Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 14:25, реферат

Описание работы

Әрекетке қабілеттілік — заңды тұлғаның немесе азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқыларды иеленуге және оны жүзеге асыруға, өзіне азаматтық міндеттер белгілеп, оларды орындауға қабілеттілігі. Азаматтық құқықта оны заңды тұлғаның, азаматтардың немесе жас өспірімдердің (14 жастан 18 жасқа дейін) Әрекетке қабілеттілігіне бөледі. Азаматтар толық әрекетке қабілеттілікке 18 жастан бастап ие болады. Егер 18-ге толмаған азамат некеге тұратын болса, неке мемлекет халық-актілерін тіркейтін органда тіркелсе, онда ол азамат некеге тұрған кезден бастап әрекетке қабілеттілікке толықтай ие болады. Азаматтық заң қағидалары бойынша, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, азаматтардың әрекетке қабілеттілігіне шек қоюға болмайды.

Работа содержит 1 файл

Әрекетке қабілеттілік.docx

— 70.30 Кб (Скачать)

Екіншіден, жеке мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мәселен  бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады). Бұл қатынастарда азаматтардың немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың  әлеуметтік қасиеттерін бағалау  жүргізіледі.

Пәннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына  қарамастан, мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық  құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиеттін анықтау керек.

Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке  мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады деп есептейді.

Азаматтық құқық пәнінің  түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар туралы мәселелермен байланысты болса, әдіс түсінігі осы  қоғамдық қатынастардың азаматтық  құқық нормаларымен қалай реттелетіні  туралы мәселелермен байланысты. Сондықтан  құқықтық реттеу пәні мен әдісі арасында қатты байланыс бар. Әдіс құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктерімен қайта анықталады.

Азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде реттелсе ғана толық дами алады. Қорытындылай келсек, азаматтық құқықтарда тараптардың заңдық теңдігі әдісі қолданылады. Азаматтық құқықта бұны диспозитивтік қағида деп қарастырады.

Азаматтық құқықта тараптардың  теңдігі дегеніміз – екі қатынасқа түсуші тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады. Тараптардың заңдық теңдік әдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларға тәуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез келген әрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.

Сондықтан азаматтық заңдылықтардың нормаларын түсіну және қолдану азаматтық  құқықтың жалпы қағидалары ескергенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін

Осылайша, азаматтық құқық  деп тараптардың заңдық теңдігі  бастауларында мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын қарастырамыз.

Азаматтық құқық қатынас  объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге  бағытталған  әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз. Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың  спецификасы оның мүшелері өз әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге әсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынандай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік – зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс және қызымет, ақпатар, интелектуалдық меншік нәтижелері. Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке  мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған [4].

 

 

 

Қазақстан Республикасында азаматтық хал  актiлерi жазбаларын өзгерту, қалпына  келтiру және жою туралы Ереже 

« Пред. 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 След. » 

     223. Қайтадан куәлiктер беру туралы арыздарды тексеру арызда көрсетiлген жылдағы акт (тууы туралы) кiтаптары бойынша, сондай-ақ арызда көрсетiлген азаматтық хал актiлерi тiркелген жылдан бұрынғы екi және кейiнгi екi жыл аралығында жүргiзiледi.   
 

224. Егер АХАЖ органында  акт жазуы болмаса, жеке арыз  берушiге арызды аумақтық әдiлет  органының АХАЖ бөлiмiнiң мұрағатына  акт жазуының екiншi даналары бойынша  тексеру үшiн жолдау ұсынылады.  Қаладан тыс жерлерден келген  арыздарды аумақтық әдiлет органының  АХАЖ бөлiмiнiң мұрағатына АХАЖ  органы өзi жiбередi. Екi жағдайда  да қайтадан куәлiк беру туралы  арыздың арғы бетiнде "... АХАЖ  органында акт жазуы жоқ деген  белгi түсiрiледi, оны АХАЖ органының  қызметкерi растайды.   
Егер акт жазуы аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмi мұрағатында да болмаса, арызданушыға акт жазуының болмағандығы туралы  анықтама  берiледi (салып жiберiледi).   
 

225. Азаматтық хал актiлерi  жазуларының көшiрмелерi тек басқа  да мемлекеттердi қоса отырып, Қазақстан  Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң,  Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер  министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң,  прокуратураның, соттың, нотариат және  адвокатура органдарының сұрау  салулары бойынша, сондай-ақ басқа  мемлекеттердiң АХАЖ органдарының  сұрау салулары бойынша берiледi.   
Акт жазбасының көшiрмелерi азаматтарға берiлмейдi.   
 

226. Кенттiк, ауылдық (селолық)  округтердiң лауазымды адамдары  тууы туралы, әке болуды анықтау,  неке қию және қайтыс болу (қайтыс  болу туралы дәрiгерлiк куәлiктердi  анықтамалармен қоса) туралы акт  жазуының екiншi даналарын жолдама  тiзiмдемемен АХАЖ органдарына  тапсырады. Қайтыс болу туралы  дәрiгерлiк куәлiктер мен анықтамаларды  акт жазбасына желiмдеуге жол  берiлмейдi.   
Толық ресiмделмеген азаматтық хал актiлерiнiң жазбасы (қолдардың, мөр немесе мөртаңба бедерлемелерiнiң қойылмауы, жекелеген бағаналардың толтырылмауы және тағы басқалар) толық ресiмдеу үшiн кейiн қайтарылады. Тиiсiнше ресiмделген акт жазбалары АХАЖ органдарына жiберiлуге жатады.   
 

227. Салтанатты тiркеу сарайлары  мен үйлерi, АХАЖ органдары ай  сайын тұтастай алғанда аудан  бойынша және әрбiр қалалық  (аудандық бағыныстағы қала), кенттiк,  ауылдық (селолық) округ бойынша  N 97 нысанда азаматтық хал актiлерiн  тiркеу туралы есептiк тiзiмдi үш  данада жасайды және туу, неке  қию неке бұзу және қайтыс  болу туралы дәрiгерлiк куәлiктермен  (бiр жылдан астам уақыт бұрын  қайтыс болды деп танылған  адамдардан басқа) бiрге АХАЖ  органдарына жолдайды.   
Есеп беру ведомосының екiншi данасы мемлекеттiк статистика органына жолданады, үшiншi данасы АХАЖ органында қалады.   
Сонымен бiрге бала (қыз) асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесiнiң аты мен тегiн, қайтыс болды деп танылған және бiр жылдан астам уақыт бұрын қайтыс болды деп танылған адамдардың қайтыс болуы туралы акт жазуының және азаматтық хал актiлерiн қалпына келтiрiлген жазбаның екiншi даналары АХАЖ органдарына жiберiледi.   
 

228. Аумақтық әдiлет органының  АХАЖ бөлiмi АХАЖ органдарынан  келiп түскен азаматтық хал  актiлерiнiң жазуы мен қалпына  келтiрiлген актiлерi жазбаларының  екiншi даналарының дұрыс толтырылуын  тексередi. Толық ресiмделмеген азаматтық  хал актiлерiнiң жазбаларды толық  ресiмдеу үшiн АХАЖ органына  қайтарылады. Тиiсiнше ресiмделген  актiлер жазбалары қайтарып беруге  жатады.   
 

229. Туу, некенi қию, некенi  бұзу және қайтыс болу туралы (қайтыс болу туралы дәрiгерлiк  куәлiктермен бiрге) азаматтық  хал актiлерi жазбаларының екiншi даналарын АХАЖ органдары ай  сайын тиiстi статистикалық органдарға  жiбередi. Ұл (қыз) асырап алу, әке  болуды анықтау, тегiн, атын, әкесiнiң  атын өзгерту, қайтыс болды  деп танылған және бiр жылдан  астам уақыт бұрын қайтыс болған  адамдардың қайтыс болуы туралы  актiлердiң екiншi даналары қалпына  келтiрiлген азаматтық хал актiлерiнiң  жазбалары аумақтық әдiлет органының  АХАЖ бөлiмi мұрағатына сақтауға  берiледi.   
Статистикалық органдар туу, некенi қию, некенi бұзу және қайтыс болу туралы актiлер жазуының екiншi даналарымен жұмыс iстеп болғаннан кейiн келесi жылдың бiрiншi желтоқсанынан кешiктiрiлмей, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу түрлерi мен реттiк нөмiрлерi бойынша оларды тиiстi аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмi мұрағатына тапсырады.   
 

230. Аумақтық әдiлет органының  АХАЖ бөлiмi азаматтық хал актiлерiн  тiркеудiң жыл сайынғы ведомостарын  алғаннан кейiн тұтастай облыс  (қала) бойынша статистикалық есеп  жасайды, ол Қазақстан Республикасының  Әдiлет министрлiгiне кезектi есептi  жылдың бесiншi қаңтарынан кешiктiрiлмей ұсынылады, оған ақпарат қоса берiледi.   
 

231. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердiң бланкiлерi қатаң есепке алынатын құжаттар болып табылады және күймейтiн шкафтарда және темiр жәшiктерде сақталады.   
Жұмыстан тыс уақыттарда куәлiктердiң бланкiлерi бар күймейтiн шкафтар мен темiр жәшiктер сүргiштеледi. Бланкiлердi сақтау үшiн жауапты адамдарға бланкiлермен жұмыс iстеуге рұқсат берiледi.   
Куәлiктер бланкiлерi жоғалған немесе ұрланған жағдайда, олардың сақталуы үшiн жауапты адамдар бланкiлердiң жоғалғанын немесе ұрланғанын анықтасымен сол күнi бұл туралы жоғалған немесе ұрланған бланкiлердi iздестiру шараларын қолдану үшiн жоғарғы АХАЖ органына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң органдарына хабарлауға мiндеттi.   
АХАЖ органдары азаматтық хал актiлерiн тiркеу бланкiлерiн жоғалтудың немесе ұрлатудың әрбiр жағдайы туралы олардың түрлерiн, сериялары мен нөмiрлерiн көрсете отырып Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне шұғыл хабарлауға мiндеттi.   
Куәлiктер бланкiлерiн жоғалтудың немесе ұрлатудың әрбiр жағдайы бойынша жоғары тұрған АХАЖ органы жоғалуға ықпал еткен себептердi жою және бұған кiнәлi адамдарға қатысты тиiстi шаралар қолдану үшiн қызметтiк тексеру жүргiзуге тиiс.   
 

232. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктер бланкiлерiнiң есебi үшiн мынадай тиiстi кiтаптар жүргiзiледi:   
 

1) Аумақтық әдiлет органының  АХАЖ бөлiмдерiнде - куәлiктер бланкiлерiнiң  кiрiс және шығыс есебi жөнiндегi кiтап және сондай-ақ салтанатты  тiркеу сарайлары мен үйлерiнiң  де куәлiктер бланкiлерiнiң берiлуi мен жұмсалуын есепке алу жөнiндегi жеке шоттар кiтабы;   
 

2) азаматтық хал актiлерiн  тiркеумен айналысатын АХАЖ органдарында - куәлiктер бланкiлерiнiң кiрiс  және шығыс есебi жөнiндегi кiтап  және куәлiктер бланкiлерiн беру  және жұмсау есебi жөнiндегi жеке шоттар кiтабы;   
 

3) азаматтық хал актiлерiн тiркеумен айналысатын селолық, кенттiк, ауылдық (селолық) әкiмшiлiктерде - куәлiктер - бланкiлерiнiң кiрiс және шығыс есебi жөнiндегi кiтап.   
 

233. Азаматтық хал актiлерiн  тiркеу туралы куәлiктер бланкiлерiн  аумақтық әдiлет органының АХАЖ  бөлiмi оларды дайындаған органының  құжаты бойынша қабылдап алады.   
Ақаулы бланкiлер (қорғағыш тор сызықтарының, басылған мәтiннiң жоқтығы немесе бүлiнуi, қайталанған нөмiрлердiң болуы және тағы басқа), бумалардағы куәлiктер бланкiлерi жетiспеген немесе сериялары мен нөмiрлерi Мемлекеттiк Белгi жапсырмасымен сәйкес келмеген жағдайларда екi данада акт жасалады.   
 

234. Кенттiк, ауылдық (селолық)  әкiмшiлiктердiң лауазымды адамдары  әр тоқсан сайын АХАЖ органдарына, ал АХАЖ органдары әр тоқсан сайын аумақтық әдiлет органының АХАЖ органдарына өткен тоқсанда куәлiктер бланкiлерiнiң жұмсалуы туралы есеп бередi.   
 

235. Аумақтық әдiлет органының  АХАЖ органы жыл сайын есептi  жылдан кейiнгi бесiншi қаңтардан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне барлық түрдегi куәлiктер бланкiлерiнiң жұмсалуы туралы N 23 нысанда есеп бередi.   
 

236. Мыналар жоюға жатады:   
 

1) азаматтық хал актiлерiне  түзетулер мен толықтырулар енгiзуге  байланысты, сондай-ақ жазулардың  күшi жоюға байланысты тапсырылған куәлiктер;  
 

2) орнына қайтадан куәлiктер берiлген, жарамсыз болған куәлiктер;  
 

3) тауып алынған куәлiктер;  
 

4) басқа АХАЖ органдары жiберген және азаматтар бiр жыл бойы алмаған қайтадан берiлген куәлiктер;  
 

5) толтыру кезiнде бүлiнген куәлiктердiң бланкiлерi.  
Аталған куәлiктердi жою АХАЖ органының немесе аумақтық әдiлет органының АХАЖ мұрағаттарының жұмысын тексеру кезiнде акт жасап жағып жiберу жолымен жүргiзiледi.  
Кенттiк, ауылдық (селолық) округтердiң лауазымды адамдары жоюға жататын куәлiктердi жазбалардың екiншi даналарымен бiрге АХАЖ органдарына жiбередi.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң  
1999 жылғы 22 мамырдағы N 620  
қаулысына қосымша

 

Азаматтық құқық  қағидалары түсінігі

20.02.2012 Oppa4ki

Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің негізгі бастауларын  айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды  қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін  сипаттайды.

Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды  қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында көрініс тапқан.

Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған  жағдайларда, құқық аналогияны негізінде  қолдануданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық  заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар:

  • Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін;
  • Меншікке қол сұқпаушылық;
  • Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік;
  • Келісімнің, шарттың  еріктілік қағидасы және т.б.

Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз есем, олар нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған және азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшелігіне негізделген.

Көптеген азаматтық құқық  пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің дифференциациясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі бөлімге бөлінеді, олар жалпы және ерекше бөлім [5].

Азаматтық құқық бөлімінің  пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға мүмкіндік береді.

Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін құрайды. Ол салалық реттеу пәнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды мазмұнының жалпылығын анықтайды.

Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қарама-қайшылықтарды болдырмауға және азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді.

Жалпы бөлім азаматтық  құқықтың жалпы ережелерін, меншік және өзгеде заттық құқытарды, міндеттемелік  құқытарды, шарт жөніндегі жалпы  ережелерді қарастырса, ерекше бөлім  міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық және халқаралық жеке құқық қатынастарын зерделейді.

Информация о работе Азаматтық құқық