Жұмыс сапасын бақылау

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 15:06, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикадағы өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің саң қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Бақылау-тексеруші қызметтер құрылымдары мен бақылау түрлерінде түбегейлі өзгерістер болды.

Работа содержит 1 файл

ЖУМЫС САПАСЫН БАКЫЛАУ.doc

— 115.00 Кб (Скачать)

     Нарықтық  экономикаға көшу барысында аудиторлық қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп, олардың жұмыс әдістерін жетілдіру аса маңызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалық проблемаларды шешудегі дәрменсіздіктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.

     Қазақстан Республикасында аудиттің пайда  болуы мен қалыптасуы Қаржы министрлігінің БТБ (Бақылау-тексеру басқармасы) жанынан  шаруашылық есептегі тексеруш топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталды. Содан кейін 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің №60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен «Қазақстанаудит» атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бұл кәсіпорын жеке меншіктің барлық ұйымдарға аудиторлық қызмет көрсететін аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.

     1993 жылдың 18-ші қазанында Жоғарғы  Кеңес «Қазақстан Республикасындағы  аудиторлық қызмет туралы» бірінші заңын қабылдады, ал 1994 жылдың 6-шы мамырында елдегі аудиторлардың 1 съезінде аудиторлар палатасының жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлық істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкерлердің саны шамамен 30 мыңдай адамды құрауы керек. Нарықтық өзара қарым-қатынасқа сәйкесетін нормативті-құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау – аудиторлық істің келешекте дамуын дұрыс анықтауға және біздің елімізге аса ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигізеді.

     ҚР  «Аудиторлық қызметтер туралы»  заңында ашық үлгідегі акционерлік  қоғамды, өндірістік кооператив пен  мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда кез келген ұйымдық-құқықтық формада аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйымдар ретінде ұғылатын аудиторлық ұйымдарға анықтама берілген.

     Аудиторлық  ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:

    • шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;
    • біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;
    • акционерлік қоғамдар мен компаниялар;
    • шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;
    • жеке-дара аудит және кеңес беру.

      Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін «Үлкен бестік» деп аталатын: «КПМГ», «Делойт Энд Туш», «Артур Андерсен», «Эрнст энд Янг», «Прайс Уотерхаус Куперс» шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.

      Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қалаларда офистерге, үлкен  штаттарға және халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. «Үлкен бестік» мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тәжірибесі және жоғары беделі бар. «Үлкен бестіктердің» барлығы да өз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлықаралық фирмалардың тұрақты клиенттеріне белгілі халықаралық біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы-банк мекемелері жатады.

      Екінші  тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік фирмалармен («Үлкен бестіктен» басқа) біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды көздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік, біріккен және отандық компанияларға кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық ұйымдардың қатарына біздің еліміздегі ЖАҚ «БДО «Қазақстанаудит»-ті жатқызуға болады. Ол 2000 жылдың сәуір айында «ВДО InternationaI» деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмалардың аудиторлық ассоциациясына толыққанды мүше боп кірді.

      1963 жылы негізі қаланған «ВДО InternationaI» 99 елдің аудиторлық фирмаларының қызметін қамтиды және 2002 жылдың басында «Артур Андерсен» атты әйгілі фирма тарағаннан кейін бұл ассоциация «Үлкен бестіктің» құрамына кірді.

      Үшінші  тип – бұл өнеркәсіп кәсіпорындарына, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда-жабдықтау  және басқа да салаларға қызмет көрсететін салааралық адиторлық компания. Ол өзіндік ерекшелігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның нақты қызмет бағыты бар, отандық кәсіпорындарға кең спектрлі кәсіби аудиторлық қызмет көрсетеді.

      Ұйымдастыру формасының төртінші типі – құрамына бірнеше аудиторлар кіретін шағын дербес аудиторлық фирмалар. Олар негізгі қызметтердің шоғырлануын және икемділігін, клиентпен тікелей байланысуды, қызметтер мен адам ресурстарын оңтайландыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді. Қазақстанда аудиторлық ұйымдардың осы тобына НАК «Центраудит – Казахстан», ЖШС «Ержановтар және Ко», ЖШС «Ай-аудит» және т.б. жатқызуға болады.

      Ұйымдастыру формасының бесінші типі – жеке-дара аудиттеу және кеңес беру. Бұл арада  біріккен аудиторлық туралы айтылып  тұрған жоқ, мұнда кәсіби-кеңес берушінің негізгі жұмысы турасында сөз болып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет құны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.

      Аудиторлық  ұйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың  негізгі қызмет бағыттарын және ұлттық экономика саласы, әр түрлі салалардағы кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын анықтауға мүмкіндік береді.    
 

Сұрақ 1. Аудит жүргізгенде, жұмыс сапасын  бақылау

Сұрақ 2. Аудиторлық жұмысын ұйымдастыру  және аудиторлық ұйымдардың сапасын  бақылау фирмашілік аудиторлық стандарттар

Сұрақ 3. Аудиторлық құжаттардың алатын орны мен маңыздылығы 

1.      Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсету рыногы шартты түрде екі бөлікке бөлінген: өзінің кәсіби қызметін «Үлкен төрттік» деп аталатын халықаралық аса ірі аудиторлық компаниялар Deloiutte & Touhe, KPMG, ERNEST & Young, Pricewaterhouse Coopers және жергілікті аудиторлық компаниялар ұсынып отыр. Халықаралық фирмалардың әрқайсысы өздерінің мүшелерінің ұзақ жылдар бойы аудиттің халықаралық стандарттары бойынша әлемнің көптеген мемлекеттерінде жұмыс істейтін ірі халықаралық топ болып табыады. Үлкен төрттікке кіретін топтардың әрқайсысы жалпы алғанда аудиторлық және кеңес беру қызметін барлық шеңберін қамтиды.

     Жергілікті аудиторлық компаниялар  бүгінгі таңда Халықаралық аудит  стандарттарын қолдану және оларды  пайдалану тәжірибесін қабылдауды  енді ғана бастап отыр. Халықаралық  аудит стандарттары бойынша шын  мәнінде жұмыс істейтін Қазақстандық аудиторлық фирмалардың пайыздық үлесі қандай, ал оны тек декларациялайды деген сұрақтарға өте дәл сенімділікпен жауапберу мүмкін емес. Қазіргі кезде әртүрлі Халықаралық ұйымдар тарапынан Қазақстанда Қызмет көрсетудің бұл рыногының өкілдерін сапалық жағынан аттестациядан өткізуді жүзеге асыруға әрекет жасалуда. Атап айтсақ, 2000-жылғы 27-қарашадан 1-желтоқсанға дейін бүкіләлемдік банктің Мәскеудегі бір топ сарапшылары Орталық Азия аумағында Бүкіләлемдік банктің жобаларын аудиттеу құқығын алғысы келетін және алуы мүкін Қазақтандық аудиторлық компаниялардың қызметіне, олардың жұмыстарының Халықаралық аудит стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау жүргізді. Бағалауды шетелдік те, аудиттің батыстық ережелері бойынша аттестация өткен Ресейлік мамандар да Бүкіләлемдік банктің Алматы қаласындығы өкілдігінің мамандармен бірлесе отырып жүргізді. Олардың барлығы мемлекеттік органдардан да, қандайда бір қоғамдық бірлестіктерден де (әрине, өздері бағалау жүргізгендерден де) тәуелсіз болады. Бағалау мен тексеруге аудиторлардың жұмыс құжаттары бар файлдар, фирмаішілік стандарттар, ереже нұсқаулар мен процедураларға сәйкестігі жатқызылады. Тексеру бағдарламасы және тексерілетін құжаттардың шеңбері жұмыс басталғанға дейін тексерілетін субъектілерге хабарлаған жоқ. Бағалау нәтижесі Бүкіл әлемдік банктің Мәскеудегі өкілдігі атынан жазылған хатта хабарланды. Бұл хатта алғашқы бағалауда тек екі Қазақстандық компониялардың: Тәуелсіз аудиторлық компания «ЦентраудитҚазақстан» және «Ержанова и К» - өткендігі хабарланған.

     Тексеру жүргізу әдістемесін,  яғни нені және қалай текерілетіндігін  аудиторлардың өзі таңдауға құқықты  екендігін атап айту керек,  клиент аудиторларға жұмыстардың  арнайы бір түрлерін орындауды,  мысалы, аудит жүргізу процесінде  қосымша төлем жасалған жағдайда салық және басқару мәселелері бойынша кеңес беруіне тиым салынбайды. Тек дайындау үшін клиентке өзі көмек берген немесе оны құру үшін бухгалтерлік есепті аудитор қалпына келтірген қаржылық қортынды есепті тексеруге жол бермейді.

     Жұмыстардың ондай қосарлануы аудитордың тәуелсіздігі принципін бұзғандық болып табылады және оған нормативтік құжаттармен тиым салынған. Сонымен бірге іс-тәжірибеде: «кім ақша төлесе, сол музыкаға тапсырыс береді» принципі әйгілірек болып келеді. Кейбір клиенттер ақшаның сомасын аудиторларға төлесе болды олардың, істің шын мәніндегі жағдайына өз кәсіпорынның қызметі жөнінде мақтаулы пікірлерді күтуге болады деп есептейді. Қызмет көрсету бағасы жоғары аудиторлық фирмаға көңіл аудара отырып, клиент оның жұмыскерлерінің жоғарғы біліктілігіне жіне жұмыстың сенімділігіне үміт артқаны дұрыс. Аудитордың қорытынды пікірлері егер ол кәсіптік стандарттарды және этикалық нормаларды сақтайтын болса, әділ болуға тиісті және де төлемнің мөлшеріне байланысты болмауы керек.

     Аудит осы мемлекетте қабылданған стандарттар мен принциптерге сәйкес болса ғана сапалы аудит ретінде танылады. Ресми деңгейде Қазақстанда осы ықпал әрекет етеді деп есептеледі.

     Аудитор кәсібінің ерекшелігі-олардың  маңызды қоғамдық міндетті қызметті (функцияны) орыдайтындығында. Яғни, көптеген ақпарат тұтынушылардың (банктердің, инвестициялық компаниялардың өкілдері, контрагенттер) бұл эканомикалық субъектімен істес болу немесе болмау жөнінде шешім қабылдауына негіз болатын қаржылық қортынды есептің дұрыстығын дәлелдейді немесе дәлелдемейді. Аудитор басты міндет-аудиторлық қорытындыға сенгісі келетін адамдардың үмітін алдамау. Сондықтан аудитор клиентің кез келген қыңырлығы мен тілектерін орындауға емес, белгілі бір ережелер мен кәсіби этикалық кодекстің шеңберінде әрекет ету міндетті.

2.     Клиентке сапалы қызмет көрсету үшін аудиторлық фирмалар өздерінің ұйымдық құрылымдарын басқарудың теориясы мен практикасына, сонымен бірге клиентерге көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай құруға тиісті.

     Әрбір аудиторлық фирма өзінің ұйымдық құрылымын өз бетінше анықтайтын болғандықтан, олардың тәжірибесін көрсету күрделірек. Бірақ негізгі бөлімшелер басқару органдарын анықтауға болады.

     Ірі аудиторлық фирмалардың басқару  құрылымы төмендегілерден тұруы  мүмкін:

  • директорлар кеңесі;
  • директор;
  • аудит объектілері бойынша департтаменттер (жалпы аудит, банктік, сақтандыру, зейнет ақы қорларының және басқа қаржылық институттарының);
  • кеңесберу депортаменті (салық салу, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша);
  • маркетиг бөлімі, бухгалтерия, ақпараттық заңгерлік бөлімдер және т.б.   

    Орташа  аудиторлық фирмалардың  ұйымдық  құрылмда төмендегі лауазымды қызмет түрлері болуы мүмкін:

  • фирманың директоры;
  • фирманың аудит жөніндегі директоры (аудит бөлімі);
  • кеңес беру (консултациялық) бөлімі;
  • мүліктерді бағалау, заңгерлік, ақпараттық, шаруашылық және т.б. бөлімдер.

     Бұл мәселе бойынша жеткілікті  түрде толық ақпараттады /5,23/ оқулықтардан  алуға болады. Сондай-ақ, осы үшін  тиімдірек болып табылатын кейбір  мәселелер А. У. Жандаулетованың  «Стандарты аудита на практике» деп аталатын еңбегінде қарастырылған. Енді осы еңбектен үзінді келтірейік.

     Ірі аудиторлық компаниялар, сондай-ақ, халықаралық фирмалар аудитті  мынадай құрамда жүзеге асырады:  аудитордың көмектеседі, аға аудитор,  супервайзер, менеджер және партнер.

     Аудитордың көмекшісі  ретінде, қағида бойынша, аға аудитордың тарапынан тұрақты бақылаусыз өз бетінше жұмыс жасай алмайтын, азғантай ғана жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар танылады. Аудитордың көмекшілері тікелей орындаушы персоналмен және клиенттің бастапқы құжаттармен жұмыс жасайды, тестілеу нәтижелерін аудиторлық жұмыс парақтарында көрсетеді және оларды талдау жасау үшін аға аудиторға береді.

     Аға аудитор аудиттің жеке бір субъектісінде топтың (команданың) жұмысын бақылайды, қызметтің күн сайынғы мониторингін жүзеге асырады, аудиторлық қорытынды есептің алдыңғы нұсқасын дайындайды. Яғни, аға аудитор қандайда бір субъектідегі аудитке толығымен бақылау жасайды немесе супервайзердің шолу жасауы үшін «материалдар дайындайды».

    Менеджер немесе супервайзер (соңғысын кейде кіші менеджер деп атайды), қағида бойынша, бір уақытта бірнеше субъектідегі аудитке басшылық етеді. Жалпы менеджерлер (супервайзерлер) аудиторлық қорытынды есептің алдыңғы (алғашқы) нұсқасын қарауға және оны бекітуге жауапты.

Информация о работе Жұмыс сапасын бақылау