Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 06:31, реферат
Жұмыс күші болашақ товар ретінде өзін еңбек рыногында өткізеді, өзінің әлеуметтік, экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайданы көрсетеді. Жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы алу еңбек табысы, негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамның іс-әрекеті.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса, аса күрделі өтпелі кезенді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде.
М А З М Ұ Н Ы
Жұмыс күші болашақ товар ретінде өзін еңбек рыногында өткізеді, өзінің әлеуметтік, экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайданы көрсетеді. Жұмыспен қамтылу – бұл еңбекақы алу еңбек табысы, негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамның іс-әрекеті.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса, аса күрделі өтпелі кезенді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек нарқы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Еңбек нарқының негізгі мақсаты – еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Жұмыспен қамтамасыз ету әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе-теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай.
Жалақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болды. Сонымен қатар еңбек және еңбекақы есебін ұйымдастырудың одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет органдарын, мамандықтарын, біліктілігін және жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен белгілі мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолы мұқият тексеріледі. Одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі. ҚР-ның Азаматтық кодексіне сәйкес жұмысқа ақы төлеу тәртібіне мыналар жатады:
- Егер мердігерлік шартта орындалған жұмысқа немесе оның жекелеген кезеңдеріне алдын-ала ақы төлеу көзделмесе, тапсырысшы мердігерге жұмыс тиісті түрде және келісілген мерзімде, не тапсырысшының келісімімен-мерзімінен бұрын орындалған жағдайда жұмыстың нәтижесін түпкілікті тапсырғаннан кейін келісілген бағаны төлеуге міндетті.
Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, жұмыс атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
ØЖұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төлемдер.
ØЖұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
ØЖас сәбилі адамдарға берілетін демалысқа,баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
ØЖұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
ØЖоғары немесе арнаулы оқу орындарында мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.
Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірілмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді.
Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жасайтын жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне, тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының келесі түрлері бар:
Жай мерзімді жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді. Мерзімді сыйлықты- жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысы қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлемдеріне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады. Кесімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімдерінің немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді бағаға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленген. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбекақы есептелінеді.Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады. Кәсіпорындарда - жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі ексімді жүйесі бойынша төлем- өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірілген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі - ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі жанама кесімді жүйесі болады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы шаруашылықтың негізгі - жұмысшылар мен қызметкерлеріне емес, оларға қызмет ететін көмекші өдірістің жұмысшыларына төленеді.
Мерзімді еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер,тағы басқа төлемдер жатады.Халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы ұйымдарда қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдің негізінде ай бойғы қызмет атқарған уақытқа есептеледі.Егер ай сайын тұрақты мөлшере еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер есепті айда бірнеше күн жұмысқа немесе қызметке келмей қалған болса, онда оларға төленуге тиісті еңбекақы сомасы ол жұмысшы мен қызметкерлердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы сол айдағы жұмыс күндерінің санына бөліп алынған нәтижені,яғни сол айдағы бір күнге тиісті еңбекақы сомасын сол айдағы жұмысшының немесе қызметкерлердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады. Мысалы: сәуір айында 22 жұмыс күні бар, айына 11000 теңге тұрақты еңбекақы күн алат ы, сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн ауырып қалған және 3күн қоғамдық жұмыс атқарған делік. Жұмысшылар мен қызметкерлердің ауырып қалған күніне, жәрдемақы бюджеттен төленеді. Ал қалған 18 күні үшін (15 күн жұмыс істегені+3 күн қоғамдық жұмыс атқарғаны) еңбекақы ұйымының есебінен төленеді. Бұл соманы анықтау үшін бір айға белгіленген тұрақты еңбекақы мөлшерін, яғни 11000 теңгені осы айдағы жұмыс күнінің санына яғни 22 күнге бөлеміз(11000/22). Содан кейін алынған нәтижені (500теңге) жұмыс істеген қоғамдық жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына көбейтеміз. Бұл жағдайда жоғрыдағы мысалымызда көрсетілген жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбекақы сомасы 9000 теңге болады. (500×(15+3))= 9000теңге.
Кәсіпорындарда - жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімді еңбекақы жұмыс атқарған күні мен сағатына байланысты төленетін жағдайларда олардың бір күнге немесе бір сағатқа белгіленген сомасын нақтылы жұмыс істеген күндері мен қоғамдық жұмыстағы басқадац қосымша еңбекақы төленуге тиісті күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту арқылы табылады. Еңбектердің мерзімдік нысаны үшін негізгі екі жалақы жүйесі тән: жай мерзімдік және мерзімдік сыйақы. Қызметкерлердің еңбекақының мерзімдік жүйесінде уақыттың бір бөлігінде анықталуы мүмкін. ЕАмс =М*Т, мұнда
М- жұмысшылардың тиісті разрядтың сағаттық (күндік) тарифтік мөлшерлемесі;
Т- өндірісте нақты орындаған жұмыстардың уақтысы (күндік).
Қызметкерлердің еңбекақысының мерзімдік сыйлықақы жүйесінде мына формула арқылы анықталуы мүмкін.
ЕАмс =М*Т(1+М+К+П/100), мұнда
М- белгіленген көрсеткіштердің тарифтік мөлшерлеуге және сыйлықақы шартына сай орындалған сыйлық мөлшері.
К- белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны және сыйлықақы шартына сай проценттік сыйлық мөлшері(%).
П- белгіленген көрсеткіштердің артығымен орындалғаны , сыйақы шартының проценті.
Еңбекті нормалау ҚР-ның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2000ж 22-ші маусымындағы №152-10 Бұйрығымен бекітілген “Еңбекті нормалауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынысқа” сәйкес жүзеге асырылады1. Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары) еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін техникалық, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді. Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды, қайта құруды жұмыс беруші жүргізеді.
Уақыт нормасында қарастырылған бір жолғы сипаттағы жұмысқа нормалар бойынша есептелген К=1,1 еңбек сыйымдылығы қолданылады.
Нарықтық экономика жағдайында жалақы жүйесін дұрыс қолдану принциптерін түсіну үшін мына жағдайларды білген жөн. Осы жүйеге негізделген “күнкөрістің ең төмен деңгейі, ең төмен жалақы” - тұтыну игілігі қабылданған заңмен анықталады және есептелініп отырады. Ең төмен жалақы – меншік нысанына қарамастан экономиканың барлық салалары мен барлық кәсіпорындары еңбекақы бағасы болып есептелінеді. Бұдан шығатын қорытынды, кез келген жалдамалы қызметкердің ақшалай сыйақысы ең төменгі жалақыдан кем болмауы керек. Қазіргі уақытта ең аз шамадағы еңбекақы үш негізгі функцияны атқарады:
- ең аз шамадағы мемлекеттік еңбекақы болып табылады;
-халықты әлеуметтік қорғауға арналған көптеген әлеуметтік жәрдемақы мен басқа төлемдердің көлемін анықтау критериясына қызмет етеді;
2004 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап “2004 жылғы арналған республикалық бюджет туралы ” ҚР Заңына сәйкес еңбекақының ең аз шамадағы мөлшері айына 6600теңге сомасында белгіленді.
Кәсіпорындарда кесімді еңбекақыны төлеу жүйесі бойынша - қызметкерлер мен жұмысшылар төленетін еңбекақы олардың өндірген өнімді мен істеген жұмысының, атқарған қызметінің саны мен көлемі жайлы жазылғн алғашқы құжаттар бойынша есептеледі. Ол үшін алғашқы құжаттарда көрсетілген өндіріп шығарған өнімдер мен істелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың, сондай-ақ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемі, олардың бір данасын жасап шығаруға өндіруге белгіленген бағаға көбейтеді.
Мысалы: құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнімі мен істеген жұмысы тиісті еңбекақы қоры 62669 теңге 60 тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкеc былайша есептеліп шығарылады2.
Информация о работе Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі