Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 19:49, курсовая работа

Описание работы

Эканомиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен маатериалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Работа содержит 1 файл

жабды0таушылар.doc

— 235.00 Кб (Скачать)

           Мынандай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді):

  • пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;
  • акциздік маркаларын
  • уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтерді;
  • адвокаттық қызметті, наториалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
  • ҚР ҰБ өткізетін тауарлар;
  • мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;
  • ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған мүлік;
  • ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізінде негізгі құралдар берілді;
  • жарғылық капиталға жарналарды;
  • жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды;
  • жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерін, зираттар мен криматорийлердің қызмет көрсетулерін;
  • оларды жеткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді өткізу бойынша айналымды;
  • банк карталары мен операциялары бойынша есеп қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмееет көрсетулерді қоса алғанда, есеп қисаптарға қатысушылар арасындағы ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша айналымдар;
  • ҚР-ның кеден аумағына «ҚР-ның кеден аумағында тауарларды ұқсату» кеден режимінде әкелінген  тауарларды ұқсату және жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
  • тұрғын үй қорын басқару, ұсату мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету;
  • ұлттық валюта;
  • ҚР кеден заңына сәйкес айқындалған «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген  және ҚР кеден аумағының қалған бөлігіне өткізілген қазақстанды тауарларды;
  • ҚР-ның аумағында жұмыс істейтін және келісім шарттың талаптары бойынша импортталатын тауарларға ҚҚС-дан босатылған кәсіпорындарға өткізілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарҚҚС-дан босатылады.
 

      Салық салынатын айналым  түзетілген кезде  шот-фактуралар жасау 

      Салық салынатын айналым мөлшерін түзету кезінде қосымша шот-фактура жасалады, онда:

  • Қосымша шот-фактураның рет нөмірі мен жасалған күні;
  • Қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның рет нөмірі мен жасалған күні;
  • Тауарларды беруші мен алушының атауы, мекен-жайы және тіркеу нөмірі;
  • Қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшері;
  • Қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

      Қосымша шот-фактураны тауарларды беруші жасайды  және аталған тауарларды алушы растайды. 

      Салықты есептеу және төлеу тәртібіСалық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы 

      Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы ҚҚс-ның ставкаларына салық салынатын айналым бойынша есептелген ҚҚС-ныңсомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. 

      ҚҚС ставкалары 

      
  • ҚҚС-ның  ставкасы 15 процентке тең болады және салық салынатын айналым  бойынша қолданылады.
  • Салық салынатын импорт бойынша ҚҚС ставкасысалық салынатын импорт мөлшерінің 15 процентке тең болады.
  • Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен өткізетін тауарлар импорты кезінде ҚҚС жиынтық кедендік төлем құрамын да төлей алады, оның мөлшері ҚР-ның заңдарына сәйкес айқындалады.
 

      Салық кезеңі 

      
  • ҚҚС бойынша  салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.
  • Егер алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиіс ҚҚС-ның орташа айлық сомасы 1000 АЕК-тен кем болса, онда салық кезеңі тоқсан болып табылады.
  • Егер күнтізбелік ай ішінде есепке жатқызылған ҚҚС сомасы есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, ҚҚС төлеуші дербес айқындалған күнтізбелік ай не тоқсан салық кезеңі болып табылады.
  • Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданатын ҚҚС төлеушілер үшін аталған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызметті жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиісті ҚҚС бойынша салық кезеңі салық жылы болып табылады.
  • Басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырудан бюджетке  төленуге тиіс ҚҚС бойынша  салық кезеңі 1-3 тармаққа қарап айқындалады.
 

      Салық декларациясы 

      
  • ҚҚС төлеуші әрбір  салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың  15-нен кешіктірілмей табыс етуге міндетті.
  • Ауыл шаркашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер әр тоқсан сайын үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етуге міндетті.
  • Декларациямен бірге салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізімі табыс етіледі. Шот-фактуралар тізімінің нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
 

      Қосылған  құн салығын төлеу  мерзімдері 

         Қосылған құн салығын төлеуші  қосылған құн салығы бойынша  декларацияны тапсыру үшін мерзімі  белгіленген күнге дейін немесе  сол күні

      Бюджетке  әрбір салық кезеңі үшін салық  төлеуге міндетті.

      Салық төлеуші төлеуге тиіс қосылған құн  салығын қоспағанда, импортталатын  тауарлар бойынша қосылған құн салығы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі  мәселелері жөніндегі уәкілетті  орган белгілеген тәртіппен, кеден төлемдерін төлеу үшін Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген күні төленеді. 

      2.2 Акциздер 

      Акциздерді  қолдану 

         Қазақстан Республикасының аумағында өндірген және Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын  тауарлар қызмет түрлеріне акциз салынады. 
 

      Төлеушілер:

  • Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
  • Акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында импорттайтын;
  • Қазақстан Республикасы аумағында бензинді (авиа бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;
  • Қазақстан Республика аумағында қызметтердің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады;
  • Осы баптың 1-ші тармағының ережелері ескеріле отырып, резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып табылады.
 

      Акцизделетін  тауарлар мен қызмет түрінің тізбесі: 

      
  • Спирттің  барлық түрлері
  • Алкоголь өнімі
  • Темекі бұйымдары
  • Құрамында темекісі бар басқа да бұйымдар
  • Бензин, дизель отыны
 

      Салық салу обьектісі: 

      
  • Акциз төлеушінің өзі жасап шығарған және өндірген және ыдысқа құйылған акцизделетін тауарлармен  жүзеге асыратын мынадай операциялары.

               Акцизделетін тауарларды өткізу;

               Акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беруі;

                   Алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды            ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

               Жарғылық капиталға жарнасы;

                Заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалану;

                   Тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық     бөлімшелеріне тиеп жөнелту;

                    Тауар өндірушілердің жасап шығарған және өндірген және ыдысқа     құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

                    Тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық          бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

                  Тауар өндірушілердің жасап шығарған және өндірген және ыдысқа     құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

  • Бензинді авиациялық бензинді қосағанда және дизель отынын көтерме сауда өткізуі;
  • Бензинді авиациялық бензинді қоспағанда және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
  • Тәркіленген және иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке енген және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізу;
  • Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;
  • Лотореяларды ұйымдастыруы және өткізуі;
  • Акцизделетін тауарлардың, акциз маркаларының бүлінуі, жоғалуы акциз салынатын обьект болып табылады.

      Мыналарға:

  • Акцизделетін тауарлардың экспортына;
  • Этиль спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі этиль спирті:
  • Тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік дәрі-дермек әзірлеу үшін;
  • Мемлекеттік медицинаінде босатылса;
 

      Операция  жасалған күн 

      
  • Барлық  жағдайларда акцизделетін тауарларды тауар алушыға тиеп жөнелту күні операция жасалған күн болып табылады.
  • Тауар өндіруші өзі өндірген құрылымдық бөлімшелері арқылы өткізген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
  • Акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге берген күн операция жасалған күн болып табылады.

                    Алыс-беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде     әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.

  • Акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған кезде алған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
  • Лоторея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органында лоторея билеттерін сатуға шығыруды тіркеген күн операция жасалған күн болллып табылады.
  • Акцизделетін өнім, акциз маркалары бүлінген жағдайда бүлінген акцизделетін өнімді есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
 

                    Акцизделетін тауарлар, акциз маркалары  жоғалған жағдайда  акцизделетін  тауарлар, акциз маркалары жоғалған  күн операция жасалған күн  болып табылады. 

          Ойын  бизнесі саласындағы  қызметке салық салу 

      Ойын  бизнесі (лотореяларды қоспағанда) саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар:

  • ойын столы
  • ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
  • тотализатор кассасы
  • букмекер кеңселерінің кассасы салық салу обьектісі болып табылады.

Информация о работе Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі