Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 19:49, курсовая работа

Описание работы

Эканомиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен маатериалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Работа содержит 1 файл

жабды0таушылар.doc

— 235.00 Кб (Скачать)
 

      Лотореяларды  ұйымдастыруға және өткізуге салық салу 

      Лоторея ұйымдастырушының лоторея билеттерін сатуға шығаруы лоторея бойынша  салық салу обьектісі болып табылады.

      Лоторея билеттерін сатуға шығарудың әрбір шығарылымы және оның ақша түріндегі көлемі лоторея билеттерін өткізу басталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей салық органдарында міндетті түрде тіркелуге тиіс.

          Лоторея билеттерін сатуға шығарды  тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік  орган белгілейді. 

      Салықтан  шегеру 

         Салық төлеушінің белгіленген салық сомасын белгіленген шегерімдерге кемітуге құқығы бар.

           Акцизделетін тауарларды спирттің барлық түрін,(шикі мұнайды, газ конденсатын қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттталған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, Қазақстан Респбликасының аумағында төленген акциз сомалары шегкерілуі тиіс.

            Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.Акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде де, акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады. 

      Акциз сомасын есептеу 

          Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

           Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңіне белгіленген акциз ставкасын салық салынатын обьектілердің санына қолдану арқылы анықталады.Салық кезеңінде салық салынатын обьектілердің саны өзгерсе,

      Енгізілген  обьектіге акциз сомасы толық  көлемде төленеді. 

      Акциз маркаларының бүлінуі, жоғалуы 

           Акциздік маркалар жоғалған,бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.Алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған акциздік маркалар бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың көлеміне қолданылатын белгіленген ставка негізге алынып жүргізіледі.

         Маркада сауыттың көлемі белгіленбеген  жағдайда бүлінген немесе жоғалған  акциздік маркалар бойынша акцизді  есептеу акциз маркалары бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю жүргізілген сауыттың неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.

      Акциз маркалары бүлінген, жоғалған кезде  мынадай жағдайларда:

  • Акциз маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе,жоғалса;
  • Бүлінген акциз маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.
 

      Акцизделетін  тауарлардың бүлінуі,жоғалуы 

      Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды  қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде  акциз толық мөлшерде төленеді. Өткізу үшін сатып алынған бензин, дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады. 

      Салық базасы 

      Тұрлаулы  акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді.

      Адваларлық  акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы лотореяны  өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді.

      Лотореяларды  ұйымдастыру және өткізу жөніндегі  қызметті жүзеге асыру кезіндегі  салық базасы лотореяны ұйымдастырушы  салық органында лоторея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде  қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс. 

      Акциз төленетін жер 

      Акциз төлеу, акциз төлеушінің тіркелген  жері бойынша жүргізіледі.

      Құрылымдық  бөлімшелері бар акциз төлеушілер, егер олар:

  • акцизделетін тауарларды өндіруді және оларды құюды;
  • бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын болса, құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша акциз төлейді.
 
 

      Акциз ставкалары 

                   Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және     тауар құнына процентпен адвалорлық және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада тұрлаулы белгіленеді.

  • Алькоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған жүз проценттік спирттің болу көлеміне байланысты бекітеді.
  • Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдалану мақсаттарына қарай сараланады.Алькоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алькоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.
  • Ойын бизнесі обьектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді.
  • Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен өткізетін акцизделетін тауарларға акциз ставкаларын жиынтық кедендік төлем құрамына қосылуы мүмкін, оның мөлшері Қазақстан  Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
  • Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағында еркін айналым үшін шығарылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне акциз ставкалары белгіленеді, жиынтық төлемнің құрамына енгізілуі мүмкін. Акцизделетін туарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін және жиынтық төлемнің ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      Жиынтық төлем белгіленген тәртіппен  және мерзімдерде төленеді. 

      Акциз төлеу мерзімдері 

      Акцизделетін тауарларға акциз:

      Салық кезеңінің алғашқы он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың  он үшінші күнінен

      Салық кезеңінің екінші он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші күнінен

      Салық кезеңінің қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есепті айдан кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс.

      Алыс-беріс  шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз  тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.

      Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын, өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді.

      Өз  өндірісінің акциз салынуға тиісті шикізатынан акцизделетін тауарлар өндірген кезде осы шикізатқа акцизделетін дайын тауарлар бойынша акциз төлеуге белгіленген мерзімде акциз төленеді.

      Ойын  бизнесі бойынша акциз белгіленген  тәртіппен, мерзімдерде төленеді.

      Лоторея ұйымдастыру және өткізу жөніндегі  қызметті жүзеге асырудан түскен акциз, лоторея билеттерін сатуға шығару тіркелген күнге дейін немесе тіркелген күні төленеді. 

      Түрлі ставкалар белгіленген  жағдайда спирттің барлық түрлеріне салық  салу ерекшеліктері 

      Спирттің  барлық түріне әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.

      Алькоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан  төмен акцизбен сатып алған спиртті  алькоголь өнімін өндіруден басқа  мақсатқа пайдаланған кезде осы  спирт бойынша акциз сомасы алькоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс.Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді.

      Емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады.Осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады. 

      Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелері үшін акциз есептеу  мен төлеу тәртібі 

      Құрылымдық  бөлімшелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық органдарында тіркеу есебіне қоюға және өзінің құрылымдық бөлімшелерін тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркелген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті.

      Құрылымдық  бөлімше үшін төленуге тиіс акциз  сомасы әр құрылымдық бөлімше бойынша  жасалған құрылымдық бөлімше жөніндегі  акциз есебі негізінде анықталады.

      Акциз есебін құрылымдық бөлімшелер бойынша  жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде құрылымдық бөлімшелер жүргізген операциялар ескеріледі.

      Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелері  үшін төлеуге тиіс акциз сомалары бойынша есепті құрылымдық бөлімшенің тіркелген жері бойынша салық органына белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті.

      Ағымдағы  төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші  заңды тұлға тікелей өзінің есеп шотынан төлейді немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.

      Қызметті  өзі тіркелген орнынан тыс  жерде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер акциз төлеген жағдайда да қолданылады.Жеке кәсіпкер, ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, акциз төлеуді өзі қызметін жүзеге асыратын жері бойынша жүргізеді. 

      Салық кезеңі 

      Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық  кезеңі болып табылады. 

      Салық декларациясы 

      
  • Әрбір салық  кезеңі аяқталған соң, салық кезеңінен  кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей  салық төлеуші өзі тіркелген  жері бойынша салық органдарына  акциз жөніндегі декларация табыс етуге міндетті.
  • Акциз төлеушілер декларациямен бір мезгілде құрылымдық бөлімшелер үшін акциз бойынша есепті табыс етеді.
  • Декларация мен құрылымдық бөлімшелер үшін акциз бойынша есеп-қисаптар салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.
 
 
 
 

3 АУДИТ 

      3.1 Аудит пәні, мақсаттары  мен міндеттері 

          Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестіктер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

      Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында  жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі  мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін  анықтау болып табылады.

Информация о работе Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі