Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 19:49, курсовая работа
Эканомиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен маатериалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.
Бұл
арада клиенттің нориативті-
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы » Заңында мынадай анықтама берілген « Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және обьективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».
Аудиттің дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтығына қарай тексерілетін, зерттелетін және обьективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады. Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау обьектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит обьектісіне шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық қызметі кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады. Егер аудиттің обьектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субьектілерінің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады. Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы коса өседі.
Алға қойған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешу керек.
3.2
Кредиторлық берешек
аудиті
Кредиторлық берешек аудиті – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері.
Пайда болу сипатына қарай кредиторлық берешек қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.
Қалыпты кредиторлық берешек
пен кәсіпорынның бизнес-
Бұларға төлеу мерзімдері келмеген акцептелген есеп-қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке төлемдері өтіп кеткен берешек және т.б
Аяқталмаған кредиторлық берешек болып бюджетпен есеп айырысу бойынша – қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша – кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп-қисап құжаттары бойынша – жабдықтаушыларға және т.б мерзімі өткен берешектер саналады.
Кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:
Кредиторлармен есеп айырсу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған асортиментте және
Төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Кредиторлық берешектің есепті кезеңнің басы мен аяғындағы жағдайы баланста мынадай баптардың қалдықтарымен сипатталады:
«Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер» бабын тексергенде аудитор оның қалдығын 671 «Төленетін шоттар» шотымен салыстыруы қажет, ол мыналар үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі ақпаратты жинақтап қорытуға арналған:
Бұл шот бойынша есептеулерді мынадай екі бағыт бойынша жүргізу қажет:
Қабылданған материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын талдау.
Жабдықтаушылардан алынған ТМҚ кіріске алудың толықтығын талдау.
Аудитор
жабдықташылармен және мердігерлермен
есеп айырысуды тексеру
3.3
Басқадай кредиторлық
берешек аудиті
Қалдықтардың жыл басы мен соңындағы «Басқадай
кредиторлық берешек» баланстық бабы
бойынша анық сенімділігін анықтауға
баса назар аударған жөн. Сонымен бірге
оларды Бас кітапта көрсетілген 681«Қызметкерлермен
еңбекақы бойынша есеп айырысу» 683 «Жалгерлік
міндеттемелері» , 684 «Төленілетін
сыйақы» 686 «Басқа да кредиторлық берешек
пен есеп айырысу» 687 «Басқалар» шоттары
бойынша жиынтық қалдықтарымен, сондай-ақ
9 журнал-ордердің 681, 683, 684, 687 шот кредиттері
бойынша мәліметтермен салыстыруы қажет
2
кесте Жабдықтаушылармен және мердігерлермен
есеп айырысу аудитінің бағдарламасы
Аудит процедулары | Ақпарат көздері |
1. Тауарлы-материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру | Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с. |
2. Тауарлы-материалдық
қорлардың саны мен сапасы
жөніндегі тілек-талаптарды |
Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, түбіртектері, салыстыру және т.б.) жабдықтаушыға, 8 журнал-ордер, Бас кітап және т.б. |
2 кестенің аяғы | |
3. Алынған
қүұндылықтарды кіріске алудың
немесе орындалған жұмыс пен
көрсетілген қызмет есебінің
толықтығы мен уақытылығын |
Қабылдау актлері, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал-ордер, Бас кітапты, баланс және т.б. |
4. Жабдықтаушыламен мердігерлерге берешектің анық сенімділігін, шынайылығын және заңдылығын тексеру | Шарттар (сатып алу, бірлескен іс-қызмет туралы, опциондық, фьючерлік мәмілелер, ынтымақтастық, траст және т.б.) жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыс актілері, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс және т.б. |
5.Вексельдерді пайдаланып, жабдықтаушылармен ҚҚС алып тастап, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру | Вексель, кірістік төлем құжаттары, 5,6 журнал-ордерлер, салықтық шот-фактуралар, ҚҚС-ға салық жөніндегі декларация, Бас кітап және т.б. |
6. Шот корреспонденцияларын құрудың дұрыстығын тексеру, аналитикалық есеп мәмілеттерінің синтетикалық есеп мәмілеттеріне сәйкестігі | Шот-фактуралар, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар |
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл курстық жұмыста «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» есебі қарастырылды. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін керекті құжаттар жайлы қысқаша баяндалған, және есеп айырысу үшін қандай шоттармен байланысатыны туралы жазылған. «Берілген аванстар» шотымен тығыз байланыста болғандықтан осы шот жайлы қысқаша мазмұндалған.
Сонымен қатар, осы тақырыпқа байланысты салық және салық салу пәнінен қосылған құн салығы және акциз жазылған. Мұнда бұл салықтардың салық салу мерзімі, салық салу ставкасы, декларациясы, талаптары, кезеңі, объектісі, базасы және тағы басқалары туралы қарастырылған.
Ал аудитке келетін болсақ мұнда аудиттің пәні, мақсаты, міндеттері,кредиторлық берешектің аудиті жайлы жазылған. Кредиторлық берешектің түрлері, тексерудің басты міндеттері, баптары, бағдарламасы және басқа да кредиторлық берешектің аудиті жайлы жазылған.
Менің ойымша бұл тақырыпты
болашақ бухгалтер-экономистке
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Кәсіпорындағы бухгалткрлік есеп
В.К.Родостовец
Т.Ғ.Ғабдуллин
В.В.Родостовец
О.И.Шмидт
«АЛМАТЫ» 2003
2.Салық кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Алматы 2006 «Юрист»
3.Аудит негіздері. (Оқулық)
Д.О. Абленов
Алматы
«Экономика» 2005
Информация о работе Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі