам түзелетін болса, онда сот арқылы әрекетқабілеттілігі шектелгендігі алынып тасталынады жене ол толық әрекетқабілеттілікке ие болады.Сонымен бірге тұрақты жан күйзелісімен ауыратын тұлғаның әрекетқабілеттілігі сот арқылы шектеледі.

Өрекетқабілеттіліктің бір бөлігі деликтқабілеттілік болып табылады.

    • Деликтқабілеттілік — тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.

Әрекетқабілеттілік  пен деликтқабілеттілікті айыра  білу керек. Құқыққабілеттілік пен  әрекетқабілеттілік бірге құқық субъектілік (не құқық әрекетқабілеттілік) деп аталады.

    • Құқық субъектілік — бұл осыдан туындайтын барлық салдармен бірге тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті.

[өңдеу] Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде

14 жастан 18 жасқа  дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандар  қажетті азаматтық мәмілелерді  ата-аналарының, асырап алушыларының  немесе қамқоршыларының жазбаша  келісімімен ғана жасай алады.  Алайда олар ұсақ тұрмыстық  мәмілелерді өз беттерінше жасауға,  өзінің жалақысына, шәкіртақысына  және өзге табысына иелік етуге.  авторлық және өнертабыстық құқықтарын  жүзеге асыруға және банк мекемелеріне ақша салуға құқылы. Мұндай әрекетқабілеттілік ішінара деп аталады. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы барлық жағдайда оның мүлкіне өз қалаулары бойынша билік ете алмайды және оның атынан мәміле жасай алмайды. Kәмелеттік жасқа толмаған баланың мүлкін азайтуға алып келетін мәмілені жасау үшін (мысалы, сату, сыйға тарту, кепілге қою, жалға беру) баланың ата-анасы (олар болмаған жағдайға тағайындалған қамқоршы) қорғаншылық және қамқоршілік органдарының алдын ала келісімін алулары тиіс

14 жасқа дейінгі  кәмелеттік жасқа толмаған баланың  деликтқабілеттілігі жоқ, яғни  олар өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілікті алып жүре алмайды. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың өрекеттері үшін оның ата-анасы жауапты. Ал 14 жастан 18 жасқа дейінгі көмелеттік жасқа толмағандар толықтай деликт қабілеттілікке ие, олар өз міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен бірге дербес жауапкершілікте болады. Егер көмелеттік жасқа толмаған балалар үіпінші тұлғаларға және мүлікке зиян келтірсе, оны өтеу үшін кәмелеттік жасқа толмаған баланың табысы жеткілікті болмаса, онда оның ата-анасы қосымша жауапкершілікте болады.

[өңдеу] Тұлғаны хабар-ошарсыз кеттпі деп немесе қайтпыс болған деп тану

Кейде өмірде адамдар ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз жоғалып кететін жағдайлар болады. Мұндай жағдайларда coт азаматты хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп таниды.

[өңдеу] Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп

Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану, адамның тұрғылықты жері бойынша ол туралы бір жыл бойы мәлімет болмаса, мүдделі тұлғалардың сот тәртібіндегі өтініші бойынша мүмкін болады. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адамның жұбайы некені АХАТ органдарында бұза алады. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адам келген немесе тұрған жері табылған жағдайда, сот оны хабар- ошарсыз кеткен деп тану туралы және оның мүлкіне қорғаншылық тағайындау туралы шешімін жояды.

[өңдеу] Азаматты қайтыс болды

Азаматты қайтыс болды деп жариялау, егер адамның тұрғылықты жері бойынша ол туралы уш жыл бойы мәлімет болмаса, мүдделі тұлғалардың сот тәртібіндегі өтініші бойынша мүмкін болады.

[өңдеу] Заңды тұлғалар азаматтық құықтпың субъектісі ретінде

Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады.

    • Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.

    • Лицензия дегеніміз — заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мысалы: жеке оқу орны мемлекеттің арнайы рұқсатын алғаннан кейін ғана өзінің қызметін атқара алады.

Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі сол лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады.

Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді: Қоммерциялық заңды тұлғалардың мақсаты пайда табу. Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін Және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.

[өңдеу] Коммерциялық заңды тұлғалар:

мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив  нысандары.

[өңдеу] Ал коммерциялық емес заңды тұлғалар:

мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер, т.б. Қоғам  өмірінде әр түрлі жағдайлар болады. Осындай кезерде заңды тұлғалар қайта құрылып немесе таратылып ты жатады.

[өңдеу] Заңды, тұлғаны қайта құру

Заңды, тұлғаны  қайта құру дегеніміз — бұрынғы  заңды тұлғаның құқықтары мен  міндеттерінің басқа заңды тұлғаға өтуі. Заңды тұлғаларды қайта құрудың бес түрі: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту екені белгілі.

[өңдеу] Заңды тұлғаны тарату дегеніміз

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз—тұлғаның өз қызметін тоқтатуы.

[өңдеу] Мемлекет азаматтың құқықтың субъектісі ретінде

Қазір елімізде қолданылып жүрген азаматтық заңдардың бір  ерекшелігі — мемлекетті азаматтық  құқықтың субъектісі ретінде тануы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет басқа азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылармен тең дәрежеде мемлекеттік қатынасқа түседі. Мемлекеттік билік пен баскару органдары мемлекет атынан сотта сөйлей алады, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иеленеді және оны жүзеге асыра алады.

 

Сонымен, азаматтық- құқықтық қатынасқа қатысушылардың екі түрі бар — жеке тұлға және заңды тұлға. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі болуы керек. Бұл түсініктер өзара байланысты.

Жеке тұлғаның құқыққабілеттілігі ол өмірге келгеннен, ал әрекетқабілеттілігі  белгілі бір заңға сәйкес, заңмен белгіленген жастан бастап пайда  болады. Мемлекет толығымен азаматтық  құқықтың субъектісі ретінде әрекет ете алады. [1]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиеттер

  1. ↑ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет. ISBN 9965-36-002-2

 

«Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша  тест – тренинг 

 

 

1. Мемлекеттік баж дегеніміз  не:

А) сот шығыны;

В) заңды маңызы бар әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін мемлекеттің пайдасына өндіріліп алынатын міндетті төлем;

С) істі қарауға байланысты шыққан шығындар;

Д) талаптың құны;

Е) салықтың бір түрі; 

 

2. Қай субъектіні күштеп  әкелуге болмайды:

А) жауапкер;

В) куә;

С) сарапшы;

Д) маман;

Е) талапкер. 

 

3. сотта ерікті өкіл  бола алмайды;

А) судья;

В)  прокурор;

С) тергеуші;

Д) адвокат;

Е) депутат 

 

4. Азаматтық істер бойынша  сот актілерін атаңыз:

А) қаулылар;

В) сырттай шешім, ұйғарым;

С) шешім, ұйғарым;

Д) шешім, ұйғарым, қаулы, бұйрық;

Е) шешім, ұйғарым, қаулы 

 

5. Талаптың түрін көрсетіңіз:

А) бұйыру;

В) қанағаттандыру;

С) тану;

Д) өтеп алу туралы;

Е) мүлікті қайтару туралы.  

 

6. Азаматтық істі сот талқысына әзірлеудің жалпы мерзімі:

А) 5 күн;

Б) 30 күн;

С) 3күн;

Д) 7 күн;

Е) 15 күн. 

 

7. Мерзімдер қалпына келтіруге  жатады :

А) сотпен белгіленген;

В) заңмен белгіленген;

С) прокурормен белгіленген;

Д) шешіммен белгіленген,

Е) ұйғарыммен белгіленген. 

 

8. Бұйрықтық өндірісті жүргізу белгісі:

А) талаптардың даусыздығы;

В) талаптардың даулы болуы;

С) заңды фактіні анықтау;

Д) мүлікті даулау;

Е) қарызды талап ету 

 

9. Талаптың пәнін көрсетіңіз:

А) даудың объектісі;

В) талаптың негізі;

С) жауапкерге қойылатын  материалдық-құқықтық талап;

Д) талапкердің соттан сұрауы;

Е) даулы құқық. 

 

10. Ерекше іс жүргізу  өндірісіне жатпайды?

А) әрекет қабілеттілігін жоқ  деп тану;

В) өлді деп тану;

С) хабар-ошарсыз кетті  деп тану;

Д) әкелікті анықтау;

Е) заңды маңызы бар фактілерді анықтау. 

 

11. Жауапкердің тұрғылықты  жері бойынша анықталған соттылық  атауы?

А) арнайы;

В) жалпы аумақтық;

С) баламалы;

Д) шартты;

Е) ерекше. 

 

12. Қандай іс бойынша   газетте жариялау беру көзделген  ?

 А) азаматты іздестіру  туралы;

В) әкелікті анықтау туралы;

С) алиментті өндіріп алу  туралы іс бойынша;

Д) денсаулыққа келтірілген  зиянды өтеп алу туралы іс бойынша;

Е) азаматты хабар-ошарсыз  кетті деп тану туралы , азаматты қайтыс болды деп тану туралы  

 

13. Шешімге қойылатын негізгі  талаптар ?

А) дәлелденген;

В) заңдылығы , негізділігі;

С) әділеттілігі;

Д) дұрыс болуы;

Е) міндеттілігі. 

 

14.Өндірісті тоқтатудың  салдары ?

А) ұқсас талап бойынша  сотқа екінші рет жүгінуге жол  берілмейді;

В) ұқсас талап бойынша  сотқа екінші рет жүгінуге жол  беріледі;

С) іс қысқарады;

Д) іс басқа сотта қозғалады;

Е) шағым беруге болмайды.  

 

15. Азаматтық істі қараға  әзірлеген кезде қандай әрекетті  жасауға болмайды?

А) сараптама тағайындауға;

В) талапты қамтамасыз етуге;

С) істі қарауды кейінге  қалдыруға;

Д) дәлелдемені қамтамасыз етуге;

Е) сот тапсырмасын жәберуге.  

 

16. Талапты мойындағанда  оған қарсы тарап дәлелдеуге  міндетті емес фактінің атауы:

 А) даулы фактілер;

В) талаптың негізі болатын  фактілер;

С) жалпыға мәлім фактілер;

Д) даусыз фактілер;

Е) преюдициалды фактілер. 

 

17. Талап қоюды өзгерту дегеніміз не?

А) талаптың мөлшерін өзгерту,

В) талаптың пәні мен негізін  өзгерту;

Информация о работе Азаматтық құқық