Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 15:06, курсовая работа
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикадағы өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің саң қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Бақылау-тексеруші қызметтер құрылымдары мен бақылау түрлерінде түбегейлі өзгерістер болды.
Кіріспе
Қазақстан
Республикасының бүкіл халық
шаруашылығының нарықтық экономикадағы
өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың
жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары
мен меншіктің саң қырлы
Бақылау-тексеруші
қызметтер құрылымдары мен
Қазақстандағы экономикалық бақылау нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің біріне айналып отыр. Басқарудың барлық жүйесі мен деңгейлерін қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа бақылаушы мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар пайда болды және әрекет етіа жүр.
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді.
Соңғы
жылдары елімізде тәуелсіз аудиторлық
бақылау жүйесін құру, аудитор
кадрларды дайындау және олардың қызметін
лицензиялау, қабылданған жекелеген заң
актілеріне сай аудиторлардың кәсіби
міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін
реттеу жөнінде көптеген жұмыстар жүргізілді.
Қазақстан Республикасындағы аудиттің қалыптасуы
Қазақстан Республикасында аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес өкіметінің Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15.11.1990 ж. № 60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы Министрлігі жанынан шаруашылық есеп принципінде аудит орталығы «Қазақстанаудит» фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік компания болып, Республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.
Елеміздегі аудит жұмысының тиянақты дамуына бірден-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18 қазан айында Жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет» туралы заңы. Бұл заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шетел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.
Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық «үлкен жетілік» тобының филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, біздің елдің аудит фирмасы да қосылып удит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит қызметінде тағы басқалай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр.
Қазақстан
Республикасында нарықты
Аудиттің құрамы
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар:
Осы келтірілген аудитэлементтерін жеке-жеке қарастыру қажет.
Қорыта
келгенде, жоғарыда келтірген аудиттің
міндетті құрамын қарастырмай, нақты
аудит жүргізу мүмкін емес. Аудиттің
міндеті мен мақсатын толық орындау
үшін оның принциптерін білу қажет.
Аудиттің негізгі принциптері
Аудит жұмысы нақты принциптерді сақтау арқылы жүргізіледі.
Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады: аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау, мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.
Аудитор ротациясы ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір кәіпорынға бара берсе оның дербестігі жойылады деген сөз. Өйткені, оны тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит принциптерін сақтамау жолына салуы мүмкін. Аудитор соты аудиторлардың дербестігін қадағалап отырады. Мемлекет тұрғысынан аудитор дайындау ол қазіргі аудитордың қоғамдық құрылымын жою болып табылады. Қазіргі кезде аудит комитетін құру АҚШ-та көп тараған. Ондағы мақсат өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.
Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысына арнайы институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік қаржы Министрлігі, аудит палатасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмектесуі қажет.
Аудитттің негізгі қағидалары
Аудиторлық қызмет аудиттің негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізілед.
Ғылыми басқару тұрғысынан алғанда аудиторлық қызмет көрсетуінде ғылыми зерттеу жұмыстарының элементтері де болады, өйткені, ол ақиқат болып саналатын кейбір ғылыми жайларды шаруашылықты басқару тәжірибесінде қалай іске асыруға болатынын тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да аудитор есебінде көбінесе белгілі бір білім және дағдыны иемденетін ғылым әрекет етеді.
Комплекстік шаруашылық субъектінің әрекетінің көрсеткіштерін, құбылыстарды өзара тәуелділікте қарау, аудиторлық орындау тәртіптердің жүйелік реттерін сақтай отырып, әрі ұйымдасқан түрде жүргізілуін талап етеді.
Аудиторлық қызмет көрсетудің ұйымдастыру формалары
«Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес Респуб-ликалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландаратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
Аудитолық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51% болуға тиіс.
Аудиторлардың республикалық және территориялық палаталары аудит процедурасын біріздендіруге (унификация), жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудитолардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті құжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруда кеңес берушілік-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.