Займдар бойынша шығындар

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 20:24, контрольная работа

Описание работы

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін.

Работа содержит 1 файл

Зайым.docx

— 40.90 Кб (Скачать)

 Несиенің  құрастырылған құрылымы оның  біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің  бірлігін божайды. 

 Несиеленген  құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ,  келесідей көрсетіледі: 

 Но  – Қан – Нп... – Рб... – Нқ... – Бқ,

 мұндағы:  Но – несие орналастыру; 

 Қан  – қарызға алушының несиені  алуы;

 Нп  – несиенің пайдаланылуы;

 Рб - ресурстарды босату;

 Нқ  – несиенің қайтарылуы;

 Бқ  – банктің аталмыш қарызды  алуы.

 Несиеленген  құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) Он - несие қозғалысының алғашқы  баспалдағы болып табылады. Оған  құнның жиынтықталуы (аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаоажаттар  себепкер болады. Несие беруші  қарыз алушыға белгіленген мерзімде  пайызбен төйлейтініне сенімді  болған кезде ғана несие бере  алады. 

 Несие  алу қарыз алушының уақытша  қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың  басқа тарапы оның белгілі  бір уақытқа ғана береді.

 Несиені  пайдалану қарых алушының оны  өз шаруашылығында пайдаланып, несие  берушіге несиенің қайтарылуын  қамтамасыз ету керектігін білдіреді.  Ресурстардың босатылуы қарыз  алушының шаруашылығында құнның  ауыспалы айналымның аяқталу  актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру маүддесінде құнның пайдалану процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.

 Несиеніің  қайтарылуы уақытша пайдаланылған  құнның қарыз алушыдан несие  берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз  алушының шаруашылығында белгілі  бірауыспалы айналымда жүзеге  асқан құн өзінің уақытша иесінен  кетіп, несие берушіге өтеді. 

 Уақытша  пайдаланылғаннан кейін құнды  несие берушінің алу актісі  несие қозғалысының аяқталу сатысы  болып табылады. Уақыт бойынша  несиенің қайтарылуы және несие  берушінің алған қаражаты Қан  сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш  сатыларды сөз болып отырған  сол бір бөлігін несие берушіге  қайтарады, ал ол дәл осы  соманы алады. 

 Осы  қарастырылған кезеңдер несиеленген  құнның толық айналымының бір  бөлігі болып саналатын несиенің  қозғалысын көруге болады, ол  тек несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік  қатынастар айналым шеңберінде  ғана туындайды, сондықтан несиеге  несие беруші қарыз алушыға  құнның актісінің ауысуы және  керісінше деп қараған жөн. 

 Несиенің  мәнін табу оның негізін ашады,  яғни несиелік қатынастар туындайтын  базада қарастыруды ұйғарады. Несиенің  мәнін ашып көрсететін, несиенің  негізін құрайтын база неден  тұрады? Ол несие қозғалысының  бір сатысы бола тұрып, бір  мезгілде несиеленген құн қозғалысының  барлық сатыларын қамтиды. Несие  ақшасын жарату, алу және оны  пайдалану – қайтарып негізінде  жүзеге асады. Несиленген құнның  қайтарылуы кезеңі оның жалпы  ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық – несиелік қатынасқа  тән белгіні анықтайтын өзіндік  ерекшелікті көрсетеді. 

 Несиенің  қайтарылуы – уақытша пайдаланған  несиеленген құнды несие берушіге  қайтару процесі. Ол өзінен-өзі  туындамайды. Ол құнның ауыспалы  айналымында аяқталатын материалдық  процестерде негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін  жасайды. Уақытша пайдалануға  алған ақшалай қаражатты қайтаруға  босаған қаражаттар қарыз алушыға  мүмкіндік берген кезде ғана  несиені қайтару басталады. Несиенің  қайтарылуы объективті процесс  болып табылады, яғни оны мәміленің  табиғатын өзгертпей, кейінге  қалдыруға болмайды. Несие беруші  мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа  сәйкес ол заңды бекітілген  сипат алады. Халық шаруашылығы  деңгейінде несиенің қайтарылуы  тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын  көрсетеді. Бұл жерже ол алынған  несиенің бір ғана белгісін  көрсетпейді, экономикалық категория  сияқты бар несиенің тұтастығын  көрсетеді. 

 Несиенің  әлеуметтік-экономикалық негізі  оның қоғамдық сипатқа тән  екендігінде. 

 Банкке, несие берушіге қарыз алушының  несиені қайтаруы соңғысына кез  келген сәтте өзіне несие берушілерге  талап етуі бойынша мүмкіндік  береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы  қайтарылуы сияқты.

 Несиенің  құрылымын, қозғалыс кезеңдерін  және негізін талдау нәтижесінде  оның мәнін толық емес жағдайда  былайша айтуға болады: несие  беруші мен қарыз алушының  несиелік құнның төлем мен  жеделдікке негізделіп қайтарылым  қозғалысына байланысты экономикалық  қатынастар екендігі.

 Несиенің  тағы да көп анықтамалары бар.  Мысалы, несие – бұл несие капиталының  қозғалысы. Несие капиталы –  бұл қайтару талабымен пайызбен  төленетін, меншік иелеріне несиеге  ұсынылатынақша капиталы. Ал, капитал  – бұл өз-өзінен өсетін құн.  Оның басқа ақшалардан сапалы  ерекшелігі сол. Ал, капитал - өзінен-өзі  өсетін құн, оның ақшадан сапалық  айырмашылығы – несие капиталының  өзінен-өзі өсетін құнның бір  түрі, ал ақша болса, өзінін-өзі  өсім бере алмайды. 

 Несиеге  – кеңейтілген қайта өндіру  мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару  талаптарына сай оларды ақшаны  бөлу және халықтың, экономиканың  бос ақшалай қаражаттардың жұмылдырылуын  қамтитын несие капиталының қозғалысы  себепті экономикалық қарым-қатынасты  көрсетеді. 

 Несие  мәні қатынастардың несиенің  – қайтару, төлемдік, мерзімдік,  қолма-қол ақша, мақсатты сипат  сияқты маңызды принциптерімен  анықталады.

 Бұл  принциптер несиенің алғашқы  даму кезеңдерімен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді. 

 Несиенің  қайтарылу принципі – қарыз  алушының несиенің пайдаланғаннан  кейін несие берушіге уақытында  қайтару қажеттілігімен сипатталады.  Ол банктің несие қорын жаңғыртып  отыруды қамтамасыз ететін несиені  пайызбен өтеуде өзінің іс  жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл  несие капиталының қозғалысына  қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген  соманың толық қайтарылуын қамтамасыз  етеді. 

 Несиенің  төлемділігі – қарыз алушыға  берілген несиенің уақытында  қайтарылуын және одан табыс  түсіруге несие беруші де, оның  тиімді пайдаланылуына қарыз  алушы да ынталы болады.

 Несиенің  жеделдік принципі қарыз алушыға  кез келген тиімді уақытта  емес, несие келісімшартында белгіленген  уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді. 

 Белгіленген  мерзімді бұзу – несие беруші  үшін қарыз алушыға өндіріп  алынатын пайызды көбейтілген  түрде несиені пайызбен мерзімінен  бұрын өндіріп алуға саятын  экономикалық санкция қолдануға  жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі  несие келісімшартында қарыз  алушы өз мойнына алған міндеттемелерді  бұзуы мүмкін жағдайда несие  берушінің мүліктік мүддесін  қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін  көрсетеді. Бұл принцип жалпы  экономикалық тұрақсыздық кезеңінде  өзекті мәселе болып табылады.

 Несиенің  мақсатты сипаты несие берушіден  алынған қаражаттың мақсатқа  сай пайдалану қажеттілігін білдіреді.  Несие келісімшартындағы сәйкес  бөлімде берілетін несиенің нақты  мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау  процесінде бұл талапты қарыз  алушының сақтауы белгіленеді. 

 Бұл  принциптердің барлығы бір-бірімен  өзара байланысты және олардың  бір уақытта қызмет етуі несиенің  мәнін анықтайды. Осы принциптердің  біреуі бұзылса, онда несие  қатынасының мәні кетіп, несиенің  дербес экономикалық категория  сияқты өзіне тән қасиеттері  жоғалады. Принциптермен қоса несиенің  мәні олардың орындалатын қызметтерінде  көрініс табады.  

 Займ  түрлері және мәні.  

 Несиенің  түрлері – ол ұйымдастыру-экономикалық  нышандарына байланысты әрбір  несиені сипаттау. Несиені түрлерге  бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі  стандарт жоқ. Несие қатынастарының  дамуына және тауар-ақша айналысының  өрістеуіне байланысты несие  ақшалы және тауарлы болып  бөлініп, одан әрі несиенің  жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.

 Несие  түрлері төмендегі жағдайларға  байланысты жіктеледі: 

 •  Несиемен қамтамасыз етілетін  ұдайы өндірістің сатысына. Өнім  өндіретін шаруашылық субъектісі  несиені құрал-жабдықтар алуға,  шикізат, жанар-жағар майлар алуға  және т.б. қажетіне жұмсаса,  халық тұтыну заттарын алуға  пайдаланады. Жалпы алғанда несие  айырбас категорияся ретінде жиынтық өнімді өндіруге, бөлуге және тұтынуға қолданылады;

 •  Экономиканың салаларында қолданылуына. Өнеркәсіп мекемесіне берілген  несие өнеркәсіптік несие деп  аталады. Сонымен қатар ауыл  шаруашылығы несиесі, саудалық  несие түрлері болады;

 •  Несиенің қамтамасыз етілуіне. Тікелей  қамтамасыз етілген несиеге, мысалы, нақты тауарды сатып алуға  берілген несие жатады. Жанамалай  қамтамасыз етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған  жағдайда тауар қорларының жетіспей  қалған бөлігін төлеуге алған  несие. 

 •  Несие үшін төлем. Несие ақылы  және ақысыз болып бөлінеді. Бұндай  болып бөлінуінің себебі несиенің  капитал ретінде қолданылуынан,  яғни несие алушы оны өзінен-өзі  өсетін құн ретінде қолданып, өайтару уақыты келгенде қарызға  алған сомасын процент түріндегі  өсімімен қайтаруы керек. Сондықтан  несие ақылы құн категориясы. 

 Дегенмен, бұрыңғы және қазіргі тарихта  ақысыз несие берілетін жағдайлар  бар. Қазіргі кезде ақысыз несие,  мысалы, инсайдерлерге беріледі. Достық  несие де – ақысыз несие  түрі.

 Несие  түрлері – бұл оның несиелерді  жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық  белгілері бойынша ең детальданған  сипаттамасы, яғни, несиенің іс-тәжірибедегі  нақты қосымшасы. 

 Қазақстанда  несие түрлері былайша жіктеледі: 

 ü Айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;

 ü Негізгі құрал-жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;

 ü ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетні несие;

 ü өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;

 ü жол үстіндегі есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер;

 ü төлем несиелері.

 Қамтамасыз  етілуі бйынша:

 ü жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ-пен, кепілдікпен, мақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;

 ü ішінара қамтамасыз етілген;

 ü Қамтамасыз етілуі болмайтынбанкілік.

 Қайтарылу  мерзімі бойынша: 

 ü Қысқа мерзімді;

 ü Орта мерзімді;

 ü Ұзақ мерзімді.

 Өтелу  тәртібі бойынша: 

 ü Бөліп-бөліп төлеу;

 ü Бір жолғы өтеу;

 ü Кезең сайын бір қалыпты өтеу.

 Тәуекелді  деңгейі бойынша: 

 ü Субстандартты;

 ü Стандартты;

 ü Күмәнді;

 ü Сенімді;

 ü Сенімсіз;

 ü Ұзартпалы.

 Ақылылығы  бойынша: 

 ü Қалыпты пайыздық мөлшерлемесі;

 ü Жоғары пайыздың мөлшерлемесі;

 ü Төмен пайыздың мөлшерлемесі;

 ü Пайызсыз.

 Салалық  бағыты бойынша: 

 ü Сауда-саттық несиесі;

 ü өнеркәсіп несиесі;

 ü ауыл шаруашылық несиесі;

 ü құрылыс несиесі.

 Ашылатын  шот түрлері бойынша: 

 ü жай ссудалық шот бойынша несие;

 ü арнайы ссуда шоты бойынша несие;

 ü контокоррренттік шот бойынша несие;

 ü овердрафт бойынша несие;

 ü несие желісі бойынша несие;

 Несиенің  айрықша түріне жылдам сатылатын  жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен  қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді  әрі ссуда мөлшері бойынша  тіркелетін ломбардтық несие  жатады.

 Ломбардтық  несиені негізгі әр алуан түрлеріне  құндықағаз кепілдігімен, тауар  кепілдігімен, талап кепілдігімен  берілетін несиелер жатады. Қарыз  алушы ломбардтық несиені өз  қалауынша; шектеусіз пайдалана  алады. 

Информация о работе Займдар бойынша шығындар