Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 06:31, реферат
Жұмыс күші болашақ товар ретінде өзін еңбек рыногында өткізеді, өзінің әлеуметтік, экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайданы көрсетеді. Жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы алу еңбек табысы, негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамның іс-әрекеті.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса, аса күрделі өтпелі кезенді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде.
№ |
Жұмысшылар мен қызметкерлердің аты-жөні |
Маман-дық дәреже-сі |
Жұмыс істеген сағаттарының саны(сағат) |
Тарифтік коэффи-циенті |
Тариф бойынша есептелген еңбекақы сомасы (теңге) |
Қос-ымша табыс коэффициенті |
Жұмысшы-ларға есептелген еңбекақы сомалары (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4(2×3) |
5(6/4) |
6(4×5) | ||
1 |
Алибаев. К. |
1 |
175 |
1.76 |
308 |
26.1 |
8838.8 |
2 |
Амантаев. Б. |
2 |
160 |
2.06 |
329.6 |
26.1 |
8602.06 |
3 |
Әбілов. Ж. |
3 |
165 |
2.35 |
187.75 |
26.1 |
10120.3 |
4 |
Бақтыбаев. С. |
4 |
154 |
2.64 |
406.56 |
26.1 |
10611.2 |
5 |
Жұмашев. М. |
5 |
150 |
2.93 |
439.5 |
26.1 |
11471.0 |
6 |
Тілесов.Ж. |
6 |
164 |
3.23 |
529.72 |
26.1 |
13825.7 |
Жиыны: |
968 |
2401.13 |
62669.6 |
Қосымша табыс коэффициенті бұл мысалымызда 26 теңге 10 тиынға тең болып тұр (яғни 6 бағана/4 бағана немесе 62669 теңге 60 тиын бөлінген 2401 теңге 13 тиын=26 теңге 10 тиын).
Егер кәсіпорындарда өнім өндірудің тапсырмасын артығымен орындағаны, жұмыс істеу барысында ақау жібермегені, күрделі де қиын жұмысты атқарғаны, тағы басқалары үшін сыйақы берілетін болса, онда ол
Кесте 1
сома бригаданың жұмысшылары мен қызметкерлердің арасында олардың кесімді еңбекақы сомасына үйлесімді (пропоционалды) түрде бөлінеді. Кейбір жұмысшылар мен қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында жұмыс атқаруы мүмкін. Мұндай жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмысы туралы мәлімет жазады. Сол жұмысшының немесе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы есептеліп шығарылады. Жұмысты жақсы істеген, еңбек өнімділігін арттырған жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал еңбек тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін, құрал-саймандарға немқұрайлы қарағаны, тағы басқа кемшіліктеріне байланысты ұйымдарда әртүрлі төмендету коэффициенті беріледі.
Мейрам күнінің алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу және оны төлеу.
Халық шаруашылығы салаларындағы ұйымдарда мейрам алдындағы жұмыс күні бір сағатқа кысқартылады. Ұйымдарда еңбекақының кесімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге өндіріп шығарған өнімдері мен детальдарының, сондай-ақ атқарған қызметінің саны мен көлеміне байланысты белгіленген мөлшерде ғана еңбекақы есептеліп төленеді. Ал кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі бойынша еңбекақы есептеліп, төленіп жүрген жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл, яғни қысқартылған жұмыс күніне белгіленген мөлшерде еңбекақы төленуі тиіс.
Жас өспірімдерге еңбекақы төлеу.
Кәсіпорындарда аптасына алты күн жұмыс күні, бір күн демалыс күні болып белгіленген жағдайда осы ұйымда жұмыс істейтін 16-18 жас аралығында жасөспірімдерге белгіленген жұмыс күннің ұзақтығы 6 сағаттан, 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге 4 сағаттан аспауы керек. Егер кәсіпорын аптасына 5 күн жұмыс істеп 2 күн демалатын жағдайда жұмыс күннің ұзақтығы 16-18жас аралығындағылар үшін 7 сағаттан, 15-16 жас аралығындағылар үшін 5 сағаттан аспауы керек. Белгіленген заңдарға сәйкес жоғарыда айтылған жұмыс істейтін және еңбегі үшін еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жасөспірімдерге қысқартылған жұмыс күндері үшін толық жұмыс күнінің еңбекақысы төленеді.
Жас сәбилі аналардың демалуы және баланы тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақытына төленетін төлем.
Еліміздегі заңға кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін және қызмет атқаратын жұмысшылары мен қызметкерлердің арасында бір жасқа толмаған жас сәбилі аналарға демалуы және баланы тамақтандыруы үшін жұмыс уақытының барысында ұзақтығы 30 минуттан астам кем болмайтын үзіліс береді. Жоғарыда айтылған осы үзілістердің арасы үш сағаттан сирек болмауы тиіс. Ұйымдағы жас сәбилі аналарға демалуы және баланы тамақтандыруы үшін берілетін үзіліс уақыттары жұмыс уақытының құрамына кіреді және үзілісте болған, жұмыс істемеген мерзімі үшін орташа еңбекақылары бойынша еңбекақы төленеді. Екіқабат және босану бойынша, сондай-ақ әйелдер босанатын үйінен тікелей баланы асырап алған әйелдерге берілетін жәрдемақы, екіқабат және босануы бойынша берілген демалысының барысында, баланың туған күнінен бастап56 күн өткенше төленеді,бірақ ол 10 МЕК аспауы керек. Ал жұмыс істеп жүрген әйелдерге 126 күнге жәрдемақы төленеді, егер де әйелдер екі және одан да көп бала тапса, онда жәрдемақы 140 күнге төленеді.
Мысал. Екіқабат және босануы бойынша парағы жұмыс істеп жүрген әйелге 126 календарлық күнге берілді, оның ұзақтығы 10 қаңтардан 16 мамырға дейін жалғасады. Жәрдемақы әр айға жеке есептеледі. Екіқабат әйел аптасына 5 күндік график бойынша жұмыс істеген, оның орташа жалақысы 733 теңге құраған. Екіқабат болуына байланысты әр айда жұмысқа шықпаған күні мынаны құрайды:
Кесте 2
Айлық кезең
|
Жұмыс аптасының 5 күндік графигі бойынша жұмыс уақытының ұзақтылығы, күні
|
Нақты жұмыс істеген күні
|
Нақты есептелген жалақысы, теңге
|
2001ж Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан 2002ж. Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір |
21 21 22 22 20 22 22 20
21 20 19 22 |
21 21 22 22 20 22 22 20
21 20 19 22 |
20000 20000 20000 20000 20000 20000 20000 20000
20000 20000 20000 20000 |
Есептік кезеңнің жиыны |
252 |
252 |
240000 |
10 МЕК деңгейін ескере отырып, еңбекке уақытша жарамсыз күннің санын
орташа күндік жалақыға көбейту жолымен жәрдемақының жалпы сомасын анықтаймыз:
Қаңтар - 733х 16=11728теңге;
Ақпан - 733х 20=14660 теңге;
Наурыз - 733х 19 = 13928 теңге;
Сәуір -733х 22 =16126 теңге;
Мамыр - 733х 10 =7330 теңге;
Қаңтардан мамырға дейін ЕББП есептелген сома емес, 10МЕК боынша төленеді, ал мамыр үшін есептелген сома төленеді, өйткені ол МЕК-тен аспайды.
Сонымен, жәрдемақының жалпы сомасы мынаны
құрады: 40250(8230+8230+8230+8230+
Мемлекеттік, қоғамдық міндеттер мен жұмысты атқарған уақытқа төленетін төлем.
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындаған мемлекеттік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары үшін еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді. Яғни мұндай себептермен жұмыста болмаған уақытына еңбекақы төлеу үшін алдымен жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақы мөлшері анықталады. Басқаша айтатын болсақ бұндай мемлекеттік, қоғамдық жұмыстары мен тапсырмаларды атқарған немесе орындаған уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақысы сақталады. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған немесе орындаған төмендегідей жұмыстары жатады:
Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін төлем.
Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00. сағатқа дейін түнгі уақытта істелген жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбекақының кесімді түрі белгіленген ұйымдарда, өнеркәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің, істеген жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбекақысының 25% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал тоқыма тігу, жіп иіру, нан пісіру өнеркәсібінде тарифте белгіленген еңбекақы сомасының 50% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Өнеркәсіптік ұйымдарда мерзімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген уақытының әрбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағаттық еңбекақының 20% мөлшерінде қосымша төлем төленеді.
Халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақытта жұмысына төленетін қосымша төлем, яғни қосымша еңбекақы мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағаты үшін мынадай тәртіппен есептеліп төленеді.
Түнгі жұмыс уақыты бір сағаттық қысқартылған ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ заңда қаралған мөлшерден кем емес мөлшерде төленеді.
Мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағатттық тарифтің 7/6 бөлінген, ал алты сағаттық жұмыс күнінде түнгде істеген әрбір сағатына сағатттық тарифтің 6/5 бөлінген кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді.
Біреудің орнына жұмыс істегені үшін төленетін еңбекақы.
Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп өндіріс қажетіне немесе басқару міндетіне сәйкес қоғамдық жұмыстары мен орнына оның қызметін немесе жұмысын басқа адамның атқаруын айтады. Уақытша жұмыста жоқ адамның жұмысын атқаруды басқа жұмысшыға немесе қызметкерге жүктеу үшін кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы тиіс. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның орнына тағайындалған қызметкер уақытша жұмыста жоқ адамның штатта қарастырылған орынбасары болып табылса, орнына жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқы созылмаса, онда бұл жағдайда біреудің орнына жұмыс істегені үшін ешқандай қосымша еңбекақы төленбейді. Егер жұмыста жоқ адамның жұмысын атқарушы штатта қарастырылған орынбасары болып табылмаса немесе жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқы созылса, онда уақытша біреудің қызметін атқарушы қызметкерлерге өзінің еңбекақысына қосымша өзінің еңбекақысымен уақытша жұмыста жоқ адамның еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы мөлшерінде қосымша еңбекақы төленеді.
Жұмысшыларға өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем.
Кәсіпорындарда кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар ұйым басшысының өкіміне сәйкес өзіне берілген разрядтан төмен тарифтелген жұмысты атқарған жағдайда, егер олар берілген өнім өндіру мөлшерін орындаған уақытта төмен дәрежелі жұмысшыға белгіленген тариф бойынша есептелетін еңбекақы және соған қосымша осы тарифтен сол жұмысшының өзінің мамандық дәрежесіне белгіленген тариф бойынша алуға тиісті еңбекақының арасындағы айырмашылық сомасы төленеді.
Мысалы: бесінші разрядты жұмысшы үшінші разрядты жұмысшыға белгіленген жұмысты атқарған болса, онда оған үшінші разрядты жұмысшыға төленуге тиісті еңбекақы және қосымша үшінші разрядты жұмысшы мен бесінші разрядты жұмысшының айырмашылық сомасы төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің қан тапсырған күніне, яғни донорлық міндетті атқарған күніне төленетін төлем.
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлер қан тапсырған күніне, яғни донорлық міндетті атқарған күні босатылуы тиіс. Қан тапсырған жұмысшылар мен қызметкерлердің қалауы бойынша оларға бұл күннен басқа тағы қосымша бір жұмыс күні демалыс ретінде пайдалануға беріледі. Жұмысшылар мен қызметкерлер бұл күнді, яғни демалуға тиісті күннің кезекті еңбек демалысна да қосып алуға болады.
Қан тапсырғаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста болмайтын жоғарыда айтылған бұл күніне еңбекақы орташа еңбекақы төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлем.
Информация о работе Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі