Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 14:25, реферат

Описание работы

Әрекетке қабілеттілік — заңды тұлғаның немесе азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқыларды иеленуге және оны жүзеге асыруға, өзіне азаматтық міндеттер белгілеп, оларды орындауға қабілеттілігі. Азаматтық құқықта оны заңды тұлғаның, азаматтардың немесе жас өспірімдердің (14 жастан 18 жасқа дейін) Әрекетке қабілеттілігіне бөледі. Азаматтар толық әрекетке қабілеттілікке 18 жастан бастап ие болады. Егер 18-ге толмаған азамат некеге тұратын болса, неке мемлекет халық-актілерін тіркейтін органда тіркелсе, онда ол азамат некеге тұрған кезден бастап әрекетке қабілеттілікке толықтай ие болады. Азаматтық заң қағидалары бойынша, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, азаматтардың әрекетке қабілеттілігіне шек қоюға болмайды.

Работа содержит 1 файл

Әрекетке қабілеттілік.docx

— 70.30 Кб (Скачать)

Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық заңдылық бірегейлігі  мен дифференциациясын ескере отырып орналасқан азаматтық құқық нормалары  түрлі құқықтық нормативті актілердің баптар түрінде (әрі қарай – нормативті актілер немесе құқықтық актілер) көрініс табады, оларды азаматтық құқықтың қайнар көздері деп аталады. Аталған нормативтік актілердің жиынтығы азаматтық заңдылықты құрайды.

АК 3 бабында «азаматтық заңдылық»  түсінігіне тек АК және оған сәйкес қабылданған өзге заңдар кіреді көрсетілген. Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің негізгі үш түрін жіктеуге болады, олар мыналар: нормативтік құқықтық актілер, салт – дәстүрлер, шарт [6].

Азаматтық құқық нормалары  заңдарда және нормативті актілерде  бекітілуі мүмкін. Барлық осы нормативті актілер заңды күшіне байланысты қатаң иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативті актінің мәні оның заңды күшімен анықталады. Нормативті актінің заңды күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның азаматтық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Азаматтық заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құрылуының тек қана теориялық емес, тәжірибелік маңызы да бар.

Азаматтық заңдылық, нормативті актілерінің көптігі және заң шығарушы техниканың әлсіздігінен, түрлі нормативті актілердің бір мәселені әртүрлі шешетін жағдайлары жиі кездесіп отырады. Бұндай жағдайда басым заңды күші бар нормативті акт қолданылады.

Барлық заңдар  заңды күшіне қарай заңдар және заңға бағынышты нормативті актілер болып бөлінеді. Заңдар мемлекеттік өкілетті жоғарғы органдарының шығарған нормативті актілері, олар заңға бағынышты нормативті актілерге қарағанда басым заңды күшке ие.

Конституциялық заңдар ішінен ең үлкен заңды күшке Қазақстан  Республикасының Конституциясы  ие. Өйткені ол елдің ең  негізгі Заңы болып табылады. ҚР Конституциясында құқықтың түрлі салаларының нормалары бар.

Олардың ішінде азаматтық  құқық нормалары да бар.

Азаматтық заңдылықта Азаматтық  кодекс түріндегі салалық кодификацияланған нормативті актілер ерекше орын алады. Салалық кодификацияланған нормативті актілер азаматтық құқық пәніне кіретін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасы территориясында азаматтық заңдылықтың дамуына негіз болып табылады.

АК салалық кодифицикацияланған  нормативті акті ретінде Қазақстан  Республикасының бүкіл территориясында мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге арналған. Осыған сәйкес АК азаматтық құқық пәніне кіретін барлық дерлік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған азаматтық заңдылықтың ең маңызды қалыптарын бекітеді.

Кодифицикацияланған нормативті актілермен қатар азаматтық заңдылық жүйесін азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін реттейтін арнайы заңдар құрайды [7].

Мысалы, Қазақстан Республикасының  «Сақтандыру туралы» Заңы, сақтандыру ұйымдары мен азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер арасындағы, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының өз арасындағы сақтандыру саласындағы қатынастарды реттейді; “Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы” мүліктік және құрастырмаларды, пайдалы модельдерді және өндірістік үлгілерді құру, құқықтық қорғау және қолдануға байланысты туындаған олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді; ҚазССР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау» Заңы тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасында туындайтын қатынастарды реттейді

Заңға бағынышты актілер  нормативті актілер ішінен азаматтық  заңдылық жүйесінде Қазақстан Республикасының  Президенті мен үкіметі шығаратын  құқықтық актілер түрінде белсенді роль атқарады.

Азаматтық құқық және халықаралық  құқық нормалары. Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестіктің бөлігі болып  табылады, сондықтан Қазақстан Республикасының  азаматтық заңдылығы халықаралық  құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормалары, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдермен есептесуі керек. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормаларына қосыла отырып Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде Конституциялық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері қолданылуына мүмкіндік береді деген мағынаны береді.

Азаматтық заңдылық, іскерлік ғұрыптар, іскер айналым дәстүрлері, мораль және адамгершілік ережелері. Іскер ғұрыптар деп азаматтық айналымда орнатылған тәртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскер ғұрыптар азаматтық құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт арқылы іскер ғұрыпты санкцияған кезде ол заңды күшке ие болып азаматтық заңдылық жүйесіне кіреді.

Қазіргі кезде барлық іскер  ғұрыптар арасынан тек қана кәсіпкерлік  салада қолданылатын іскер айналым  дәстүрлерін бөледі. АК күшімен кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана алатын іскер айналым дәстүрлері деп заңдылықпен немесе келісіммен қарастырылмаған, бірақ өз мазмұнында жетерліктей анықталған, кәсіпкерлік әрекеттің қандай да бір саласында кеңінен қолданылатын тәртіп ережелері, мысалы қандай да бір міндеттемелерді орындау дәстүрі және т.б. Іскер айналым дәстүрі қанай да бір құжатта тіркелгендігіне не тіркелмегендігіне қарамастан қолданыла алады) [8].

Азаматтық заңдылық, сот  пленумдарының шешімдері, шешімдер, соттық практика және сот прецеденті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы  Сот Пленумы жалпыланған материалдарды қарастырып, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы талқылаулар береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының талқылаулары Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық соттар үшін міндетті. Аталған талқылаулар нормативті актілер болып табылмайды, олар құқықты қолдану актілері болып табылады.

Сот пленумдарының қаулылары  азаматтық заңдылықтың мәнін  талқылап, түсіндіруі ғана тиіс, азаматтық құқықтың жаңа нормаларын құрмайды. Сондықтан сот пленумдарының қаулылары азаматтық құқықтың қайнаркөзі болып табылмайды.

Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сот практикасы да жатпайды. Сот тәжірибесі деп бір категориялы істерді соттардың бірнеше рет бір түрлі шешімдер шығару жағдайын айтады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сонымен қатар сот прецеденті де жатпайды. Сот прецеденті деп соттың нақты іс бойынша шығарған шешімін келесі бір ұқсас жағдайға қолдауын айтады.

Азаматтық заңдылық әрекеті. Азаматтық заңдылық уақыта, кеңістікте және қатынасқа түсуші тұлғалар арасында әрекет етеді. Азаматтық құқық нормалары азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. АК заңдарының құқықтық актілерінің кері күштері болмайды. Азаматтық құқықтың уақыт аралығындағы әрекетін деп заңның әрекет ету мерзімін қарастырамыз. Жалпы заңның әрекет ету мерзімі мынандай түрлерде сипатталады, заңды күшіне ену мерзімі, заңды күшін жою мерзімі және әрекет ету мерзіміне байланысты.

Заңды күшіне енуі бойынша мерзімдер ресми басылымға шыққан кезден бастап 10 күн өтісімен немесе нақты сол басылымда көрсетілген мерзім. Ал заңды күшін жою мерзімдері мынадай жағдайлармен сәйкестенуі мүмкін, тура сондай жаңа заңның қабылдануы немесе заңның әрекет ету мерзімінің аяқталуы. Кеңістіктегі әрекеті деп нормативтік құқық актінің барлық Қазақстан Республикасы аумағына толығыменен даруын айтамыз, сонымен қатар кейбір актілер тек белгілі органдардың немесе ұйымдардың шегінде ғана әрекет ете алады оларды локальді нормалар деп атаймыз. Ал азаматтық заңның тұлғалар арасындағы әрекеті деп азаматтық қатынасқа түсуші кез-келген тараптарға даруын айтамыз, мысалы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен заңды тұлғалары.

Азаматтық қатынастарды қарастыру  барысында олардың қолданудағы  императивтік және диспозетивтік жағдайларға зейін салу керек [9].

 

 

 

297-бап. Арыздың мазмұны 

Арызда оны берушiге азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп  тану немесе оны қайтыс болды деп  жариялау қандай мақсат үшiн қажет  екендiгi көрсетiлуге тиiс, сондай-ақ азаматтың  хабар-ошарсыз кетуiн растайтын  мән-жайлар не хабар-ошарсыз кеткен адамның қаза табу қаупiн төндiрген немесе оны белгiлi бiр жазатайым  жағдайдан қайтыс болды деп жорамалдауға негiз болатын мән-жайлар айтылуға тиiс. Әскери қызметшiлер немесе соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз кеткен азаматтар жөнiнде арызда соғыс қимылдарының аяқталған күнi көрсетiледi.

298-бап. Судьяның арыз қабылдағаннан  кейiнгi  
iс-әрекеттерi

1. Судья iстi соттың  қарауына әзiрлеу кезiнде қандай  адамдардың жоқ адам туралы  мәлiмет бере алатынын анықтайды,  сондай-ақ жоқ адам туралы соңғы  мәлiм болған тұрғылықты жерi және жұмыс орны бойынша тиiстi ұйымдардан ол туралы бар мәлiметтердi сұрайды.  
2. Судья арыз қабылдағаннан кейiн iс қозғалғаны туралы арыз берушiнiң есебiнен жергiлiктi газетте жарияланым беру туралы ұйғарым шығарады. Жарияланымда мыналар болуға тиiс:  
1) азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану немесе қайтыс болған деп жариялау туралы арыз келiп түскен соттың атауы;  
2) арыз берушiнiң атауы және оның тұрғылықты жерi (егер арыз заңды тұлғалардан келiп түссе, орналасқан жерi);  
3) жоқ адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған жерi мен соңғы жұмыс орны;  
4) азаматтың жүрген жерiн бiлетiн адамдарға жарияланым берiлген күннен бастап үш ай мерзiмде сотқа ол туралы хабарлауды ұсыну.  
3. Арызды қабылдағаннан кейiн судья қамқоршы және қорғаншы органға жоғалып кеткен азаматтың мүлкiн күзету мен басқару үшiн қамқоршы тағайындауды ұсына алады.

299-бап. Прокурордың қатысуы мiндеттiлiгi

Азаматты хабар-ошарсыз  кеткен деп тану туралы немесе азаматты қайтыс болған деп жариялау туралы iстердi сот мiндеттi түрде прокурордың қатысуымен қарайды.

300-бап. Сот шешiмдерiнiң салдары

1. Азаматты хабар-ошарсыз  кеттi деп таныған сот шешiмi  қамқоршы және қорғаншы органның  хабар-ошарсыз кеткен адамның  мүлкi орналасқан жерде осы мүлiкке  қамқоршы тағайындауға негiз болып табылады.  
2. Азаматты қайтыс болды деп жариялаған сот шешiмi азаматтық хал актiлерiн жазу органының азаматтың қайтыс болуы туралы жазуды азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабына енгiзуге негiз болып табылады.

301-бап. Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе  
қайтыс болды деп жарияланған азаматтың келу  
немесе жүрген жерiн анықтау салдары

Хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе қайтыс болды  деп жарияланған азамат келген немесе оның жүрген жерi анықталған жағдайда сот жаңа шешiммен өзiнiң бұрын шығарған шешiмiнiң күшiн жояды. Бұл шешiм мүлiкке қамқоршылық жасауды алып тастауға және азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабындағы оның қайтыс болуы туралы жазбаны жоюға негiз болып табылады.

Өлген деп  жариялау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Өлген деп жариялау (ағыл. declaration to be deceased; declaration of death; нем. Todeserkliirung f) - Заңмен қарастырылған тәртіпте, ол туралы мәлімет болмаған кезде, сот тәртібімен азаматты өлді деп тану.

Өлді деп жарияланған  азамат келгенде немесе оның жүрген жері анықталғанда, сот тиісті шешімнің күшін жояды.[1]

Азаматтық-құқықтық қатынастар қатысушылар 

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Мазмұны  

[жасыр] 

  • 1 Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар
  • 2 Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
  • 3 Тұлғаны хабар-ошарсыз кеттпі деп немесе қайтпыс болған деп тану
    • 3.1 Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп
    • 3.2 Азаматты қайтыс болды
  • 4 Заңды тұлғалар азаматтық құықтпың субъектісі ретінде
    • 4.1 Коммерциялық заңды тұлғалар:
    • 4.2 Ал коммерциялық емес заңды тұлғалар:
    • 4.3 Заңды, тұлғаны қайта құру
    • 4.4 Заңды тұлғаны тарату дегеніміз
  • 5 Мемлекет азаматтың құқықтың субъектісі ретінде
  • 6 Пайдаланған әдебиеттер

[өңдеу] Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар

Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты. Ол — құқыққабілеттілік- пен әрекетқабілеттілік.

 

Азаматтардың құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.

 
Жеке тұлғаның әрекетқабілеттілігін шектеуге және одан айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Азаматтық құқық- қабілеттілік адам өмірге келгеннен бастап күшіне енеді.

 

    • Заңда әлі дүниеге келмеген азаматтардың кейбір құқықтары да бекітілген, нақтырақ айтқанда презюмцияланатын жағдайлар белгіленген. Мысалы, мұра қалдырушының көзі тірісінде жүкті болған және ол қайтыс болған соң дүниеге келген бала заң бойынша мұрагер болып танылады және мұрадағы өз үлесіне құқығы бар.

Информация о работе Азаматтық құқық