Жаңартпалы
несие – ссуда капиталының
ұлттық және әлемдік нарықтарында
қолданылатын жаңғыртпалы несие.
Ол несие келісіміне қатысушы
елдер арасында қосымша келісімсөзсіз
автоматты түрде берілекді.
Несие
желісі қарыз алушының алдындағы
несие ұйымның оған несие келісімшартының
белгіленген әрекет ету кезеңі
ішінде белгілі бір мақсатқа
және келісілген мөлшерде несиені
беру жөніндегі заң тұрғысынан
ресімделген міндеттемесі. Несие
желісінің ашылуы несие беруші
мен қарыз алушының ұзақ уақытқа
созылатын тығыз ынтымақтастығын
білдіреді.
Овердрафт
несие ұйымның шот иесіне, оның
ағымдағы банк шотына қойылатын
талап бойынша төлем арқылы
беріледі. Яғни, бұл төлем шотта
ақшалай қаражат болмаса да, шот
иесінің несие берушінің алдында
пайда болған берешегінің түскен
қаражаттың есебінен кейін оған
өтеуін қарастыратын келісімшарт
шегінде беріледі.
2. ЗАЙМДАР
БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР.
Банк
несиелерінің есебі.
Несиенің
бұндай түрінің есебі қысқа
және ұзақ мерзімді несие беру
туралы Қазастан Республикасының
Ұлттық банкі бекітетін «Қысқа
және ұзақ мерзімді несие беру»
ережелеріне сай жүргізіледі.
Қысқа мерзімді несие субъектінің
айналым қаржысын құрайтын көздердің
бірі болып саналады.
Несиелер
қайтарымдылық, төлем және мерзімділік
шарттары бойынша келісіліп, коммерциялық
негізде беріледі.
Несие
алу үшін шаруашылық субъектілері
банк мекемесі басшысының атына
өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша
өзіне қажетті несие сомасы
мөлшерін, оның жұмсалынатын мақсаты
мен бағытын, өтеліну, яғни
қайтару мерзімін, сонымен қатар
осы несие сомасы арқылы орындалатын
операциялар үшін жасалған бизнес
жоспар және тағы басқадай
құжаттар табыс етуі тиіс.
Банктен
бірінші рет несие алайын деп
отырған кәсіпорындар мен ұйымдар,
яғни шаруашылық субъектілері
жоғарыда аталған құжаттармен
қоса банкке өздерінің жарғысын,
құрылтайлық құжаттарының көшірмесін,
тіркелу куәліктерін және тағы
басқа құжаттарды табыс етуі
керек.
Жалпы
шаруашылық субъектілеріне берілетін
несие сомасы, банк мекемесінің
жауапты мамандары субъектілері
өткізген құжаттарын тексеріп
болғаннан кейін, несие бойынша
борышты және пайызды қайтару,
өтеу үшін кепілдікке салынған
меншік туралы келісім-шарттың
орындалуына сәйкес беріледі.
Банк
мекемесі мен несие алушы шаруашылық
субъекті арасындағы несиелік
қызмет көрсету бойынша келісім-шарт
бір жылға немесе одан да
ұзақ мерзімге жасалынады. Егер
келісім-шарт бір жылдан артық
уақытқа жасалынған жағдайда
несие жыл сайын бекітілетін
несиелік келісім-шарт негізінде
беріледі. Несиелік келісім-шарт
банк мекемесі мен әрбір несие
алушы субъекті үшін жеке-жеке
жасалынады.
Қысқа
мерзімді банк несиелері 12 айдан
артық емес мерзімге беріледі.
Кейбір жағдайларда түрлі себептерге
байланысты бұндай несиенің мерзімі
ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған
мерзімін қоса есептегенде оның
мерзімі екі жылдан аспауы
керек.
Банк
несиесі субъенктінің яғни несие
алушының есеп айырысу шоттарындағы
қаражаттарының мөлшеріне байланыссыз
беріледі және қолма-қолсыз тәртіппен
несие алушының қарыз шотынан
оның есеп айырысу шотына ақша
аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік
борышты өтеу тәртібі, нақты
мерзімі, әдістері несиелік келісім-шартта
белгіленіп көрсетілген мерзімінде
несиелік борышын өтей алмайтын
болса, банк мекемесі алдын
ала несие алушының рұқсатынсыз
кепілдік берушінің шотынан қарыз
сомасын қайтару жайлы талап
қояды.
Қысқа
мерзімдіжәне ұзақ мерзімді несиелерді
беру Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкісі бекіткен «Қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне»
сәйкес жүргізіледі.
Несие
беру және оның операцияларын
жүргізу лицензия берілген ұлттық
банктің шешімімен айқындалған
ресми статусы бар банкілер
арқылы жүзеге асырылады. Несие
негізінен оны өтеу қабілеті
бар кәсіпорындарға беріледі.
Несие
өтеу қабілеті болып кәсіпорынның
борышты міндеттерін толығымен
және уақытында есептесе алу
қабілеті деп түсінеміз. Кәсіпорындарға
несие басымды түрде өнеркәсіптің
тиімділігін арттыруға, оның ғылыми-техникалық
деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары
жаңа өнім түрлерін шығаруға,
ынталандыруға, халыққа түрлі
қызмет көрсетуге, халық үшін
экспортқа тауар шығаруға байланысты
шаралар мен мақсаттарға беріледі.
Олардың ішінен көңіл бөлінетіндері
ол өз міндеттемелерін дер
кезінде орындайтын клиенттерге,
өз қаржыларын осы банктің
депозиттеріне және шоттарына
сақтайтын банк акционерлеріне,
кәсіпорындарға және ұйымдарға
беріледі.
Несие
мерзімділік, қайтарымдылық, төлену
шарттарымен коммерциялық және
келісім-шарт негізінде беріледі.
Несие
беру банктермен өздерінде бар
несие қорларының көлемінде жүзеге
асырылады. Банк саудасы бұрындары
берілген ссуда бойынша қайтару
мерзімі өтіп кеткен қарыздары
жоқ болған жағдайда ғана беріледі. Банк
мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға
несие беру оған үлкен қауіп туғызатын
болғандықтан, ондай кәсіпорындармен
несие қатынастарын орнату мәселесін
қарау кезінде ерекше сақтықта болғанды
дұрыс санайды.
Кәсіпорын
несие алу үшін несиенің сомасы
және мақсатты бағыты, пайдалану
мерзімі, өтеу мерзімі, сондай-ақ
несиеленетін шараның қысқаша
сипаты және оны жүзеге асырудың
экономикалық тиімділігі дәлелденген
жазбаша өтініш-сұраумен банкке
барады. Өтініш-сұрауды банкке ссуда
алу үшін алғашқы рет барған
немесе ссуданы оқтын-оқтын пайдаланатын,
тәуекелді қажет ететіннесиеге
өтініш жасаған, осы банкте
есеп айырысу шоты жоқ, сауда
мәмілесін жасау үшін несие
алушы кәсіпорындар ұсынады.
Банкке
несие алу үшін бірнеше рет
барған кәсіпорын өзінің жарғысын,
ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін,
ережелерді, жалға алу келісімдерін,
тіркеу куәлігін және клиенттің
несие алу құқығының барлығын
растайтын басқа да құжаттарды
банкке ұсынады. Қарыз алушының
несиені алғаш рет алып отырғандығына
немесе несиені үнемі пайдаланып
жүргеніне тәуелсіз несиені алудың
мақсатына, пайдалану мерзіміне
байланысты банктің өтініші бойынша
келесі материалдар ұсынылады:
несиелендіретін шараның технмкалық-экономикалық
негіздемесі өткізілетін өнімнен
күтілетін түсімнің есебімен
қоса; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік
және статистикалық есептер, қаражат
нәтижесі жөніндегі есептер, басқа
банктерде ашылған шоттар бойынша
көшірмелері мен басқа есеп
беру; қарыз алушының несиені
қайтару қабілетін және қаражат
жағдайын анықтайтын деректер; банк
тәжірибесінде қабылданған нысандағы
несиені уақытында қайтаруды
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме;
қарыз алушы несиені жүйелі
пайдаланбауына байланысты, тауар
сатып алуға, келісім және келісім-шарттар
бойынша құндылықтарды төлеуге;
бір жолғы несие алғанжағдайда;
оның есебінен талап етіліп
отырған несиені өтеуге, қатысты
кәсіпорынның келісім-шарттарының,
келісімдерінің және басқа да
құжаттарының көшірмесі банкке
ұсынылады.
Қажет
болған жағдайда банкке заңмен
белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық,
экологиялық және басқа да
нормаларға жауап беретін кәсіпорын
құрылысының, сондай-ақ жоғарыда
аталғана нормалардың, мердігерлік
келісімдердің сақталатынын растайтын
сараптау мекемелерінің, жоба-смета
құжаттары бойынша берген қорытындылары,
ішкі құрылыстың титулдық тізімі
және басқа да құжаттар ұсынылады.
Жақсы
атағы бар банкпен тұрақты
несиелік қатынасы бар қарыз
алушылар бойынша несиелендіру
үшін ұсынылатын құжаттардың
тізімі қысқартылуы мүмкін.
Банктің
несие беру қызметкері қандай
да бір себептерге байланысты
несие беру мүмкін емес деп
санаған жағдайда, ол бұл жөнінде
жазбаша қорытынды дайындап, оны
банк басшысының қарауына береді.
Несие беру келісімі бекітілгенге
дейін, банк қарыз алушының
несиені қайтару қабілеттілігін
мұқият талдауға, ссуданың өтелмеуіне
апарып соқтыратын факторларды;
қарыз алушының атағын, бұрын
алынған ссудасының уақытында
өтелуі, басқа міндеттемелерге қатынасын,
қарыз алушының экономикалық
және қаражаттық жағдайын, балансы
бойынша төлем қабілеттілігн
және несиені пайдалану тиімділігін
зерттеуге міндетті.
Қарыз
алушы пайдаланғаны үшін төлемді
есепке ала отырып, несиені дер
кезінде қайтаруды қамтамасыз
етудің кепілі ретінде банк
арқылы қолданылып жүрген заңға
сай кепілдік бергеннен, кепілдікке
алғаннан, несиені өтеу үшін қарыз
алушының жауапкерлігін сақтандыру
келісімімен өндіріп алуға бағытталуы
мүмкін. Тауарлы-материалдық құндылықтарды,
өнімдерді және басқа да кепілдік
салудан бос мүліктерді кепілге
салу бойынша міндеттемелерін немесе
банк тәжірибесінде қабылданған қамтамасыз
етудің басқа да нысандарын ұсынған жағдайда
банк несие береді.
Қарыз
алушының мүлкін банктің кепілге
алу құқығы борышкер келісімді
бұзған жағдайда банктің басқа
несие берушілердің алдындағы
артықшылығын, яғни кепілге салынған
мүліктің құнынан қанғат ал
құқын банктерге беретін мүліктерді
кепілге алу келісімі арқылы
рәсімделеді. Кепілге салу міндеттемесі
қарыз алушы төлеуге қабілетсіз
және банкротқа ұшырады деп
жариялаған жағдайда кепілге
салынған мүлікті өткізуден түскен
түсімді несиені өтеуге жіберу
құқығын береді. Кепілге салу
жөніндегі келісім жазбаша түрде,
тұрғын үйді кепілге салу жөніндегі
келісімді қоспағанда, нотариалдық
куәліксіз жасалынады. Қарыз алушыға
тиесілі тауарлы-материалдық құндылықтарды
немесе шығарылуына қарай дайын
өнімді кепілге салу, кепілге
салудың бір түрі болып табылады.
Кепілге
салуға ақшалай бағаланатын мүліктер,
соның ішінде бағалы қағаздар
да ұсынылуы мүмкін. Кепілге салынған
құндылықтар, әдетте қарыз алушының
иелігінде қалады, қарыз алушы
кепілге салынған тауарлы-материалдық
құндылықтарды тбасқа құндылықтарға
ауыстырған жағдайда, сатуға немесе
өз өндірісінде қайта өңдеуге
құқылы. Кепілге салынған бағалы
қағаздар несие келісіміне қол
қойылғаннан кейін, ол банкке
сақтауға беріледі, несие толық
өтеліп, ол бойынша пайыз төленгеннен
кейін қарыз алушыға қайтарылады.
Борышкер
кепілге салумен қамтамасыз етілген
міндеттемесін орындамаған жағдайда
«кепілге салынған» мүліктің
құнынан банктің талабын қанағаттандыру
соттың шешімі бойынша жүзеге
аысрылады. Банк мүлікті кепілге
салуға қабылдаған кезде, әсіресе,
кепілге салынған мүлікті сақтау
кезінде, оның тошлық сақталуы
қамтамасыз етілмеген жағдайда,
оның қарыз алушының есебінен
сақтандырылуын талап етуге құқылы.
Кепілге
салынған мүлік жойылған жағдайда,
егер ол сақтандырылған болса,
банк талабын сақтандыру өтемімен
қанағаттандырудың айрықша құқығын
пайдалана алады. Банк шартта
белгіленген тәртіпке сай қарыз
алушы кепілге салған мүліктің
құнынан несиені қамтамасыз етілетін
соманы алуға құқылы.
Банктен
тыс мекемелердің
берген
займдық қаржыларын есепке алу
Мемлекет
кәсіпорындарын қаржыландыру, банкілерден
тыс басқа да мекемелер мен
кәсіпорындар қаржыландыра алады.
Міндеттемені
қамтамасыз етудің кепілі ретінде
үшінші тұлғаның кепілдігі, кепілге
салудың шарты, сақтандыру полисі
және т.б. болады. Кепілдеменің
және кепілге салудың мәнін
қарастырайық.
Кепілдеме
кепілгер-кәсіпорыннан несие берушіге
борышкерден алынуға тиісті соманың
уақытында төлеуін қамтамасыз
етуі үшін беріледі. Кепілдемелер
банктер, кәсіпорындар және мекемелер
арқылы беріле алады. Кепілдеменің
мәні борышкер-кәсіпорын несие
бойынша өзінен алынуға тиісті
төлемдерді мерзімінде төлей
алмаған жағдайда банк, кәсіпорын
немесе мекеме, төлемді өз есебінен
төлеу міндеттемесін мойындарына
алады. Міндеттемелердің орындалуын
қамтамасыз ететін тәсіл ретінде,
кепілдеме кәсіпорындардың қазіргі
өндірістік және коммерциялық
қызметтерінде кеңінен қолданылып
жүр.