Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 06:31, реферат

Описание работы

Жұмыс күші болашақ товар ретінде өзін еңбек рыногында өткізеді, өзінің әлеуметтік, экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайданы көрсетеді. Жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы алу еңбек табысы, негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамның іс-әрекеті.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса, аса күрделі өтпелі кезенді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде.

Работа содержит 1 файл

buhuchet_ref_31.doc

— 160.00 Кб (Скачать)

  Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың кінәсінен жұмыстың тоқтап қалған уақытына еңбекақытөленбейді. Егер жұмыстың тоқтап қалуына жұмысшылар мен қызметкерлердің ешқандай кінәсі немесе жазығы болмаса, еңбекақы тарифтің 50% мөлшерінде төленеді. жұмыстың тоқтап қалуына байланысты кәсіпорын жұмысшылар мен қызметкерлерді басқа жұмысқа уақытша ауыстыруы мүмкін.

  Өнім өндіру барысында кездесетін ақау үшін төленетін төлем.

  Ақау деп өнім өндіру барысында сапасы жағынан белгіленген стандартқа сәйкес келмейтін немесе арнаулы мақсатқа сол дайындалған күйінде тікелей пайдалануға жарамсыз болып, тек қана түзеткеннен, жөндегеннен кейін, яғни белгілі бір шығын шығарылған жағдайда ғана пайдаланатын бұйымдарды, бөлшектерді айтады.

  Егер өндірілген өнімдер немесе дайындалған бұйымдар жартылай жарамсыз болып табылса, ол кезде өнімді өндірген жұмысшыларға төленетін еңбекақы мөлшерін, кәсіпорынның әкімшілігі өнімнің жарамдылық пайызына байланысты анықтап белгілейді. Мұндай жағдайда төленетін еңбекақы мөлшері тариф бойынша осы өнімді өндіру үшін белгіленген еңбекақының 50%, яғни жартысынан аспауы керек. Ал материалдарды, өнімдерді әдейі қастандықпен бұзған жағдайда келтірілген зиянның сомасы заңда қаралған мөлшерде жұмысшының еңбекақысынан ұсталады. Егер кәсіпорындарда өндірілген өнімдер жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз толық ақау қатарына жатқызылатын болса, онда бұндай өнімдер үшін ол өнімді өндіріп шығарған, дайындаған жұмысшылар мен қызметкерлерге тариф бойынша белгіленген еңбекақысының 2/3 мөлшерде еңбекақы төленеді.

  Жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта орындаған жұмыстарына, атқаратын қызметтеріне төленетін төлем.

  Белгіленген жұмыс уақытынан өзге, яғни мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеу кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығымен ғана жүргізіледі.Мерзімнен тыс уақытта істелетін жұмысқа бір жасқа толмаған баласы бар жас сәбилі аналарды, жүкті әйелдерді қатыстыруға болмайды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта жұмысістеген еңбегі тек қана ақшалай түрде төленеді. Кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстың алғашқы екі сағатына өзіне белгіленген тарифтік еңбекақының 1.5 есе, ал одан кейінгі сағаттарына 2 есе мөлшерде еңбекақы есептелініп, төленеді.

  Жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс және мейрам күндеріне істелген жұмыстарына төленетін төлем.

  ҚР-ның еңбек туралы заңына сәйкес кәсіпорындарда демалыс күндері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Бірақ кейбір төтенше жағдайларда ұйымдағы кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстың пайда болуына байланысты бұл күндерде де мейрам күндеріне рұқсат етілмейді.

  Жұмыс істеуіне тура келеді. Егер де кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлер демалыс күні жұмыс атқарса, оған келесі екіапта ішінде жұмыс күні есебінен демалыс берілуі тиіс. Ұйымның бұл уақыт аралығында демалыс беруге мүмкіншілігі болмаса, жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс күні жұмыс істеген еңбегі үшін мерзімді еңбекақы алатындарға сол күнгі жұмыс істеген әрбір сағатына тарифте белгіленген бір сағаттық еңбекақының 2 есесі, ал кесімді еңбекақы алатындарға сол күнгі өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының сандары мен көлеміне байланысты тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақының 2 есесі мөлшерде еңбекақы төленеді. Кәсіпорындарда мейрам күніне жұмыс істегені үшін мерзімді және кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге сол күнге өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының санына, көлеміне немесе жұмыс істеген сағаттарына тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақысы көтеріңкі мөлшерде, яғни екі еселеніп төленеді.

  Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа амалсыздан шықпай қалған уақытына еңбекақы төлеу тәртібі.

Ұйымдарда жұмыстан заңсыз босатылып, бұрынғы жұмысқа қайта  орналасқан жұмысшылар мен қызметкерге  сот органдарының шешімдерімен босатылған күннен бастап үш айға дейінгі жұмысқа шықпай қалған уақытына орташа еңбекақысы мөлшерде төленеді.

  Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу.

  ҚР-ның заңына сәйкес қайтыс болған жұмысшы қызметкерлерді жерлеуге арналған әлеуметтік көмек заңда белгіленген мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. “Азаматтардың еңбекке уақытша жарамсыздығы’’ туралы заң негізінде 14 жасқа толмаған сырқат баланы күту үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны күтімге алу қажет болатын уақытқа дейін беріледі, алайда оның ұзақтығы 10 күнтізбелік күннен аспауы керек. Егер бала 10 күн аралығында сырқатынан айықпаса, және әрі қарай күтімді қажет ететін болса, онда ата-анасының біреуіне немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама беріледі. 3 жасқа толмаған ауырған баланың біреуіне еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша баланың ауырған күндерінің бәріне жәрдемақы дайындалады. Бірақ бұл жоғарыда айтылған төлемдердің барлығы Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есепті көрсеткіштің он еселенген мөршерінен аспауы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  Осы айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, шаруашылық субьектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субьект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Әр түрлі кәсіпорындар еңбекақы бойынша есеп айырысуды мына құжаттармен жүргізеді: еңбекақы беру үшін бір мезгілде пайдаланатын есеп айырысу – төлем тізімдемесі; есеп айырысу тізімдемесі және жекелеген төлем тізімдемесі; әр жұмысшыға жасалатын еңбекақының арнайы есеп айырысу; жыл бойына пайдаланатын кітапшаға айналдырған есеп айырысу тізімдемесі. Тізімдеменің “Есептелген” бөліміне құжаттардан кесімді, мезгілден тыс және т.б. есептелген сома енгізіледі. “Ұсталғаны және есепке алғаны“ бөлімінде салық сомасы, сондай-ақ орындау парақшалары бойынша ұсталған сома жазылады; кредитке берілген тауар үшін есепке алған сома, еңбекақы шотынан аванс және басқа да ұстаулар, есепке алулар және төлемдер жазылады.Табыс салығы еңбекақыдан өткен ай үшін ұсталады. Айдың аяғында тізімдемеде әр қызметкердің төлеуіне тиесілі соманы есептейді және тізімдемені баланстайды. Өйткені ай үшін еңбекақы мен ағымдағы ай үшін аванс төлеуге тиісті сома, мерзімі (3 күн ішінде) көрсетілетін төлем тізімдемесі бойынша төленеді. Бастық пен бухгалтердің бекіткі қол таңбасынан кейін, төлемді жүзеге асыру үшін кассаға береді. Үш күнде берілмеген еңбекақы қайтадан қайтарылады (депоненттелінеді) - кәсіпорын оны сақтауға қабылдап алады. Бұл рәсім былай іс-жүзінде асырылады.

  Еңбекақының берілу мерзімі аяқталғанда кассир алған ақша бойынша қол қойылған есеп айырысу төлем тізімдемесін тексереді және және берілген еңбекақыны жиынтықтайды. Еңбекақысын алмаған адамның аты-жөні жазылған бағанға “алғандығы жөніндегі қолхат” мөртаңбасы басылады немесе “алмаған” деп қолмен жазылады. Бұл жағдайда есеп айырысу –төлем тізімдемесі мынадай сомалармен жабылады: қолда бар сомамен беріледі және қайта қайтарылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.“Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” 2002жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының №309-ІІ заңы

2. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2002 жылғы 18 қыркүйектегі №438 бұйрығымен бекітілген.

3. Еңбекақының формалары мен жүйелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 15.05.2000ж. №111-п “Қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныс” Бұйрығында бекітілген.

4. Еңбекті нормалау ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000ж 22-ші маусымындағы №152-10 Бұйрығымен бекітілген.

5.“Еңбек туралы”  “Қазақстан Республикасының заңы Алматы 2004жыл.

6. Әбдіманапов. Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясыжәне принциптері. Алматы 2001ж.(191-192б)

7. “Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі ” Алматы 2001жыл.

8. Назарова В.Л. “Шаруашылықты  жүргізуші субьектілердегі- Бухгалтерлік  есеп” Алматы “Экономика” 2005 жыл. (163-200б).

9. Салық кодексі . Алматы 2005 жыл .

10. Қ.К. Кеулімжанов , З.Әжібаева, Құдайбергенов.Н. “Бухгалтерлік есеп принциптері” Оқу құралы. Алматы 2003жыл.

11. Қ.К. Кеулімжанов,  З. Әжібаева Қаржылық есеп. Алматы 2001жыл.

12. Бухгалтерлік есеп стандарты. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы.- Алматы 2003 ж.

13. Тоқсанбай С.Р. Толық  экономикалық орысшы –қазақша  сөздік.

 Дәуір 1998ж.

 




Информация о работе Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі